Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Біз бұл жұмысымызда еліміз тәуелсіз алғаннан кейінгі тарихи ой жүйесіндегі түбірлі өзгерістер негізінде мәселенің өзектілігі мен қажеттілігін айқындай отырып, екі ғасырдан астам (XVIII- XIX ғ.ғ.), Қазақстанның экономикалық даму мәселелерінің зерттелу дәрежесін талдау мен бағалауды және алда тұрған проблемаларды анықтап, оларды нақты деректік мәліметтер негізінде шешу жолдарын ұсынуды мақсат еттік. Бұл мақсаттарға жету үшін төмендегі мәселелерге басты назар аудардық:
XVIII ғасырдағы қазақ даласындағы сауданың дамуыy зерттеу;
Қазақстан – Ресей арасындағы сауда қатынастарына талдау жасау;
XIX ғасырдағы сауда сипатының өзгеруін анықтау;
Жәрмеңкелік сауданың рөлін анықтау;
ылыми жұмыстың зерттелу деңгейi. Қазақстанның XVIII - XIX ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
Қазақстанның экономикалық даму ерекшелігі әр түрлі аспектілері бойынша қарастырылады. XVIII - XIX ғасырда қалыптасқан тарихнаманы, жалпылама эклномикалық мәліметтер беретін Г. В. Колмогоровтын А.И.Левшин, А.Н.Тетеревников, еңбектері құрайды. Г. В. Колмогоров қазақ қоғамындағы экономикалық қатынастарға, қазақ даласындағы сауданың дамуына сипаттама жасады.
Қазақ өлкесінің отар аймаққа айналуы, патша әкімшілігінің отарлау саясаты жөніндегі еңбектер XIX ғасырдың соңында жарыққа шықты. Оның ішінде стратегиялық маңызды аймақтар мәселесі, оларды игеру жолдары И.В.Аничков, И.И.Гейер еңбектерінде зерттелгені атап айтқан жөн [2, 5 б.]. Аталған авторлардың еңбектері сол кезеңдегі қазақ қоғамына капиталисттік қатынастардың енуі, экономиканың тарихына қатысты фактілік деректер береді. Отар өлкедегі тұрпайы экономикалық қанауды тоқтатып, еркін капиталисттік дамуды ұсынған авторлар да кездеседі.
XVIII – XIX ғасырдағы орыс зерттеушілерінің Қазақстанның экономикалық жағдайын талдауға арналған еңбектері біраз зерттелді. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы орыстардың тарихнамасында Қазақстанның Ресеймен экономикалық байланыстарының көрсетілуіне және XIX ғасырдың бірінші жартысында орыстардың қазақ халқымен және Орта Азия иеліктерімен саудасының орталығы ретінде Орынбордың дамуы туралы революцияға дейінгі зерттеулерге И.В.Ерофеева мен Ж.Қ.Қасымбаевтың мақалалары арналады. XVIII – XIX ғасырдағы Орта Азия мен Қазақстан халықтарының шаруашылық тарихы тарихнамасының мәселелері және Қазақстандағы осы уақыттағы аграрлық өзгерістер тарихнамасы Б.В.Лунинның мақаласы мен О.М.Мұхатованың докторлық дисертациясының арнайы зерттеу объектісі болды [6, 3 б.].
Тұрақты тұрғын үйлер мен мал қоралары пайда болғаны, болыстар мен ауылдарға бөлiнген жерлердiң шекарасы айқындала бастағаны туралы М.Тынышпаевтың еңбектерінен байқауға болады.
XIX ғасырдың басы мен ортасы аралығында Е. Бекмаханов қазақ жерін отарлау саясатын күшейуі, өз енбектерінде анық көрсеткен. Мысалы, Аға Сұлтан Мұса Шорманов Сібір үкіметі орындарының талабы бойынша аронайы берген жазбасында қазақтардын қонысын былай сипаттайды: «Ірі қара мал қысқы уақытты қамысты, селеулі, шилі шабындықтарда, қойлар мүгі, жусан бар таулы алқаптарда және ойпаң, сорта жерлерде, түйелер шиі, қияға, көгі бар таулы өңірлерде жайылады, ал жылқа жазда шөбі тапталмаған жерлерге бағылады.» [7, 59 б.]. Араға ұзақ уақыт салмай, патша үкметі қазақтардан жайлымы мол, құнарлы жерлерді тартып алады.
Жоғарыдағы аталып өткен Ж. Қ. Қасымбаевқа оралатын болас, ол Қытаймен сауда қатынастары туралы қажетті ақпараттар қалдырған, «Азия департаментіне Құлжадағы Ресей консулының табыс еткен мәліметтер бойынша, 1882 жала олар Шыңжаннан: 12000 қой, жылқы және түйе терісі, 45000 елтірі, 600 пұт жылқы қылын, 400 пұт ешкі түбітін, 8500 пұт жүн, түлкінің 800, бұлғының 200 терісін алып келген» [8, 503 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |