ЛЕКСИКАЛЫҚ-ГРАММАТИКАЛЫҚ ТЕСТ
1.Тұйық етістікті табыңыз:
а.рұқсат берілді
ә.қабылдады
б.рәсімдеу
в.рәсімделген
2. Буын талғамайтын жұрнақ арқылы жасалып тұрған сөзді көрсетіңіз?
а. еңбекқор
ә. еңбеккер
б. еңбектер
в. еңбексіз
3. Төраға сөзінің аудармасы қай қатарда?
а. госпожа
ә. господин
б. председатель
в. мырза
4. Тәуелдік жалғауының 2-жақ формасын табыңыз:
а.рәсімдейтін
ә. рұқсат беру
б. рұқсат беруіңізді
в. рұқсат бердіңіз
5.Барыс септігіндегі сөз қай қатарда?
а. директорға
ә. директордан
б. директормен
в. директорды
6. Шартты райлы етістікті көрсетіңіз:
81
а. қатыссам
ә. қатысқан
б. қатысты
в. қатысу
7. Ортақ етіс тұлғасындағы сөзді табыңыз:
а. жазғызды
ә. айтылды
б. көмектесті
в. көмектесу
8. «Очередной отпуск» сөз тіркесінің аудармасы қай қатарда?
а. жазғы демалыс
ә. кезектен тыс демалыс
б. кезекті демалыс
в. қысқы демалыс
9. «Сопроводительное письмо» сөз тіркесінің аудармасын табыңыз:
а. ұсыным хат
ә. кепілхат
б. қызметтік хат
в. ілеспе хат
10. Қай сөз тіркесі дұрыс аударылмаған?
а. уақытынан бұрын – досрочно
ә. жалақыны көтеру – повысить пособие
б. материалдық көмек – материальная помощь
в. шәкіртақы тағайындау – назначить стипендию
11.Табыс септігі орыс тілінде қай падежге сай келеді?
а. Винительный падеж
ә. Творительный падеж
б. Дательный падеж
в. Именительный падеж
12. «Испытательный срок» сөзінің аудармасы қай қатарда?
а. бақылау мерзімі
ә. жұмыс мерзімі
б. сынақ мерзімі
в. сараптама мерзімі
13. 1-жақ жіктік жалғауын табыңыз:
а. бас тарту
ә. талап етті
82
б. талап етемін
в. талап еткен
14. «Жәрдемақы» сөзінің аудармасын табыңыз:
а. пособие
ә. зарплата
б. льгота
в. премия
15. «Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» деп
Конституцияның қай бабында айтылған?
а. жиырма екінші
ә. он бесінші
б. жетінші
в. үшінші
16. Қай сөздің аудармасы дұрыс берілмеген?
а. лауазым – документ
ә. ұйым – организация
б. ғимарат – здание
в. мәжіліс – заседание
17. Осы сөздердің қайсысы жеке іс парағына тән?
а. мүлік
ә. баж
б. мамандығы
в. мәміле
18. Қосымша қанша болатынын көрсетіңіз:
а.1
ә. 2
б. 3
в. 4
19. Әскери міндетті тіркесінің аудармасын табыңыз:
а. воинское звание
ә. военный
б. военнообязанный
в. военная присяга
20. Қай сөзде дефис қойылу керек?
а. 2 курс
ә. 2010 жыл
б. 88 см
83
в.14 мамыр
21. Қай қосымша буын үндестігіне бағынбайды?
а. -ға, -ге, -қа,- ке
ә. -мен,- бен, -пен
б. -дан,-ден, -тан, -тен
в. -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті
22. Мінездеме жазуда қай сөз табын көп қолданады?
а. сын есім
ә. зат есім
б. етістік
в. үстеу
23. Стиль сөзінің мағынасы:
а. жазу құралы
ә. жазу мәдениеті
б. көркем сөйлеу әдебі
в. ауызша сөйлеу әдебі
24. Терминдерге тән белгілер?
а. жаңа сөздер болады
ә. көнерген сөздер болады
б. ғылым, техника салаларына телінген сөздер
в. диалект сөздер
25. Тасымалдауға келмейтін қатар қайсы?
а. төлқұжат
ә. 12 см
б. мемлекет
в. біліктілік
26. «подтвердить» сөзінің аудармасын табыңыз:
а. бақылау
ә. анықтау
б. растау
в.талдау
27. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторлары қай
қатарда?
а. М. Оспанов, Қ. Келімбетов
ә. Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов
б. Қ. Мырзалиев, Ж. Дәрібаева
в. Қ. Әбжалилов, М. Әлин
84
28. Өткен шақтағы сөйлемді табыңыз:
а. құжаттарды тапсыруым керек
ә. келіссөздер жоғары деңгейде өтті
б. мәжіліс өткізу
в. жеделхат ертең жіберілмек
29. Қай сөзде орфографиялық қате бар?
а. көзқарас
ә. дұрыс
б. құқұқ
в. даңғыл
30. «Белгілі» сөзіне синонимді табыңыз?
а. білікті
ә. әйгілі
б. ғұлама
в. білімді
31. Дұрыс, дұрыс емес?
Пресс-релиз – баспасөз үшін шығарылым.
32. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс жалғауын табыңыз:
а. мекенжайын
ә. мекенжайына
б. мекенжайымен
в. мекенжайында
33. Қай сөз тіркесі дұрыс аударылмаған?
а. жалға беремін – сдаю в аренду
ә. айырбастаймын – меняю
б. жалдаймын – обучаю
в. марапаттау – наградить
34. «Ұсыным хат» сөзінің аудармасын табыңыз:
а. сопроводительное письмо
ә. рекомендательное письмо
б. рекламное письмо
в. информационное письмо
35. Ырықсыз етіс тұлғасындағы етістікті табыңыз:
а. жіберу
ә. жіберілді
б. жіберген
85
в. жібермек
36. Жіктеу есімдіктерінің жіктелген түрін анықтаңыз:
а. менмін, сіздерсіз
ә. біреумін, бәріміз
б. әлдененің, ешкімім
в. кімнің, ненің
37. Жасырын тұрған табыс жалғаулы тіркесті табыңыз:
а. қызмет ету
ә. әнұран айту
б. қазан айы
в. міндетті емес
38. Жедел мәселелер бойынша жазылатын міндетті деректемелері болатын
құжат түрі
а. мінездеме
ә. хабарландыру
б. телефонограмма
в. қызметтік хат
39. Көсемше жұрнағы қай етістікте?
а. көрсетілген
ә. орындады
б. орындай отырып
в. орындамақ
40. «Жұмысына» сөзі қай септікте?
а. Барыс
ә. Ілік
б. Көмектес
в. Жатыс
41. «Мақұлданды» етістігінің аудармасы қай қатарда?
а. принято
ә. одобрено
б. согласовано
в. проверено
42.
Дұрыс,
дұрыс
емес?
«Қызметтік хат» құжатында тақырып жазылады.
43. «Бәсеке» сөзінің мағынасын табыңыз:
а. конкуренция
ә. награда
86
б. компенсация
в. партнёр
44. Жіктік жалғауының 1-жақ түрін табыңыз:
а. тілеу
ә. тілейміз
б. тіледі
в. тілепті
45. «Жөнелтуші» сөзінің дұрыс аудармасын табыңыз:
а. отправитель
ә. отправление
б. отправить
в. отправлял
46. Көп нүктенің орнына тиісті дыбысты белгілеңіз.
Т...пнұсқа
а. ә
ә. ө
б. ү
в. ұ
47. Орыс әліпбиіне көшкен мезгілімізді белгілеңіз:
а. 1937 ж.
ә. 1941 ж.
б. 1940 ж.
в. 1939 ж.
48. Қазіргі қазақ әдеби тілінде қанша стиль бар?
а. 2
ә. 4
б. 3
в. 5
49. Біріккен сөз қай қатарда?
а. мәтін
ә. шәкіртақы
б. қараша
в. қалада
50.Үндестік заңына бағынбайтын сөзді анықтаңыз:
а. сызғыш
ә. Алматы
б. салық
87
в. ауызекі
Достарыңызбен бөлісу: |