Арыз, талап арыз, шағым
Арыз, талап арыз, шағым – хабарламаның түрі. Бұл құжаттарда
азаматтардың заңмен қорғалатын құқықтарының бұзылуы көрсетіледі.
Өтінішке қарағанда арыздың мазмұны мен тақырыбы кең әрі әр алуан.
Қазақстан
Республикасының
Заңдарына
сәйкес
Қазақстан
Республикасының азаматтары мемлекеттік ұйымдар мен лауазымды
тұлғалардың аттарына хабарламалар жібереді. Хабарламалар ауызша және
жазбаша болуы мүмкін. Хабарламада аты-жөні көрсетілген лауазымды адам
немесе мемлекеттік үкімет пен басқару органының басшысы хабарламаны дер
кезінде карауға, ол жөнінде тиісті шешім қабылдауға және белгіленген
мерзімде нақты жауабын беруге міндетті.
Хабарламаның үш түрі бар: арыз, өтініш және ұсыныс. Олар мазмұны
жағынан әртүрлі болып келеді: мысалы, өтініште азаматтардың заңмен
бекітілген жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын
хабарлама жасалады. Әрбір адам өзіне берілген құқықтарды пайдалану үшін
өтініш жазады, сонымен қатар өзі жұмыс істейтін ұжымдарда, мекемелерде, өзі
тұратын тұрғын үйлерде, мемлекеттік органдар қызметінде байқалған
кемшіліктерді атап жазады.
Арызда – азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке құқықтары мен
мүдделерінің бұзылу фактісі туралы хабарлама жасалып, оны қалпына келтіру
туралы талап-тілек айтылады, хабарлама жасаушының ойынша, іс-қимылы
дұрыс жүргізілмейтіндіктен өзінің құқықтары мен мүдделерін бұзып отырған
мемлекеттік органдардың, мекемелердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың
атына сын айтылады.
Ұсыныс — белгілі бір мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің
жұмысын жақсартуға жетілдіруге назар аударатын, осыған байланысты
қойылған міндеттерді шешудің жолдары ұсынылатын хабарлама түрі.
Хабарламаның барлық түрі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың
кеңсесінде тіркеуден өтеді. Арнайы тіркеу карточкасы, аннотациялық парақ
толтырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |