3
Алғы сөз
Қазақстан Республикасының Тіл саясаты Тұжырымдамасында
мемлекеттік
тілдің қолдану аясын дамыту мен кеңейту мәселелері нақты атап көрсетілген.
Осы тұрғыдан алғанда, тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарлама жобасындағы басым бағыттардың бірі –
мемлекеттік тілді оқытуды тиімді ұйымдастыру және тіл үйрету әдістемесін
жетілдіру мәселесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің ең алдымен
1998 жылғы 5 қазандағы № 4106 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді
қолдану
мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы», сондай-ақ 2001 жылғы 7
ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді дамыту мен қолданудың
2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» белгілеп берді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамыздағы «Мемлекеттік
органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы» қаулысында
да қазақ тіліндегі ресми іс қағаздарын дамытуға айрықша мән берген. Тілді
оқыту мен үйретудің озық әдістемелерін және жаңа технологияларды енгізу
осы мемлекеттік бағдарламаның қағидаттарының бірі болып табылады.
«
Қазақ тілінде дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу»
атты оқу құралы халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық
қатынастар және аймақтану бөлімдерінде «Мемлекеттік
тілде халықаралық
құжаттарды құрастыру», «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәндері
бойынша өтілетін элективті курстарға арналған.
Оқу құралының басты мақсат-міндеті – мамандыққа қатысты ресми құжат
үлгілерімен таныстырып, дайын трафаретті құжаттарды сауатты толтыруға
бейімдеу, ресми құжаттарды қазақ
тілінде жазуға дағдыландыру, бұқаралық
ақпарат құралдарының құжаттары мен дипломатиялық құжат үлгілерін
меңгерту,
мемлекеттік тілдегі іскери қарым-қатынасты дамыту, келіссөздерді
дипломатиялық деңгейде жүргізе білу, халықаралық
құжаттарды мемлекеттік
тілде құрастыруды, рәсімдеуді қалыптастыру және терминдер мен негізгі
ұғымдардың мағынасын түсіндіру мақсатында кәсіби сөздік қорларын байыту
көзделеді.
Қазіргі таңда Қазақстанның білім беру жүйесінде әлемдік озық
тәжірибелерді енгізуге байланысты, оқу үдерісінде кредиттік технологиялармен
жұмыс істеуде. Бүгінгі күннің талабына айналып отырған мемлекеттік тілде іс
қағаздарын жүргізу қажеттілігі қоғамда аса маңыздылық танытады.
Болашақ
дипломат мамандар қазақ тілін жетік меңгерген кәсіби тұлға ретінде
қалыптасуы тиіс.
Осыған орай берілген тақырыптар негізінен әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде оқыту
барысында тәжірибеден өткізілді.
Оқу құралында пайдаланылған құжат түрлері: іс жүргізу, құжаттарды тіркеу,
іскерлік
қарым-қатынас этикеті, дипломатиялық протокол, дипломатиялық
этикет, сенім грамоталары,
кері шақыру грамоталары, акт, еңбек келісімдері,
4
өмірбаян, резюме, өтініш, жеке іс парағы, сауалнама, ұсыным хат, пресс-релиз,
лауазымдық нұсқаулық, жарғы, көптеген құжат үлгілері, анықтамалары және
дипломатиялық терминдер орысшадан қазақшаға аударылып берілген. Әр
тараудың соңында студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған
лексикалық-грамматикалық тест құрастырылған. Оқу құралында оқытудың
кредиттік технология талаптары
бойынша СОӨЖ сабақтары мен СӨЖ-ге
арналған тапсырмалар жүйеленген. Оқу құралының соңында тақырыптық
терминдер мен негізгі ұғымдардың қазақша
-орысша сөздігі берілген.
Достарыңызбен бөлісу: