Диплом тақырыбының өзектілігі


Орынбор - Ресейдің қазақтармен сауда жасайтын ірі орталығы



бет4/5
Дата03.11.2022
өлшемі0.49 Mb.
#463902
түріДиплом
1   2   3   4   5
сауда

Орынбор - Ресейдің қазақтармен сауда жасайтын ірі орталығы
Орынбор қазақ-орыс саудасының аса маңызды орталығына айналды.1743жылыЖайықтыңсол жақ жағалауындаОрынбордыңтүбінде қазақтармен жәнеОрта Азиякөпестерімен сауда жасау үшін арнайыАйырбас сарайысалынды. Жергілікті қазақтар оны«Ақ базар»деп атады[11, 129 б.].
Ол кірпіштен салынған төрт бұрышты үлкенқұрылысболатын(әрбір қабырғасының ұзындығы 430 метр). Оның ішкі жағында дүкендер мен қамба-қоймалар салынған еді.
Оларда ерте көктем мен қара күзге дейінайырбассауда қызу жүріп жататын.
МұндаОрта Азияданжібек, мақта матажәнешапан,кілем,төсеніш,көрпе,кептірілген жеміс,пісте, мал терілері, қаракөл елтірілері,ер-тұрманменжүгендер, басқа да күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар әкелінген.
Қазақтармүйізді ірі қара,қой-ешкі,жылқы,түйе,жүн-жұрқа, жылқының жалы мен құйрығыныңқылы, ешкінің түбіті,киіз,текемет,сырмақ, қой терісі, қаракөл елтірісі сияқты мал мен мүліктерді саудаға шығарды.
Ресей көпестері мақта-мата кездемелері,барқыт,шай,қант,темір,шойын, мыстан жасалған бұйымдар,самаурынсияқты басқа да тауарлар сатты.
Орынбордағы айырбас сарайында күн сайын сауда кезінде тәртіп сақтауды ағаофицербасқаратын бірротасолдаттар қадағалап отырды. Қазақтармен сауда-саттықтың артуы Ресейдетоқыма өнеркәсібініңдамуына әсер етіп, ынталандыра түсті.
Қазақтармен екі ортадағы осындай айырбас саудасын жүргізе отыра патша үкіметінің жергілікті әкімшілігі, саудагерлер әрқашан алдауға, малдарын арзан алуға тырысып келді.
Мысалы, Ресей көпестерінің қарапайым қазақтарды арақ беру арқылы қалай алдағанын граф Ян Потоцкий төмендегідей мысалмен дөп келтіреді: «қазақтарда айырбастауға ұсынылатын тауарлардың нақты бағасы туралы ешқандай мағлұмат, түсінік жоқ, осы арқылы көпестерге қаншама пайда келіп жатқандығын айтпай-ақ түсінуге болады[10, 128 б.].
Орта жүз қазақтарының Ресеймен сауда-саттығының дамуы
Орта жүз қазақтарының Орынборға жетуі өте қиын болды, жол алыс еді. Сондықтан да қазақтардың1743жылы Үй шекара бекінісінде,1745жылыОрскбекінісінде сауда жасауына рұқсат етілді. Тап осы 1745 жылы Абылай сұлтанСібірөкімет билігі орындарынанЖәмішевбекінісінде сауда орталығын ашуды сұрады[10, 143 б.].
Бұлай деп өтініш жасаудың себебі қазақтардаастық,шұға,пышақ, ат ауыздығы,балтасияқты заттар тым жеткіліксіз еді. Өз кезегіндеЕртісбойындағы бекініс тұрғындары жамандат,сібір күйдіргісісияқтыауруларданжиі шығынға ұшырайтын жылқы мен сиыр малының санын қалпына келтіріп, көбейтуге мүдделі болды. Міне, сондықтан да генерал КиндерманСемейжәне Жәмішев бекіністерінде сауда-саттық жасайтын орындар ашуға рұқсат етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет