Дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу



Pdf көрінісі
бет121/173
Дата12.09.2023
өлшемі2.02 Mb.
#477250
түріДиплом
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   173
Борибаева С.Қазақ тілінде дипломат

 
 
53-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. 
1. Кеден сөзінің мағынасы нені білдіреді? 
2. Кеден ісі дегеніміз не? 
3. Кеден декларациясы қандай жағдайда толтырылады? 
4. Салық қандай мәселелерді шешеді деп ойлайсыз? 


157 
5. Салық сөзіне анықтама беріңіз. Анықтама беру үшін мына ситуацияны 
пайдаланыңыз: салық дегеніміз не, басқаша айтсақ ол қандай төлем, қашан 
пайда болды, қай елде? 
 
ЛЕКСИКАЛЫҚ-ГРАММАТИКАЛЫҚ ТЕСТ 
1. Синоним сөздерді табыңыз: 
а. шарт, декларация, демаркация 
ә. келісімшарт, конвенция, пакт 
б. келісім, делимитация, коалиция 
в. оптация, лицензия, нотификация 
2. Халықаралық ұйымдарда және халықаралық мәслихаттар мен кеңестерде
шешімдер қабылдау рәсімі, әдісі қай терминнің мағынасы 
а. коммюнике 
ә. консул 
б. консенсус 
в.концессия 
3. Дұрыс, дұрыс емес? 
Жергілікті жерде мемлекеттік шекараны орнату (жүргізу) – демаркация. 
4.. «Кондоминиум» терминінің баламасы қай қатарда? 
а. жоғары билікті бірлесіп жүргізу 
ә. өкілеттілікті асыра пайдалану 
б. кедендік жеңілдіктер беру 
в.қауіпсіздікті нығайту жөніндегі шаралар 
5.. «Уағдаластықтан» сөзі қай септікте тұр? 
а. Барыс 
ә. Жатыс 
б. Шығыс 
в. Көмектес 
6. «Атасу-Алашанькоу» келісімшарты қай мемлекеттер арасында жасалған? 
а. Қазақстан-Жапония 
ә. Қазақстан-Қытай 
б. Қазақстан-Корея 
в. Қазақстан-Өзбекстан 
7. «Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартты ратификациялау 
туралы заң жобасы бекітілді». «Бекітілді» етістігі етістің қай формасында тұр? 


158 
а. өздік етіс 
ә. өзгелік етіс 
б. ырықсыз етіс 
в. ортақ етіс 
8. «Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан
Сиюнь мен Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Тэцуо Ито сенім 
грамоталарын тапсырды» сөйлемі қай шақта тұр? 
а. осы шақ 
ә. өткен шақ 
б. нақ осы шақ 
в. келер шақ 
9. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше емес елді табыңыз: 
а. Ресей 
ә. Корея 
б. Қазақстан 
в. Жапония 
10. Сөздерді орындарына қойып, сөйлем құраңыз: 
4,3 млрд долларды құрады (1), Қазақстан экономикасына (2), салған тіке
инвестициясының көлемі (3), Ұлыбританияның (4), 1993-2005 жылдар
аралығында (5). 
11. «Вализа дипломатическая» сөз тіркесінің дұрыс баламасын табыңыз: 
а. келісім 
ә. халықаралық төрелік 
б. қапшық
в. бейтарап жүк
12. ҚР алғашқы Конституциясы қашан қабылданды? 
а. 1990, 16 қыркүйек 
ә. 1992, 16 маусым 
б. 1993, 28 қаңтар 
в. 1991, 25 желтоқсан 
13. Мына сөздердің ішінен дипломатиялық лауазымға қатысты сөзді табыңыз: 
а. заңгер 
ә. атташе 
б. депутат 
в. қаржыгер 
14. Атташе, үшінші хатшы, 2-ші және 1-ші сыныпты екінші хатшы
лауазымдары үшін қандай мерзімдер берілген? 


159 
а. 1 жыл 
ә. 3 жыл 
б. 2 жыл 
в. 5 жыл 
15. Төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесін кім береді? 
а. ҚР Премьер-министрі 
ә. ҚР Президенті 
б. ҚР Сыртқы істер министрі 
в. ҚР Бас Хатшысы 
16. Тәуелдік жалғауының 3- жағы бар сөз қай қатарда? 
а. Дипломатиялық өкілдіктің атауы 
ә. Дипломатиялық қызмет туралы жүйе 
б. Дипломатиялық қызмет орындарында лауазым ауыстыру 
в. Дипломатиялық қарым-қатынастар жүргізіледі
17. Қазақстан БҰҰ-ға мүше болып қашан қабылданды? 
а.1990 ж.15 қазан 
ә. 1986 ж.26 желтоқсан 
б. 1991 ж. 12 сәуір 
в. 1992 ж. 2 наурыз 
18. БҰҰ-ның қанша ресми тілі бар? 
а. 4 
ә. 5 
б. 6 
в. 7 
19. «Persona non grata» дегеніміз не? 
а. дипломатиялық қызмет елшісін қызметке қабылдау 
ә. дипломатиялық қызмет елшісін қолайсыз адам деп тану 
б. дипломатиялық қызмет елшісін басқа қызметке ауыстыру 
в. дипломатиялық өкілдік басшысының бірі 
20. Халықаралық келісімшарт күшінің уақыт мерзімін ұзарту терминін атаңыз? 
а. прерогатива 
ә. пролонгация 
б. промульгация 
в. преамбула 
21. «Меморандум» сөзінің баламасын табыңыз: 
а. жадығат 
ә. жазба 


160 
б. жаднама 
в. жариялау 
22. Дұрыс, дұрыс емес? 
Дипломатиялық қызмет органдарында дипломатиялық қызмет персоналының 
ротациясы жүзеге асырылады. 
23. «Редемаркация» терминінің баламасын табыңыз: 
а. шекараны жүргізу 
ә. шекараны қайта жүргізу 
б. шекараны бақылау
в. шекараны орнату 
24. «Кедендік» сөзіндегі «дік» аффикстің қай түріне жатады? 
а. жалғау 
ә. префикс 
б. жұрнақ 
в. түбір 
25. «Пошлина» сөзінің аудармасы қай қатарда? 
а.баж 
ә. алым 
б. салық 
в. салым 
26. Күшін жою (тоқтату) қай сөздің баламасы? 
а. реторсия 
ә. интеграция 
б. денонсация 
в. делимитация 
27. Промульгация терминінің баламасын табыңыз? 
а. қабылдау 
ә. бекіту 
б. қадағалау 
в. жариялау 
28. «Халықаралық қатынаста үкіметтермен, сыртқы істер ведомстволарымен, 
дипломатиялық өкілдіктермен және ресми тұлғалармен сақталатын жалпы 
танылған ережелердің, салт-дәстүрлердің және шарттылықтың жиынтығы» - 
қай құжат? 
а. дипломатиялық нота 
ә. дипломатиялық шарт 
б. декларация 


161 
в. дипломатиялық протокол 
29. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы қашан құрылды? 
а.1996 ж. 
ә 1997 ж. 
б.1998 ж. 
в. 2001 ж. 
30. Дұрыс, дұрыс емес? 
 Nota – белгі, ескерту деген мағынаны білдіреді. 
31. Ауыспалы осы шақта тұрған сөзді табыңыз: 
а. қабылдаған
ә. қабылдамақшы
б. қабылдаймыз
в. қабылдапты 
32. Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз: 
а. жұмыс-сыз
ә. 28-кг 
б. Қазақс-тан
в. кітаб-ымыз 
33. Ыңғайлас салалас сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулықтар қайсы? 
а. себебі, сондықтан 
ә. я, яки, не 
б. да, де, әрі
в. бірақ, дегенмен 
34.Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған жатыс жалғауындағы сөзді 
табыңыз: 
а. төлқұжатыма
ә. төлқұжатында 
б. төлқұжатымның
в. төлқұжатын 
35. «Жәдігерлер» сөзінің аудармасы қайсы?  
а. антиквариат
ә. архив 
б. музей 
в.статус 
36. Ырықсыз етіс тұлғасындағы сөзді табыңыз:
а. жіберді 


162 
ә. қабылдаған
б. жүргізілді
в. айттырды
37. Біріккен сөзді көрсетіңіз:
а. сексен
ә. өнерпаз
б. жатақхана
в. оқыған адам 
38. Болжалды келер шақта тұрған сөз тіркесін көрсетіңіз:
а. құжатты толтырармыз 
ә. құжатты толтырмақпын 
б. құжатты толтырды
в. құжатты толтырыпты
39. «Ратификация» терминінің баламасы қайсы? 
а. орнату
ә. жүргізу
б.айқындау
в. бекіту
40. Дұрыс, дұрыс емес?
БҰҰ мақсаттары оның Жарғысында бекітілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет