21
Мен, Садиева
Динара Қадыржанқызы, 1990 жылы 28 тамызда Атырау
облысы, Индер ауданында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Әкем – Садиев
Қадіржан Ғұбайдоллаұлы, 1965 жылы Атырау қаласында дүниеге келген, жеке
кәсіпкер. Анам – Мырзекеева
Қарлығаш Жақсылыққызы, 1969 жылы Қостанай
қаласында дүниеге келген. Ол география пәнінің мұғалімі.
Өзім, 1996 жылы Б.Нысанбаев атындағы орта мектепке алғаш қадам
бастым.
Облыстық география, биология пәндерінен бірнеше жүлделі
орындарды жеңіп алдым. «Ақбота» марафонының жеңімпазымын. 9-шы
сыныпты қызыл аттестатпен бітіріп, Ақтөбе
политехникалық колледжінің
техник бағдарламашы бөліміне түстім. Колледжде операциялық жүйе пәнінен
олимпиадаға қатыстым. Сонымен қатар
бірнеше жарыссөздерге қатысып,
жүлделі орындарға ие болдым. Дене шынықтыру пәні бойынша жүгіруден,
волейболдан
құрама
командаларға
қатысып,
Республикалық
спорт
жарыстарына бардым. Осы жылы колледжді қызыл дипломмен бітіріп, әл-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
Халықаралық қатынастар
факультетінің халықаралық қатынастар мамандығы бойынша оқуға түстім.
Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлеймін, түрік
тілін сөздік қолдану арқылы білемін.
Мекенжайым: Алматы қаласы, Марков көшесі 45«а» үй, 9-пәтер.
3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз:
1.Өмірбаянның жазылу ретін түсіндіріңіз.
2. Өмірбаянның мазмұнына қандай мағлұматтар ену қажет?
3.Өмірбаянның жазылған күні мен жазған адамның қолтаңбасы қай
жерлерге қойылуы керек?
4. Өзіңіздің өмірбаяныңызды жазыңыз.
5. Өмірбаян – жеке адамның тарихы дегенді қалай түсінесіз?
Достарыңызбен бөлісу: