Дипломды қ ж ұ м ы с «Өндірістің табыстылығын арттыру жолдары»


«KazBestProduct» АҚ-ның табыстылығын талдау



бет4/5
Дата04.07.2016
өлшемі0.77 Mb.
#176324
түріДиплом
1   2   3   4   5

«KazBestProduct» АҚ-ның табыстылығын талдау

Кәсіпорынның табысын талдау және деңгейі мен серпінін талдау үшін № 2 «Табыстар мен шығыстар туралы есеп» нысанының мәліметтері негізінде жүргізіледі.

Есепті кезеңдегі жалпы қаржылық нәтиже есеп беру нысандарына ашып көрсетіледі және өнімді өткізуден, негізгі қорларды, материалды емес активтерді, басқа мүліктерді өткізуден түсетін таза табыстың алгебралық қосындысы ретінде болады.

Кесте-10 - Табыс көрсеткіштерін талдау



Көрсеткіштер

2004ж

2005ж

Ауытқу

Абсолюттік (+,-), мың тенге

Салыстыр-малы, %

1

2

3

4

5

1. Ауыл шаруашылық өнімдерін өткізуден түсетін табыс

38868,5

46456,8

+7588,3

19,5

2. Өткізілген өнімнің өз құны

34525,5

43736,5

+9211

26,7

10-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

3. Жалпы табыс

4343,0

2720,3

-1622,7

-37,4

4. Кезең шығындары

3079,4

3424,2

+344,8

+11,2

5. Негізгі қызметтен түсетін табыс (зиян)

1264,8

-703,92

-1968,7

-44,4

6. Негізгі емес қызметтен түсетін табыс (зиян)

13,6

84,402

+70,8

+620,6

7. Салық салуға дейінгі қызметтен түсетін табыс (зиян)

1278,4

-619,518

-1897,5

-51,5

8. Салық салудан кейінгі қызметтен түсетін табыс (зиян)

894,8

-619,518

-1514,3

-30,8

9. Таза табыс (зиян)

894,8

-619,578

-1514,3

-30,8


Ескертпе – «KazBestProduct» АҚ-ның мәліметтері негізінде талданған.

10-кестеден көріп отырғанымыздай, ауыл шаруашылық өнімдерін өткізуден түскен түсім 7588,3 м. тенгеге, яғни 19,5 %, ал өнімнің өзіндік құны сәйкесінше 26,7% немесе 9211 м теңгеге өсіп отыр. Нәтижесінде жалпы табыс 1622,7 м. теңгеге кеміп отыр, яғни 2005 жылы 2720,3 м. теңгені құраған.

«KazBestProduct» АҚ-ның кезең шығындары 2004 ж. 3079,4 м. тг құраса, 2005 жылы 43736,5 м. тг құраған, яғни 344,8 м. тг немесе 11,2 %-ға артқан. Шығындар баптарының артуы табыстың төмендеуіне әкеледі. Негізгі қызметтен түсетін табыс 2004 ж 1264,8 м. тг құраса, 2005 жылы 703,9 м. тг мөлшерінде зиянға (шығынға) шыққан. Бірақ негізгі емес қызметтен түсетін табыс мөлшері 70,8 м. тг-ге артқан.

Кәсіпорынның таза табысы 2004 жылы 894,8 м. тг-ні құраса, 2005 жылы 619,5 м. тгзиянға шыққан. Бұл кезең шығындарының, яғни жалпы және әкімшілік шығындарының, өткізу бойынша шығындардың сәйкесінше өткен жылғымен салыстырғанда артқы есебінен болып отыр.

Есепті кезеңдегі таза табыстың құрылымындағы өзгерістер келесі кестеде келтірілген.

Кесте-11 - Таза табыстың құрылымы



Көрсеткіштер

2004 г

2005 г

Ауытқу

м.тг

%

м.тг

%

м.тг

%

1. Салық салуға дейінгі қызметтен түсетін табыс (зиян)


1278,4


100


-619,5


100


-1897,5


-51,5


- негізгі қызметтен түсетін табыс (зиян)


1264,8


98,9


-703,9


-113,6


-1968,7


-44,4

- негізгі емес қызметтен түсетін табыс

13,6

1,1

84,4

+13,6

+70,8

+620,6

2. Салық салғаннан кейінгі табыс (зиян)

894,8

х

-619,5

х

-1514,3

-30,8

3. Таза табыс

894,8

х

-619,5

х

-1514,3

-30,8


Ескертпе – «KazBestProduct» АҚ-ның мәліметтері негізінде талданған.
Кестеден көргеніміздей 2005 жылы негізгі қызметтен түсетін табыстың құрылымында кері өзгерістер болды. 2004 жылы жалпы табыстағы негізгі қызметтен түсетін табыстың үлесі 98,9 %, негізгі емес қызметтен түсетін табыстың үлесі 1,1 % болған. 2005 жылы 619,5 м. тг. зиянға шығуы жалпы және әкімшілік, өнімді өткізу шығындарының артуынан, алдыңғы жылдардан қалған жабылмаған зиянның орнын толтыру нәтижесінен болып отыр деуге болады. Будан кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлауын, тұрақсыздығын көруге болады.

Өнімді өткізуден түсетін таза табысты факторлық талдау.

Ауыл шаруашылық өнімін өткізуден түсетін табыс үнемі мына факторлардың әсерінде, ықпалында болады: өнімді өткізу көлемі, өнімнің құрылымы; өткізілген өнімнің сату бағасы; шикізат, материал, отын, электрэнергиясының тарифтері, тасымал шығындары, материалды және еңбек ресурстарының шығындарының деңгейі.

Өнімді өткізуден түсетін табысқа факторлардың әсерінің формальды есебін келтірейік.

Кесте-12 - Факторлар бойынша табысты талдау

Рет №

Көрсеткіштер

2004 ж

Нақты өткізілген ауылшаруашылық өніміне өткен кезең бойынша

2005 ж

1

Өнімді өткізуден түсетін түсім, м.тг

38868,5

35238,3

46456,8

2

Өткізілген өнімнің толық өзіндік құны, м. тг.

34525,5

35134,1

43736,5

3

Өнімді өткізуден болатын таза табыс

894,8

962

-619,6


Ескертпе – «KazBestProduct» АҚ-ның мәліметтері негізінде талданған.


  1. Өнімді өткізуден түсетін табыстың () жалпы өзгерісінің есебі :

( 35 )

мұндағы Р1- есепті кезеңдегі табыс, тг

Р2 – өткен жылғы табыс, тг

«KazBestProduct» АҚ үшін табыстың жалпы өзгерісі мынаған тең :



= -619,6-894,8=-1514,4 мың тенге

2. Өткізілген өнімнің сату бағасының өзгерісінің 1 табысқа әсерінің есебі:



1= ( 36 )

мұндағы - есепті кезеңде осы кезеңдегі бағамен өнімді өткізу (р-

өнім бағасы, q – өнімнің жалпы саны);

- есепті кезеңде өткен жылғы бағамен сату.

«KazBestProduct» АҚ мәліметтері бойынша табысқа баға өзгерісінің әсері мынадай:



1= 46456,8-35238.3=11218,5 мың тг

3.Өнім көлеміндегі өзгерістердің табысқа әсерінің есебі (2) :



2= P0K1 - P0 = P0 (K1 - 1) ( 37 )

мұндағы P0 – өткен кезеңдегі табыс

К1- өткізілген өнім көлемінің өсімінің коэффициенті:

К1 = S1.0/S0 ( 38 )

мұндағы S1.0 - есепті кезеңде өткен жылғы баға мен тариф бойынша

өткізілген өнімнің нақты өзіндік құны;

S0 - өткен жылдағы өнімнің нақты өзіндік құны

Берілген кәсіпорын үшін К1 мынаған тең :

К1 = 35134.1/34525,5=1,018

Бұдан мынаған тең :



= 894,8* (1,018-1)= 15,7 мың тенге

4. Өнімнің құрылымындағы өзгерістер нәтижесінде өнім көлеміндегі өзгерістердің табысқа әсерінің есебі () :



0 2 – К1) ( 39 )

мұндағы К2 - сату бағасы бойынша бағаланған өнімді өткізу көлеміндегі

өсім коэффициенті:

К2 = ( 40 )

мұндағы - есепті кезеңде өткен жылғы бағамен өнімді өткізу;

- өткен кезеңдегі өнімді өткізу.

«KazBestProduct» АҚ мәліметтері бойынша К2 мынаған тең болады:

К2 = 35238,3/38868,5= 0,91

Бұдан мынаған тең :



= 894,8* (0,91-1,018) = -96,64 мың тг.

5.Өнімнің өзіндік құнының өзгерісінің табысқа әсері :



= S1.0 – S1 ( 41 )

мұндағы S1.0 - есепті кезеңдегі өткен жылғы баға және шарт бойынша

өткізілген өнімнің өзіндік құны;

S1 – есепті кезеңде нақты өткізілген өнімнің өзіндік құны.

«KazBestProduct» АҚ мәліметтері бойынша тең болады :

= 35134,1 – 43736,5=-8602,4 мың тг.

6. Өнімнің құрамындағы құрылымдық өзгерістер есебінен өнімнің өзіндік құнының өзгерісінің табысқа әсері былай анықталады () :



( 42 )

«KazBestProduct» АҚ мәліметтері бойынша мынаған тең :



= (34525,5*0,91) – 35134,1=-3715,9 м. тенге

Факторлық ауытқулардың қосындысы есепті кезеңдегі өнімді өткізуден түсетін таза табыстың жалпы өзгерісін береді және келесі формуламен анықталады::



( 43 )

немесе


( 44 )
мұндағы Р – табыстың жалпы өзгерісі;

Р1 –i- ші фактордың есебінен табыстың өзгерісі

Біздің кәсіпорында табыстың жалпы ауытқуы -1514,4 м. тенге , бұл факторлық әсерлердің сомасымен теңестіріледі:

= 11218,5+15,7-96,64-8602,4-3715,9

Талдау нәтижелері өнімді өткізуден түсетін табыстың ауытқуына факторлардың әсерін жинақтау кестесінде келтіреміз.

Кесте-13 - Өнімді өткізуден түсетін табыстың ауытқуына факторлардың әсері

Көрсеткіштер

Сомасы, м. тенге

Табыстың ауытқуы – барлығы, с.і. :

А) өнімге электрэнергиясының тарифінің өзгерісі

Б) Өнім көлемінің өзгерісі

В) Өнімнің құрылымының өзгерісі

Г) Өнімді өндіруге кететін шығындардың өзгерісі

Д) Өнімнің құрамындағы құрылымдық өзгерістер есебінен өнімнің өзіндік құнының өзгерісі



-1514,4

11218,5


15,7

-96,64


-8602,4

-3715,9


13-кестеде келтірілген көрсеткіштер негізінде мынадай қорытындыға келуге болады: табыстың өзгерісіне ең қолайсыз әсерін тигізген фактор кәсіпорынның шығындары көлемінің өзгерісі (-8602,4 м.тг) және өімнің құрамындағы құрылымдық өзгерістер есебінен өнімнің өзіндік құнының өзгерісі (-3715,9); ал өнімге электрэнергиясының тарифінің өзгерісі (11218,5) қолайлы әсерін тигізген.

Өндірістік қызметтің табыстылық (рентабельділік) деңгейі немесе шығындардың орнын толтыру деңгейі жалпы кәсіпорын бойынша 3 бірінші ретті негізгі факторларға байланысты: өткізілген өнімнің құрылымдық өзгерісіне оның өзіндік құны мен өнімді өткізудің орташа бағасының өзгерісі.

Өндірістің табыстылығы (рентабельділігі) жалпы немесе таза табыстың өткізілген өнімнің шығындарының сомасына қатынасымен анықталады:

немесе ( 45 )

мұндағы Прп - өнімді өткізуден түскен табыс;

Чрп – таза табыс;

Зрп - өнімді шығаруға және өткізуге кеткен шығындар

Рентабельділік көрсеткіштерінің деңгейі мен серпініне өндірістік-шаруашылық факторларының жиынтығы әсер етеді: өндірісті ұйымдастыру мен басқару деңгейі; капитал құрылымы, өндірістік ресурстарды пайдалану дәрежесі, өнімнің сапасы, көлемі, құрылымы, әртүрлі қызмет түрінен түсетін таза табыс, оларды пайдалану бағыттары.

Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерін бағалау көрсеткіштеріне талдау жасайық:

2004 жыл:

Кәсіпорын мүлкінің рентабельділігі =

2005 жыл:

Кәсіпорын мүлкінің табыстылығы (зияндылығы) =

2004 жыл:

Меншік құралдарының табыстылығы =

2005 жыл:

Меншік құралдарының табыстылығы =

2004 жыл:

Таза табыс мөлшері =

2005 жыл:

Таза табыс мөлшері =

2004 жыл:

Өндірістің табыстылығы (шығындардың өтелуі) =

2005 жыл:

Өндірістің табыстылығы (зияндылығы) =

«KazBestProduct» АҚ-ның 2004-2005 ж.ж. табыстылық деңгейін талдау нәтижесін қорытындылай келсек, кәсіпорын мүлкінің табыстылығы (рентабельділігі) 2004 ж. 9,19% болса, 2005 ж. 6,12 %, яғни 2005 жылы 3,07 %-ға кеміген; меншік құралдарының табыстылығы 2004 ж. 2249,7 %-ды құраса, 2005 ж. меншік құрамының шығындылығы (зияндылығы) 2405,2 %-ды құраған. 2005 жылы кәсіпорынның меншік капиталы -422,8 м.тг-ге кері көрсеткішіне ие. Бұл жылы қарыз капиталы есебінен активтеріне (мүліктерін) қаржыландырып отырғанын байқаймыз. 2004 жылы таза табыс мөлшері 2,3 % болса, 2005 жылы зиян мөлшері 1,3 %-ды құраған. Ал, өндірістің табыстылығы, яғни өнімді өндіру және оны өткізуге кеткен шығындардың орнын толтыру (жабу) деңгейі бойынша таза табыспен есептегенде 2004 жылы 2,59 % немесе жалпы табыс бойынша 141,0 % болса, 2005 жылы өндірістің зияндылығы (шығындылығы) 1,4 %, ал өндірістің табыстылығы жалпы табыс бойынша есептегенде 79,4 %-ды құраған.

3. ӨНДІРІСТІҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Ауыл шаруашылық өнімінің өзіндік құнын төмендету
Нарықтық экономика жағдайында жеке ауылшаруашылық тауар өндірушілердің деңгейінде де, сондай-ақ ауылшаруашылық саласын тұтас алғанда да кеңейтілген ұдайы өндіріс ең алдымен өзіне тиісті меншікті қордың, пайданың және иесінің есебінен жүзеге асуы тиіс. Көптеген шаруашылықтарда пайда орнына зиянға жол берілуде, бұл банкроттық пен санацияға әкеліп соғады. Сондықтан да өндірісті табысты жүргізудің ұстанымы мен тәсілі барлық өндірістерді, сапаны жоғарылатудың, өнімнің өз құнын төмендетудің және өндірістің табыстылығын арттырудың факторларын тиімді пайдалану есебінен өнімнің елеулі өсуіне қол жетуін қамтамасыз ететін экономикалық тұтқалар мен ынталандырудың кешенін іске қосуды көздейді.

Нарықтық экономика жағдайында ауылшаруашылық өндірісінің рентабельділігі көптеген факторларға байланысты, оларды шартты түрде екі негізгі топқа бөлуге болады – өндірістік және нарықтық.

Факторлардың бірінші тобына ең алдымен өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану, өндірістік шығындарды мүмкіндігінше үнемдеу, өзіндік құнды төмендету өнім сапасын жақсарту т.б. жатады.

Нарықтық факторларға нарық жағдайының қазіргі жағдайы мен серпіні, келешек бәсекенің көлемі мен жағдайы, өнімге сұраныс пен ұсынымның жағдайы, баға деңгейі, бәсекелік өнімнің бар жоғы, бәсекелестердің нарықтық саясаты жатады.

Барлық шаруашылықтарды тұтас алғанда табыстылық пен капитал қайтарымының өсуіне минерал тыңайтқыштарды қолдау, оңды ықпал жасайтыны көрінді. Сонымен бірге жердің әр гектарына келетін минерал тыңайтқыш көлемі өскенде шаруашылықтарда рентабельділік төмендеуі байқалады.

Өнімнің өзіндік құны – ауылшаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігінің маңызды көрсеткіші. Онда өндірістік қызметтің барлық жақтары, барлық өндірістік ресурстарды пайдалану нәтижелері бейнеленеді. Ауыл шаруашылық өнімін өндірудің өзіндік құнының деңгейіне табыс сомасы мен табыстылық деңгейі, кеңейтілген өндіріс қарқыны, ауылшаруашылық өніміне белгіленетін баға деңгейі байланысты.

Қазіргі таңда өнімнің өзіндік құнын төмендету мәселесі ерекше маңызға ие. Оны төмендету жолдарын іздеу көп шаруашылықтарға өнімнің бәсекелік қабілеттілігін арттыруға, зиянға ұшыраудан сақтауға және нарықты экономика жағдайында тұрақты өмір сүруге көмегін тигізеді.

Өнім өндірісіне кететін шығындардың жалпы сомасының өзгерісіне өнім өндірісінің көлемі, өнімнің құрылымы, өнім бірлігіне кететін айнымалы шығындар деңгейі, есепті кезеңдегі тұрақты шығындардың сомасы әсер етеді.

Өнім өндіру және оны өткізу көлемінің өзгерісі кезінде тек айнымалы шығындар (өндірістік жұмысшының кесімді еңбекақысы, тікелей материалды шығындар, қызметтер) өзгереді, тұрақты шығындар (негізгі қорлардың амортизациясы, жалгерлік төлем, әкімшілік-басқарушылық мамандардың мерзімдік еңбекақысы, басқарушылық шығындар) қысқамерзімді кезеңде өзгеріссіз қалады.

Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдарының негізгі көздері:



  1. өнім өндіру және өткізу көлемін ұлғайту;

  2. еңбек өнімділігі деңгейін арттыру есебінен, материалды ресурстарды үнемді пайдалану есебінен, өндірістік емес шығындарды, жоғалуларды азайту есебінен өндірістік шығындарды азайту

Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервін есептеу әдістемесін жалпы түрде өнімнің өндіріс көлемін ұлғайтудың және өндірістік шығындарды азайтудың алдын ала анықталған резервтері бойынша есептелген мүмкін деңгейі мен нақты деңгейі арасындағы айырма түрінде анықтауға болады:

( 46 )
мұндағы Св , Сф – бір өнімнің өзіндік құнының мүмкін және нақты деңгейі;

Зф - өнім өндіру және өткізуге кеткен нақты шығындар;



- өнім өндіру және өткізу шығындарын төмендету резервтері;

Зд - өнім өндірісі мен өткізуді арттыру резервтерін негіздеу үшін қажетті қосымша шығындар;



өнім өндірудің нақты көлемі;

- өнім өндірісін арттыру резервтері.

Шығындарды азайту резервтері шығындардың әрбір баптары бойынша еңбекақыны үнемдеу, өнімнің материал сыйымдылығын, энергия сыйымдылығын, қор сыйымдылығын т.б. төмендетуге мүмкіндік беретін жаңа ұйымдық-техникалық шаралар есебінен (аса прогрессивті ғылыми сыйымды техника мен инновациялық технологияларды енгізу, еңбекті ұйымдастыруды жақсарту т.б. ) анықталады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет