Бекітілді: келісілді: «kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің хаттамасы Басқарма хаттамасы



Дата03.07.2016
өлшемі250.32 Kb.



«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы

БЕКІТІЛДІ: КЕЛІСІЛДІ:

«KEGOC» АҚ «KEGOC» АҚ

Директорлар кеңесінің хаттамасы Басқарма хаттамасы

«__» ______ 2008 жыл № __ «__» __________ 2008 жыл № __

АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ ТУРАЛЫ




ЕРЕЖЕ


П kegoc 00-501-08

Тіркеу № ______

Дана № ______

1-басылым

Енгізілген күні _________
Астана

1 Жалпы ережелер
1. Осы Ақпаратттық саясат туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «KEGOC»АҚ) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына (бұдан әрі – Заңнама), «KEGOC» АҚ Жарғысы мен корпоративтік басқару кодексіне сәйкес әзірленді.

2. Ақпараттық саясат «KEGOC» АҚ қызметі туралы ақпаратты «KEGOC» АҚ-ның жалғыз акционеріне (бұдан әрі – Жалғыз акционер), «KEGOC» АҚ қызметіне мүдделілік танытушы тұлғаларға, инвесторларға және басқа да тұлғаларға (бұдан әрі – бірге «Ақпарат алушылар») жариялаудың негізгі қағидаттарын, сондай-ақ қызметтік, коммерциялық және «KEGOC» АҚ-ның заңнамамен қорғалатын басқа да ақпараттарын қорғауға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды.

3. Ақпараттық саясат «KEGOC» АҚ қызметінің тиімділігін артыруға, оның активтерін ұлғайтуға, инвестициялар тартып, қолайлы имидж қалыптастыруға ықпал етуі тиіс.
2 Ақпараттық саясат қағидаттары
4. Ақпараттық саясатты жүзеге асырудың негізгі қағидаттары:


  • Жиілік және уақытында болуы;

  • Ашықтық және қол жетімділік;

  • Шынайылық және толықтығы;

  • Оперативтілік;

  • Құпиялық режимінің сақталуы;

  • Теңгерімділік;

  • Ақпарат алушылыр құқының теңдігі.

Ақпаратты жариялау жиілігі және уақытында жеткізу қағидаты «KEGOC» АҚ-ның Заңнамада, компания Жарғысында, Корпоративтік басқару кодексінде, осы Ережеде және «KEGOC» АҚ-ның өзге де құжаттарында (бұдан әрі - «KEGOC» АҚ құжаттары) көзделген ақпаратты ұсыну мерзімі мен жүйелігін қадағалауға қатысты жауапкершілігін білдіреді. «KEGOC» АҚ ақпараттың Ақпарат алушыларға жиі жеткізіліп тұруын негізделген шешімдер қабылдау және (немесе) іс-әрекет жасауға тікелей қатысты фактор ретінде түсінеді. Ақпарат Заңнамада, «KEGOC» АҚ құжаттарында белгіленген мерзімде, сондай-ақ мәліметтердің түсу уақыты мен мән-мазмұнына қарай және оны уақытында жариялау қажеттігі ескеріле отырып ұсынылады.

Ақпараттың ашықтығы және қол жетімділігі қағидаты Қоғамның ақпарат жариялауда Қоғам қызметі туралы қызметтік, коммерциялық және Заңнамамен қорғалатын өзге де ақпаратқа қатысты құпиялылық режімін сақтау тәртібін ескере отырып, Ақпарат алушылар үшін мүмкіндік беру, еркіндік жасау және қиындық туғызбайтындай тәсілдерін таңдау арқылы ақпаратты барынша ашық жариялауын білдіреді.

Ақпараттың шынайылық және толықтық қағидаты Қоғамның шындыққа сәйкес және толық түсінікті ақпарат ұсынуына әрі жарияланатын мәліметтің немесе оқиғаның толық көлемде түсінікті болуына қатысты жауапкершілігін білдіреді. «KEGOC» АҚ ұсынылатын ақпаратты үшінші бір тұлғалардың бұрмаламауын қадағалап отырады және осындай жағдай анықталған жағдайда бұрмалаулар мен қателерді жою шараларын қолданады.

«KEGOC»АҚ өзі туралы жағымсыз жаңалықтар құпия емес және Ақпарат алушылардың инвестициялық және өзге де шешімдер қабылдауына ықпал ететін болса, оларды жария етуден жалтармайды.

«KEGOC»АҚ Заңнамаға сәйкес міндетті түрде жарияланатын ақпараттан басқа Ақпарат алушылардың «KEGOC» АҚ қызметі туралы мәліметті толық әрі нақты түсінуі үшін өз бастамасы бойынша қосымша ақпарат та жариялап отырады.

Мұндай ақпараттардың тізбесі және оларды жариялау тәртібі «KEGOC» АҚ-ның Корпоративтік басқару кодексі, Ақпарат жариялау ережесі секілді құжаттарда белгіленеді.



Оперативтілік қағидаты «KEGOC» АҚ-ның Ақпарат алушылардың мүддесіне қатысты мәліметтермен және оқиғалармен байланысты қызметі туралы ақпаратты мейлінше қысқа мерзімде ұсынуға қатысты жауапкершілігін білдіреді.

Құпиялылық режимін сақтау қағидаты «KEGOC» АҚ-ның қызметтік, коммерциялық және Заңнамамен қорғалатын өзге де құпияларынан тұратын ақпаратты Заңнамамен және «KEGOC» АҚ-ның өзге құжаттарымен белгіленген құралдар және тәсілдер арқылы сақтау және қорғауға өатысты жауакершілігін білдіреді.

Теңгерімділік қағидаты Қоғамның бір жағынан ашықтық пен айқындықты және екінші жағынан, «KEGOC» АҚ пен Жалғыз акционердің қызметтік, коммерциялық немесе заңнамамен қорғалатын басқа да құпия ақпараттарға қол жеткізу мүмкіндігін шектеуге қатысты мүдделерін қатаң сақтау шартымен Ақпарат алушылар құқығының ауқымын қамтамасыз ету мақсатындағы құпиялылықты тең дәрежеде қамтамасыз етуін білдіреді.

Ақпарат алушылар құқығының теңдігі қағидаты бойынша «KEGOC» АҚ барлық Ақпарат алушылардың «KEGOC» АҚ пен оның қызметі туралы және олардың өз мүдделерімен байланысты ақпаратты алуға қатысты құқығын Заңнамада және «KEGOC» АҚ құжаттарында белгіленген нормалар мен талаптарға сәйкес қатаң қадағалап отырады.
3 Саясатты жүзеге асыру тетіктері
5. Ақпараттық саясатты жүзеге асыру үшін «KEGOC» АҚ:

1) Заңнамаға мен «KEGOC» АҚ-ның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес жариялануы міндетті ақпараттың (мәліметтің) есебін жүргізеді;

2) Қоғам өзінің ақпараттық ашықтығы мен айқындығын арттыру мақсатында қосымша жария етілетін ақпараттар (мәліметтер) тізбесін анықтайды.

3) Ақпарат алушыларға Қоғамның міндетті түрде және өз бастамасымен жариялайтын ақпараттарды беру тәртібін белгілейді;

4) Жариялануы (берілуі, мәлім болуы) «KEGOC» АҚ пен Жалғыз акционердің мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін қызметтік, коммерциялық немесе Заңнамамен қорғалатын басқа да мәліметтер тізбесін анықтайды және сол ақпараттың сақталуын қамтамасыз ететін қажетті шараларды белгілейді.

5) «KEGOC» АҚ ақпаратының таратылуы мен пайдаланылуына төмендегідей жолдар арқылы бақылау жүйесін белгілейді:

- ақпаратты тарату тәсілдерін, нысандары мен тәртібін анықтау;

- жария етілетін ақпараттың әзірленуіне және таратылуына жауапты тұлғаларды анықтау;

6) «KEGOC» АҚ органдарының, лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің «KEGOC» АҚ ақпаратын тиісінше жариялауын қамтамасыз етудегі және қызметтік, коммерциялық немесе Заңнамамен қорғалатын өзге де құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етудегі құзыреті мен жауапкершілігін анықтайды.

4 «KEGOC» АҚ органдарының, лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің құзыреті мен жауапкершілігі
6. Директорлар кеңесі Ақпараттық саясатты бекітеді, мерзім өткен сайын қарап, жетілдіріп отырады, сондай-ақ ақпаратты жариялау және қызметтік, коммерциялық немесе Заңнамамен қорғалатын өзге де құпия ақпаратты қорғау тәртібін анықтайды.

7. Басқарма Қоғам қызметі туралы ақпаратты Заңнама мен «KEGOC» АҚ құжаттарының талаптарына сәйкес жария етуді және қорғауды жүзеге асырады.

8. Корпоративтік хатшы ақпараттың белгіленген тәртіпте Директорлар кеңесі мен Жалғыз акционерге уақытында ұсынылуын қамтамасыз етеді.

9. Ішкі аудит қызметі Заңнама мен «KEGOC» АҚ құжаттарының ақпаратты жария ету мен қорғауға қатысты талаптарының қадағалануын бағалап отырады.

10. «KEGOC» АҚ органдары, лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері «KEGOC» АҚ қызметі туралы ақпараттың жария етілуіне, сондай-ақ Заңнама мен «KEGOC» АҚ құжаттарында белгіленген тәртіпте қорғалуына жауапты болып табылады.

5. Осы Ереженің басқарылуы
11. Осы Ереже 00-102-07 КЕGOC СТ ұйымдастыру стандарты. Ұйымдастыру құжаттарын басқару құжатына сәйкес жүзеге асырылады.

12. Ереже мәтіні Бірінші вице-президентпен, Корпоративтік хатшымен, Заң департаментінің директорымен, Кеңсе меңгерушісімен, Корпоративтік даму басқармасының бастығымен, Ішкі аудит қызметінің жетекшісімен Келісім парағына қол қою арқылы келісіледі (1 Қосымша).

13. Ереже «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген күннен бастап күшіне енеді.
ӘЗІРЛЕГЕНДЕР:
Жұртшылықпен байланыс

бөлімінің бастығы _ Мұхамедсалиев М.О.

Ақпараттық саясат

туралы ережеге

1-қосымша

Ф. П KEGOC 00-101-01


Келісу парағы


Лауазымы

Аты-жөні

Күні

Қолы

1

2

3

4

Бірінші вице-президент


Сәтқалиев А.М.







Басқарушы директор

Жақыпбаев К.Т







Атқарушы директор


Мамашев М.Т.







Ішкі аудит қызметінің бастығы

Есетов О.О.








«KEGOC» АҚ

Корпоративтік хатшысы



Жанаева А.А.







Корпоративтік даму басқармасының директоры

Ерғожина Г.Е.







Заң департаментінің директоры

Әуезова М.Ж.







Ақпараттық саясат

туралы ережеге

2-қосымша

Ф. П KEGOC 00-101-02


Танысу парағы


т/б


Таныстырылатын «Еңбеккердің» аты-жөні

Қолы

Танысу күні

«Еңбеккерді» таныстырған басшының аты-жөні

Қолы

1

2

3

4

5

6
















































































































































































































































































































































































































































































































































































Ақпараттық саясат

туралы ережеге

3-қосымша

Ф. СТ KEGOC 00-101-03

Өзгерістерді тіркеу парағы


Өзгеріс енгізуге негіз болған хабарлама



Парақтар нөмірі

Өзгерістер енгізген тұлғаның аты-жөні

Өзгерістер енгізген тұлғаның қолы

Өзгерістер енгізілген күн

өзгертілгендердің

ауыстырылғандардың

жаңалардың

жойылғандар

1

2

3

4

5

6

7

8


























































































































































































































































































































Ақпараттық саясат

туралы ережеге

4-қосымша

Ф. СТ KEGOC 00-101-04


Кезеңдік тексерулерді есепке алу парағы





Тексеру мерзімі

Тексеру жүргізген тұлғаның аты-жөні

Тексеру жүргізген тұлғаның қолы

Ескертулер тұжырымы

1

2

3

4











































































































































































































































































Каталог: up files
up files -> Жұмыс істемейтін Дизельді генераторлық қондырғыны (ДГҚ) сату және «Нұрбанк» АҚ-ның Алматы қ., Желтоқсан көш., 168 б мекенжайындағы әкімшілік ғимаратында орнату үшін жаңа дгқ сатып алуға арналған техникалық тапсырма
up files -> АҚ мен ебұ-дағы ұтымгерлік және өнертапқыштық қызмет туралы ақпарат
up files -> МАҚҰлданды «kegoc» АҚ бмж жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі
up files -> «Ұлттық электр торабын жаңғырту – ІІ кезең» жобасын іске асырған кездегі экологиялық басқару жоспары
up files -> описание проекта часть I – Расширение/модернизация подстанций
up files -> Главный инженер Чернохаев К. П


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет