Дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу


-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер



Pdf көрінісі
бет142/173
Дата12.09.2023
өлшемі2.02 Mb.
#477250
түріДиплом
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   173
Борибаева С.Қазақ тілінде дипломат

27-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер. 
1. Шарт дегеніміз не? 
2. Қандай жағдайларда шарт жасалады?
3. Еңбек келісімдері қалай жасалады?
4. Еңбек келісімдерінің реквизиттерін атаңыз. 
5. Шарттың қандай түрлерін білесіз? 
 
ЛЕКСИКАЛЫҚ-ГРАММАТИКАЛЫҚ ТЕСТ 
1. Есімше жұрнағы бар етістікті табыңыз: 
а. тапсыратын 
ә. тапсырды 
б. тұрыпты
в. тапсыру 
2. «Қол қоюшының жеке басы анықталды, әрекет қабілеттілігі тексерілді» 
сөйлемі қай құжаттан алынған? 
а. жеделхат 
ә. кепілхат 
б.сенімхат 


186 
в. қолхат 
3. «факт» сөзінің аудармасын табыңыз: 
а. қызмет 
ә. дерек 
б. әрекет
в. әлеует 
4. Ырықсыз етіс тұлғасында тұрған етістік қатарын көрсетіңіз: 
а. талқыланды, анықталды, жүргізілді 
ә. талқылады, анықтады, жүргізді 
б. талқылау, анықтау, жүргізу 
в. талқылатқызды, анықтатқызды, жүргіздірді 
5. «рәсімдеу» сөзінің аудармасын табыңыз: 
а. определить 
ә. заполнить 
б. оформить 
в. перевести 
6. Шартты райлы етістіктер қай қатарда? 
а. аудару, толтыру, бұзу 
ә. аударыпты, толтырыпты, бұзыпты 
б. аударса, толтырса, бұзса 
в. аударған, толтырған, бұзған 
 
7. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе қай жылы берілді? 
а. 1991 жыл 
ә. 1992 жыл 
б. 1989 жыл 
в. 2001жыл 
8. Есімше жұрнағы арқылы жасалған сөз тіркесін табыңыз: 
а. куәландырылған құжат 
ә. құжатты куәландыру 
б. құжатты куәландырды 
в. құжатты куәландырдым 
9. «мәміле» сөзінің аудармасын табыңыз: 
а. договор 
ә. сделка 
б. переговоры 
в. дебаты 


187 
10. Қай сөзде жіктік жалғауы бар? 
а. қаулыны 
ә. тізімде 
б. реттейді 
в. талдау 
11. Қай сөз тіркесі ілік септігінде тұр? 
а. заңды тұлғаға 
ә. заңды тұлғадан 
б. заңды тұлғаның 
в. заңды тұлғамен 
12. «Внеочередной отпуск» сөз тіркесінің аудармасы қай қатарда? 
а. кезекті демалыс 
ә. кезектен тыс демалыс 
б. еңбек демалысы 
в. жазғы демалыс 
13. Тұйық етістікті табыңыз: 
а. қамтамасыз етуші 
ә. шартнаманың талаптарын сақтау 
б. жалақы тағайындалады
в. жәрдемақы сұрады 
14. «Декларация» сөзінің баламасын табыңыз: 
а. қол қою 
ә. қабылдау 
б. бекіту 
в. мәлімдеу 
15. «Гарантийный договор» сөз тіркесінің аудармасы қай қатарда? 
а. келісімшарт 
ә. кепілдік шарт 
б. кепілдік мәміле 
в. кепілзат 
16. «Испытательный срок» сөзінің аудармасы қай қатарда? 
а. сынақ мерзімі 
ә. сенімхат мерзімі 
б. сараптама мерзімі 
в. бақылау мерзімі 
17. 1-жақ жіктік жалғауын табыңыз: 


188 
а. куәландыру 
ә. куәландырамын
б. куәландырылған 
в. куәландырыпты 
18. «Реестр» сөзінің аудармасын табыңыз: 
а. тізім 
ә. тізбе 
б. тізілім 
в. тізімдеме 
19. Сауатты жазуды ретке келтіретін сөздік?
а. Орфоэпиялық сөздік 
ә. Синонимдік сөздік 
б. Терминологиялық сөздік 
в. Орфографиялық сөздік 
20. «штраф» сөзінің аудармасы қай қатарда?
а. баж
ә. алым
б. айыппұл 
в. салық 
21. Күшін жою (тоқтату) қай сөздің баламасы? 
а. реторсия
ә. интеграция
б. денонсация 
в. демаркация 
22.Сенімхат мерзімі неше жылдан аспайды? 
а. бір жылдан аспайды 
ә. екі жылдан аспайды
б. үш жылдан аспайды 
в. төрт жылдан аспайды


189 
23. Басқа біреумен берілген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін 
қай құжат?
а. Кепілхат
ә. Сенімхат
б. Қолхат
в. Шарт
24. Орфографиялық принципке сай келетін сөз қайсы? 
а. мансапхор
ә.мансапқор 
б. мүмкүн 
в. бүгүн 
25. Мақсатты келер шақтағы сөз тіркесін табыңыз: 
а. шартқа отыру 
ә. шартқа отырар
б. шартқа отырмақ 
в. шартқа отырады 
26. Орфоэпиялық нормаға сай сөзді табыңыз: 
а. бұзушы 
ә. бұрмалау 
б. бұзу 
в. бұрұштама 
27.Тасымалдауға келмейтін сөзді табыңыз: 
а. ақы
ә. сенім
б. талап
в. мұра 
28. Іс-әрекет, қимылдың атауы қай қатарда? 
а. етіс 
ә. есімше 
б. көсемше 
в. тұйық етістік 
29. «Материалдық ынталандыру» сөз тіркесінің аудармасын табыңыз:
а. материальное вознаграждение
ә. материальное поощрение 
б. материальное пособие 
в. материальное стимулирование 
30. Жедел өткен шақтағы етістікті табыңыз: 


190 
а. тыйым салады 
ә. тыйым салыпты 
б. тыйым салды 
в. тыйым салынған
31. Тәуелдік жалғаулы тіркесті табыңыз: 
а. төлқұжаты бар
ә. төлқұжатқа қара 
б.төлқұжат толтыру 
в. төлқұжатты ал 
32.Тасымалдауға келмейтін сөзді көрсетіңіз:
а. топтама 
ә. ұсыныс
б. уәж 
в. кеңсе 
33. Екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, 
өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі...қай құжат? 
а. акт 
ә. шарт 
б. кепілхат 
в. сенімхат 
34. Ілік септігіндегі жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысу 
түрі? 
а. жанасу 
ә. қиысу 
б. меңгеру 
в. матасу 
35. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз: 
а. баспасөз 
ә. мемлекет 
б. білікті
в. баяндама 
36. Сөйлемде бірыңғай мүшенің алдындағы жалпылауыш сөзден кейін 
қойылатын тыныс белгісі? 
а. қос нүкте
ә. сызықша
б. нүкте 
в. дефис 


191 
37. Біріккен сөзді анықтаңыз: 
а. құжаттама
ә. бөлімше 
б. шәкіртақы
в. дәрісхана 
38.
Қай сөз тіркесінде септеулік шылау бар?
а. келісім бойынша 
ә. келісімге отыру 
б. келісім беру 
в. келісілген мәселе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет