«Аския» негізінен арабша «еския» диалектілерінде өзгеріске ұшыраған түрі. Бұл сөздің түбірі зерек және ақылды, тапқыр, ұғымтал, зейіндік сөздерімен бір түбірден шыққан. Аскияда өткір ой, ақыл, шапшаңдылық қабілеті, сұрақтарға мәнді және орынды жауап беру, тұспал және сөз ойындарын білу өнері сынға түседі.
Аскияның негізгі ерекшелігі сана-сезім сынағы, сөз сөйлеу және дайын жауаптылығы. Аскияда ұнамды және дайындықсыз өлең айту маңызды рөл атқарады. Бүтін бұл өзгешеліктер шебердің тақырыптың дұрыстығына қатысты түрлі-түрлі, терең және кең мағынада баяндалатын сөздерді табу талантқа ие болуын қажет етеді. Бұл үшін аския жарысына қатысатын адам өмірлік тәжірибесі мол, ойы өткір, адам әрекетінің түрлі жақтарын, табиғат және әлеуметтік өмір сырларын, сонымен қатар өзбек тілінің байлығын нақты білуі тиіс. Бұл үшін кәсіпқой аския орындаушылары сөз шебері, қабілетті өнерпаз ретінде қабылданады.
Аския сықақ өнер ретінде құрылған. Сықақ оны анықтаушы өлшем болып саналады. Аския үшін таңдалған тақырып екі түрлі түсінікке ие сықақ болған. Біріншісі аскияның негізгі мақсаты және оның әр түрлі мағынада болған қалжыңдары. Бұл жерде әр түрлі тақырыпта бәсекелес қарсыласының көмегімен жаман әрекеттерді сынайды, қалжың өткір мағынада болады. Екіншісі қалжыңға құрылған аския орындаушысының сөз, жағдай және әрекеттерінен шыққан тура қалжыңдар. Бұл қалжың сатиралық мағынады болады және көңілді, таза күлкі немесе жағымсыз мазақ, комедия , қалжың, ишара, ым, символ, ұқсастық, метафора және басқа сөздермен байланыс сияқты сатира өнерінің түрлі амалдарымен қалыптасады.
Аския халықтағы кемшіліктерді астарлы сөздер арқылы мысқылдайды. Аския орындаушысының ортаға қойғаны күлкілі комедия болса көңілділікті қамтамасыз етеді. Аскияда әр сұрақ-жауап, әр ұқсастық айқын дербестікке ие.
Аския фольклордың басқа түрлері сияқты белгілі бір таптың өнері. Бұрындары халық арасында болған аския орындаушылары өздері жұмыс істемей басқалардың нанынан пайдаланған адамдарды өнерлерінде әшкерелеп сынаған. Көбінесе аскияларда билеуші топ өкілдері, хандар, мырзалар, байлар, әкімдердің жаман істері, іске жарамайтындықтары ортаға шығарылады. Ташкенттік Шаменсур Баба Шайунусовтың байларды сынауы, оның өткір аския орындаушысы қасиетімен ешкімнен қорықпай, халықтың ішінде болған ауыр жағдайын баяндаудан жасқанбағандығы бұл пікірге дәлел болады.
Өткен заманда аския халықтың көңіліндегі уайымды шығарып, қасірет пен қайғыны азайтып, тозақ азабы болып көрсетілген жұмыс қиындықтарын жеңілдетуімен қатар, еңбекші таптың билік иелеріне бағынбаушылық рухына үндеуші болады. Совет Одағының кезінде пайда болған өнерлерде болса, өмірдегі кездескен тапшылықтар, ескі молшылық, дін және әдет-ғұрыптар, тәкаппарлық, жаман ниеттілік сияқты тақырыптар сыналып, сықақ ретінде ортаға шығарылған.
Кейінгі жылдарда халық арасында бірнеше қабілетті аския орындаушылары ортаға шыққан және бұлардың бірнешеуі үлкен атаққа ие болған. Сонымен қатар адамдардың сана-сезімінде ескі кезеңнен бері сақталып келе жатқан зиянды әдеттер, адамдардың үстінен күнелту, біреуге жасалған опасыздық, тәкаппарлық, икемсіздік, бос уәделер ортаға қойылады, жүйесіз өмір сүретіндер өткір аския қамшысының астында келемежделеді.
Аския тіл ерекшеліктері жағынан өте айқын. Онда әр бір сөз түрлі мағыналарда әсерлі бір өлең күшімен баяндалады.
Аския орындаушылары кейбір сөздеріне екпін түсіріп, ауыспалы мағыналы сөздерге маңыз беріп, кейбір жағдайларда дыбыстардың орнын ауыстырып немесе бір мақсат көздеп айту жолымен өзбек тілін түрлі айшықтармен дамытады [24, Б.143-147].
Өзбектерде жар-жар және лепелер айтысы деп аталынатын тағы бір ескі түр бар. Бұлар қарсы айтылуы жағынан айтысқа ұқсайды. Жар-жарлар жалпы түрік әдебиетіндегідей жеті-сегіз буын тармақтартан тұратын өлеңдерге ұқсайды. Тойда айтылатын жар-жар әні өте ескі. Науаи заманынан бері осы өлең түрі «Ченги» деп айтады. Науаи «Мизанүл-евзан» деген еңбегінде ченги туралы баяндайды, оның халық арасында көп қолданылып және тиімді болғаны айтылады:
Таңғы самал шалғынды келіп сүйді, жар-жар,
Деміңнен жайлы бір жалын жаныма тиді, жар-жар»
Hangi çimenden esip geldi saba, yar-yar,
Ki nefesinden düştü ateş canıma, yar-yar. [24, 88 б.].
Жар-жарлар негізінде неке тойларында айтылатын салтанатты өлең. Үйлену тойларында айтылатынына қарағанда бұл түр ескі екендігі көрінеді. Өзбектерде бұл түрді көбінде әйелдер, кейде еркектер де айтады. Үйлену тойларында қазақтағы секілді жігіттер мен қыздар топ-топ болып айтысады.
Қазіргі заманның қаламгерлері жар-жар және айтыс өлеңдерінің сарындарын әр түрлі туындыларға, драмаларға, романдарға және хикаяларға көп пайдаланғаны белгілі. Халық бақсылары да дастандарында осы түрді байытып, көп пайдаланады. Өзбек жар-жарынан мысал келтірсек:
Gelin hanımın damından,
Alıcı kuş uçtu, yar-yar,
Güveyi oğlanın damına
Varıp kondu, yar-yar.
|
Келін ханымның шатырынан:
Алушы құс ұшты,жар-жар.
Күйеу баланың шатырына,
Барып қонды, жар-жар.
|
Güveyi oğlan damını,
Dal ile örtmüş, yar-yar.
Böyle güzel yavukluyu,
Nerden bulmuş, yar-yar.
|
Күйеу бала шатырын,
Арқасымен бүркейді, жар-жар.
Осындай әдемі қалыңдықты,
Қайдан тапқан жар-жар.
|
Алайда өзбектерде айтыскерлік дәстүрдің маңызды элементтерінің бірі болған суырыпсалма өлең айту толығымен болмаса да жоғалған.
Халық әдебиетінің ажыратылмас түрлерінің бірі болған айтыс дәстүрі өзбектерде және басқа да түркі халықтарында айтарлықтай басқаша құрылымға ие болған. Кейбір жиылыстарда бір ортаға келген ақындар екі немесе төрт адам болып бір жыр орындайды. Осындай түрдегі айтыстарда ақын жырының бір бөлімін жырлағаннан кейін жалғасын жеткізу үшін сөзді келесі шайырға береді. Жырының қалған жалғасын айта алмаған ақын жеңілген болып саналады. Айтыскерлер күйлермен де айтыса алады. Сонымен қатар насихат айтатын термелер орындау арқылы да ақындар сайысады.
Достарыңызбен бөлісу: |