Дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу



Pdf көрінісі
бет68/173
Дата12.09.2023
өлшемі2.02 Mb.
#477250
түріДиплом
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   173
Борибаева С.Қазақ тілінде дипломат

 
 
1-тапсырма. Мәтінді оқып, Шақыру билеті үлгісімен танысыңыз. 
Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің үшінші хатшысы Талғат Жұмағұлов 
«Шетелдерде дипломатиялық қабылдауларды ұйымдастырудың кейбір 
аспекттері туралы» атты мақаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік 
күніне байланысты салтанатты қабылдау ережелерімен таныстырып, Шақыру 
билетін дайындаудың да ерекшеліктерін былай атап көрсетеді: «Қабылдау 
өтетін уақыт пен орын белгіленгеннен кейін шақыру билетінің макетін 
дайындау және оны баспаханаға басуға жіберу керек.
Шақыру билеті Елші мен жұбайының атынан ағылшын тілінде жазылады 
(үшінші жақтан), онда қабылдау өтетін орынның нақты мекенжайы, күні мен 
уақыты көрсетіледі. Осы іс-шараға шақырылғандар өздерінің қатысуын растай 
немесе өзгерте алулары үшін Елшіліктің телефон, факс нөмірлерін және 
электрондық адресін міндетті түрде көрсету қажет. Ол үшін байланыс 
координаттарының алдына R.S.V.P. (франц. Repondez, s`il vous plait – жауап 
беруді өтінеміз) әріптері қойылады. Бұл ретте қазіргі заманғы практикада «тек 
бас тартулар үшін ғана» (regrets only) ремаркасы кеңінен пайдаланылады
әсіресе ол егер шақырылғандардың есебі жүздеп саналатын кезде қажет. 
Қабылдауға қатысуын растау (немесе келмеу) шақырылған адам үшін жақсы 
шырай 
білдірудің 
ережесі 
болып 
саналады, 
өйткені 
қабылдауды 
ұйымдастырушылар қонақтардың құрамы мен сан шамасы туралы қабылдауға 
дейінгі санаулы күндердің ішінде мәлімет алады. Қазіргі уақытта халықаралық 
дипломатиялық тәжірибеде Шақыру билетінде киім үлгісін көрсету барған 
сайын сиреп барады, бұл бір жағынан, мәдени дамудағы қоғамның түрлі 
жіктерін жалпы теңестіруді білдірсе, екінші жағынан, протоколды жеңілдету 
үрдісі туралы айтады. Соған қарамастан тәжірибе мына жайтті көрсетеді, осы 
жағдайда смокинг пен кешкі туалеттердегі қонақтардың қатарында джинси 
күрте киген «хиппи» шаш қойған қонақтың да келуі әбден мүмкін (шақыру 
билетінің үлгісін 1-суреттен қараңыз). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет