Диплом жұмысы тақырыбы: ТҮркі халықтарындағы айтыс жанрының типолгиясы



бет18/32
Дата17.08.2022
өлшемі0.52 Mb.
#459967
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32
stud.kz-38836

Башқұрт айтысы. Башқұрт түріктері арасында да айтыстың болғандығы туралы мәлімет бар. Өйткені ескі замандарда айтылып қағазға көшкен және қазірге дейін келіп жеткен айтыс мысалдары бар. Мәселен, Башқұрт халқының ақындарынан Кобагош шешен жайында халық арасында таралған аңыз-әңгімелерде оның Алтын Орда кезеңінің аяқталу және Орыс үстемдігінің орын ала бастаған кезеңінде (XV ғасырдың аяғы – XVI ғасырдың басы) өмір сүргендігі жайында болжам бар.
XVIII ғасырда өмір сүрген Байық ( Байык-Айзар) шешеннің де айтыстарға қатысқаны туралы деректер бар. Байык шешен қазақ далаларын аралаған кезінде Бұқар жырау сияқты танымал қазақ ақындарымен айтысқандығы айтылады [28, Б.322-323].
Бұл деректі талдаған қазақ ғалымы Б.Ысқақов былай деп пікір білдіреді: «Бұхар жырау 1688-1781 жылдары жасаса, башқұрт әдебиетшілері М.Боранқұлов пен Н.Зариповтың жазуына қарағанда, Байық Айдар шешен 1710-1815 жылдар арасында өмір сүрген. Демек, ХҮІІ ғасырдың соңғы ширегінде , ХҮІІІ ғасырдың басында дүниеге келіп, екеуі де ұзақ өмір сүрген» [28, 53-б.].
Башқұрт халық дастандарында да диалогтың соңғы сатыда маңызды бір орын алғандығын көреміз. Кейіпкерлердің өзара әңгімелесулері және айтыстары дастан айтушы тарапынан өлеңмен жазылған түрінде аударылған. Бұл деректер Башқұрттарда да айтыстың болғанын және халық арасында ақыл және ой-пікір жарысы деңгейінде болғанын көреміз.
Айтыскерлер бағзы замандардан бері халықтың қуанышы мен мұңын, жан сезімін, табиғат пен жаратушы күш туралы танымын, ел өміріндегі елеулі оқиғаларын бүкпесіз тілге тиек етіп келеді. Қазіргі айтыскерлер елдің әлеуметтік-саяси, экономикалық-қоғамдық жағдайын айнаға түсіргендей шебер жырлап, ешқандай ықпал, тосқауылға қарамай, бір сөзбен айтқанда, бетің-жүзің демей ащы шындықты көпшіліке жайып салады. Сондықтан да көрермен айтыстың шыншыл да батыл, жедел де тегеурінді қасиеттерін қолдап, қолпаштайды. Жүйрік айтыскерлер төкпелетіп, көлемді айтысты суырыпсалма күйде нөсерлетіп отырғанымен бір ауыз да шетелден келген кірме сөзді қолданбайды, ол бұл тұрғыдан келген де таза да саф өнер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет