Дипломатиясы ІІ. 1 Москва және Тегеран конференцияларындағы



бет2/2
Дата15.06.2016
өлшемі312.5 Kb.
#136294
түріДиплом
1   2

А.

Германияның әскери-теңіз флотының бөлудің мына принциптері белгіленді:

1. Су бетінде жүзетін Германияның барлық әскери-теңіз флоты ССРО, АҚШ және Англия арасында теңдей бөліседі.

2. Жиналып жатқан және жөндеуде тұрған барлық кемелер.

3. Германияның сүңгуір кемелерінің көпшілігі суға батырылады, ал қалған 30 сүңгуір кеме ССРО, АҚШ және Англия арасында теңдей бөлінеді.

4. Германияның әскери – теңіз флотының кемелеріне арналған қару-жарақ қорлары да теңдей бөлінеді.

5. Германия әскери-теңіз флотының кемелерін т.б. бөлу үшін үштік әскери-теңіз комиссиясы құрылады. Комиссияның құрамына әр елден екі адамнан кіреді.

Комиссияның бірінші отырыс 1945 жылдың 15 августіне дейін Берлин қаласында өтуі тиіс.

6. Жиналып жатқан және жөндеуде тұрған кемелер 1946 жылдың 15 февраліне дейін қабылданып болады. (50)

Ә.

Германияның Сауда флотын бөлу үшін мынадай принциптер қолдану келісілді:

1. Үш ұлы Державаға берілген сауда-флоты үш ел арасында теңдей бөлінеді. Бұл кемелер Жапония арасында соғыс біткеннен кейін түгелдей үш ел қарамағына беріледі.

2. Жапон соғысы жүріп жатқан кезеңде бұл кемелерді пайдалану, бөлу Біріккен Кеңестің басшылығымен жүргізіледі.

3. Жапонияға қарсы соғыс қимылдары біткенше Сауда Флоты жөніндегі Үштік Комиссия дайындық жұмыстарын жүргізеді: инвентаризация, кемелердің жарамдығы, т.б.

4. Ішкі судағы пайдаланып келген сауда кемелері Германияның өз меншігінде қалады.

5. Үш мемлекет АҚШ, ССРО және Англия Сауда Флоты жөніндегі Үштік Комиссия құруы қажет. Бұл комиссия кемелердің бөлу мерзімі т.б. жұмыстарды атқаруы тиіс. (51)
Кенигсберг қаласы және маңындағы аудандары туралы. Конференция Совет Үкіметінің ұсынысына байланысты мынадай келісімге келді:

- ССРО-ның батыс шекарасы Данциг бухтасының шығыс жағалауы арқылы шығысқа Бранунсберг – Гольдаптың солтүстігіне таман Литва, Польша шекарасының түйіскен тұсына дейін белгіленсін.

Совет Одағының ұсынысына байланысты конференция Кенигсберг қаласының маңындағы аудандарымен Совет Одағына беру жөнінде келісім берді.

АҚШ президенті мен Англия премьер-министрі бұл ұсынысты қолдайтынын білдірді.


Әскери қылмыскерлер туралы.
АҚШ, ССРО және Англия делегация басшылары Лондон қаласында өтіп жатқан үш ел өкілдерінің әскери қылмыскерлерді жазалау туралы дайындық жұмыстарының барысына қанағаттанарлықпен қарады.

Барлық әскери қылмыскерлер тиісті жазаларын алуы керек деп келісілді. Қылмыскерлердің тізімі 1 сентябрьге дейін дайын болатындығы айтылды. (52)


Австрия туралы.
Совет Одағының ұсынысына байланысты байланысты Австриядағы уақытша өкіметтің билігі барлық Австрияға жүреді деп шешілді. Австрия мемлекетінен репарация өндірілмейді деп шешілді.(53)
Польша туралы.

Польша мәселесі туралы мәлімдеме.

Конференция Польша мәселесі туралы мынадай шешім қабылдады:

Польшадағы және шет елдердегі поляктардың күш-жігерінің нәтижесінде Москва декларациясына сәйкес уақытша Ұлттық біртұтас Польша мемлекетінің құрылғанына келісім беретіндерін мәдлімдеді. АҚШ, КСРО және Англия Польша Ұлттық біртұтас уақытша өкіметімен дипломатиялық қатынас орнатуға дайын екендігін мәлімдеді.

Лондондағы Польша уақытша үкіметі өз күшін жойды деп хабарлады. АҚШ және Англия Польша Ұлттық біртұтас уақытша өкіметін қолдайтындығын оған жан-жақты көмек беруге дайын екендігін мәлімдеді.

Польша территориясындағы орналасқан оның меншік түріне қарамай барлық өнеркәсіп, сауда, құрылыс ұйымдарының жұмыстарына бақылау жүргізуге уақытша құрылған Польша үкіметіне право берілді.

Шет елдердегі Польша азаматтарының елге қайтуына рұқсат берілді. Олардың мүлік және жеке праволары сақталады деп уәде берді.

Қырым конференциясының шешіміне сәйкес Үш держава Польшада демократиялық негізде сайлау өткізуді қолдайтындарын білдірді. Сайлау демократиялық принциптердің негізінде жалпыға бірдей сайлау жүйесін негізуді көздеді. Сайлау жасырын дауыс беру арқылы барлық демократиялық партиялар сайлауға қатысуға және өз кандидаттарын ұсынуға ерікті болды және сөз бостандығы толық сақталады деп шешілді(54).


Польшаның шекарасы туралы.

Қырым конференциясының шешіміне сәйкес үш Ұлы держава Польшаның батыс шекарасы туралы, Польшаның уақытша Ұлттық бірлестік үкіметінің келісіміне сәйкес шешім қабылдайтын болып келісті. Польшаның шекарасы туралы мәселені түпкілікті шешкенде Польшаның батыс шекарасы бұрынғы Германия территориялары Балтық теңізінің шығыс жағалаулары Свинемюденің батысына қарай және Одер өзенінің бойлай Батыс Нейсе өзенімен түйіскен тұсына дейін. Батыс Нейсе өзенінің жағалуымен Чехославакия шекарасына дейінгі жерлер және Шығыс Пруссияның Берлин конференциясының шешіміне сәйкес Совет Одағына қарамайтын бөлігі Данинг қаласы Польша мемлекетінің құрамына беріледі деп шешті (55).


Бейбітшілік келісім туралы және Біріккен Ұлттар Ұйымына қатысу туралы.

Италия, Болгария, Финляндия, Венгрия және Румыния жағдайын бейбіт келісім – шарт арқылы жақсарту керек деп шешті Үш мемлекет басшылары.

Италия туралы бейбіт келісім-шарт орнату, оған дайындық жұмыстарын жүргізу Сыртқы Істер Министрлер Кеңесіне тапсырылды.

Италия бірінші болып Германиямен байланысын үзіп оған қарсы соғыс қимылдарын бастағанын да ескеру керек деп шешті. Италия фашистік режимнен өз еркімен бас тартты және басқаруда демократиялық принциптерді басшылыққа алып отырды. Сондықтан Италияның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болам деп отырған талабын қанағаттандыру қажет деп үш ел басшылары шешті. Үш ел басшылары Сыртқы Істер Министрлер Кеңесіне Болгария, Финляндия, Венгрия және Румынияларға бейбіт келісім-шартын дайындап, олардың Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болам деген өтініштерін орындау қажет деп шешті. Сондай-ақ Финляндия, Румыния, Болгария және Венгрия мемлекеттерімен дипломатиялық қатынас орнату мәселесін де шешу керек деді.

Финляндия, Румыния, Болгария және Венгрия мемлекеттеріндегі болып жатқан оң өзгерістерді бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялау керек деп шешті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне кіру туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының І статьясында былай делінген:

«Біріккен Ұлттар Ұйымының мүше болу үшін, оның Уставын мойындау және орындауға уәде беру керек. Уставта Біріккен Ұлттар Ұйымына осы талаптарын орындауға уәде берсе, ол мемлекет мүшелікке қабылданады»,- деп көрсетілген. (56)

2.Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдау қауіпсіздік Кеңесінің нұсқауымын Бас Ассамблея жүргізеді.

Үш мемлекет соғыс кезінде бейтарап қалған елдер мүшелікке кіреміз деп шешсе, егер олар Біріккен Ұлттар Ұйымының Уставын мойындаса қабылданады деп келісті.

Үш мемлекет мүшелікке Испанияны қабылдамайтынын ескертті. Себебі, испания жоғарыдағы талаптарға сай емес деп шешілді.



Бағынышты территориялар туралы.
Конференция Совет Одағының ұсынысына байланысты туралы мәселе қарады. Италияның жаулап алған территорияларының тағдыры Италия бейбіт келісім-шарт орнату жұмыстарын дайындау барысында шешіледі деп келісілді. Бұл мәселені Сыртқы Істер Министрлер Кеңесі шешеді деді.

Румыния, Болгария және Венгриядағы Одақтастар Бақылау жұмысын қайта құру туралы. Үш мемлекет АҚШ КСРО және Англия Одақтастар Бақылау Комиссиясындағы Румыния Болгария және Венгриядағы совет өкілдері өз жұмыстарын жақсарту туралы мәлімдеді деп атай көрсетілді.

Одақтастар Бақылау Комиссиясының жұмысы жаңа өзгерістерге байланысты қайта құрылады деп мәлімдеді. Венгрия туралы Кеңес Одағының АҚШ және Англия үкіметіне арнаған хаты, онда былай делінген: «Германиямен арадағы соғыстың бітуіне байланысты және қазіргі қалыптасқан жағдайларға байланысты Венгриядағы Одақтастар Бақылау Комиссиясының жұмысын төмендегідей етіп құруды ұсынамын:

1. Венгриямен бейбіт келісім шартын жасағанша Одақтастар Бақылау Комиссиясының төрағасы немесе орынбасары АҚШ және Англия өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізіп отырады.

Онда Бақылау Комиссиясының жұмыстарына баға беріліп, оның атқаратын жұмыстарының жоспарлары қаралып отырылады. Бақылау Комиссиясының күрделі мәселелер туралы директивалары ағылшын және Американ өкілдерінің келісімінен кейін Венгрия үкіметіне беріледі.

2. Англия мен Америка өкілдері барлық жиналыстарға басқа да жұмыстарына қатысуға мүмкіндіктерге ие.

3. Америка және Англия өкілдерінің Венгрияда емін-еркін жүріп-тұруына барлық жағдай жасалынған.

4. Венгрияға келу және кету Одақтастар Бақылау Комиссиясының төрағасының шешімімен жүзеге асырылады.

5. Почта, т.б. жүктерді әкету Одақтастар Бақылау Комиссиясының төрағасының келісімі бойынша жүзеге асады». (57)
Германия тұрғындарының қоныс аударуын реттеу туралы. Конференция төмендегідей шешім қабылдады:

Үш өкімет Польшадағы, Чехославакиядағы және Венгриядағы қалған неміс тұрғындарын Германияға қоныс аударуы туралы мәселе қарап, шешім қабылдады. Тұрғындардың кез-келген өз Отанына қоныс аударуды ұйымдасқан және адамгершілік тұрғыда шешкен жөн.

Басқа елдерден Германияға көптеген неміс тұрғындарының қоныс аударуы оккупацияланған территориялардағы ауырпалық салуы мүмкін. Оларды қоныс аударғанда бақылау Кеңесі алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізіп, талдау жасап оларды Германия территориясына әділдікпен орналасу қажет.

Бақылау кеңесі қанша адам келді, олар қалай қайда орналасты осы жайды өз үкіметіне үнемі хабарлап отырулары қажет. Германиядағы қалыптасқан жағдайларды еске ала отырып қоныс аударудың мерзімін, шарттарын Бақылау Кеңесімен келісіп шешілуі қажет.

Чехославакия өкіметіне, Польша Уақытша өкіметіне және Венгриядағы Одақтастар Бақылау Комиссиясына уақытша өз территориясындағы неміс тұрғындарының қоныс аударуын тежей тұру тапсырылды. (58)
Румыниядағы мұнай құрал-жабдықтары туралы.
Конференция екіжақты экспертті комиссия құруға келісім беріп отыр, біріншісі Англия және Совет Одағының өкілдерін; екіншісі АҚШ өкілдері мен Совет Одағының өкілдері; олар Румыниядағы мұнай құрал-жабдықтарын алуға болатын-болмайтындығын анықтауға тиіс.

Бұл эксперттер өзінің жұмысын он күннен кешіктірмей бастауы керек.



Иран туралы

Тегераннан Одақтастар әскери тез арада әкетілетін болып шешілді, ал басқа жердегі әскерлердің шығару мерзімін Сыртқы Министрлер Кеңесінің қазанда болатын Лондан кеңесінде шешілетін болды.


Танжер Халықаралық зонасы туралы

Кеңес Одағының ұсынысы қабылданып мынадай шешім қабылданды. Танжер зонасы және Танжер қаласы мен оның аудандар стратегиялық маңызы бар балғандықтан Халықаралық болып қалады.


Қаратеңіз шығанақтары туралы

Монтреде қабылданған шығанақтар туралы Конференция қазіргі уақыт жағдайына байланысты қайта қаралады деп шешілді. Бұл мәселе Түркия үкіметімен болатын келісімдердің арқасында да ғана шешімін табуы мүмкін деп мәлімдеді.


Халықаралық ішкі су жолдары туралы

Конференция осы мәселе туралы АҚШ үкіметінің мәлімдемесін басшылыққа ала отырып, оны шешу Сыртқы Істер Министрлер Кеңесінің отырысына тапсырылсын деп шешті.



Ішкі Европалық транспорт конференциясы

АҚШ және Англия Кеңес Одағын Европалық ішкі транспорт конференциясының жұмысын қайта бастамақшы екендігі туралы хабарлады және Кеңес Одағы бұл конференция жұмысына қатысуға шақырды. Кеңес Одағы бұл конференция отырысына қатысатындығын білдірді (59).

Германиядағы Одақтастар Бақылау Кеңесінің мүшелерінің бас қолбасшыларына арналған директивасы.
Үш мемлекет өздерінің Бақылау Кеңесіндегі өкілдеріне олардың құзырына жататын мәселелерге жіберілетіндігін хабарлады. Конференция жұмысын 2 тамыз 1945 жылы аяқтады.

Конференцияда барлық 13 отырыс болды. Барлық отырыстарға үш мемлекеттің 1-ші басшылары және Сыртқы Істер Министрлері қатысты Англия премьер-министрі У.Черчильді жаңадан сайлаған премьер-министр Эттли және жаңа Сыртқы Істер Министрі Бевин ауыстырды. (60)


Конференция үш мемлекет КСРО, АҚШ және Англияны бұрынғыдан да жақындата түсті.

Қорытынды


КСРО, АҚШ және Англия басшылары И.В.Сталин, Ф.Д,Рузвельт және У.Черчилльдердің қатысуымен болған Тегерандағы, Америкадағы, Ялтадағы және Потсдамдағы конференциялар екінші дүниежүзілік соғыстың дипломатиялық тарихында ерекше орын алады.

Конференцияның материалдарынан, шешім қабылдануда АҚШ, Англия және КСРО басшыларының кейбір мәселелерде көзқарастарының тіпті қарама-қайшы болғандығын көреміз. Бұл қайшылық АҚШ-тан Англияның өз мүдделерін капиталистік тұрғыдан бағалап, соғыстан қалай да болмасын пайда табуды ойлады. Бірақ сол кездегі тарихи жағдай соғыстың барысы үш ел басшыларының дұрыс баға беріп тиісті дұрыс шешімдер қабылдауына әсер етті.

Дүниежүзі халықтары Гитлерге қарсы құрылған Одақтың коолицияның жұмысына зор баға берді. Ол көптеген халықтарды құлдықтан құтқарып өздерінің тәуелсіздік мемлекеттерін құруға мүмкіндік берді.

Конференцияларда қаралған мәселелердің ең бастысы екінші майданды ашу туралы болды. Үш ел келісімге АҚШ және Англия екінші майданды ашу туралы қабылданған шешімдерді орындауда әртүрлі себептермен оның мерзімін сақтамай асығыстық танытпады.

Екінші майдан Совет Одағының шығыстағы жеңістерінің, Германияның сөзсіз жеңілетіндігін сезгеннен соң ғана 1944 жылы ашылды. Соғыстан кейін бейбітшілікті және қауіпсіздікті сақтайтын халықаралық ұйымы Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды. Оның негізі – Америкадағы Думбартон-Оксе қаласында өткен конференцияда қаланды. Оның алғашқыда 35 мүшесі болса, қазір оның мүшелігінде 100-ден астам елдер бар.

Потсдам конференциясының Германияның болашағы туралы қабылданған шешімдерінің зор тарихи маңызы бар.

АҚШ және Англия басшылары Германияны бөлшектеп 5 жеке мемлекет құруды ұсынды. Кеңес Одағы бұл шешімге үзілді-кесілді қарсы шықты. Потсдам конференциясының тағы бір маңызды шешімі Германиялық милитаризм мен нацизмнің қалдықтарын жойып, Германия мемлекетінің басқа елдерге соғыс қаупін төндірмейтіндей етіп құру керек болды.

Қару-жарақ шығаратын Германияның барлық заводтары мен өндіріс орындарын жою туралы шешім қабылдады. Потсдам конференциясындағы Польша туралы, басқа да Германия жаулап алған елдердің болашағы туралы қабылданған шешімдердің де зор маңызы бар.



Конференция материалдарына АҚШ пен Англия басшыларының шешім қабылданарда Кеңес Одағына үнемі қысым жасап отырғанын көреміз. Соған қарамай көптеген күш-жігер жұмсаудың арқасында тиісті дұрыс шешімдер қабылданып отырды.

Сілтемелер:


  1. Советский Союз на международных конференциях периода Великой Отечественной войны 1941-1945 гг. Т.І. Московская конференция министров иностранных дел СССР, США и Великобритании (19-30 октября 1943 г.). Сборник документов. М., 1978. 314 бет

  2. Бұл да сонда 315 бет

  3. Бұл да сонда 253-254 беттері

  4. Бұл да сонда 316 бет

  5. Бұл да сонда 317-318 беттері

  6. Советский Союз на международных конференциях периода Великой Отечественной войны 1941-1945 гг. Т.ІІ. Крымская конференция руководителей трех союзных держав СССР, США и Великобритании (4 -11 февраля 1945 г.), М., 1978.

32-33 беттері

  1. Бұл да сонда 45 бет

  2. Бұл да сонда 107-109 беттер

  3. Бұл да сонда 155 бет

  4. Бұл да сонда 156 бет

  5. Бұл да сонда 236 бет

  6. Советский Союз на международных конференциях периода Великой Отечественной войны 1941-1945 гг. Т.ІІІ. Конференция представителей СССР, США и Великобритании в Думбартон-Оксе ( 21 августа-28 сентября 1944 г.), М., 1978. 13 бет

  7. Бұл да сонда 14 бет

  8. Бұл да сонда 34-35 беттер

  9. Бұл да сонда 49-50 беттер

  10. Бұл да сонда 50-54 беттер

  11. Бұл да сонда 53- бет

  12. Бұл да сонда 162 бет

  13. Бұл да сонда 165 бет

  14. Бұл да сонда 7 бет

  15. Бұл да сонда 211 бет

  16. Бұл да сонда 238 бет

  17. Советский Союз на международных конференциях периода Великой Отечественной войны 1941-1945 гг. Берлинская (Потсдамская) конференция руководителей трех союзных держав СССР, США и Великобритании (17 июля – 2 августа 1945 г.), М., 1978. 6 бет

  18. Бұл да сонда 8 бет

  19. Бұл да сонда 11 бет

  20. Бұл да сонда 11 бет

  21. Бұл да сонда 15 бет

  22. Бұл да сонда 12 бет

  23. Бұл да сонда 14 бет

  24. Бұл да сонда 15 бет

  25. Бұл да сонда 16-17 беттер

  26. Великая Отечественная война Советского Союза. 1941-1945. Краткая история. М., 1965. 552 бет

  27. Советский Союз на международных конференциях периода Великой Отечественной войны 1941-1945 гг. Берлинская (Потсдамская) конференция руководителей трех союзных держав СССР, США и Великобритании (17 июля – 2 августа 1945 г.), М., 1978. 20-21 беттер

  28. Бұл да сонда 31 бет

  29. Бұл да сонда 93-94 беттер

  30. Бұл да сонда 103-104 беттер

  31. Бұл да сонда 487 бет

  32. Бұл да сонда 489 бет

  33. Бұл да сонда 491-492 беттер

  34. Бұл да сонда 392 бет

  35. Бұл да сонда 393 бет

  36. Бұл да сонда 394 бет

  37. Бұл да сонда 394-395 беттер

  38. Бұл да сонда 396 бет

  39. Бұл да сонда 397 бет

  40. Бұл да сонда 398 бет

  41. Бұл да сонда 399 бет

  42. Бұл да сонда 399 бет

  43. Бұл да сонда 432-433 беттер

  44. Бұл да сонда 468-469 беттер

  45. Бұл да сонда 470 бет

  46. Бұл да сонда 471 бет

  47. Бұл да сонда 471-472 беттер

  48. 472-473 беттер

  49. 473 бет

  50. 473-744 беттер

  51. 475-476 бет

  52. 476 бет

  53. 476-477 бет

  54. 481 бет


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


  1. Советский Союз на международных конференциях периода

Великой Отечественной войны 1941-1945 гг. Т.І. Московская

конференция министров иностранных дел СССР, США и

Великобритании (19-30 октября 1943 г.). Сборник документов


  1. Советский Союз на международных конференциях периода Великой Отечественной войны 1941-1945 гг. Т.ІІІ. Конференция представителей СССР, США и Великобритании в Думбартон-Оксе ( 21 августа-28 сентября 1944 г.), М., 1978.



  1. Советский Союз на международных конференциях периода Великой Отечественной войны 1941-1945 гг. Т.ІІ. Крымская конференция руководителей трех союзных держав СССР, США и Великобритании (4 -11 февраля 1945 г.), М., 1978.



  1. Советский Союз на международных конференциях периода Великой Отечественной войны 1941-1945 гг. Берлинская (Потсдамская) конференция руководителей трех союзных держав СССР, США и Великобритании (17 июля – 2 августа 1945 г.), М., 1980.




  1. Внешняя политика Советского Союза в период Отечественной войны. Документы и материалы. М., 1947, т.ІІІ.




  1. Сборник действующих договоров, соглашений и конвенций, заключенных СССР с иностранными государствами. Вып.9. М., 1955.




  1. Великая Отечественная война Советского Союза. 1941-1945гг. Краткая история. М., 1965.




  1. История Великой Отечественной войны Советкого Союза. 1941-1945гг. М., 1963.




  1. Фостер У.З. Очерки политической истории Америки. ИЛ, 1955.




  1. Тридцатилетие Победы советского народа в Великой Отечественной войне. Документы и материалы. М., 1975.




  1. Советско-французские отношения во время Великой Отечественной войны 1941-1945 гг. Документы и материалы. М., 1959.




  1. Шервуд Р. Рузвельт и Гопкинс. Глазами очевидца. М., 1958. Т.ІІ.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет