Алтай айтысы. Бауырлас алтай халқында да да айтыс болғанын ғалымдар жазып келеді. Ондағы айтыс өлеңдері «Сөгуш қожондари», «Макташкандар» деп екіге бөлініп, айтысуды – «чечеркешкен» деп атайды. «Чечеркешкен» деген сөз қазақша «шешендескен», бір сөзбен айтқанда шешендік талас деген ұғымды білдіреді.
Алайда алтай халқындағы айтыс жанры бүгінгі күнге жалғаспағаны өкінішті. Оларда негізінен айтыс салтпен сабақтас дамығаны белгілі.
Қарақалпақ айтысы. Қарақалпақтарда айтыс қазақ айтысына ұқсас бір түрде дәстүрін жалғастырып келеді. Қарақалпақ айтысын ғалымдар үш топқа бөліп қарастырған:
1. Жауап айтыс
2. Шешендер айтысы
3. Ақындар айтысы
Бұл айтыс түрлерінің бір-бірінен айырмашылықтары аз болып, ерекшеліктерінің мейлінше молдығын көрсетеді.
1. Жауап айтыс (айтыс-жұмбақ)
Айтыстың бұл түрі негізі берілген, қойылған сұраққа дұрыс жауап беру ерекшелігіне таянады. Қарсыласының жұмбағын дөп басып шешуі айтыскер ақынға жеңіс болып табылады.
Жауап айтыстың қай замандарда шыққаны, тарихи дерек көздері туралы жеткілікті мағлұмат жоқ. Бірақ, бұл жұмбақ айтыстың ең жақсы мысалдары ретінде XVIII-XIX ғасырлардағы халық өлеңдеріндегі қыздар мен жігіттердің той-домалақтарда, ойын-сауық отырыстарында, белгілі отырыс жиындарда айтқан айтыс өлеңдеріне қарасақ, бұл түрдің өте ескі ғасырлардан бастау алып келе жатқандығын айтуымыз шарт.
Жауап айтыста суырып салмалық өнермен бірге сөз шеберлігінде сондай -ақ тапқырлықты да қажет етеді. Өте тапқыр, білгір ғалымдай жауаптар беруі қажет. Кейбір жауап айтыстар кешке жақын басталып таң атқанға дейін жалғасады. Дастархан отырысында шай ішіп сөз жарыстыру түрінде өтеді. Шарт бойынша жауапты қыздың жеңгесі немесі жігіттің ағасы бастайды.
2. Шешендер айтысы. Шешендер айтысы – қарақалпақ халқының мәдени өмірінде және тарихында үлкен бір шеберлік, өнер ретінде қабылданады. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ дегендей сөз күшінің, сөз құдыретінің қылыштан да өткір болуын талап етеді. Қарақалпақ халқы үшін шешендер айтысы айтыс өнерінің ішіндегі дараланған, мол қазыналы болып саналады. Шешендік айтыс халық дәстүрінің ішінен ең жоғарғы сатыда дамып келген ең жақсы түрі. Осы себептен, қаһармандар дұшпан алдында болса, ал айтыс ақындары, шешендер құдіретті сөз өнерінің соғысында сыналады. Шешендер айтысының басқа айтыс түрлерінен ерекшелігі бұл айтыстар өлең емес қара сөз түріне өткізіледі. Айтыстың осы түрі қазақ пен қырғыз халықтарының өмірінде, өнер атты шахарында бар екені белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |