1.2 Компанияның атқаратын қызметтері
Мәліметтерді жіберу жүйелері талшықты оптикалық жүйелер
«AICOM» ЖШС жоғары жылдамдықты талшықты-оптикалық байланыс желілерін жоба-лау мен салу қызметтерін ұсынады. Компания құрал-жабдықтар мен материалдарды жеткізу, бөлшекті техникалық дизайндаудан бастап, жүйені іске қосып, тапсыру мен жинақтауға дейін толық қызметтер жиынтығын ұсынады. Біз сондай-ақ мамандарымыздың орындарында оқыту қызметін қамтамасыз етеміз.
Байланыс қызметтерін ұсыну саласында ұялы байланыс желісінің қарқынды дамуы, Интернет жепісіне кіру мен мәліметтерді жіберу қызметтеріне деген сұраныстың өсуі, ІР-телефонияның белсенді енгізілуі мен бәсекелестіктің артуы операторларға жаңа заманғы байланыс инфрақұрылымын құру қажеттілігін туғызды. Қазіргі таңда көптеген электр байланысының мекемелері, ұялы байланыс операторлары, телекоммуникациялық қызметтердің альтернативті жеткізушілері өздерінің магистральдық желілерін құруда синхронды сандық иерархия (SDH) технологиясын пайдаланады. Сонымен қатар, SDH-мультиплексорлары энергетика мен мұнай-газ кешендерінің мекемелерінде, сондай-ақ әр түрлі қалалық қызметтердің корпоративті және технологиялық байланыс желілерінде кеңінен қолданыс тапты. Аталған таңдаудың ерекшелігі мына қасиеттерімен анықталады: желінің сенімділігі, жұмыс қабілетінің аз уақыт ішінде қалпына келтірілуі, әр текті трафикті жеткізу тұрақтылығы, қызмет көрсету жеңілдігі мен өткізгіштік қабілетті арттыру мүмкіндігі, басқару ыңғайлылығы, салыстырмалы төменгі бастапқы инвести-циялар. Біздің компания мамандарының қалаішілік, сондай-ақ аймақаралық типті SDH желілерін құруда тәжірибелері мол. Біздің жұмыстарымызға негізгі тапсырыс берушілер «КарТел» ЖШС болып табылады.
Радиорелелік байланыс- қабылдап-жеткізуші (ретрансляциялық) радиостанци-ялар желілерімен құрылған радио байланыс. Радиорелелік байланыс желілерін құруға талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қарағанда өте аз уақыт пен шығын кетеді, олар күрделі географиялық жағдайларға байланысты жедел түрде салынуы мүмкін. РРЖ үлкен қалалар мен индустриалды аймақтарда тармақты сандық желілерді құру кезінде аса тиімді болып табылады, онда ТОБЖ өткізу өте қымбат немесе тіптен мүмкін емес болуы мүмкін, ал жаңа заманғы РРЖ бойынша ақпарат тарату сапалылығы ТОБЖ-дан кем түспейді.
Сметалық құжаттама мен жобалау, барлық дайындық жұмыстар, бетонды, темір бетонды құрылымдар және жеңіл қоршаулар монтажы, сондай-ақ ішкі жұмыстар басқа шешімдерді іздестіруге мүмкіндік береді. Біздің компания қоршаулар, фальш-төсемдер, фальш-төбелер, кабельді треялар монтажы мен жарықтандыруды, сигнал беруді қосқанда байланыс құрал-жабдықтарын (аппаратты, кроссты залдар) орналастыру үшін ғимаратты дайындауда тапсырыс берушінің кез-келген тілегін орындауға дайын. Мәселеңіздің шешімін «AICOM» компаниясына алаңсыз сеніп тапсыруға болады. Өз ісінің шеберлері жұмысты басынан бастап аяғына дейін орындайды.
Компания мамандары радио байланыс, радиохабар мен теледидар мұнараларын қоса алғанда, шаруашылықтың салаларалық кез-келген күрделі деңгейдегі металл құрылымдары мен арнаулы құрылыстарын жөндеп береді. Сондай-ақбіздер электрмен қамтамасыз ету желілерініңаратөсемін 35Кв-қа дейін қосып, сыртқы инженерлік желілер мен коммуникацияларды құрастырамыз. Барлық жұмыстар лицензияландырылған.
Құрылымдық кабельді жүйелер (ҚКЖ)
Құрылымдық кабельді жүйелер бұрын кең таралмай, мекеме басшыларына қымбатқа түсіп жүрді, ал қазіргі таңда ҚКЖ жаңа заманғы кеңселік, өндірістік, соңғы кезде тұрғын үй корпустары мен ғимараттарының қажетті бөлшегі болып табылады. Мыңдаған кәсіпорындар мен фирмалар қазіргі таңда нарықтағы бәсекелестермен күресте құрылымдық кабельді жүйенің болмауы қиын екендігін мойындап отыр. Құрылымдық кабельді жүйелер (ҚКЖ) - бұл барлық желілік коммуникациялар нысандарының жиынтығы, сондай-ақжергіліктіішкіжелілер(ЛІЖ), телефонбайланысы, қауіпсіздік кешені, жарықтандыру, ғимараттардың автоматикасы және электрмен қамту болып есептеледі. ҚКЖ аратөсемі жүзеге асы-рылатын мұндай жүйенің міндеті - кабепьді жүйе модификациясының ғимаратты пайдалану кезінде тұтынушының барлық мүмкін қажеттіліктерін (ағымдағы және болашақтағы) қамтамасыз ету болып та-былады. Әрине, ҚКЖ құру компоненттерді сыммен жалғау ғана болып табылмайды. Нақты қалыптасқан жүйе - бұл бір-бірімен оңтайлы байланысқан құрылыс пен технология, ақпарат және қосымшалар. Соған сәйкес, ҚКЖ жобалау, техникалық тапсырма мен нысанды тексеруден бастап кабельді каналдардың монтажды сызбаларын, маршруттарын, консолидация элементтері мен нүктелерін орналастыруды дай-ындау - аса маңызды кезең болып табылады. «AICOM» компаниясымен «Альянс-банк», Қазақстанның Халық банкі, «Кар-Тел». ЖШС-ін қоса алғанда, Орал қаласының бірқатар мекемелеріне ҚКЖ-ін салу мен енгізу бойынша көптегенжобаларорындалды. «Eurolan» фирмасының куәлігімен біздің компания «Eurolan» фирмасының құрал-жабдықтары мен материалдарына 20 жыл мерзім кепілдік бере алады. Біздің қызметкерлеріміздің біліктілігі «Legrand», IOSCS, Rack5 сияқты алдыңғы қатарлы фирмалардың мате-риалдарымен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |