Диплом жұмысының тақырыбы: ««ҚР кітапханалық жарнамасының мәселелелерін шешу жолдары»



бет5/5
Дата12.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#130725
түріДиплом
1   2   3   4   5

3-бап. Негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жарнама — адамдардың беймәлім тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгілеріне, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткізуге жәрдемдесетін кез келген нысаңда, кез келген құралдардың көмегімен таратылатын және орналастырылатын ақпарат;

2) жөнсіз жарнама — мазмұнына, уақытына, таратылу, орналастырылу орнына және тәсіліне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптардың бұзылуына жол берілген жосықсыз, дәйексіз, әдепсіз, көрінеу жалған және жасырын жарнама;

3) жарнама беруші — жарнама жасау, тарату және орналастыру үшін жарнамалық ақпарат көзі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;

4) жарнама жасаушы — жарнамалық ақпаратты тарату және орналастыру үшін дайын нысанға келтіруді жүзеге асыратын жеке немесе занды тұлға;

таратудың техникалық құралдарын беру және (немесе) пайдалану жолымен және өзге де төсілдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе занды тұлға;

6) жарнама тұтынушылар — жарнама арналған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың беймәлім тобы;

7) жүгіртпе жол — жарнама таратудың теледидар бойынша, кино және бейнеқызмет көрсетуде берілетін тәсілі, ол теледидар экрандарында, сондай-ақ дербес мониторларда — тұрақты орналастыру объектілерінде жиынтығымен белгілі бір ақпаратты құрайтын әріптер, цифрлар, белгілер тіркесінің тізбектесіп алмасуымен (қозғалуымен) сипатталады.



4-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Зандағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

5-бап. Жарнамаға авторлық құқық және сабақтас құқықтар Жарнама авторлық құқықтың және сабақтас құқықтардың толық немесе ішінара объектісі бола алады. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес қорғалуға тиіс.

2-ТАРАУ. Жарнамаға қойылатын жалпы және арнайы талаптар 6-бап. Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар

1. Жарнама таратылу, орналастырылу нысанына немесе пайдаланылатын құралына қарамастан, тікелей ұсынылу сәтінде арнаулы білімсіз немесе арнаулы құралдарды қолданбай дәйекті әрі түсінікті болуға тиіс.

2. Қазақстан Республикасының аумағында жарнама, теледидардағы, радиодағы және сыртқы (көрнекі) жарнаманы қоса, мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал қажет кезінде басқа да тілдерде таратылады.

Жарнама мазмұнының бір тілден екінші тілге аудармасы оның негізгі мағынасын бұрмаламауға тиіс.

Бұл ретте теледидар мен радио арқылы мемлекетгік тілде берілетін жарнама күн сайынғы эфирге шығатын барлық уақыт бойы біркелкі таратылуға тиіс.

3. Белгіленген тәртіппен тіркелген тауар белгілері мен логотиптер түпнұсқа тілінде және (немесе) басқа тілде жазылуы мүмкін.

4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалуына және сатылуына тыйым салынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға жол берілмейді.

Егер жарнама беруші жүзеге асыратын қызмет лицензиялануға тиіс болса, оңда тиісті тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалау кезінде, сондай-ақ жарнама берушінің өзін жарнамалау кезінде, радиодағы жарнаманы қоспағанда, лицензияның нөмірін және лицензия берген органның атауын көрсету қажет.

5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тіркелмеген діни ұйымдар мен діни оқу орындарын жарнамалауға тыйым салынады.

6. Жарнама Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге пайдаланылмауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды тарату үшін пайдаланылмауға тиіс.

7. Жарнама қоғамда дүрбелең туғызбауға, азаматтарды агрессияға бастамауға, сондай-ақ құқыққа қарсы өзге де әрекетті (әрекетсіздікті) қоздырмауға тиіс.

8. Жарнамаға қойылатын шектеулер осы Заңмен және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерімен белгіленеді.



7-бап. Жөнсіз жарнама түрлері

1) жарнамаланатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларымен (жұмыстарымен, көрсетілетін қызметтерімен) салыстыратын, сондай-ақ олардың абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін сөздері, бейнелері бар;

2) басқа өнімдерді жарнамалауда пайдаланылатын фирмалық атауды, тауар белгісін, фирмалық ораманы, тауардың сыртқы безендірілуін, формулаларын, бейнелері мен басқа да коммерциялық белгілемелерін көшіріп алу арқылы не олардың сенімін теріс пайдалану арқылы жарнамаланатын өнімдерге қатысты тұтынушыларды жаңылдыратын;

3) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылуы тауардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сипатына, дайындалу тәсіліне, қасиеттеріне, қолдануға жарамдылығына немесе санына қатысты жаңылыстыруы мүмкін нұсқамалары немесе дәйектемелері бар;

4) жарнамаланатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) пайдаланбайтын жеке немесе занды тұлғалардың беделін түсіретін, қорлайтын немесе мазақ ететін жарнама жосықсыз жарнама болып табылады.

2. Мыналарға:

1) өнімдердің табиғаты, құрамы, дайындау тәсілі мен күні, мақсаты, тұтыну қасиеттері, пайдалану шарттары, сәйкестік сертификатының, сертификат белгілерінің және мемлекеттік стандарттарға сәйкестік белгілерінің болуы, саны, шығарылған жері сияқты сипаттамаларына;

2) өнімнің нарықта болуына, оны белгілі бір орында сатып алу мүмкіндігіне;

3) жарнама тарату және орналастыру кезіндегі өнімнің құны (бағасы) мен ақы төлеудің қосымша шарттарына;

4) өнімдерді жеткізуге, айырбастауға, қайтаруға, жөндеуге және оларға қызмет керсетуге;

5) кепілдік міндеттемелерге, қызмет мерзімдеріне, жарамдылық мерзімдеріне;

6) қолданудың болжамды нәтижелеріне;

7) заңды тұлға ның зияткерлік қызметінің және соған теңестірілген даралау құралдарының, өнімнің, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтің нәтижелеріне берілетін айрықша құқықтарға;

8) мемлекетгік нышаңдарды (елтаңба, ту, әнұран), соңдай-ақ халықаралық ұйымдардың нышандарын пайдалану құқықтарына;

9) ресми тануға, медальдар, жүлделер, дипломдар және өзге де наградалар алуға;

10) өнімнің толық топтамасын, егер ол топтаманың бір бөлігі болып табылса, сатып алу тәсілдері туралы ақпарат ұсынуға;

11) зерттеулер мен сынақтар нәтижелеріне, ғылыми терминдерге, техникалық, ғылыми және өзге де жарияланымдардан алынатын дәйексөздерге;

12) басқа адамдардың өнеркәсіптік немесе сауда қызметінің, жеке немесе заңды тұлғаның беделін түсіретін кәсіпкерлік қызметте жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы ұйғарымдарға;

13) негізділігі асыра көрсетілген түрінде берілмеуге тиіс статистикалық деректерге;

14) тауарлар (жұмыстар, керсетілетін қызметтер) жасаушының, сатушының немесе оларды жарнамалайтын адамдардың мәртебесіне немесе құзыреттілік деңгейіне қатысты шындыққа сай келмейтін мәліметтері бар жарнама дәйексіз жарнама болып табылады.

3. Мыналар:

1) жеке тұлғалардың нәсіліне, ұлтына, тіліне, кәсібіне, әлеуметтік жағдайына, жасына, жынысына, діни, саяси және өзге де нанымына қатысты қорлайтын сөздерді, теңеулерді, бейнелерді пайдалану арқылы жалпыға бірдей қабылданған ізгілік пен мораль нормаларын бұзатын мәтіндік, көріністі, дыбыстық ақпаратты қамтитын;

2) ұлттық немесе әлемдік игілік болып табылатын өнер, мәдениет объектілеріне, тарих ескерткіштеріне нұқсан келтіретін;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышаңдарына, ұлттық валютасына немесе шетел валютасына, діни нышандарға нұқсан келтіретін жарнама әдепсіз жарнама болып табылады.

4. Жарнама берушінің (жарнама жасаушы, жарнама таратушы) жарнама тұтынушыны қасақана жаңылыстыратын, жарнамалау көмегімен берілетін жарнамасы көрінеу жалған жарнама болып табылады.

5. Радио, теле, бейне, дыбыс және кино өнімдерінде, сондай-ақ өзге де өнімдерде, соның ішінде, арнаулы бейнеқосылғыларды, қосарланған дыбыс жазбаларын пайдалану арқылы және өзге де тәсілдермен тұтынушының қабылдауына, түйсігіне аңдаусыз әсер ететін жарнама жасырын жарнама болып табылады.

6. Жөнсіз жарнамаға тыйым салынады.

8-бап. Теле және радиобағдарламалардағы жарнама

1. Жарнама сипатындағы хабарламалар мен материалдарға мамандандырылмаған теле және радиобағдарламалардағы жарнама, жүгіртпе жолды қоспағанда, тәулік ішінде берілетін хабарлардың жалпы көлемінің жиырма процентінен аспауға тиіс.

Жарнама беру кезінде оның дыбысы беріп отырған бағдарлама дыбысынан жоғары болмауға тиіс.

2. Жарнаманы қосарластыру түрінде, соның ішінде, жүгіртпе жол тәсілімен пайдалану кезінде оның көлемі кадр аумағының жеті жарым процентінен аспауға және телехабарлардағы мәтіндік немесе ақпараттық материалды бұзбауға тиіс.

3 Ұлттық аза тұту күндерінде электрондық бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамаға тыйым салынады.

9-бап. Мерзімді баспасөз басылымдарыңдағы жарнама

Мерзімді баспасөз басылымдары жарнама объектілерін, оның тақырыбын дербес анықтайды.

Жазылым арқылы тарайтын баспасөз құралдары жазылым шарттарында басылымның тақырыптық бағыттамасын көрсетуге міндетті.

10-бап. Кино, бейне және анықтамалық қызмет көрсетудегі жарнама

1. Сериялар арасындағы үзілістерді қоспағанда, кино және бейне қызмет көрсетудегі фильмнің қойылымын жарнамамен бөліп жіберуге тыйым салынады.

2. Анықтамалық қызмет керсету кезінде жарнама сұратылған ақпарат хабарланғаннан кейін ғана беріледі.

3. Ақылы анықтамалық компьютерлік және өзге де қызмет көрсету кезінде жарнама клиенттің келісуімен ғана таратылады. Мұндай жарнаманың құны сұратылған ақпараттың құнына кірмеуге тиіс.



11-бап. Сыртқы (көрнекі) жарнама

1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде және елді мекендерде орналастыру плакаттар, стендтер, жарық беруші табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар және жарнаманы тұрақты орналастырудың өзге де объектілері түрінде осы баптың 2—7 тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Сыртқы (көрнекі) жарнама жолдардың көлік-пайдалану сапасын төмендетпеуге, көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзбауға, жол белгілерімен және сілтемелерімен ұқсас болмауға, олардың көрінуін немесе қабылдау тиімділігін нашарлатпауға, жол пайдаланушылардың көзін қарықтырмауға тиіс. Осы баптың мақсаттары үшін сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру деп жарнамалық ақпаратты кеңістікте қозғалмауымен сипатталатын жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінің көмегімен жарнама тұтынушылардың назарына жеткізу түсініледі.

2. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға:

1) ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде жарнама объектісін орналастыру кезінде — автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, белгілі бір мерзімге беретін құжат;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі ережелер негізіңде жергілікті атқарушы органдар әзірлеген, елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың тәртібі мен шарттары туралы ережелерге сәйкес берілетін рұқсат болған жағдайда жол беріледі.

3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін Қазақстан Республикасының салық зандарында белгіленген тәртіпте және мөлшерде төлемақы алынады.

4. Осы баптың 2-тармағында айқындалған уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген тәртіппен берілген рұқсат құжаттары туралы мәліметтерді салық қызметі органдарыпа тапсыруға міндетті.

5. Тарих пен мәдениет ескерткіштері, ғибадат ету объектілері аумағында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға тыйым салынады.

6. Уәкілетті орган өтінішті алғаннан кейін он күннің ішінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беруге не оны орналастырудан негізді түрде бас тарта отырып, жазбаша жауап қайтаруға міндетті.

7. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру объектілерінің меншік иелерімен немесе, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру объектілеріне өзге де заттық құқықтарға ие адамдармен жасалған шарттың негізіңде жүзеге асырылады.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы жекеше меншік объектілерінде орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметке тұрақты мемлекеттік бағалар (тарифтер) белгілеуге тыйым салынады.



12-бап. Көлік құралдарындағы жарнама

Көлік құралдарында жарнама тарату, орналастыру жол қозғалысы қауіпсіздігінің ережелері сақтала отырып, көлік құралдарының меншік иелерімен және егер заңда немесе шартта осы мүлікке өзге де заттық құқықтарға ие тұлғаларға қатысты өзгеше кезделмесе, көлік құралдарына өзге де заттық құқықтарға ие тұлғалармен жасалған шарттардың негізінде жүзеге асырылады.



13-бап. Жекелеген өнім түрлерін жарнамалау ерекшеліктері

1. Мыналарға:

1) алкоголь өнімдерін жарнамалауға;

2) ана сүтінің жасанды алмастырушысын жарнамалауға;

3) Қазақстан Республикасыңда сертификаттаудан өтпеген, міндетті сертификаттауға жататын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға тыйым салынады.

2. Темекіні және темекі өнімдерін жарнамалау ерекшеліктері темекі шегудің алдын алу және оны шектеу туралы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

3. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы жасауға және (немесе) сатуға лицензиясы болмаған кезде оларды жарнамалауға, сондай-ақ медициналық және дәрігерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болмаған кезде оны жарнамалауға жол берілмейді.

Дәрігерлердің рецептілері бойынша босатылатын дәрілік заттарды, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды жарнамалау медицина және фармацевтика қызметкерлеріне арналған мамаңдандырылған баспасөз басылымдарында ғана Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Құрамында есірткі немесе психотрошық заттар бар дерілік препараттардың үлгілерін жарнамалау мақсатында таратуға тыйым салынады.

Дәрілік заттарды жарнамалауға рұқсат беру тәртібін денсаулық сақтау ісі жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

4. Қызмет қаруын, сондай-ақ экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізілетін қару-жарақты, әскери техниканы және қосарлы мақсаттағы өнімдерді жарнамалауға арнаулы басылымдарда ғана, сондай-ақ мамандандырылған көрмелерде немесе сату жәрмеңкелерінде жол беріледі. Аталған жарнама әскери және арнаулы қаруды, қару-жарақты, әскери техниканы жасау технологиясын, қолдану тәсілдерін тікелей немесе жанама түрде ашып көрсетпеуге тиіс.

14-бап. Қаржы, сақтандыру, инвестициялық қызметтерді және бағалы қағаздарды жарнамалау ерекшеліктері

Жеке және заңды тұлғалардың ақшаларын, сондай-ақ бағалы қағаздарды пайдалануға байланысты қаржы (соның ішінде, банктік), сақтандыру, инвестициялық және өзге де көрсетілетін қызметтерге жарнама жасау, тарату, орналастыру кезінде:

1) жарнамаланатын қызметтер көрсетуге немесе бағалы қағаздарға тікелей қатысы жоқ ақпаратты жарнамада келтіруге;

2) жай акциялар бойынша кіріс алуға және дивидендтер мөлшеріне кепілдік беруге;

3) бағалы қағаздарды эмиссиясы тіркелмеген, сондай-ақ бағалы қағаздар эмиссиясы тоқтатыла тұрған немесе жасалмады деп танылған кезде жарнамалауға;

4) қызметтің болашақтағы тиімділігі (кірістілігі) туралы, соның ішінде, бағалы қағаздардың бағамдық құнының өсуін жариялау арқылы кез келген кепілдіктер немесе ұсыныстар беруге;

5) жарнамада айтылған, шарттардың елеулі талаптарының кез келгенін жасырып қалуға;

6) басқа азаматтарды белгілі бір кәсіпорынның қызметіне немесе сол кәсіпорынның тауарларын сатып алуға тарту есебінен азаматтарды өз табысын немесе пайдасын алуға шақыратын кәсіпкерлік қызмет түрлерін жарнамалауға тыйым салынады.



15-бап. Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезінде кәмелетке толмағандарды қорғау

Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезінде кәмелетке толмағандарды олардың сенімін және тәжірибесінің жоқтығын теріс пайдаланудан қорғау мақсатында:

1) ата-ананың беделін түсіруге, кәмелетке толмағандардың оларға деген сенімін жоғалтуға;

2) ата-ананы немесе басқа да адамдарды жарнамаланатын өнімді сатып алуға иландыра шақыратын тікелей ұсыныс жасауға;

3) белгілі бір өнімге ие болу басқалармен салыстырғанда қандай да болсын артықшылық беретінін, сондай-ақ қолда ондай өнімнің болмауы керісінше жағдайға алып келетінін кәмелетке толмағандарға тікелей көрсетуге;

4) кәмелетке толмағандарды қауіпті орындар мен жағдайларда көрсету алдын алу мақсаттарында ақталмаса, оны мәтіндік, көрнекі немесе дыбыстық ақпараттарды жарнамада орналастыруға;

5) кәмелетке толмағандарға арналған тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тікелей қатысы жоқ жарнамада кәмелетке толмағандардың бейнелерін көрнекі немесе дыбыстық пайдалануға;

6) өнімді пайдалану нәтижелері көрсетілген немесе сипатталған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың өнімді пайдалану дағдыларының қажетті деңгейін кемітіп көрсетуге жол берілмейді. Жарнама өнім арналған жас мөлшері тобындағы көмелетке толмағандар үшін нақты қол жеткізуге болатын ақпарат беруге тиіс;

7) көмелетке толмағандардың бойында кәмелетке толмағандарға арналған өнімнің құны (бағасы) туралы шындыққа жанаспайтын (бұрмаланған) түсінік қалыптастыруға, сондай-ақ жарнамаланатын өнімге кез келген отбасы бюджеті қол жеткізе алады деген тікелей немесе жанама нұсқауға жол берілмейді.

16-бап. Жарнамасы бар материалдарды сақтау мерзімдері

Жарнамасы бар материалдарды немесе олардың көшірмелерін, оларға кейіннен енгізілетін өзгерістердің бәрін қоса алғанда, жарнама беруші, жарнама жасаушы бір жыл бойы, жарнама таратушы — жарнама соңғы таратылған, орналастырылған күннен бастап кемінде бір ай бойы сақтауға міндетті.



3-ТАРАУ. Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу 17-бап. Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу

1. Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу деп Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленетін жарнама жасауды, таратуды және орналастыруды бақылау түсініледі. Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеуді тиісті уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады.

2. Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары:

1) ұлттық мүдделерді қорғау;

2) жөнсіз жарнаманы, сондай-ақ қоғамдық құңдылықтар мен жалпыға бірдей қабылданған мораль және адамгершілік нормаларына қол сұғатын жарнаманы болғызбау және оларға жол бермеу;

3) жосықсыз бәсекеден қорғау болып табылады.



18-бап. Жарнамалық ақпарат беру

Осы Заңның талаптары орындалмаған жағдайда уәкілетті органдардың талап етуі бойынша жарнама беруші, жарнама жасаушы және жарнама таратушы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жарнамалық ақпараттың құжаттық растамасын беруге міндетті.

Егер жарнама беруші, ескертуге қарамастан, өзінің жарнамаға қоятын талабын өзгертпесе не өзінің жарнамалық ақпаратының дәйекті екендігіне құжаттық растама тапсырмаса не жарнаманы жөнсіз жасауы мүмкін өзге де мән-жайларды жоймаса, жарнама жасаушы және (немесе) жарнама таратушы, егер шартта өзгеше кезделмесе, белгіленген тәртіппен шартты бұзуға және залалдың толық өтелуін талап етуге құқылы.

19-бап. Теріске шығару

1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы зандарын бұзу фактісі анықталған жағдайда, бұзушылыққа жол берген тұлға мұндай жарнаманы таратуды, орналастыруды дереу тоқтатуға және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен теріске шығаруды жүзеге асыруға міңдетті. Бұл ретте теріске шығару жөніндегі шығыстардың бәрін бұзушылыққа жол берген тұлға көтереді.

2. Теріске шығару нақ сол тарату, орналастыру құралдарымен және тәсілдерімен теріске шығарылатын, жөнсіз жарнама сияқты, ұзақтығының, кеңістігінің, орны мен тәртібінің нақ сондай сипаттамалары мен өлшемдері пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

3. Егер теріске шығару белгіленген мерзімде жүзеге асырылмаса, онда уәкілетті органның шешімі бойынша теріске шығаруды жарнама туралы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына жол берген және белгіленген мерзімде теріске шығаруды жүзеге асырмаған тұлғаға келтірілген шығындарды өтеу туралы кері талап қою (регресс) құқығы бар жарнама таратушылар жүзеге асыруға тиіс.



20-бап. Қазақстан Реснубликасының жарнама туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық

1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы зандарының жарнаманың мазмұнына қатысты бұзылғаны үшін, егер ол жарнама жасаушының не жарнама таратушының кінәсінен болғаны дәлелденбесе, жарнама беруші жауапты болады.

2. Жарнама жасаушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманы ресімдеуге немесе жасауға қатысты бұзылғаны үшін жауапты болады.

3. Жарнама таратушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнама таратудың, орналастырудың уақытына, орнына және тәсіліне қатысты бұзылғаны үшін жауапты болады.

4. Осы баптың 1, 2, 3-тармақтарында аталған тұлғалардың жауаптылығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен туындайды.

21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

Осы Заң 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

2-қосымша

Жарнама кұралдарының салыстырмалы мінездемелері


Жарнама құралдары

Артықшылықтары

Кемшіліктері

1

2

3

Жергілікті баспасөз

Аймақтық ақпарат таратудың дәстүрлі құралдары

Халық тарапынан сенім, мойындау

Тұтынушыларға ақпарат жеткізудің белсенділігі

Барлық қоғамдық топтарды қамтуы

Оқырмаңдардың ақпаратты қадағалау тиімділігі

Пайдалану және сақтау тиімділігі

Оқырмандардың көп бөлігін газетпен түбегейлі таныстыру «Екінші пайдаланушылар» аудиториясының өмір сүруі


Бағаның қолайлылығы

Безендірудегі шектеулі мүмкіндіктер

Дайындық жұмысының төменгі сапасы «Екінші пайдаланушылар» талғамының төмендігі


Радио-жарнама

Ақпаратты пайдаланушыға жеткізу Көпшілікке арналуы Аудиторияның іріктелуі Жеке қарым-қатынас Ақпаратты жеткізу жылдамдығы мен уақытын бақылау мүмкіңдігі Мәтінге өзгеріс енгізу қарапайымдылығы Баға қолайлылығы

Жарнама әсерінің біркүнділігі Хабарды тыңдау кезіндегі көңілдің шашыраңқылығы Есту қабілетінің қабылдауының қиыңдығы Тындаушылардың радиостанцияларды таңдап бөлінуі Кейбір радиоканалдарды қабылдаудың қаржылай қиыншылығы

Видео-жарнама

Дыбыс, қозғалыс, суреттердің әсерінен қабылдаудың жоғарылығы

Аудиторияның таңдалмауы

Хабардың бір күндігі



Сыртқы жарнама

2 Басқа жарнамалық хабарламалардың бәсекелестігі болмауы Басылымның мәтіні мен формасының көлеміне шектеудің болмауы

3 Көрермен қабылдауына байланыстылығы Өткіншілігі Аудиторияның таңдалмауы

Компьютерлік жарнама

Әсерінің іріктелуі

Хабарлардың көлемі мен формаларының шексіздігі

Хабарлардың белсенділігі

Қабылдаудың жоғары сапалылығы

Пайдаланушылардың ақпаратын сақтау, пайдалануының қолайлылығы

Ақпаратты алу уақытын бақылау мүмкіндігі

Кері байланыс мүмкіндігі

Ақпаратты берудің арзаңдылығы



Әсер ету шектеулігі

Компьютерді пайдалану дағдысының болу міңдеттілігі

Техникалық құралдардың қымбаттылығы

3-қосымша



Кітапхана-библиографиялық жарнаманың құралдары мен түрлерінің жіктеуі

Жарнама құралдары

Жарнама формалары

1

2

1. Баспасөздегі жарнама

Талдау мақалалары

Хабарландыру

Репортаж

Интервью

Әңгіме

Редакцияға хат



Күнделіктер

Хаттар


Очерктер

Үндеу


Баяндама

Аймақтық баспасөз беттерінде (кітапхана туралы іс-шаралар, қызмет түрлері, өнімдері, белсеңці пайдаланушылар, жаңа кітаптар және т.б.



2. Радио-жарнама

Хабарлаңдырулар

Радиожурналдар. Репортаж. Интервью. Әңгіме. Кездесу.

Талқылау. Күнделіктер. Үндеу. Баяндама. Пікірталас клубы

Радиостанция толқынындағы шолулар

Радиоқойылым

Кітапхана қызметі туралы жаңалықтар бағдарламаларындағы белсенді радиосюжеттер

Кітапхана қатысқан хабарлар


3. Видео-жарнама (теле-, кино-, слайд-және т.б. жарнама түрлері)

Теледидар хабарлаңдыруы

Ақпараттық көрсету

Тележурнал

Репортаж

Интервью

Кездесулер мен талқылаулар

Телеқойылым

Жарнамалық роликтер (10—60 сек)

Видеоэкспрессхабар

Слайд-фильмдер



4. Баспа жарнама

Кітапхана туралы анықтамалар мен жолкөрсеткіштер

Оқырман жолсерігі

Проспект

Ақпараттық хаттар

Хабарландырулар

Буклеттер

Фотоальбомдар

Мерейтой және сыйлық басылымдар

Бюллетеньдер

Прайс-парақшалар

Ұсыныстар

Естелік


Визит карточка

Күнтізбелер

Бэйджи

Каталогтар



Библиографиялық материалдар

Кітапхана қызметі туралы баспа есептер

Жаңа жылдық жарнама-сыйлық басылымдар

Бос беттердегі жарнамалық хабарлаңдырулар



5. Пошта жарнама

Баспа материалдарын пошта арқылы жіберу:

Іс-шараларға шақыру

Хаттар

Құттықтау открыткалары



Проспектілер

Буклет


Брошюра

Ескертулер

Кітапханалардың баспа каталогтары

Диаграмма, кесте, сызба

Репродукция

Парақшалар

Ксерокөшірме

Қайтарылған карточка және конверттер, т.б.



6. Жарнамалық тиімділігі бар арнайы іс-шаралар

Пайдаланушылар үйірмелері мен курстары Оқырмаңдар конференциясы Пресс-конференциялар Кітапхана ішіндегі экскурсиялар, көрмелер, кітапхана туралы экспозициялар Кітапхана күндері, апталары Кітапханадағы мерейтой және т.б. мерекелер





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет