Диплом жұмысының әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары, ережелері, шетелдік және отандық заңгерлердің ғылыми еңбектері, оқулықтар, мерзімді басылымдардың мәліметтері құрайды



бет5/6
Дата16.06.2016
өлшемі455 Kb.
#139599
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

Куә А.В.Омаров мынаны көрсетті: 1998 жылғы 14 мамырда өзінің досы Владимир Кипрушевпен қыдырып жүріп бұрын мектепте бірге оқыған Потапинге жолыққан. Бірге ішімдік ішіп, сонан соң тағы да арақ сатып алу үшін Потапиннің үйіне ақшаға келген. Олар Потапин тұратын 5-қабаттан төмен түсіп келе жатқанда өздеріне бұрын таныс емес, кейін анықталғандай Вулнев пен бір қызды кездестіреді. Ол ең артында келе жатқандықтан Вулнев пен Потапин арасында неліктен жанжал болғанын білмейді. Потапин оған "мен осында тұрамын, керек болса бір шөлмек араққа бос тігемін" деген. Сонда тұратынына Вулневтің көзін жеткізіп Потапин, Вулнев, куә, Кипрушев және қыз бесеуі дүкенге араққа барған. Жол жөнекей Вулнев пен Потапин арасында жанжал болмаған. Олар басқалардан оқшау жүріп отырған, куәға олар ұрысып келе жатқан сияқты болып көрінген. Сатып алған шөлмегін Вулнев бұған берген. Бұлар алдыға озып кеткен, Вулнев қызбен екеуі кейін деп қалған. Потапин оларды «татуласамыз» деп өз пәтеріне шақырған. Онда барып арақты бөлісіп ішкен. Вулнев қыз екеуі дәлізге шыққан, Потапин ілесе шыққан. Біраздан соң ол Кипрушев екеуі де дәлізге шыққанда олар Вулнев пен Потапиннің жұдырықтасып, тепкілесіп төбелесіп жатқанын көрген. Омаров пен Кипрушев оларды ажыратқан, бірақ олар еденге жығылса да төбелесті жалғастыра берген. Вулневтің беті, қолы қан болған. Сонан соң Потапин ас үйге кетіп қалған. Қыз ваннада болған. Оның ойынша төбелесті бастаған Потапин, себебі Кипрушев оларды ажыратып ортасына тұрғанда Вулнев тынышталған, ал Потапин Кипрушевтің арғы жағында тұрып-ақ Вулневтің басынан жұдырықпен ұруға ұдайы талпынған. Бірнеше минуттан кейін Потапин ас үйден шығып Вулневке жақындап келген. Потапиннің не істегенін ол көрмеген, бірақ оның көргені — Вулневтің төсіндегі үлкен қан дағы болған. Потапин бірден басқа бөлмеге кетіп қалған. Омаров пен Кипрушев екеуі қорыққандарынан баспалдақ алаңына шығып кеткен. Ол жерге Вулневте шыққан. Потапин есікті жауып алған, онда тек қыз қалған. Вулнев өз аяғымен тұрған соң бұлар айтарлықтай ешнәрсе бола қойған жоқ деп санап, үйлеріне кетіп қалған (30-31-і. п.).

Куә В.В. Кипрушев те осындай көрсетулер берген (34-35-і. п.)

Оқиға болған жерде: Томар қаласы Вересаев көшесіндегі 20-үйдің 5-подъезін қарау хаттамасы (41-і. п.).

Оқиға болған жерді: Томар қаласы Вересаев көшесіндегі 20-үйдің 44-пәтерін қарау хаттамасы (7-8-і. п.).

Оқиға болған жерді: Томар қаласы Вересаев көшесіндегі 20-үйдің 56-пәтерін қарау хаттамасы (5-6-1. п.).

Заттай дәлелдемелерді қарау хаттамасы және оларды қылмыстық іс материалдарына қосу (11-14-і. п.).

Сот-медициналық сараптама қорытындысы, ол бойынша жәбірленуші Вулневке мынадай дене жарақаттары салынған: "кеудесінің сол жағындағы тесілген-тілінген жарақат өкпені зақымдаған, пневмогемоторокске ұласқан, сол құлақ қалқанындағы тесілген-тілінген жарақат нәтижесінде денсаулығына ауыр зиян келген" (16 і. п.).

Омаров пен Потапин арасындағы беттестіру хаттамасы, онда олар өздерінің бұрынғы көрсетулерін толығымен растаған (24 і.п.).

Кипрушев пен Потапин арасыңдағы беттестіру хаттамасы, онда олар өздерінің бұрынғы көрсетулерін толығымен растаған. Кипрушев Потапиннің өзіне және Омаровқа Вулневті пәтерден шығаруға көмектес деп өтінбегенін, егер ол өтінгенде үшеулеп шығаруға болатынын айтқан (27-і. п.).

Анмсимова мен Потапин арасындағы беттесу хаттамасы, оңда олар өздерінің бұрынғы көрсетулерін толығымен растаған (33-і. п.).

Айыпталушының жеке басы:

Роман Владимирович Потапин, тұрған жері және бұрынғы оқыған жері бойынша жағымды да, жағымсыз да сипатталады, тергеу процесінде өзін жағымсыз жағынан көрсетті, өзінің кінәсін жеткілікті дәлелдемелер жинақталған және жеке беттестірулер өткеннен кейін ғана мойындады. Психоневрологиялық жене наркологиялық диспансерлерде есепте жоқ, сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес танылған қылмыстық әрекетке қатысты есі дұрыс деп танылған. Қазіргі кезде жұмыс істемейді, сотталмаған, Томар қаласы Вересаев көшесі 20-үйдің 44-пәтерінде тұрады (50-59-і. п.).

Потапиннің қылмысты мас күйде жасағандығы оның жазасын ауырлататын мән-жай болып табылады. Потапиннің жазасын жеңілдететін мән-жай іс бойынша жоқ.

Осы баяндалғандар негізінде:

Потапин Роман Владимирович,

1975 жылы 21 қарашада туылған,

Томар қаласында туып-өскен,

Орыс, білімі орта, бойдақ,

жұмыс істемейді, әскери міндетті,

сотталмаған, Томар қаласының

Вересаев көшесіндегі 20-үйдің

44-пәтерінде тұрады, айыпталады,

себебі ол, 1998 жылғы 15 мамыр күні таңертеңгі сағат 6 шамасында Потапин, Томар қаласының Вересаев көшесіндегі 20 үйдің №44-өз пәтерінде, мас күйде, Омаров пен Кипрушевтің көзінше, өз пәтерінде тұрған Д.В.Вулневке тиіскен, сонан соң кенеттен күш қолданған: жұдырығымен бетіне ұрған, денесінің әр жеріне, оның ішінде өмірлік маңызды орган басына жұдырығымен ұрған, аяғымен тепкілеген. Алған соққыдан Вулнев еденге құлаған, ал Потапин осы кезде денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы дайындалған пышағын алып, онымен Вулневтің құлағының тұсынан ұрған, сол құлақ жарғағына сұғылған-кесілген жарақат келтірген. Содан кейін де Потапин, өзінің бұзақылық әрекетін жалғастырып жәбірленуші Вулневтің денесіне, басына аяқпен, қолмен көптеген соққы жасаған. Осы кезде пәтерде болған Кипрушев пен Омаров Потапиннің қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекетін тоқтатуға тырысқан, бірақ ол бұларға ырық бермеген, Вулневті ұруын жалғастырып оның кеудесінің сол жақ тұсына тесілген-кесілген жарақат салған, өкпесін зақымдаған, ол пневмогемоторокске ұласқан, сонымен Вулневтің денсаулығына ауыр дене жарақатын салған.

Өзінің әрекетімен Р.В.Потапин ҚК-тің 213-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты - бұзақылық жасаған, қоғамды құрметтемейтінін анық білдіріп қоғамдық тәртіпті тым ерескел бұзу, қоғамдық тәртіп бұзған, тыйым салушыға қарсылық көрсеткен, денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы бейімделген зат қолданған және ҚК-тің 103-бабында көзделген қылмысты жасаған - денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген.

ҚІЖК-нің 207-бабы негізінле бұл қылмыстық іс Томар қаласы Ақсай ауданының прокурорына айыптау қорытындысын бекітуі және сотқа жіберілуі үшін беріледі.

Айыптау қорытындысы Томар қаласының Ақсай АІІБ-нің ТБ-інде 14 шілде 1998 жылы жасалды.
Томар қаласы Ақсай АІІБ-нің

ТБ-нің тергеушісі әділет лейтенанты Т.А.Көпенов

"Келісемін"

Томар қаласы Ақсай АІІБ-нің

ТБ бастағынын орынбасары

әділет капитаны С.Н.Ғазизов


Сот отырысына шақыруға жататын адамдардың

ТІЗІМІ
1. Айыпталушы:

Потапин Роман Владимирович. ІІБ-нің СИЗО-1 мекемесінде қамауға алынған, (17-18, 24, 27 і. п.).

2. Жәбірленуші:

Вулнев Дмитрий Викторович. Томар қаласы, Вересаев 20,

56 пәтер (19-20 і.п.).

3. Куә:

Вулнева Людмила Николаевна. Томар каласы, Вересаев 20,



56 пәтер (22-23 і.п.).

Анисимова Алина Александровна. Томар қаласы, Пешков 22,

87 пәтер (25-26 і.п.).

Омаров Андрей Владимирович. Томар каласы, Вересаев 12.

16 пәтер (24-30 і.п.)

Кипрушев Владимир Валерьевач. Томар қаласы, Пузанов 60,

16 пәтер (27, 34-35 і. п.)
Томар қаласы Ақсай АІІБ-нің

ТБ-нің тергеушісі

әділет лейтенанты Т.А. Көпенов

Қылмыстық іс бойынша анықтама №939435 қылмыстық іс бойынша

АНЫҚТАМА
1. Қылмыстық іс 1998 жылы 02 қазанда қозғалды (т. 1, 1 і.п.)

2. іс жүргізуге қабылданып, қылмыстық іске қосылды:

1998 жылы 23 қазанда - Б.В. Цыбулиннің автомобильді ұрлап айдап кету фактысы бойынша қозғалған №22683 қылмыстық іс:

- 1998 жылы 15 қарашада - В.А.Сериков пен А.И.Зиядановтың автомобильдерді ұрлап айдап кету фактілері бойынша қозғалған №44032 қылмыстық іс;

- 1998 жылы 27 қарашада - жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қозғалған №88041 қылмыстық іс;

- 1998 жылы 30 желтоқсанда - В.П.Ложниковтың автомобильді ұрлап айдап кету фактісі бойынша қозғалған №47956 қылмыстық іс;

- 1998 жылы 22 сәуірде - автомобильдің қосалқы бөлшектерін ұрлау фактісі бойынша қозғалған №22958 қылмыстық іс.

3. Алдын ала тергеу және айыпталушыны қамауда ұстау мерзімі 1998 жылғы 30 сәуірге дейін ұзартылды.

4. Айып тағылды: В.В. Калинковичке - 1998 жылы 23 сәуірде (т. 1, 158-159 і. п.), айып қайта тағылды — 1998 жылы 24 мамырда (т. 3,256-256 і.п.);

С.Н.Запрудневке – 1998 жылы 21 сәуірде (т. 3, 241-243 і. п.);

С.Н.Безручкоға – 1998 жылы 20 сәуірде (т. 3, 247-248 т. п.);

В.В. Лузянинге – 1998 жылы 26 сәуірде (т. 3, 317-318 і. п.).

5. Бұлтартпау шарасы таңдалды: - қамауда ұстау - В.В.Калинковичке, 1998 жылы 30 желтоқсанда (т. 1, 173 і. п.,т. 2,4 і.п.);

– ешқайда кетіп қалмау туралы қолхат:

С.Н. Запрудневке — 1998 жылы 16 сәуірде (т. 3, 239 і. п.)

С.Н. Безручкоға — 1998 жылы 17 сәуірде (т. 3, 371 і. п.)

В.В. Лузянинге - 1998 жылы 15 сәуірде (т. 3, 341 і. п.

6. Өтелген зиян ескеріле отырып азаматтық талап мәлімдеді: "Бүркіт" ААҚ - 15 500 теңгеге (т. 2, 311 і. п.);

Б.А. Садуақасов – 2670 теңгеге (т. 2, 121 і. п.);

Б.С. Байсалов – 2130 теңгеге (т. 2, 161 і. п.);

Е.Т. Қасымов – 315 теңгеге (т. 2, 291 і. п.);

С.Ж. Аманов – 419 теңгеге (т. 2, 327 і. п.);

М.П. Харибонов – 516 теңгеге (т. 2, 516 і.п).

7. Іспен бірге жіберілетін заттай дәлелдемелер мен құжаттар:

– В.В. Калинковичтің атына жасалған екі еңбек кітапшасы;

– Г.А. Баядилованың атына жазылған санитарлық-емдеу кітапшасы;

– "Ортау" кеңшары кадрлар бөлімінің мөрі түсірілген фото қағаз;

– В.М. Сериковтың төлқұжаты (VII- ФР №592364) мен әскери билеті (МН №297770).

– төлқұжаттар:

«Электроника-324» магнитофонына, "Весна-205" магитофонына, "АБ-302 стерео" магнитолына, "Электромика 12-23" сағатына;

– С.Н. Запрудновтың еңбек кітапшалары (2 дана).

8. Мүлкіне тыйым салынады:

– айыпталушы С.Н.Запрудаовтың жалпы сомасы 13110 теңге

(т. 3,271 і.п.);

– айыпталушы С.Н. Безручконың жалпы сомасы 9510 теңге (т.2. 127 і.п.);

– В.В. Калинкович пен В.В. Лузянинде тізімдейтін мүлік табылмаған

(т. 3, 27 і і.п.).

9. Қылмыстық ізге түсу мыналарға қатысты қысқарды:

- Е.Ж. Еркінбековке (т. 3, 121 і. п.);

- Ж.С. Балажановқа (т. 3, 116 і. п.);

- Ж.Б. Шабақовқа, Р.Т.Саурановқа (т. 3, 129 і. п.). олардың әрекетінде қылмыстық құрам болмағандықтан;

- В.М.Борожинге (т. 3, 251 і. п.), оның қылмыс жасауға қатысқандығы дәлелденбегендіктен;

- Н.А. Несіпбековке (т. 2, 301 і. п.), рахымшылық актісі бойынша.

10. ҚІЖК-нің 201-бабының талаптарына айыпталушылар С.Н.Запрудонов, С.Н. Безручко, В.В. Лузянин және қорғаушы И.В.Рыжакова - 1998 жылы 23 сәуірде, В.В.Калинкович - 1998 жылы 24 сәуірде орындады (т. 4, і-4 і. п.).

11. Істе В.В.Калинковичтің жеке басын куәландыратын дактилос-копиялық карта бар (т. 3, 333 і. п.).
Тамды облысы ІІБ-нің тергеу

басқармасының тергеушісі

әділет лейтенанты Н.С. Лекеров
Қылмыстың істі қысқарту туралы

ҚАУЛЫ
Тамар қаласы 12 маусым 1998 жыл


Ақтас облысы ІІБ-нің тергеу басқармасының тергеушісі әділет лейтенанты А.П.Манаев, Г.И.Сәлімованың қаза табуы фактысы бойынша қозғалған №45435 қылмыстық істің материалдарын қарап
АНЫҚТАДЫМ:
1998 жылы 26 мамырда, 12 сағат 30 минутта Ю.А.Омаров мемлекеттік нөмірі 58-59 ОМХ "Тулица" моторолерімен Ақтас облысы Томар қаласындағы Ленин көшесінің бойымен "Родина" кинотеатрына қарай онша жоғары емес жылдамдықпен келе жатқан. Мир көшесімен қиылысқан жақындағанда он жақтағы жол жиегінен жолдың көлік жүретін жолағына шығып кеткен, арғы беттегі дүкенге бағытталған Г.И.Салимованы 18 м қашықтықтан көріп қалады.

Г.И.Сәлімова өзіне жақындап қалған мотороллерді көрген шығар деп ойлап Ю.А.Омаров оны айналып өту үшін оңға қарай алады. Бірақ, Г.И.Сәлімова, жолдың көлік жүретін жолағына шығардың алдында жан-жағына қарамағандықтан, жақындап келе жатқан мотороллерді байқамаған. Араларында 2,5 метрдей ғана қашықтық қалғанда ол мотороллерді көріп, артқа қарай ұмтылған. Омаров бұлай болады деп мүлде ойламаған еді. Ол мотороллерді тежегішпен тоқтатпақшы болды, бірақ ара қашықтық өте аз болғандықтан оны қағып кетпеу мүмкіндігі болмады. Сәлімова ауыр дене жарақатын алып, сол жарақаттан қаза тапты. Жол-көлік оқиғасының бұл мән-жайларын барлық іс материалдары растайды:

Қағып кету фактісін тек Ю.А.Омаровтың өзі ғана сипаттап айтқанмен (7-8 і.п.), ол мән-жайларды басқа деректер де растайды.

Куә Н.П.Алмашева (43-44 і. п.) басып кеткен сәтті көрмесе де, мотороллердің онша қатты келе жатпағанын, Сәлімованың оны байқамағанын, қамсыз екенін көрген.

Мотороллердің қатты жылдамдықпен келе жатпағанын басқа да куәлер - Болатов (61-63 і. п.) пен М. Мақсутов (10. 11 і. п.) та көрген.

Соңғысы, сонымен қатар, жолға шығып кеткен әйелді айналып өту үшін Омаровтың оңға қарай алғанын да көрген. Мотороллер жақындап қалғанда Сәлімова оны көріп артқа қашқан, сүйтіп доңғалақтың астына түскен. Омаров тежегішті басқан.

Оқиға орнын қарау хаттамасы бойынша мотороллердің тежелген жолы 2,5 м; жол жиегінен 2 м қашықтықта, жолдың көлік жүретін бөлігінде және қиылыстан 9 м қашықтықта қан дақтары бар. Куәлер Г.Гасанов пен Н.П.Алмашеваның (64-69 і. п.) көрсетулерін тексеру кезінде жәбірленушінің осында жатқандығы анықталған.

Жүргізілген екі тергеу эксперименті (22-24, 69-71 і. п.) тек Н.П.Алмашеваның көрсеткендеріне сүйеніп-ақ Сәлімова мен мотороллердің арасы, жәбірленуші жолға шыққан кезде 15 м-ден аз болғандығын анықтаған. Басқа куәлердің жауаптарына қарағанда бұл қашықтық одан да аз болған.

Жүргізілген сот-автотехникалық сараптаманың нәтижелері бойынша бұл мотороллердің осы жағдайдағы тоқтайтын жолы 18x22 м-ге тең (31-36 і. п.), ал бұдан біз мотороллер жүргізуші Омаровта Сәлімова жолға шыққан бойда оны басып кетпеу үшін тежегішті қосқан күнде де оны болдырмауға техникалық мүмкіндіктер болмағанын көреміз.

Сәлімованың денсаулығына келген зиянның ауырлығы мен өлімнің себебі сот-медициналық сараптаманың қорытындысында көрініс тапқан (27-28 і. п.). Жоғарыда баяндалғандарды ескеріп және бұл жол-көлік оқиғасының Г.И.Сәлімованың Жол қозғалысы ережесінің 3.3,-3.5,-3.6-тармақтарын бұзғаны себепті болғанын назарға алып, ҚІЖК-нің 5-бабының 2-бөлігін, 269-бабының 1-бөлігін, 270-бабын басшылыққа алып


ҚАУЛЫ ЕТТІМ:
1. Аз. Г.И.Сәлімованың қаза болуы фактісі бойынша қозғалған №4535 қылмыстық іс Ю.А.Омаровтың әрекеттерінде қылмыстық құрам болмағандықтан қысқартылсын.

2. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдар хабарлансын.

3. Қаулының көшірмесі Ақтас облысының прокурорына жіберілсін.
Ақтас облысы ІІБ-ның тергеу

басқармасының тергеушісі

әділет лейтенанты А.П.Манаев

"Келісемін"

Томар қаласы Ақсай ауданның

прокуроры әділет кеңесшісі И.Ғ. Конанов


25 желтоқсан 1998 ж.
Қылмыстық істің бөлігін қысқарту туралы

ҚАУЛЬІ
Томар қаласы 24 желтоқсан 1998 жыл


Томар қаласы Ақсай АІІБ-ның тергеу бөлімшесінің тергеушісі әділет лейтенанты А.П.Вернер, С.В.Можарды ҚК-нің 327-бабының 1 және 3-бөліктерінде көзделген қылмыстарды жасады деп айыптайтын №45435 қылмыстық істің материалдарын қарап
АНЬІҚТАДЫМ:
Можар Наталья Николаевна, 01.01.1963 жылы туылған, ҚР азаматшасы, орыс, бұрын сотталмаған, асырауында 10 жасар қызы бар, 1997 жылғы май айының аяғында өзінің күйеуі С.В.Можардың өтінішімен, оның дәлелді себептерсіз жұмысқа шықпағаны үшін ЕтЗК-нің 33-бабының 4-тармағы бойынша әскери комендатурадан жұмыстан шығарылған фактісін жасыру мақсатында, оның атына басқа, жаңа еңбек кітапшасын толтырған, жоғарғы жағына «Түпнұсқа» деп жазған. Келесі бетіне ол 13.03.1992 жылғы №23 бұйрықпен ол 15-03.1992 жылдан бастап қалалық көлік басқармасына 2-сыныпты жүргізуші ретінде қабылданды деп жазған. Одан кейінгі жазуларды түсіруі үшін кітапшаны ол күйеуіне берген. Еңбек кітапшасы толық толтырылғаннан кейін оны С.В.Можар жүргізуші ретінде №152 геодезиялық партияға жұмысқа тұруға пайдаланған.

Өз әрекетімен Н.Н.Можар ҚК-нің 327-бабының 1-6өлігінде көзделген қылмысты (пайдалануға құқық беретін жалған ресми құжаттар жасау) жасаған, оны жасағандық үшін санкцияда бостандықты үш жылға дейінгі мерзімге шектеу, не төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға алу, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Баяндалағандарды ескеріп 20-бабына сәйкес, ҚІЖК-нің 37-бабын, 269-бабының 1-бөлігінің 1-тармағын және 270-бабын басшылыққа алып
ҚАУЛЫ ЕТТІМ:
1. Наталья Николаевна Можарға қатысты қылмыстық ізге түсу рахымшылық актісінің болуына байланысты қысқартылсын.

2. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдар хабарлансын.

3. Қаулының көшірмесі Ақтас облысының прокурорына жіберілсін.
Томар қаласы Ақсай АІІБ-нің тергеу

бөлімшесінің тергеушісі әділет лейтенанты А.П. Вернер


Қылмыстық істің бөлігін қысқарту туралы

ҚАУЛЫ
Томар қаласы 17 шілде 1998 жыл

Ақтас облысы ІІБ-ның тергеу басқармасының тергеушісі әділет лейтенанты А.П. Мақсатов, С.Б.Қостаевты ҚК-тің 222-бабының 1-бөлігі және 228-бабының 1-бөлігінде көздеген қылмысты жасады деп айыптау жөніндегі №45435 қылмыстық іс материалдарын қарап,

АНЫҚТАДЫМ:


С.Б. Қостаев 1998 жылы 25 сәуірде екі мәрте есірткі затын: Шираевтен - 25 гр., Зауырбековтен — 43,5 гр гашиш сатып алған. Осыған байланысты 1998 жылы 26 сәуірде оның пәтерінде тінту жүргізілді, тінту барысында басқа заттармен және мүліктермен қоса одан ВАЗ-2106 маркалы автомашинаның қосалқы бөлшектері алынды.

Алдын ала тергеу жүргізу және жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру процесінде Томар қаласы мен Ақтас облысы аумағында С.Б.Қостаевтыңн көлік құралын ұрлап айдап кетуге және оны бөлшектеуге қандай да бір қатысы бар екендігін анықтауға мүмкіндік болмады.

Баяндалғандарды ескеріп, ҚІЖК-тің 269-бабының 2-бөлігін және 270-бабын басшылыққа алып,
ҚАУЛЫ ЕТТІМ:
1. С.Б.Қостаевтың Томар қаласы мен Ақтас облысы аумағында көлік құралын ұрлап айдап кетуге және бөлшектеуге қатысуымен байланысты оған қатысты қылмыстық ізге түсу, оның қылмыс жасауға қатысқандығы дәлелденбегендіктен қысқартылсын.

2. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдар хабарлансын.

3. Алынған қосалқы бөлшектер айыпталушының туыстарына қайтарылсын.

4. Қаулының көшірмесі Ақтас облысының прокурорына жіберілсін.


Ақтас облысы ІІБ-ның тергеу

басқармасының тергеушісі

әділет лейтенанты А.Л.Манаев
Медициналық сипаттағы мәжбурлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарауы үшін істі сотқа жіберу туралы қаулы
«Келісемін»

Томар қаласы Ақсай ауданының

прокуроры аға әділет кеңесшісі

Л.Ж. Дәулетов

29 маусым 1998 ж.


Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарауы үшін істі сотқа жіберу туралы

ҚАУЛЫ
Томар қаласы 27 маусым 1998 жыл.

Томар қаласы Ақсай АІІБ-ның тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі аға әділет лейтенанты В.П.Бек, №123489 қылмыстық істің материалдарын қарап
АНЫҚТАДЫМ:
1998 жылы 20 мамыр күні Томар қаласының Май көшесінде, 19 сағат 35 минут шамасында аз. Ниязова Мария Әлиқызы, қоғамдық тәртіпті және кәсіпорындар мен ұйымдардың қалыпты жұмысын өрескел бұзып, еш себепсіз, бұзақылық пиғылмен Томар қаласының Май көшесіндегі 20 үйде орналасқан Томар қаласы Ақсай ауданы әлеуметтік қорғау комитетінің терезесіне тас лақтырып екі қабат терезені сындырған, 600 теңге сомасында материалдық зиян келтірген.

Май көшесінің бойымен ары қарай жүріп отырып, 19 сағат 45 минутта қоғамдық тәртіпті және кәсіпорындар мен ұйымдардың қалыпты жұмысын өрескел бұзып, еш себепсіз, бұзақылық пиғылмен Томар қаласы Май көшесі 16 үйде орналасқан "Тұскиіз" ААҚ ғимаратының терезесін таспен атып сындырған, 3000 теңге мөлшерінде материалдық зиян келтірген.

19 сағат 50 минутта М.Ә. Ниязова қоғамдық тәртіпті және кәсіпорындар мен ұйымдардың қалыпты жұмысын өрескел бұзып, еш себепсіз, бұзақылық пиғылмен Томар қаласы Май көшесі 16 үйде орналасқан Көрме залының терезесін тас лақтырып сындырған, 15 000 теңге мөлшерінде материалдық зиян келтірген.

Май көшесінің бойымен жүріп отырып сағат 20-лар шамасында, қоғамдық тәртіпті және кәсіпорындар мен ұйымдардың қалыпты жұмысын өрескел бұзып, еш себепсіз, бұзақылық пиғылмен Май көшесі 14 үйде орналасқан "Октябрь" кинотеатрының тағы екі терезесін сындырған, 60000 теңге материалдық зиян келтірген.

Тағы да осы үйде М.Ә.Ниязова қоғамдық тәртіпті және кәсіпорындар мен ұйымдардың қалыпты жұмысын өрескел бұзып, еш себепсіз, бұзақылық пиғылмен "Оскар" фирмасының Сән салонының әйнегін сындырған, жалпы сомасы 18 000 теңге материалдық зиян келтірген.

Өз әрекеттерімен Мария Әлиқызы Ниязова жоғарыда аталған ұйымдарға жалпы сомасы 94 600 теңгелік материалдық зиян келтірген, оның бұл әрекеттерінде ҚК-тің 167-бабының 1-бөлігінде, 213-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстардың белгісі байқалады.

М.Ә.Ниязованың қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасаған фактісі мына дәлелдемелермен расталынады:

"Октябрь" кинотеатрында бақылаушы болып істейтін куә Зинаида Ивановна Хусаинова былай деп көрсеткен: 1998 жылы 20 мамырда, сағат 20-лар шамасында ол өзінің жұмыс орнында болған, сол кинотеатрдың ішінде тұрып ол Кеңес көшесі жағынан келе жатқан әйелді байқаған, оның үстінде қара жолақты ұзын сары плащ болған. Хусаинова ол әйелдің тас лақтырғанын көрген, сынған әйнектің дыбысын естіген, ал әйел аялдама жаққа қарай қашқан, оның артыңан кинотеатр қызметкері Ақыш Зейнуллаев қуып кеткен, өзі осы кезде полиция шақырған (14-15 і-п.).

Ақыш Зейнуллаев былай деп көрсеткен:

1998 жылы 20 мамырда ол кинотеатрда өзінің қызметтік міндетін атқарып жүрген. Сағат 20-лар шамасында, ол кассаның жанында тұрғанда, сынған әйнектің дауысын естіген. Не болғанын білу үшін сыртқа жүгіріп шыққанда аялдамаға қарай бара жатқан әйелді көрген, оның қолында тасы болған. Ол таспен аялдамада тұрған киоскінің әйнегін сындырамын деп сындыра алмаған. Зейнуллаев әйелді жетектеп кинотеатрға алып келген, осы кезде полицейлер де келіп жеткен (16-17 і. п.).

"Оскар" фирмасы Сән салонының директоры Нағима Майлина былай деп көрсеткен: 1998 жылы 20 мамырда салонды жапқан кезде әйнектер сау болатын. 21 мамыр күні сағат 10-да оны үй сыпырушы шақыртып алған. Сағат 12 шамасында салонға келгенде терезе әйнектерінің сынық екенін көрген (5-6 і. п.).

Томар қаласы Ақсай ауданы Әлеуметтік қорғау комитетінің шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Субко Мария Ивановна былай деп көрсеткен: 1998 жылы 21 мамырда Май көшесіндегі 20 үйге жақындай беріп Әлеуметтік қорғау комитетінің терезелерінің біріндегі қос қабат әйнектердің біреуінің сынық екенін байқаған. Сол кабинеттің еденінде кірпіш жатқан (29 і. п.).

"Тұскиіз" ААҚ-ның күзетшісі Асхат Баянұлы Орынбеков мынадай көрсетулер берген: 1998 жылы 20 мамыр күні, сағат 20-лар шамасында ол "Тұскиіз" ААҚ-ның ғимаратының ішінде болған. Бір кезде сыртқы терезенің сынған дыбысын естіген. Ішкі терезеден сығалап қарағанда "Октябрь" кинотеатрына қарай кетіп бара жатқан әйелді көрген, үстінде ұзын сары киімі болған (38 і. п,).

Көрме залының директоры Кононов Сергей Александрович 1998 жылы 20 мамырда, 20 сағат 20 минут шамасында өзін күзетшілердің әйнектің сынуына байланысты шақыртып алғанын айтқан (23 і. п.).

М.Ә.Ниязованың қоғамға қауіпті іс-әрекет жасағандығын тағы да мыналар растайды:

оқиға болған жерді мына мекен-жайлар бойынша қарау хаттамалары:

Томар қаласы Май көшесі 16 үйі "Тұскиіз" ААҚ-ы ғимараты, қарау барысында кіре берістің оң жағындағы әйнектің сынғандығы анықталған. Сынған алаңның көлемі 0,3 шаршы метр. Жерде көптеген бөтелке сынықтары жатыр (3-4 і. п.).

Томар қаласы Май көшесі 14 үйдегі "Октябрь" кинотеатры, кинотеатрға Май көшесі жағынан кіретін есіктің сол жағындағы екінші терезенің сынғандығы анықталған, сынған жердің көлемі 0,5 шаршы метр. Терезенің ішкі жағында жұдырықтай қойтас жатыр (10-11 і.п.).

- Томар қаласы Май көшесі 16 үйде орналасқан Көрме залының ғимараты, онда көрмеге кіре берістегі оң жақтағы әйнек сынған, төңірегінде бөтелке сынықтары, сондай-ақ гранит тас сынығы жатыр (21 і. п.).

- Томар қаласы Май көшесі 20 үйде орналасқан Томар қаласы Ақсай ауданының әлеуметтік қорғау комитетінің ғимаратын қарағанда кіре берістегі сол жақтағы әйнектің сынғандығы анықталған. Сынған жердің көлемі 0,4 ш.м. Еденде қызыл түсті тас жатыр (27 і.п.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет