II БӨЛІМ Психологияның ежелгі таным екендігін эксперименталды зерттеу
2.1 Адамның ішкі жан қуатының қайнар көзі ретіндегі эзотерика
Адам тәнінің айналасы мен ішкі энергиясының жұмыс істеуін түсіну үшін чакра жүйесін жақсы білу қажет.
Чакра- бұл адам тәнінің ішкі қуатының нүктесі(орталығы), әрі ерекше қасиеттерге ие болатын орны. Егер адам қандай да бір нақты чакраға тұрақталса, бүкіл әлем ол адам үшін чакраның қуатымен боялғандай сезімді ұялатады. Себебі барлық тіршіліктің талдауы осы линза арқылы жүреді. Чакралар бір-бірімен ерекшелініп отырғанымен, кейбір күш-қуаттарының аспектілері бірдей. Сонымен қоса барлық чакралардың негізі болатын және олар арқылы өтетін, бір-бірін біріктіретін қуаттары да бар. Адамның чакралық жүйесі 8-ден құралады. Олар омыртқаны бойлай тізбектей орналасады. Жалпы чакралардың толық жүйесі 13-тен құралады. Тағы да басқа кіші чакралар: қолда және аяқта көп кездеседі. Оған шығыстың нүктелік массажы мысал бола алады. Күш-қуат екі негізгі тәсілмен бірі-әйелдік, екіншісі-еркектік чакра арқылы тән бойына көтеріледі. Ол үнемі спираль тәрізді қозғалады. Егер энергия тәнді сағат тіліне қарсы айналса ол еркектік, ал қарама-қарсы сағат тілінде айналса-әйелдік деп аталынады. Мысалы: жұлдызды тетраэдр әлемге белгілі Леонардо да Винчиінің суретінде көрсетілген туынды. Сурет екі өлшемді жазықтық болып көрінгенімен, оны көлемді етіп қарастыратын болсақ, терең ақпарат алуға болады. Әсіресе, адам тәнінің осінен өтетін түтікке зейінімізді аударсақ, өмірлік күш-қуат көзінің бар екенін байқаймыз. Жоғарыға, яғни Күнге қарап тұрған тетраэдр- еркектік, ал жерге қарап тұрған -әйелдік. Сонымен еркектік тетраэдрды «күн», ал әйелдіңкі «жер» болып саналады.
Егер чакра болмаса ДНҚ-ны белсендендіру жүзеге аспас еді. Чакра –дөңгелек тәрізді айналып тұратын күш-қуат көзі. Ежелгі халықтар, шығыс ұстаздары және бүгінгі елшілер көне ілімді пір тұтып өмірде кеңінен қолданған. Медициналық ғылым енді ғана чакралармен танысып жатқандығынан, оны әлі аса қажетті деп санамауда.
Бірақ кез келген адам тәнінде 7 чакралық жүйе бар. Олардың әрқайсысы айналып тұрады және түрлі түстермен сипатталады. Әрбір чакраның өзіндік ерекше қасиеттері бар. Мәселен: бірінші чакра омыртқа негізінде орналасқандықтан, ол адамның аман қалуын қамтамасыз етеді. Екінші чакра кіндіктен төмен жерде орналасқандықтан, оған құмарлық пен сексуалдылық, ұрпақ көбейтушілік қызметі жатады. Үшінші чакра жекелік күштің орталығы бола отырып, адамның ерік-күшін басқарады. Ал төртінші чакра жүрекке жақын жерде болғандықтан, мейірімділік пен махаббаттың орталығы болып саналады. Бесінші чакра мойында орналасады, ол дыбыстың шығуына ықпал жасайды. Алтыншы чакра екі қастың ортасында орналасқандықтан ол жоғары интуиция мен шығармашылықты қамтамасыз етеді. Жетінші чакра бастың төбесінде болады және рухани орталыққа жол ашады.
Бірінші чакраға толық мәлімет беретін болсақ,ол жаңа ақиқатты интерпретациялайтын линза тәріздес. Бұл интерпретация адамның зейінінің толық шоғырлануын талап етеді. Өмір сүруде адамның аман қалуын қамтамасыз ететін, тіршілікте өмір сүретін иесімен қатынаста болуға интенсивті тұрғыда қажет етеді. Егер бала нәрестелік шақта болса, онда оның анасымен қатынасы биологиялық тұрғыда болады. Өсе келе ондағы қатынас өзге тіршілік иелерімен физикалық тұрғыдағы жыныстық қатынасқа көшеді. Сол себептен екінші чакраны сексуалды деп атайды. Адам аман қалып, қарама-қарсы жыныстағы адаммен қатынасқа түскеннен кейін, жаңа шындық кілтін ашып, оны басқаруға негізделеді. Бұл үшінші чакрадағы ерік-күшке тән қасиет. Адам өмірінің қалай қалыптасқандығы, оның заңдылықтары мен физикалық объектілері жайлы білуге құштарланады. Ол ерік –күшті қолданудың әсерінен физикалық әлемді бақылай алады. Көптеген адамдар әлі күнге дейін жоғары орталықтардың бар екенін білмегендіктен, алғашқы үш чакрада қалыптасады. Бастапқы кезде адам өсіп, дамып келе жатқанда төменгі үш чакралардан өтеді. Кейде барлық чакраларды бірдей немесе олардың ішіндегі біреуін ғана пайдаланады. Тәннің төменгі чакралары үшке, ал жоғарғы бөліктері төртке бөлінеді. Егер адам бірінші жарты қадамға қол жеткізсе, бұрынғы қалпында қалғысы келмес еді. Себебі ол өз өмірінің деңгейін жоғары орталықтарына дейін көтеруге талпынады. Күндердің күнінде бірінші жарты қадамды өткен адам немесе жоғары бөлікке, яғни – жүрекке, дыбысқа, табиғаттың рухани және геометриялық құбылыстарына жоғарылайды да, төмендегі чакраларға қызығушылығы жоғала бастайды. Ол өзінің физикалық жағын дамытуға күш салмай кетеді. Оның есесіне табиғаттағы жоғары орталықтарды тануға ақпарат алуға қызығушылық танытады. Мысалы: «Ескі» қалалар әдетте физикалық тұрғыда қиратылған боғанымен , ол ел ақиқаттың жоғары деңгейін құрауы мүмкін оған Үндістан елін айтуға болады. Егер қандайда ел 7- ші чакраға жетсе, оны тек өлімнен кейін не болады деген сұрақ қызықтыра бастайды. Ежелгі Египет осыған мысал болады.
Келесі кезекте адамның психоделикалық құралдарын қолдануына тоқталамыз. Психоделиктер –бұлар нашақорлар емес. Олардың опиум, героин ұстайтын нашақорлардан айырмашылығы бар, олар психоделиктерге қарама-қарсы әсер етеді. Нашақорлық заттар төмендегі чакралардың қызметін күшейтеді де жағымды сезім қалдырады. Ал психоделиктерде болса, басқаша әсер етеді.1960 жылы АҚШ-да көптеген адамдар ЛСД көмегімен жоғары чакраларды өткен. 20000000 американдықтар бұл әдісті пайдалана отырып, жоғары нүктелерге жеткен. Олар 5-ші чакраға көтерілу үшін музыканы пайдаланған. Сонда психоделиктерді тоқтатуға ешнәрсе көмектесе алмаған. Себебі музыка автоматты тұрғыда 5-ші чакраға көтерген Егер адам 6-шы чакраға жетсе, ол әлемді сакральді геометриялық формада қабылдар еді. Жер бетіндегі адамдардың санаулы бөлігі ғана 7-ші чакраға жол табулары мүмкін. Бұған жоғары руханилық жатады. Олардың мұндай деңгейге көтерілуіне түрлі медитациялар көмектеседі. Шын мәнінде негізгі чакралармен байланысатын 5 түрлі каналдар мен 4 қосымша чакралардың каналдары жүзеге асырылады. Олардың үшеуі негізгі, екеуі сыртқы және біреуі орталық, ал екеуі екінші деңгейлікке жатады. 1;3 және 5 типтері бірліктегі сана болса, ал 2; 4-дисгормониялық санаға қатысты. Жалпы чакра мен хара бір-бірімен тығыз байланысып тұрады.
Хара – тәннен жанның кететін өлім орталығы. Ол жапонның «Хара» сөзінен шыққан. Аталынған орталық адам кіндігінен 6 см төменде орналасады. Бұл орталықтың өте қажетті екенін барлық адамдар сезінеді. Бірақ жапондықтар ғана оның құпия сырларын терең зерттеп ашқан. Хара сексуалдық орталыққа өте жақын жерде. Егер адам жоғары чакраларға көтерілмесе, ол өмір бақи сексуалды ортада қалып қояды. 4-ші орталық махаббат. Онда үлкен қанағаттану сезімі ұялайды. Ал 5-ші орталықта тамақ, 6- шы орталықта интуиция орналасқан. 7-ші орталық бастың төбесінде. Барлық орталықтар әртүрлі тәжірибеден өтеді. Егер махаббат сезімі бесінші орталыққа жылжып келсе, барлық ерекше қабілеттерге жол ашылады. Бұл шығармашылықтың орталығы болғандықтан тек музыкаға емес, кез келген шығармашылыққа тән қасиет болады. Хара- өлім орталығы болғандықтан, оған күш қуаттың хара арқылы сыртқа шығуына мүмкіндік бермеу қажет. Өмірде түрлі қарама-қайшылықтағы адамдарды білеміз. Кейбіреуінің жанымызда болуы көңілімізді көтеріп, мұңаюымызды тарқатып, ашуымызды басады. Бұл адамдарды күш қуаты жоғары орталықтарға көтеріліп жатқандар қатарына жатқыза аламыз. Мұндай адам өз тіршілік етуі барысында жақын адамдарды таңдайды. Мысалы; саналы, өз күш- қуатын көтере алатын достар мен компанияларды таңдайды. Кейде керісінше, адамдар энергияны жұтып алатын қасиетке ие болады. Ол адамдардың харасы өте қауіпті болғандықтан, сіздің де хараңызды ашуы ықтимал. Олардың харалары ашық болғандықтан энергияны жұтып алатындай сезімде болады. Бүгінде бұл мәселені психология аса қажетті деп санамайды. Бірақ, психикалық ауруға шалдыққандарға көмектесу үшін бұл қажетті болар еді. Дәл осыны бүкіл әлемде істейді. Психикалық ауруларды психатриялық емдеу орталықтарында ұстайды. Бұл дұрыс емес. Себебі адам онсыз да психикалық ауру, ол адамды өздері секілді компанияға қосады. Соның салдарынан аурулардың энергиялары ең төменгі деңгейге түседі. Бұл жағдайдан шығу үшін энергияны көтеретін хараны жабатын медитациялық әдістерді пайдалануға болады.
Аура – адам денесінің орталығынан шығатын түрлі түсті сәуле. Ол эфирді дене секілді электромагниттен шығады. Адамда тыныс алуынан басқа ойлау мен сезімді байланыстыратын энергетикалық өріс бар . Әр адамның ойы электромагниттік өрісті құрайды. Эмоцмялар да дәл солай. Ол өрістер шындықта бар болғанымен көп адамдар оның бар екеніне сене бермейді. Аура адамның не ойлағанына және сезімдеріне қарай өзгеріп отырады. Ережеге сай аура адам басының айналасында оның ойын білдіретін түстерден құралады. Ал төс пен арқа бөлігіндегі аура сезімдер мен эмоцияларға жауап береді. Сонымен қатар 3-ші қосымша аураға адамның денесіндегі физикалық мәселелері мысал бола алады. Егер адамның қандай да бір жері ауыратын болса, ол аурада түспен белгі беріп тұрады. Адам ойы өзгерген сайын оның аурасының түсі де өзгеріп, эмоциялық аурасы қозғалыста бола алады. Өмір- тәнді қоршап тұратын күш-қуат. Сондықтан тек адамның ғана тәні емес, барлық өсімдіктердің, жануарлардың өзіндік аурасы болады. Түрлі жағдайларға байланысты ол сығылады және кеңейеді. Мысалы: Шығыста ғасырлар бойы адамның дүниеден өтуіне 6 ай қалғанда өз мұрнының ұшын көре алмай қалатыны тәжірибеде байқалған. Себебі адамның көзі жоғары қарай көтерілген сайын, ол өзінің мұрнының ұшын көре алмайтын жағдайға жетеді. Бұдан адам аурасының бастапқы қалпына келе жатқанын байқауға болады. Йогада аураны 5000жыл бойы фототехниканың көмегінсіз көруді үйренген. Қазіргі кезде ол ғылыми бағытта жиі қолданылып зеріттелінеді. Егер сау адам ауру адамның қасында отырса, жағымсыз әсер алады. Себебі ауру адамның аурасы әлсіз болғандықтан , ол сау адамның аурасын санасыз тұрғыда ала бастайды. Бұл адамдардың тікелей қатысынсыз жүретін процесс болғандықтан, көпшілік адамдар оның не себепті әлсіз немесе күшті сезінуін терең қарастыра бермейді.
Адам денесі эфирмен қоршалған. Аура да дәл сол сияқты. Аура мен эфирлі дененің бір-бірі мен ұқсастық жері электромагниттік шығу тегінің бар екендігінде. Аура адамдағы Жоғарғы – Мен түстер арқылы көрсетіп отырады. Ол адамның рухани дамыған, не дамымағанын, денінің сау немесе ауру екенін түстердің көмегімен бейнелейді. Жоғарғы – Мен индикаторы аурадан байқалады. Әрине, Жоғарғы – Мен және жан екеуі бір мағынаны білдіреді. Аурадан жетістіктер мен сәтсіздіктерді, махаббат пен қызғанышты көруге мүмкіндік туады. Оның себебі Жоғарғы – Мен вибрацияларынан адамдардың ойын бейнелеуінде. Ежелгі қытайлықтар: « Бір ғана сурет 1000 сөзге татырлық»- деп аура туралы мағыналы көзқарас білдірген . Сол себептен аураның шын мәнінде бар екенін светофилтрлі көзілдірік арқылы адамға көрсетуге болады. Бірақ олар көзге зиянды әсер етеді. Сондықтан аураны табиғи жолмен тәжірибеде дағдыланып үйренген дұрыс.
Егер аураны көрмейтін адам, аураны көретін адамның алдында өтірік айтса, оның аурасы өзгеріп, жалған айтқаны сезіліп қалады. Мұндай жағдайда адамнан көгілдір немесе сары түс шығады. Егер ол алдаса «галода » жасыл -сарғыш от пайда болады.
Кейде адамдар: «Ол адам бұл түстегі киімді кимеуі керек немесе оған бұл түс жараспайды деп айтып жатады. Себебі олар инстинктивті тұрғыда ол түстің адам аурасына сейкес келмейтінін сезеді. Көптеген адамдар аураның бар екенін сезгенімен, өз сезімдеріне қарсы шығатын кездері де болады. Өйткені адамды бала кезінен бұның барлығы жалған» деген көзқараспен тәрбиелейді. Соның салдарынан адам өзіне сенімсіз болады. Бірақ күнделікті өмірде тәжірибе жасау арқылы аураны көруге үйренуге болады. Әрбір музыкалық нотаның үйлесімді әсерлері бар. Егер музыканы қате ойнаса адамға жағымсыз әсер етеді. Сондықтан музыканттар шығарма ойнағанда адамдарға жағымды әсер қалдыруға тырысады. Түстегі секілді –музыканың да өзіндік вибрациялық спектрлары болады. Бірақ олар адамдардың спектрды қабылдауының басқа жағынан өтеді. Біз әдетте түстерді жағымды, жағымсыз, тітіркендіретін, жүйке жүйеге әсер ететін деп бөліп жатамыз. Адамдардың аурасы да дәл сондай. Оны дағдыланған адам ғана көре алады. Ендігі кезекте түстердің ішіндегі ең негізгілеріне талдау жасаймыз. Адамның негізгі аураларының түстері оның өз-өзін дамытуына байланысты. Адам неғұрлым рухани дамыған сайын, оның түстері жақсарады, ал керісінше келеңсіз жағдайларға тап бола берсе, оның аурасының түсі өзгереді. Адам аурасының түстері басынан бастау алып, спираль тәрізді тәнді аяққа дейін қоршайды. Оның ішіне кемпірқосақтан да көп түстер кіреді.
Қызыл түс.
Қызыл түс әдетте басшының жақсы қасиеттерін көрсеткен. Мәселен: генералдардың, көсемдердің ауралары таза қызыл түсте болған. Егер таза қызылдың жан-жағын ақшыл-сары түс қоршаса, онда ол адамның кез-келген уақытта қол ұшын беретіндігі анықталған. Бірақ оны қылмыскер аурасымен шатастырып алуға болмайды. Өйткені қылмыскерлердің аурасының қызыл түсі қоңырлау өңді береді. Кей жағдайларда адам бет-әлпетінен оның аурасы мен денсаулығының қандай екенін байқауға болады. Оған тілдің, беттің қызыл болуы жатады. Егер жағымсыз қызыл түс –кір өңдес болса, онда адамның мінезінің ашушаң екенін байқатады. Күңгірт қызыл аура әдетте жүйке қозушылықты бейнелейді. Нашар қызыл түстегі адам аурасы физикалық тұрғыда күшті, дені сау болғанымен, ол адамның қасиетінің нашар болуын көрсетеді. Қызыл түс неғұрлым ашық түске жақын болған сайын, адамның жүйкесі тозған, тұрақсыз екенімен қатар, тез қимылдайтын, тыныштықта отыра алмайтындығымен ерекшелінеді. Адам ағзасындағы аура оның денсаулығының күй-жайын көрсетіп отыратындықтан, ағзадан шығатын күңгірт қызыл немесе қоңырлау түс, адамдардың ісік аурумен ауыратынын байқатады. Мұндай науқас адамның аурасын көру үшін болашақта арнайы «ауратерапияны» ғылымға енгізуге болады.
Алқызыл түстегі адамның аурасынан оның өзін тым қатты сүйетінін, өзіне сенімділігінің шексіздігін байқаймыз. Бірақ мұндай адамдар өзінің жалған көкіректігін байқатып қояды. Әйелдердің бел жағындағы қызыл түсті аура, оның ақша үшін «махаббатын» сататынын байқатады. Қызыл түстердің қатарына қызғылт түс те кіретіндіктен, бұндай түстегі адамдардың аурасынан оның әлі кемелденбегендігін көре аламыз. Әдетте қоңыр түсті аурасы бар адамдар сәтсіздік әкелетіндер қатарына жатады.
Қызыл сары.
Қызыл сары түс –қызыл түстің бұтағынан бастау алады. Әсіресе Шығыс елдерінде оны Күнге теңеп, оған табынып өткен. Бұл түстегі адамдар әдетте өте ақылды, адамдарға қол ұшын беруімен ерекшелінеді. Сары -қызыл-сары түстер де жақсы қасиеттерге ие. Ол адамның өзін-өзі қадағалауы мен басқа да ашық қатынасын көрсетеді. Қоңыр түсте қызыл-сары түсті аура еріншек, немқұрайтындылықпен қарайтын адамға тән. Бұл да бүйрек ауруына шалдыққандарды көрсетеді. Егер қызыл сарыда жасыл рең беретін адамның аурасы ол ұрысқақтықтың белгісі. Мұндай адамдар қандай мүмкіндік болса да, ұрыс іздеп тұрғанды қалайды.
Сары түс.
Алтын-сары аура рухани даму көрсеткіші. Барлық қасиетті адамдардың басының айналасын сары «гало» қоршаған. Олардың рухани дамуының қаншалықты жоғары болғанына қарай, алтын түс жарқырай түскен. Егер адамдардыңурасында сары түс болса, онда ол рухани және моральды сау екенінің айғағы. Олар дұрыс жолда. Мұндай адамдарға толығымен сенім артуға болады. Егер сары түстің төменгі түсі (бұзылған сыр түстес) адамда кездессе –оның қорқақ екені байқалады. Әдетте қызыл-сары аура физикалық, моральдық және ақыл-ойын, өз пікірін айта алмайтын адамдарда кездеседі. Бұл адамдар өмірінің жартысын үнемі іздеумен өтеді және таба алмайды. Егер адамның шашы сары және аурасында сары түс көп болса, ол төбелескіш, кез келген ескертулерді жекелік қасиетіне қарсы келу деп қабылдайды. Сары түсте қызылдың интенсивті түсі кездессе, онда ол адамның толыққанды еместігі және комплекстері бар болуын көрсетеді. Қызыл түстің неғұрлым көп болғаны, соғұрлым комплекстің басымдығын байқатады. Қоңырлау –сары аура ойы таза емес, рухани дамуы төмен жандарда байқалады. Өмірден қажыған, ішімділікке салынған адамдардың аурасы қызыл-қоңыр -сары түстерден құралады. Ал егер олар өте нашар болса, ондай адамдардың аурасынан жағымсыз- лимонды –жасыл ұшқындар көрінеді. Қоңырлау- сары аура адам ойының таза еместігінде. Ал денсаулыққа қатысты жасыл- сары аура адамның бауырының ауыратын белгісін көрсетеді. Әдетте адам өз санасын екіге бөлгендіктен оның аурасы да екіге бөлініп тұрады. Бірі көкшіл сары, ал екінші жағы қоңырлау және жасыл-сары. Бұл комбинация жағымсыз әсер қалдырады.
Жасыл түс.
Физикалық дамуға қолайлы түс. Ұлы дәрігерлерде, хирургтарда жасыл түспен қатар қызыл түс те кездесіп отырған. Адам өмірінде жасыл мен қызыл түсті үйлесімсіз деп қабылдаса, аурада оны қабылдауға мүмкіндік бар. Жасыл түстегі аурада қызыл рең болса, онда ол жоғары білімді, маман хирург екенін көрсетеді. Қызыл рең қосылмаған жасыл түс адамдардың өз ісін толық меңгерген, ұлы дәрігер болуын байқатады. Жасыл түс көгілдір өңнен құралған адам аурасы мқғалімдік қабілеттері бар жандарда болады. Ұлы ұстаздардың аурасы түс көгілдір жолақтардан құралады. Кейде жасыл түс пен көгілдір түстің арасынан жұқа алтын жолақ жүріп отырса, ол мұғалімнің өз оқушыларына қадірлі, сыйлы екенін көрсетеді. Егер адамда жануарларды, адамдарды емдеу қасиеті маман иесі болмаса да кездесетің болса, онда оның онда оның аурасында жасыл түстер көп кездеседі. Жасыл аура доминантты түске жатпайды, ол ылғи қандай да бір түспен қатар жүреді. Сондықтан қосымша түстер оның досжандығын, достарын сүйетіндігін байқатады. Бірақ адамдардың аурасында сарғыштау-жасыл түс кездессе, онда ол сенім артуға тұрмайтын жан. Сарғыш жасыл түс «сиқыршыларда» жиі көрінеді. Ал егер жасыл аура бірте-бірте көгілдірге айналып, жағымды көгілдір өң берсе, онда ол адамның ең сенімді екенін аңғарамыз.
Көк түс.
Адамдар көк түсті рухани әлемнің бөлшегі ретінде қарастырады. Ол адамның ақыл-ой мүмкіндіктерін көрсетеді. Дұрыс реңді көк түс өте сәтті деп есептелінеді. Көк түс неғұрлым ашық болған сайын, ол адамның сергек әрі дені сау екенін көрсетеді. Реңсіз көк түс адамның шешімтал емес адамға тән. Көк түстің күңгірттеу түсі адамның жетістігі мен даму көрсеткіші. Қою –көк түс миссионерлерде кездеседі.
Индиго.
Индтголы аурасы бар көптеген адамдар дінге терең енгендер.Оның қаншалықты енгендігін индигоның түсінен білуге болады. Егер адамның индиго жолағында алқызыл тозаң көрініп тұрса, ол адам туралы бағынушы адамдар өкпелегіш, жағымсыз деп қабылдайды. Индигодағы алқызыл тозаң деградация көрсеткіші. Ол аураны тазалығынан айрылтады. Кейде индигода күлгін түсті аурасы бар адамдардың асқазан немесе жүрек ауруларымен ауыратынын білуге болады.
Сұр түс.
Сұр түстегі аура түстерді жұмсартады. Адамның киім киіп тұрған кездегі аурасына қарағандағы сұр түс ешқандай маңызға ие болмайды. Себебі аурада дақтар мен сұр жолақтар бар. Егер ол адам шешінсе, оның денсаулығының әлсіз екені байқалады.Егер сұр түстер адамның өте қажетті дене мүшелерінде жолақ ретінде көрінсе-бұл дене мүшесінің зақымдалып жатқанын көруге болады. Ол адамға медициналық көмек қажет болады. Адам басының үнемі ауыруы сұр түтін тәріздес аураның болуына қатысты.
[45,26]
2.2 Медитация- жаңа оқыту технологиясының
үлгісі.
Медитация ( лат. – ойлану, толғану) –сананың терең ойға, зейінін қандай да бір затқа тұрақтауы. Медитация кезінде сыртқы зейіннің бөлінуі (жарық, дыбыс) мен ішкі әлемге (физикалық, эмоциалдық т.б.) кедергі келтірмеуі тиіс. Медитацияның психологиялық жаттығуларын түрлі формада, адамның мәдени –тарихи тұратын жеріне байланысты қолданады. Көптеген куәгерлердің айтуынша медитация шығыс еліндегі Үндістан мен Қытайда көне заманнан бері сақталған.
Ал ХХ ғасырда медитация әдістерін кейбір психоанализ, психофизиологиялық жаттығулар, терапевтік эффекттер үшін мектептерде пайд аланған.Ал Шығыста медитацияны адам өмірінің бір бөлшегі ретінде қарастырады. Медитацияның ешқандай іс-әрекетке қатысы жоқтығын, оны алу мүмкін еместігін шығыс медитациясымен айналысатын адамдары ескерткен. Себебі ол зат емес, ол әрбір адамның өзі. Медитация өз мүмкіндіктерін саналы қабылдауға, адамдардың кім бола алатынын, неге қол жеткізетінін, нені аяқтамай қалдырып кеткендігін анықтауға мүмкіндік береді. Писхологтардың зерттеулерінде адам өз мүмкіндіктерінің 5%- ін ғана өмір сүру барысында пайдаланады екен. Ал 95% - ін әлі ашып қолданбаған. 100 %-ң ішінен 5%-і аз көрсеткіш. Тек медитация ғана адамның өз-өзінің ішкі әлеміне апаратын, дамытатын жол. Ол эзотериканың ең негізгісі. Қазіргі кездегі адамдардың пайдаланып жүрген медитацияларының барлығы Шығыста пайда болып, өркен жайған. Сондықтан адамдар нағыз медитация мен ойды образдың қабылдауы мен шатастырмауы қажет. Медитация ең алдымен отбасындағы, ұжымдағы ішкі үйлесімді сақтайды. Біздің тілімізде оның екі ағымы бар: сенсорлы және моторлы. Моторлы ағымда тәннің барлық еріксіз қызметтері: тыныс алу, қан айналу т.б. жауап береді және тәннің өміріне қолдау жасайды. Сенсорлы ағым болса - бұл сана. Ол сезім мүшелері арқылы, яғни ой, арман, сезімдердің сыртқа шығуына бағытталады. Бүгінде біздің сезіміміз, ойымыз, денсаулығымыздың барлығы бір-бірі мен тығыз байланысқан.
Тыныс алу медитациясы адамның саналы болуына көмектеседі. Сол себептен бұл күйге түскен адам одан шыққысы келмейді . Егер адамның медитацияға кіргісі келсе, уақытқа шек қоймауы тиіс. Себебі : тыныс алу медитациясы адамның белгілі сана деңгейіне қол жеткізеді.
Егер медитацияны батыстық ойлауы қалыптасқан адам жасаса, оған тұрлі иллюзиялар әсерін тигізеді. Ойлау процесі мен ақыл – ой логикасы оның басынан кетпейді. Егер адам өз миынан шыға алмаса, жүректің кеңістігін сезіне алмайды. Сол үшін мыңдаған жылдар бойы ақыл жүрекке жол ашпауда. Адамзат өз тәніндегі жанның қозғалмалы екенін білуі тиіс.
Сұрақ: Медитация адамның ұйықтап қалуына кедергі жасай алады ма және ұйқы мен медитацияның айырмашылығы неде
Жауап: медитацияда біз қандай күйде болсақ, түсте дәл солай. Ең басты ерекшелігі түсте адам еш нәрсені саналы қабылдамайды, ал медитацияда толық саналы күйде болады. Адам ұйқымен, түспен тікелей байланысады. Себебі адамның ұйқысына қарап, оның қалай өмір сүріп жатқанын білуге болады. Егер адамдар нашар ұйықтаса, оның өмірі босқа айналады. Оның барлық байланыстары шиеленіске түседі. Ал керісінше жағдайда түс адамды сана асты күйіне алып барады.
Американ психологтары түсті үлкен құпияға жатқызады. Бірақ түс толық аяқталған ойға жатпайды. Себебі онда ұйқы мен сергектік арасындағы күй қозғалыста болады. Сондықтан сергектік пен ұйқының арасынан түс орын алады. Адамның уайымшыл ойы бір орында тұра алмайды. Тіптен түнгі ұйқы кезінде де ол тәнге тыныштық бермейді. Ішкі тынымсыздық тәннің уайым кешуіне ықпал жасайды.Сол үшін ой мен түстің арасында аз ғана айырмашылықтар бар. Ой түске қарағанда мәдениеттілеу. Мәселен: абориген тайпаларының балалары сөз жүзінде емес, сурет немесе бейне арқылы ойлай алады.
Адам ұйқы кезінде барлық күндізгі қасиетін жоғалтады. Ол өзінің ғалым, жоғары білімді адам екенін ұмытып кетеді. Түнде сөздің барлығы суретке айналады. Түс адамның ұйықтауына маза бермесе, ал ойлар оянуға мүмкіндік бермейді. Егер түс жойылса, ұйқы толық, егер ой жойылса, ояну жеңіл соғады.
Адам -бұл толған ауыртпашылық, онда көкейкесті мәселелер аурудың түрлері, уайым-қайғы, кедергілер өте көп. Оның даму эвалюциясында «ауру »көп болғандықтан ол өзінің табиғилық қасиетін қабылдай алмайды. Осының барлығы оның тынымсыз болып қалуына әсерін тигізген.Бұл жағдайдан шығару үшін адамға 2 әдісті қолданған. Біріншісі – медицина, ал екіншісі - медитация. Медицинаның әрбір ауруын және қарастыратын болса, ал медитация адамды ауру ретінде қабылдайды. Бірақ әр адам әртүрлі ауырады. Оның басты себебі ауруда емес, адамның өзінде.
Сол себептен медитация адамның ішкі әлемін тереңірек ашады. Бірақ медицинадан медитация, медитациядан медицина бөлек жүре алмайды. Оның кілті адамның тән мен жаннан құралуында. Мың жылдар бойы адамдар тән мен жанды бөлек қарастырған. Сондықтан медицина мен медитацияны бөлек бөлек деп санаған . Бірақ қазіргі заман адамдары тән адамның көрінетін, ал жан көрінбейтін бөлігі деп қабылдайды.
Біріншіде медитация адамзат тіршілігінің екінші жағынан қарайтын дәрумені. Әрине, дәрілер материядан және химиялық заттардан құралады; Ал медитация санаға тәуелді болады. Медитацияға арналған дәрі жоқ. Бірақ адамзат медициналық әсер ететін дәрі - дәрмектер шығаруда. Мәселен; меоналин, марихуана т.б. Бұл жасалған дәрілердің барлығы да адамның өзін-өзі алдауына әкеліп соқтырады.
Қашан адамның санасы іштей сау болады. Ең бастысы ол өзінің ішкі әлемін саналы сезінгендігінде ғана. Себебі саналықтың екі жағы бар; Егер тәжірибе жасап көретін болсақ бірі сыртқа , ал екіншісі ішке бағытталғанын байқаймыз. Медитацияның басты негізі адамның тәнінің және өзін сезіне бастауында.
Сұрақ: Ауру мен денсаулықтың байланысы неде
Жауап: Адамның 70% ауруы ақылға бағытталған. Бұл аурудан құтылу үшін гипноздың көмегімен жазуға болады. Бірақ адамдардың 70% ауруы психикалық болып табылады. Олар тәнде, ақылда тудындайды. Егер адам өз санасында аурудың жоқтығын айтатын болса, онда ауру жоғалады. Себебі ақыл тәнде билік етеді. Адамның 70% ауруын ақылдың көмегімен жазуға мүмкіндігі бар. Ал 30% -ті ғана тәнге тәуелді болады.
Қазіргі кезде Шығыстың басты елдері - Қытай, Жапония, Үндістан, Корей және тағы басқа транстық емдеу техникалары медициналық трансқа негізделіп құрылған. Ол елдерде ежелгі медитацияның дәстүрлі түрлерін әлі күнге дейін қатаң тәртіппен сақтаған. Шығыс шеберлері (Судзуки және т.б.) медитациялық транс пен гипноздың арасында өзгешеліктер бар деп қарастырмайды. Қайта гипнозды медитациялық транстың психотехникалық әдісінің бірі деп санайды.
Ал Д.В. Кандыба ( 1990 ), Л.П. Гримак ( 1991 ) және т.б. үлкен гипнотерапевттер медитациямен гипноздың арасында психофизиологиялық күйдің ерекшелігі бар екенін, ал медитацияда ешбір нейрофизиологиялық және психологиялық көрініске ие болмайтынын дәлелденген.[18,313]
Медитациялық транс (медитация) - бұл психофизиологиялық күйдің құрылымдық өзгеруі. Егер гипнозда тыныштықтағы гипноз ұйқы, альфа-ритмнің көбірек немесе азырақ сөнуі бета – ритмнің амплитудалары мен тазалығының төмендеуі, дельта толқындарының төменгі тазалығына ауысуы т.б. әсер ететін болса, сонымен қатар гипноздық күйде дәл сергектік кұйдегі секілді қандайда бір белсенді әрекетті, ми блогын жазып алуға мүмкіндік болады. Ал медитациялық күйдегі адамдарда үнемі альфа - ритмі (тыныштық күйі ), кейін оның тазалығы бірте - бірте төмендейді де, тета – ретм пайда болады.
Жалпы « медитация » сөзі латынның meditatio (орталыққа жылжу) деген сөзінен шыққан. Дәл осы медитацияда орын алатын секілді күш – қуатты пайдаланбастан, адам өз - өзінің ішкі орталығында болады. Сол кезде адамда жоғарылау сезімімен қатар, болып жатқан жағдайды анық көріп, саналы қабылдау процесі жүреді. Кризистік жағдайда тыныштық сақтау қабілеті қалыптасады. Адам осы бақылау пунктінен өзі туралы, өзге адамдар туралы көп түсінік алады. Өзге адамдардың өмірінің сценарилері немесе тағдыры неліктен олай болғанын түсінеді. Мәселен, ол адамды ата-анасы баласы ретінде қабылдамады ма Егер жауап «иә » болса, оның өмірлік жағдайына әсер етті ме Анасы үлкен ұлына өте үлкен мейірімділікпен қараса, ал кіші ұлы анасының алдында жақсы көріну үшін үлкенімен үнемі күресте болды ма Бұл адам қорқынышта өмір сүрді ме т.с.с. Осының барлығы адамға біреу үшін жазылған сюжеті сияқты болып көрінеді де, оның ескірген эмоциялық «жарақаттары » жазыла бастайды.
Ендігі кезекте медитацияның дұрыс орындау ережелерімен танысамыз. Медитацияны күніне бір мәрте тамақтан кейін 1-2 сағаттан соң пайдалануға болады. Мүмкіндігінше ешқандай адам кедергі жасамайтын кезде қолдану тиіс. Медитация 15 минуттан, бірнеше сағаттарға да созыла алады.15 минуттық медитациялар нәтижелі болады. Медитацияның шектеулі уақыты жоқ болғандықтан, оны әрбір адам қай кезде аяқтайтынын өзі сезінеді.
Мамандардың айтуынша медитацияны орындамас бұрын ешкім кедергі келтірмейтін жерді таңдап алу керек. Таңдалып алынған жер жылы, ыңғайлы болуы тиіс. Ал позаға тоқталар болсақ, ол сан түрлі мәселен; үндістер «лотос», жапондықтар өкшеде отыру позасын пайдаланады. Бұл позалар балалық шақ кезінен үйренген адамдарға қиындық тудырмайды. Ал батыс адамдарында әсіресе отыздан асқандарға ыңғайсыз келетіндіктен денені ауырлық сезімі ұялайды. Бірақ ғалымдар үстелде отырып, денені тік ұстайтын позаны жөн көреді. Медитация кезінде бүкіреймей, денені бос ұстап, аяқты жерге қойып, екі қол тізеде еркін жатады.
Медитация алғашқы деңгейде адамдардың концентрациялауын қажет етеді. Мысалы; иттің өзін қоян орнына қоюы, мысықтың құсты аулауы секілді, медитация кезінде де дәл осындай сезімдер кездеседі.
Концентрациялау әдісін үйренген адам күнделікті өмірде де, тіршілік ететін не тіршілік ептейтінді ажыратады, күрделі тапсырмаларды нәтижелі орындайды, стрестік жағдайларда ұстамдылық танытады, жүрек және артериалды қысымы төмендейді.
Медитацияны бастау үшін:
1) Медитативті позаны пайдалану;
2) Арқаны тік ұстау;
3) Өз эмоциялары мен көкейкесті мәселелерін сырып қою,
медитациялық күйге ену;
4) Көзді жұму;
5) Кез-келген талқылаулар мен қиялдан арылу;
-
Бет және жақ бұлшықеттерін босаңсыту;
-
Денені еркін ұстау;
-
Тыныс алуды реттеу;
Танау тесігі арқылы тыныс алып, қанша дем алғандығы мен дем шығарғандығын санау. Тыныс алу барысында іш томпаяды, ал көкірек кеңейеді.Медитация кезінде біраз уақытқа дейін қозғалыссыз күйде болып, онан кейін дем шығару. Тыныс алу жеңіл, әрі естілмейтіндей болуы керек және бірқалыпқа түскеннен кейін медитацияға кіруге болады.
Медитацияның кейбір әдістері.
1. Затқа сырттай қарау.
Қандайда бір затты таңдаңыз. Ол бұтақ, тас, ағаш, шамның алауы, сіріңке қорабы, кактус, немесе т.б. болуы ықтимал. Сол бір затқа бар зейініңізді аударыңыз. Оған өміріңізде одан басқа нәрсе жоқ секілді қараңыз. Көзіңді жұмып, мүмкіндік болса оны қолыңызбен жанаңыз. Онан соң қайта затыңызға қараңыз. Сіз әр кезде зейіннің жан – жаққа тарауын және сол затқа қайта оралуын байқайсыз. Бірнеше уақыттан соң сіз сол заттың өміріне кіріп, сіздің санаңыз бен зат бірігіп кеткендей сезімде боласыз.
-
Тыныс алу есебі.
Терең әрі бірқалыпты дем алып, тыныс алу циклын санаңыз: «Тыныс алу –1, Тыныс алу-2» т.с.с. Өзіңізге « тыныс алуда » дем алу, ал сан болғанда дем шығаруды айтыңыз, Кейде медитациялық әдістерде үнемі сандар пайдаланылады. Бірақ бұл нақты санға жетуге деген ниет пен адамда сандар кедергі жасауы ықтимал. Ең жақсысы нақты сандарды, яғни 5- тен 10-ға дейінгі сандарды қолдану (он санын дзен ұстаздары пайдаланған).
-
Тыныс алу медитациясы.
Медитативті позаны таңдаңыз. Денені босатыңыз. Тыныс алуға тұрақталыңыз.Табиғи тыныс алу ритмін өзгертпеңіз, тек оны бақылаңыз. Тыныс алуды ойша мынадай сөздермен қолдануға болады: « Мен өз дем тартуымды сезіп тұрмын… еркін дем шығаруды сезіп тұрмын…» т.б.
Өз назарыңызды тыныс алуға тұрақтатып болғаннан соң, мынадай медитативті сөздермен толықтырыңыз:
«Мен демімді тартамын…
Мен дем шығарамын…
Кеуде жасушаларым басыңсыған… (бір тыныстық цикл)
Мен демімді тартамын…
Мен дем шығарамын…
Менің денем босаңсыған… (бір тыныстық цикл)
Мен демімді тартамын…
Мен дем шығарамын…
Мен тыныштық пен босаңсуды сезінемін… (бір тыныстық цикл)
Мен демімді тартамын…
Мен дем шығарамын…»
Жағымды әсер…(дем тарту)
Жағымды әсер…(дем шығару)
Жағымды дем алу…(демді тарту) жағымды дем алып… (дем шығару). Мен жылулықты сезінемін … (демді тарту) Мен жылулықты сезінемін … (демді шығару). Барлығы босаңсыған.. (дем тарту) Барлығы босаңсыған.. (дем шығару) Тыныштық пен жым-жырттылық… (дем тарту) Тыныштық пен жым-жырттылық… (дем шығару).
-
Бірнеше сағаттық саналылық.
Өзіңіз жалғыз қалатын бірнеше сағатты таңдаңыз. Бұл уақыт кезінде қарапайым істерді; үйді жинау, бақшада жұмыс істеу, ас әзірлеу, кір жуу т.б.жайлап орындаңыз. (Күнделікті жылдамдықты бәсеңдетіңіз); әрбір жұмысты саналы жасаңыз. Мысалы: «Мен қазір сәбіз тазалап отырмын, енді оны жуып жатырмын, суды өшіремін, сәбізді тураймын» т.с.с. Шеттен келген ойды бақылауда қандай іс-әрекет жасасаңыз да, толық саналылықта болуыңыз қажет. Сонымен қатар басқа келетін әрбір ойды ой елегінен өткізіңіз. Бұл өзін-өзі бақылаудың ең күшті құралы.
4) Санаға тұрақталатын медитацияның бұл бағыты Найкан-терапия ( Жапон тілінен - өзіндік рефлекция, өзін-өзі бақылау ) негізіне жатқан. Мақсаты: экзистенциалды сананың адамның өзін кінәлі санауы мен бір уақытта өзгелерден қолдау табатыны мен махаббат сезімін ұялату болып табылады. Нейкан- терапия Жапонияда бұрынғы кәсіпкер мен дін қызметкері Ишим Йошимотының өңдеуінен пайда болған. Найкон орталығына келген адам психотерапевттен психотерапиялық қатысу туралы мағлұматты магнитафон жазбасынан тыңдай алады. 30 минуттан кейін Найканды бастар алдында пациентті қабырғаға қаратып, ширмамен қоршап отырғызып қояды. Пациент өзіне ыңғайлы кез-келген жағдайда орналаса алады, тек жатудан басқа (ұйықтап кетпеу үшін).
Пациент (найканша) өзі бастан кешірген бұрынғы өмірі туралы ойлауын психотерапевтке («сенсей») айтып отыруы қажет.Бірінші тапсырмада - төменгі сыныпта анасына деген қатынасы мен сезімінің қандай болғанын еске түсіреді. Анасының ол үшін не істегенін (20), қандай кезде қапа болу мен қамқорлық жасады (60). Бұның барлығы өткен кездегі мінез-құлқын еске түсіру үшін жасалынады. 1-2 сағаттан соң психотерапевт келіп ширма алдында сәлем береді, оны ашады, тағы да сәлем беріп пациенттен не туралы ойланғанын сұрайды. Пациент бұл медитациядан кейін не алғанын және орнына не бергенін айтып береді. Қорытынды бөлімде оның ересек кездегі ( жоғары сыныптағы кезі ) анасымен қарым-қатынасын еске түсіруі үшін тапсырма ретінде беріледі.Егер сұрақ туындамаса әңгіме аяқталып, бір-біріне сәлем береді.
Әрбір әңгімелесу барысында психотерапевт пациентті зер салып тыңдайды да, оған келесі тақырыпты беру арқылы сұрақтарға жауап алады.Әдетте рефлексия өмірдің 3 кезеңдік бөліктерін алады. ( Үлкен жастағы пациенттер мен 5 және 10, тіптен нақ осы шаққа дейін).Келесі медитация обьекті әкесі болады. Оны да ерте балалық шақтан, осы кезге дейінгі бастан кешіргендерін еске түсіреді. Дәл осындай ойлау тәсілімен көкесі мен әпкесі, ұстаздары мен басшылары, ұжымы, жора- жолдастары, т.б. өмірлік жағдайларын еске түсіреді. Арасында өтірік айту, ұрлық, тәртіп бұзу, азартты ойындар мен ішімдікке салынуға қатысты арнайы сұрақтар қойылады.
Әдетте найкан-медитация бірнеше аптаға бөлініп, күн сайын сағат 5 тен 21-ге дейін қызмет көрсетеді.
-
Музыкалық медитация.
Бұл медитация отырып немесе жатып орындалатын болғандықтан, көзіңізді жұмып, денеңізді бос ұстаңыз. Музыканы алғаш естігеннен-ақ барлық естігеніңізді немесе түрлі түсті формадағы фигураларды « аударып » отырыңыз ( 1- ші баспалдақ).Бұл қарапайым нәрсе бірнеше уақыттан соң ассоциативті ойлау, интеллекттің логикалық қабылдауын дамыта түседі. Музыканы дұрыс тыңдау барысында әуен әдемілігін және үйлесімділігін, әлемнің қатынасын сезінесіз. Дәл осы медитация интуитивті тұрғыда «алтын пропорцияға » - жататын әдемілік формуласына жетуге ықпал жасайды. Терапевтік мақсаттарда бұл медитация таңғы уақытта сенімсіздік пен қорқыныш сезімі үшін қолданылады.
Медитацияда алдын ала геометриялық образдарды салуға болады. (2 – ші баспалдақ). Әуенді тыңдау кезінде жабық көзбен ішкі «экранға» көлемді геометриялық картинаны, музыканы тыңдау арқылы салыңыз. Медитация барысында дөңгелек, ұшбұрыш т.б. фигуралардың айналып жатқанын көресіз. Әрбір әуен динамакалы болғандықтан, сіз құрған суреттерде динамика элементтері кездеседі. Квадрат, шеңберден басқа да тар, катеноид, жай және қисық геликоид, конус, гиперболаның және эллипстық параболоид, астройд т.б. да кездесуі мүмкін.
Медитация кезінде 1 немесе 2 ғана әуенді пайдаланған тиімді. Ал өзге әуендерді 1-ші әуен жақсы меңгерілгеннен кейін ғана қолдануға болады. Содан соң екінші баспалдақты біріншімен байланыстырып, тұтас етіп көріңіз.Үшінші баспалдақта, назар аударудан кейін айқындауға тырысыңыз.
-
Ұқсастықтары уақыт пропорциясы, шығармашылық ұқсастығы.
-
Қандайда бір әуеннің вариациялары.
-
Вибрацияны қалыптастырудың нақты тәсілі, кейбір ноталарды өзгерту, әуен ұзақтығындағы өзгеріс, ноталарды ауыстыру т.б.
-
Жануарлар, айналымдар бейнелеу, инверсиялар, олардың естілу ұзақтығы мен интервалы;
-
Барлық әуеннің такт саны, ұқсас бөліктері, вариациялары т.б.
-
Тембр бойынша ең жоғары және ең төмен бөліктері, олардың орналасуы;
-
Шығарманың бітуі мүмкін жерлерінің толық естілуі немесе оның мазмұнының өзгеруі. ( папуриді еске түсіріңіздер)
-
Қойылған музыкалардың нотаға айналуы (қосымша дыбыстардың озып немесе қалып кетуі).
5) «Мен кіммін» медитациясы.
Алдымен ұқсас жаттығу жасаңыз. Одан соң өзіңізден сұрай бастаңыз: «мен кіммін» жауап беруге асықпаңыз, жақсылап ойланыңыз. Бірнеше жауаптарды тапқан соң, сұраңыз: «жауап беруші адам ол қандай» Өз басыңызды бақылап көріңіз. Содан кейін қайта сұраңыз; «Ойлап тұрған кім өзі» Әрбір жауап жаңа сұрақ туындатуы тиіс. Егер жауап : « Мен психотерапевтпін» болса, онда байқаңыз:«Психотерапевт – бұл мамандық. Мен деген кім, адам жанын емдеуші? » Егер жауап: « Адамды сүйетін, адам» болса, былай жауап қайтаруға болады. «Бұл - белгі, қасиет. Адамдарға махаббат сезімін сезінуші адам кім т.с.с. Мен деген кім, бүгін бақытты, бірақ кеше мұңайған Мен деген кім көңіл күйінің өзгеруін бақылайтын Мен деген кім, тән ұйықтағанда түс көретін? Мен деген кім, «мен білмеймін» секілді сұрақтарға жауап берудің арқасында медитацияға түсуші адам, өз бойындағы қызметтерін бақылай алады.
2.3 Психологияның ежелгі таным екендігі туралы авторлық нұсқаулар
Адам қажеттіліктерінің пирамидасы (иерархиясы) А. Маслоу бойынша.
-
|
Өзіндік өзекті қажеттіліктер.
Өз мақсаттарын, өзіндік тұлғалық қасиеттерімен мүмкіндіктерін қалыптастыру.
| -
|
Эстетикалық қажеттіліктер.
Үйлесімділік, симметрия, тәртіп, әсемдік.
| -
|
Танымдық қажеттіліктер.
Білу,түсіну, ептілік, зерттеу.
| -
|
Сыйластық (қастерлеу) қажеттіліктер.
Жетік жетістіктерге жету, мақұлдату, мойындату,бедел.
| -
|
Махаббат пен жарақтарға қажеттіліктер.
Адамдардың ортасында болу, танымал, мойындалған, жалпылық.
| -
|
Қауіпсіздік қажеттіліктер.
Өзіңді қорғалғандай сезіну, агрессиялық іс-әрекеттен, қорқыныш пен сәтсіздіктен құтылу.
| -
|
Физиологиялық (органикалық ) қажеттіліктер.
Шөл, аштық, жыныстық қатынастар.
|
Сананың шеңберлері.
7 чакра адам денесіндегі энергетитакалық энергиялардың орталықтары. Адамның денесін айналу барысында (циркуляция) олар адамды өмір энергиясымен қамтамасыз етеді және адамның санасын тазартады.
1-ші чакра.
|
«Негізгі іргетасы» Кундалини энергиясын сақтау орны. Омыртқаның аумағында орналасқан. Реңдік түсі- қызыл. Нышаны Ар-Айравата пілі-өз иығына бар ауыр жүкті іліп алған, жұмысқа бейім адамды бейнелейді. Чакра дене мен жер арасындағы байланысқа, ұрпақты сақтау және жалғастыру үшін жауап береді. Бұл чакрамен жұмыс істеу жеткіліксіз қорқыныштардан, үрейді сезінуден арылтады.
|
2-ш чакра.
|
«Мен» тұрағы. Бел аумағындағы орналасқан. Реңдік түсі-қоңыр. Нышаны қолтырауын (крокодил) 2-ші чакра адамның сезімтал табиғатын бейнелейді. Чакра шығармашылықты, сүйсінушлікті іздеуге жауапты. Чакрамен жұмыс өзіңнің сүйкімді екендігіне сезіну қабілетін арттырады, қызғаныш пен ашушаңдықтан босатады.
|
3-ші чакра.
|
«Асыл тастар қаласы». Нышаны қой. Реңдік түсі-сары. Адамның физикалық күші мен кедергілерді бұза алатын мүмкіндігін көрсетеді. 3-ші чакра – рухани күштің негізі, сенімділігі. Бұл чакра интеллект принциптерін қалыптастырады. Чакрамен жұмыс адамның өзімшілдіктен арылтады, ұйымдастыру қабілетін арттырады.
|
4-ші чакра.
|
«Соқпаққа ұрылмаған» жүрек аумағында орналасқан. Нышаны бұғы. Тазалық пен пәктіктің белгісі. Реңдік түсі-жасыл. Махаббат, еркек пен әйелдің энергиясының тепе-теңдік орталығы. Чакрамен жұмыс ішкі және сыртқы әлемінің үйлесімділігін қамтамасыз етеді, қоршағандарға махаббат пен қайрымдылыққа үйретеді.
|
5-ші чакра.
|
«Мөлдір» «Таза» тамақ аумағында орналасқан . Нышаны «Гаджа пілі» .Жер мен өсімдіктер туралы білімдердің негізі. 5-ші чакра организмнің тазарту орталығы. Адамның тілі мен шығармашылығына жауап береді. Чакрамен жұмыс жасырын дарындылық пен қайталанбас даралықты бейнелейді.
|
6-шы чакра.
|
«Үстемдік». Екі қас аралығында орналасқан. Нышаны Шива-Шакти құдайы Жартылай ер, жартылай әйел. Екі бастаманың негізі. Реңдік түсі-көк. 6-шы чакра- ақыл –ойдың , сана мен интуицияның орталығы. Онымен жұмыс барысында парапсихологиялық қабілетті дамытады. «үшінші көзді» ашуға көмектеседі.
|
7-ші чакра.
|
«Мың жапырақтылы» «Тіреусіз тұрақтанушы».Ол денеден тыс, бастан жоғары,бастың төбе алумағында орналасады . Нышаны ішкі гуру. Реңдік түсі –сия түсті. Онда Кундалини энергиясы таза санамен қосылады.
|
ҚОРЫТЫНДЫ
Психология- ежелгі таным. Ол ұзақ ғасырлар бойы қалыптасқан ғылым болып табылады.Психология жанды зерттейтін ғылым болғандықтан, ол адамға қатысты барлық ғылым салаларымен тікелей байланысады. Бүгінгі таңда психологияның зерттелмеген салалары өте көп. Оған ғарыштық психология, трансперсоналды психология, парапсихология, эзотерика ілімі мысал бола алады.
Эзотерика – адамның іс-әрекетін, ойлау бейнесін, емдеу тәсілдерімен шығармашылық энергияның байланысын анықтайды. Эзотериканың психология ғылымымен тікелей байланысуының бір себебі: ол кешенді ойлау, сананы кеңейтуді зерттейді. Ал астрология болса, аспан денелерінің жердегі тіршілікке, адам мінез-құлқы мен тағдырына әсер ететінін қарастырады.Оның адамға қатысты саласы натальды немесе генетикалық астрология, ол адамдарды жеке тұлға ретінде зерттеуге алады. Ал б.э 400 - 1000жж өмір сүрген Шығыс шеберлері адамның ішкі жан қуаттарына түрлі медитациялық әдістер мен жаттығуларды пайдаланған.
«Психология –ежелгі таным. Дәстүрлі емес психологиялық көзқарастардың ерекшелігі» атты жұмыста жоғарыда көрсетілген мәселелер қарастырылған. Онда барлық адамзаттың жан дүниесі мен тәнінің құпия –сырлары, адам тәнінің күш-қуат көздері, адамның медитация арқылы өз ішкі әлемін тануы біздің қоғам үшін жаңа ақпараттар болып табылады. Ұмыт болған эзотерика ғылымы мен өмірде жиі қолданатын экзотерикалық ілімдердің психологиямен байланыстылығы қарастырылды.
Жұмыс барысында астрология ілімінің адам психикасына ықпалы; Друнвало Мельхиседектың адам чакрасының жүйесі; Лобсанг Рампаның тән аурасына қатысты мәселелері мен тәжірибелік нұсқасы; ежелгі Шығыс шеберлерінің адамның ішкі жан дүниесін тазартуға бағытталған медитациялық әдістері; Үнді философы Раджниш Ошоның психология ғылымына сыни пікірлері мен салыстырмалары, жаңа білімге ұсыныстары; ежелгі және қазіргі таңдағы Батыс философтары мен психологтарының жан мен тәнге қатысты көзқарастары мен зерттеулерінің мән-мағынасы ашылды. Сонымен қоса Американ психотерапевті Мильтон Эриксонның емдік гипноздық техникалары мен әдістері; жаңа заманғы медитацияның технологиялары кеңінен пайдаланылды. Жоғарыда аталған психологияда қолданыста жүрген әдістер мен тәсілдер адамзатқа тек қана білім емес сонымен қатар адамды емдеуге, адамның мінез -құлқын, әсіресе ашылмаған көптеген қажеттіліктер мен мүмкіндіктерін дамытуға үлкен үлесін қосады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
-
Айсмонтас Б.Б. Общая психология. Схемы. Москва Владос. 2003.
-
Артамонов Анатолий. Астрология. Для любознательных. КСП+.ИЧП .Медков. Москва 2001.
-
Адлер А. Понять природу человека. СПб.,1997.
-
Бейли А. Эзотерическая психология. М.,1994.
-
Брунер Д.Психология познания. М.,1977.
-
Батаршев А.В, Тестирование. Москва.1999.
-
Вульфинг Фон Рор. Экзотерика. Для начинающих. Москва 2001.
-
Гарбузов В.И. Практическая психотерапия. СПб.,1994.
-
Годфруа Ж. Что такое психология. В2т. М.,Мир,1992.
-
Гроф С. За пределами мозга. М.,1993.
-
Гроф С. Области человеческого бессознательного. М.,1992.
-
Готвальд .В.,Ховальд В. Помоги себе сам. Медитация. М.,1992.
-
Годфруа Ж. Что такое психология. М.,1997.
-
Гроф С. Космическая игра: исследование рубежей человекского сознания. М., 1997.
-
Кішібеков Д., Ұ.Сыдықов. Философия. Алматы. Ғылым. 2005.
-
Крайон. Не думай как человек. Ченнелинг-ответы на насущные вопросы .София.2006.
-
Канке В.А.. Философия. Исторический и систеатический курс. Москва.Логос.2001.
-
Кандыба Виктор. Мировые техники лечебного гипноза. Санкт-ПетербургМоскваКраснодар 2003.
-
Кошелева А.Д., АлексееваЛ.С. диагностика и коррекция гиперактивного ребенка. М.,1997.
-
Кон И.С. В поисках себя. М.1984.
-
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 8-том. Қазақ ССР-нің. Ғылым баспасы. Алматы.1985.
-
Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігі. 3-том. Қазақ ССР-нің. Ғылым баспасы. Алматы.1978.
-
Леей В.Л. Нестандартный ребенок.М., 1983.
-
Леонтьев А.Н. Проблемы развитя психики. М.,1987.
-
Люшер. Цвет вашего характера. М.,1997.
-
Маккена Т. Истые галлюцинации. М.,1996.
-
Мельхиседек Друнвало. Живи в сердце. Как войти в священное пространство сердца. Книга-3. София. 2005.
-
Мельхиседек Друнвало. На пороге перемен. Лекции и беседы. Книга-4. .София. 2006.
-
Мельхиседек Друнвало. Древняя тайна Цветка жизни. Том-1. София. 2006.
-
Мельхиседек Друнвало. Древняя тайна Цветка жизни. Том-2. София. 2006.
-
Михайлов Ф.Г. Сознание и самосознание. М.,1991.
-
Намазбаева Ж.Ы., Сангилбаев О.С. Орысша-қазақша психологиялық сөздік. Алматы. 2005.
-
Немов Р.С. Психология. Т.2.М.,1998.
-
Ошо. И здесь и сейчас. О жизни, смерти и прошлых воплощениях. София. 2007.
-
Ошо. Внутреннее путешествие. Эксперименты с медитацией. Санкт-Петербург Издательская группа.Весь. 2006.
-
Ошо. Неведомое путешествие. За переделы последнего табу.Весь. 2003.
-
Ошо. Дзен. Его история и учения. Москва АСТАСТРЕЛЬ. 2004.
-
Ошо. О женщине. София. ИД .Гелиос. 2003.
-
Ошо О детях. София. ИД .Гелиос. 2003.
-
Оша Раджниш. От медицины к медитации. София. 2003.
-
Подводный Авессалом. Психология и астрология. 2-том. Эволюция Личности.Москва. 2001.
-
Петровский А. В., Ярошевский М.Г. Психология. Словарь. Издательство политической литературы. 1990.
-
Психология и психоанализ характера. Саратов, 1997.
-
Психология познавательных прцессов. Самара,1992.
-
Рампа Лобсанг. Ты вечен. София 2004.
-
Рампа Лобсанг. Главы жизни. «София 2004.
-
Рампа Лобсанг. Мудрость Древних. София. 2004.
-
Рубинштейн С.А. Человек и мир. М.,1976.
-
Стоялеренко Л.Д. Основы психологии. Практикум. Феникс. Ростов-на-Дону.2007.
-
Стоялеренко Л.Д. Основы психологии. Феникс. Ростов-на-Дону.2001.
-
Сахаров Б. Телепатия.Самара,1992.
-
Столин В.В. Самосознание личности. МГУ, 1984.
-
Собчик Л.Н. Характер и судьба. М.,1996.
-
Трансцендентальная медитация. Сыктывкар, 1993
-
Тат Эль. Психическая саморегуляция. Часть 1. Начальные эзотерические навыки обретения внутренней гармонии. Невский проспект. Санкт-Петербург.2002.
-
Томпсон Мел. Восточная философия. Москва 2002.
-
Тайна характера. Психологические типы. Харьков, 1996.
-
Фрейд З. Толкование сновидений. М., 1992.
-
Хорни К. Собр. соч. Т.З. Наши внутренние конфликты. Невроз и развитие личности. М.,1997.
-
Чеснокова И.И. Проблемы самосознания в психологии. М., 1977.
-
Шерток Л. Непознанное в психике человека. М., 1990. Штерн В. Умственная одаренность: психологические методы испытания умственной одаренности в их применненнии к детям школьного возраста. СПб.,1997.
-
Эзотерика. Парапсихология. Т.1-3. М., 1992.
-
Эйдемиллер Э.Г, Добряков И.В., Никольская И.М. Семейный диагноз и семейная психотерапия. Санкт-петербург.2006.
-
Юнг К. Проблемы души нашего времени. М., 1994
-
Якобсон П.М. Психология чувств и мотивация. М.,1998.
ҚОСЫМША (1)
ҚОСЫМША(2)
ҚОСЫМША(3)
Достарыңызбен бөлісу: |