60-тапсырма. Мәтінді оқып, құттықтау жазыңыз.
73
Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А У
Құрметті -------------------------
Сізді ұлыстың ұлы күні, халықтық мереке – Наурыз мейрамымен
құттықтаймыз!
Наурыз – қайырымдылық пен имандылықтың, бірлік пен достықтың ұлы
мерекесі. Ол баршамызға жақсылық, ырыс, отбасыңызға баянды бақыт пен
құт-береке ала келсін.
«Алан» фирмасының ұжымы
61-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.
Поздравление
Искренне поздравляем Вас с общенародным праздником Наурыз!
Пусть этот день станет еще одним ярким свидетелем милосердия,
благородства, согласия и дружбы. И пусть Наурыз принесет в каждой дом
благополучие, достаток, счастье!
62-тапсырма. Құттықтау үлгілерімен танысыңыз.
Құттықтау (Поздравление)
Құрметті (қымбатты, қадірлі) ханымдар мен мырзалар!
Уважаемые (дорогие) дамы и господа!
Қымбатты дос! Құрметті әріптестерім! Қымбатты ата-аналар!
Құрметті халайық! Құрметті қонақтар!
Дорогой друг! Уважаемые коллеги! Дорогие родители! Уважаемые люди!
Уважаемые гости!
Сізді (сіздерді) шын жүректен Жаңа жылыңызбен (Жаңа жылдарыңызбен)
құттықтаймын (мыз)! Келе жатқан мейрамыңызбен! Мейрамыңызбен!
Мерекеңізбен! Мерейтойыңызбен!
От чистого сердца поздравляю (ем) Вас (вас) с Новым годом! С
наступающим праздником! С праздником! С юбилеем!
Сені (сізді) туған күніңмен (күніңізбен) құттықтаймын! Туылған күніңізбен!
Поздравляю тебя (Вас) с днем рождения! С днем рождения!
Шілдеханаңызбен! Бөпеңіздің бауы берік болсын!
С рождением ребенка!
Ғылым кандидаты (докторы) болуыңызбен (құттықтаймын)!
С защитой кандидатской (докторской) диссертации!
Тойыңыз құтты болсын! Той тойға ұлассын!
74
Пусть пир будет удачным! Пусть за этим праздником последуют другие
праздники!
Аман болсын! Арманына жетсін! Жүз жасасын!
Пусть будет благополучным, пусть живет! Пусть осуществится его
мечта! Пусть проживет сто лет!
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жанұяңызға мол бақыт, еңбекте табыс,
қуаныш тілеймін (міз).
Желаю (ем) вам крепкого здоровья, долгой жизни, счастья в семье, успехов в
работе, радости.
Сізге шын жүректен мықты денсаулық, зор бақыт, мол табыс, ұзақ өмір,
шат тұрмыс, жемісті еңбек, ісіңізге сәттілік, көл-көсір қуаныш тілеймін!
От всего сердца желаю вам (тебе) крепкого здоровья, большого счастья,
больших успехов, долгих лет жизни, благополучия, плодотворной работы,
удачи, огромной радости!
Бала-шағаңыздың қызығын көріңіз!
Будьте счастливы в семье!
Отбасында сүттей ұйыған ынтымақ болсын!
Пусть будет полное согласие в семье!
Жаңа жылың құтты болсын! Поздравляю с Новым годом!
Достарыңызбен бөлісу: |