Дипломды қ ж ұ м ы с «Өндірістің табыстылығын арттыру жолдары»


«KazBestProduct» АҚ-ның табыстылық деңгейіне талдау



бет3/5
Дата04.07.2016
өлшемі0.77 Mb.
#176324
түріДиплом
1   2   3   4   5

2. «KazBestProduct» АҚ-ның табыстылық деңгейіне талдау

2.1 «KazBestProduct» АҚ-ның қаржылық-экономикалық

жағдайына талдау жасау
Серіктестіктің тұрған орны және мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қазыбаев көшесі, 246а үй.

Серіктестіктің фирмалық атауы: мемлекеттік тілде «О.З.М.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қысқаша: «О.З.М.» ЖШС. Орыс тілінде: товарищество с ограниченной ответственностью «О.З.М.». Қысқаша: ТОО «О.З.М.»

Серіктестік құрылтайшысы Қазақстан Республикасының азаматы Икишев Жанат Ризаевич, паспорт № 1614031, ІІМ РҚ, 09.02.1998 ж., РНН 091320070077, Алматы облысы, ықшамауданы 18/2.

Серіктестіктің жарғылық капиталы 100 000 теңгені құрайды.

Оны Алматы қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеген сәттен бастап Серіктестік құрылған болып есептеледі және заңды тұлға мәртебесіне ие болады. Серіктестік коммерциялық ұйым болып табылады, азаматтық құқықтарға ие және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған қызметтердің кез келген түрлерін жүзеге тасыру үшін қажетті оның қызметтеріне байланысты міндеттерді жүктейді.

Серіктестіктің жұмыс мерзімі шектелмеген.

Серіктестіктің қызметінің мақсаттары және мәні

Серіктестіктің қызметінің негізгі мақсаты Серіктестіктің өндіретін мақсаты Серіктестіктің өндіретін тауарларына (жұмыстары, қызмет көрсетулері) сұранымдарды қанағаттандыру жолымен таза табыстарды алу болып табылады.

Көзделген мақсатқа жету үшін серіктестік келесі көрсетілген қызмет түрлерін жүргізеді:

- астықты өңдеу;

- астықты алып-сату;

- коммерциялық қызмет;

- ғылыми-зерттеу ашуларын өңдеу және енгізу;

- жарнама-ақпараттық қызметі;

- сауда-делдалдық қызмет;

- сыртқы экономикалық қызмет;

- экспорттық-импорттық операцияларын жүзеге асыру.

Серіктестік, тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен ҚР мемлекеттік органдарымен берілетін лицензия, рұқсат, сертификат негізінде ғана айналыса алады.

Мүліктердің құралу тәртібі.

Серіктестіктің мүлкінің құралы көздері болып табылатындар:

-жарғылық капиталға қатысушылардың салымдары;

-серіктестіктің алған табыстары;

- заңдармен тыйым салынбаған басқа көздер.

Серіктестіктің мүлкі оның балансында есептеледі.

«KazBestProduct» АҚ-ның қызметін басқару

Қатысушылардың жалғыз құрылтайшы-серіктестіктің жоғары басқару органы болып табылады.

Серіктестікте қатысушылардың жалғыс құрылтайшы ерекше құзыреті:

А) серіктестіктің жарғылық капиталы мөлшерін, орналасқан жері мен фирмалық атауын өзгертуді қоса алғанда, оның жарғысын өзгерту;

Б) серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттікутерін мерзщімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серктестікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осылай берудің шарттарын айқындау;

В) серіктестіктің жалдық қаржылық есебін бекіту және таза пайда мен шығынды бөлу;

Г) серіктестіктің бақылаушы кеңесінің және тексеру комиссиясын сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің тексеру комиссиясының есептері мен қорытындыларын бекіту;

Д) серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін ішкі ережелерді, оларды қабылдау рәсімдерін және басқа да құжаттарды бекіту;

Е) серіктестіктің өзге шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім қабылдау;

Ж) серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату баланстарын бекіту;

З) қолданылатын заңдарына сәйкес серіктестік мүлкіне қосымша жарналарын енгізу туралы шешім қабылдау жатады.

Серіктестіктің атқарушы органы директор болып табылады, ол қатысушылардың жалғыс құрылтайшы есебін береді және оның шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады.

Жалғыс құрылтайшы ерекше құзыретіне жататын мәселелерден басқа сұрақтарға директор құзыретті болады, соның ішінде:


  1. Күнделіктегі және перспективалық программалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

  2. Қатысушылар шешімдерін дайындайды және олардың орындалуын ұйымдастырады, және орындалуы туралы есеп береді;

  3. Серіктестіктің мүлігіне, соның ішінде ақшасына, шектеусіз билік етеді;

  4. Банктерде есеп және басқа шоттарды ашады;

  5. Серіктестіктің еңбек коллективімен орындалуға міндетті бұйрықтар мен нұсқаулар шығарады;

  6. Серіктестің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

  7. Серіктестіктің өкілі болуға сенімхаттар береді;

Кәсіпорынның қаржы директоры келесі қызметтерді атқаруға міндетті:

- бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және бақылау;

- дебиторлық қарыздың есебі, жүргізілуі;

- еңбекақы бойынша есепті жүргізуге бақылау.

Қапшағай қ. кәсіпорынның бухгалтерінің негізгі функционалдық қызметтері:

- алғашқы құжаттарды толтыру;

- дайын өнімді есепке алу;

- материалдық есептерді жүргізу.

Алматы қ. «KazBestProduct» АҚ-ның филиалы «О.З.М.» ЖШС бухгалтерінің негізгі функционалдық қызметтері:

- есеп беруші тұлғалармен есеп жүргізу;

- бухгалтерлік, салықтық, қаржылық және есеп берулерді толтыру.

«KazBestProduct» АҚ-ның қаржылық-экономикалық қызметін талдау

«KazBestProduct» АҚ-ның 2004-2005 ж.бухгалтерлік балансын, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есебін және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебінің мәліметтерін (қосымша 1-6) негізге ала отырып кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргіземіз.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау - кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.


6-сурет - Кәсіпорынның басқару құрылымы

Кесте-6 - Өнімді сату бойынша есеп беру

1-ші квартал 2006 жыл



Аталуы

Саны

Өзіндік құны

Салықтарды қоспағандағы сома

Салықты қосқандағы сома

Табыс

Негізгі қойма

3688000,000

6 767 352,13

7 090 200,80

8 153 731,00

322 848,72

Бидай қалдығы 30%

38560,000

67 060,87

70 413,91

80 976,00

3 353,04

Жарма

2950800,000

5 131 826,04

5 388 418,22

6 196 681,00

256 592,18

Бидай қалдығы 50%

691910,000

1 504 152,17

1 564 318,28

1 798 966,00

60 166,11

Күріш қалдығы

3980,000

6 921,74

7 267,83

8 358,00

346,09

1-ші сортты ұн

2750,000

57 391,31

59 782,61

68 750,00

2 391,30

Барлығы

3688000,000

6 767 352,13

7 090 200,80

8 153 731,00

322 848,72

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың тиімді таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың тоқтатылуына талдау жасау үшін келесі 7-аналитикалық кестені құрамыз.
Кесте-7 - 2004-2005 жж. «KazBestProduct» АҚ баланс активтерінің құрамы мен құрылуы



Көрсеткіштер

2004 ж.

2005 ж.

Жыл бойындағы өзгеріс (+;-)



Құрылымы

ның өзге-руі



мың.тг

Үлес сал-

мағы,%


мың.тг

Үлес сал-

мағы,%


мың тг.

(3б/

1б х


100)

(4б-2б)

А

Б

1

2

3

4

5

6

7

1

Активтер құны, барлығы соның ішінде


41046293

100

47063118

100

+6016825

14,7

х

1.1.

Ұзақ мерзімді активтер:

30993900

75,5

46106773

97,9

+15112873

48,8

+22,5




а) негізгі құралдар

30993900

75,5

46106773

97,9

+15112873

48,8

+22,5




ә) қаржылық салымдар

-




-




-

-




1.2.

Ағымдағы активтер:

10052393

24,5

956345

2,1

-9096048

-0,90

-22,5























































Кесте -7 – нің жалғасы




а)Тауарлы-материалдық қорлар

13852

-

-

-

-13852

-

-




ә)тауарлар

701176

-

581391

-

-119785

-17,1

-

2

Кәсіпорынның өндірістік потенциалының құны

210925,3

64,17

216178,4

50,13

+5253,1

+2,5

-14,04

7-кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы +6016825 мың теңгеге немесе 14,7 %-ке артқанын көруге болады. Бұл «KazBestProduct» АҚ-ның әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

«KazBestProduct» АҚ-да өндірістік потенциал құны жыл басында 210925 мың теңгені, жыл соңында - 216178 мың теңгені құрады, яғни 5253 мың теңгеге немесе 2,5 %-ға өсті. Баланс активтерінің жалпы құнындағы өндірістік потенциал үлесі 2004 жылы 14,04 пунктке кемігенімен 2005 жылы 50,13 % құрады, бұл өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің қалыпты мәніне сай келеді.

Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш – мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенттері. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.

Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне байланысты. Кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс.

Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіш - бұл осы негізгі құралдардың тозу сомасының оның белгілі бір кезеңдегі бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталатын тозу коффициенті. Бұл кәсіпорында негізгі құралдардың тозу коэффициенті :

жыл басында – 0,38 = (116774,9 :304770,3);

жыл соңында – 0,39 = (123248,8:314010,2) құрайды, яғни 0,01 пунктке өскен. Бұл негізгі құралдардың сапалық (моральды) тозуын айтпай-ақ, олардың 2/3-ден көбі табиғи (физикалық) тозғандығын және ескіргендігін көрсетеді.

Кейбір қолма-қол ақшалардың кемуі едәуір дебиторлық борыштың салдары болып табылады. Өтімді емес, өтімділігі төмен тауарлы-материалдық құндылықтардың бар болуы, дебиторлық борыштың әсіресе, оның күмәнді бөлігінің үлкен мөлшерде болуы айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуіне әкеліп соқтырады және кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді. Кәсіпорынның қаржы жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, оның көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінің бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді.

Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді.

Дебиторлық борыштың өтімділік және сапалық көрсеткіштерін зерттеу маңызды болып табылады.

Сапа дегеніміз - бұл осы қарызды толығымен қайтарып алу ықтималдығы, ол қарыздың қалыптасу мерзіміне байланысты болады. Дебиторлық борыштың мөлшерлі мезгілін сипаттау үшін оларды пайда болу мерзімі бойынша топтастыру керек.

Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау. Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары , яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен жабылады.

Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш әр түрлі атпен берілуі мүмкін,(тәуелсіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті) бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке қарап сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:


Ктс = Мкк ( 19 )
мұндағы Ктс - тәуелсіздік коэффициенті;

Мк- меншікті капитал;

Ак - авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).

Қаржылық есеп берудің активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зерттеуді келесідей кесте-2 түрінде көрсетуге болады.

Төменде келтірілген -кестеден кәсіпорынның есеп беру жылындағы активтерінің қалыптасу көзі 6016825 мың теңгеге немесе 14,7 %- өскені көрініп тұр. Бұл өсу 2005 ж. 47063118 мың теңге болған, яғни 2004 жылдағы мөлшермен салыстырғанда 1,4 есе өскен, қатыстырылған капиталдың өсуінен болған бұл кезеңде тәуелсіздік коэффициенті 0,48-ден -0,89-ға дейін немесе -1,37 пунктке төмендеген. Алайда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) төмендегенін дәлелдемейді.
Кесте-8 - «KazBestProduct» АҚ 2004 – 2005 жж. жағдайы негізінде авансталған капиталының құрамы мен құрылымы



Көрсеткіштер

2004 ж.

2005 ж.

Жыл бойындағы өзгеріс (+;-)

Құрылымының өзге-руі

(4б-2б)


мың.

тг


Үлес сал-

мағы,%


мың.

тг


Үлес сал-

мағы,%


мың тг.

(3б-1б)


%

(5б/1б


х100)

А

Б.

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

1

Авансталған капитал, соның ішінде

41046293

100

47063118

100

+6016825

14,7

х




1.1.Меншіктік капитал

196741

0,5

-422777

-0,89

-619518

-2,14

1,39




1.2.Қарыздық капитал, соның ішінде


40849552

99,5

47485895

100,8

6636343

16,2

1,3

2

Тәуелсіздік коэффициенті (1.1. жол :1 жол)


х

0,48

х

-0,89

х

х

-1,37

3

Қаржыланды

ру коэффициенті (1 :1.2.жол)




х

0,99

х

1,008

х

х

0,018

4

Қатыстырыл.

капиталдың меншіктік капиталға қа

тынас коэф-і


х

207,65

х

-112,3

х

х

-319,9


Ескертпе – «KazBestProduct» АҚ-ның мәліметтері негізінде талданған.
Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатыстырылған капиталдың барлық авансталынғанкапиталдағы үлес салмағы да дәлелдейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формуламен аныталады:
Кт = Қк : Ак ( 20 )
мұндағы Кт - тәуелділік коэффициенті;

Қк - қатыстырылған капитал;

Ак - авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);

Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды. Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарылайды.

Бұл көрсеткіш біршама өскенімен, талданып отырған кезде кәсіпорын өзінің қаржылық тәуелсіздігін жоғалтты деп айтуға болмайды. Жылдың басында және аяғында тәуелсіздік коэффициенті оның қалыпты мәнінен айтарлықтай жоғары.

Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылғанкапиталға қатынасын көрсететін коэффициент қаржыландыру коэффициенті болып табылады. Ол келесі формуламен анықталады:


Кк = Мк : Қк ( 21 )
мұндағы Кк - қаржыландыру коэффициенті;

Мк - меншікті капитал;

Қк - қатыстырылған капитал.

Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі. Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржыландыру коэффициенті <1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді.

Бұл есеп беру кезеңінің басында активтерге салынған меншікті қаражаттардың әрбір теңгесіне қарыз қаражатының 1 теңге 33 тиынын тартқанын көрсетеді. Есеп беру кезеңінің ішінде қарыз қаражаттары меншіктік салымдардың әрбір теңгесіне 4 теңгеге дейін көбейген. Демек, кәсіпорын қарыз қаражаттарын пайдалануға көп күш жұмсаған, бірақ өзінің қаржылық тұрақтылығын жоғалтпаған.

Кәсіпорынның тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін сипатайтынең маңызды көрсеткіштерінің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:

Кқ.т. = ( 22 )

мұндағы Кқ.т. - қаржылық тұрақтылық коэффициенті;

Ұм - ұзақ мерзімді міндеттемелер;

Ак - авансталған капитал;

Мк - меншікті капитал.

Бұл дербестік коэффициентімен салыстырғанда жұмсақ көрсеткіш. Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек, ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті.

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер арқылы кәсіпорын капиталының құрылымын сипаттай отырып, бөлек топтар мен көздердің құрылымының өзгерісіндегі әр түрлі тенденцияларды көрсететін жеке көрсеткіштерді де пайдалану керек. Мұндай коэффициенттерге бірінші кезекте қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті жатады. Ол ұзақ мерзімді міндеттемелердің меншіктік капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің сомасына қатынасымен анықталады:

Кұ/м= ( 23 )


мұндағы Кұ/м- қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімді тарту коэффициенті немесе

ұзақ мерзімді міндеттемелер коэффициенті;

Мк- меншікті капитал;

УМ - ұзақ мерзімді міндеттемелер.

Бұл коэффициент қаржылық есеп берудің активтерін қаржыландыру үшін меншікті капиталмен қатар тартылған ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың үлесін көрсетеді, кәсіпорын қарыз қаражаттарын қаншалықты интенсивті пайдаланып жатқанына баға береді.

Капиталдың құрылымын қалыптастырудың тиімділігін (қолайлылығын) анықтау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициялау коэффициенті де анықталады. Ол батыс фирмаларында кеңінен қолданылады және меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықталады. «KazBestProduct» АҚ -да :

2004 жылы: 0,75 (141047,9 : 187995,4)

2005 ж:0,44 (84804,4 :190761,4) құрайды.

Активтерді құрудың ең дұрыс жолы, меншікті капитал барлық негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер) және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады. Меншікті, қарыз (қатыстырылған) және жалпы (авансталған) капиталдың қатынасын әр түрлі тұрғыдан сипаттайтын коэффициенттермен қалыптасқан жағдай, меншікті және қатыстырылған капиталдың (міндеттемелердің) құрылымын және оның есеп беру кезеңіндегі өзгерістерін зерттеуді қажет етеді.

Меншікті капиталды талдау.Біздің отандық тәжірибеде кәсіпорынның меншікті капиталының құралу көздері болып мыналар саналған: жарғылық капитал, резервті қор, арнайы бағыттағы қорлар, мақсатты қаржыландыру мен салымдар (келіп түсулер), жалгерлік міндеттемелер, баланс пассивінің 1 бөлімінде көрсетілген бөлінбеген табыс, сонымен қатар құрылтайшылармен есеп айырысулар, тұтыну қорлары, алдағы кезең шығындары мен төлемдер резервтері, күмәнді қарыздар бойынша резервтер, 1997 жылы құрылған баланс пассивінің 2 бөлімінде көрсетілген алдағы кезең табыстары. БЕС-2 сәйкес 1998 жылдың балансында меншікті капиталға жарғылық капитал, қосымша төленбеген капитал, қосымша төленген капитал, резервті капитал және бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) кіреді.

Қаржылық тұрақтылықтың абсолютті көрсеткіштері тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер.

Тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздерін сипаттайтын 3 негізгі көрсеткіш анықталады:



  1. Меншікті айналым капиталының бар болуы (Ма.к). Бұл көрсеткіш меншікті капитал мен (баланс пассивінің 1 бөлімі) ұзақ мерзімді активтердің (баланс активінің 1 бөлімі) арасындағы айырма ретінде анықталады. Ол меншікті айналым қаражаттарын сипаттайды. Құрылысына қарай меншікті айналым капиталының бар болуы келесі формуламен анықталады:

Ма.к. = Мк - Ұа = ІбП - ІбА ( 24 )

мұндағы Мк - меншікті капитал;

Ұа - ұзақ мерзімді актив;

ІбП - баланс пассивінің 1 бөлімі;

ІбА- баланс активінің 1 бөлімі.

Мак көрсеткішті бірқатар маңызды талдау коэффициенті есептеп табу үшін пайдаланылады: кәсіпорынның ағымдағы активтерді жабы коэффициенті (бұл көрсеткіштің нормативті мәні 0,1-ден төмен болмауы керек), тауарлы материалдық қорларды жабу коэффициенті (бұл көрсеткіштің мәні - 0,6-дан төмен емес) және т.б.



  1. Тауарлы- материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қарыздың қалыптасу көздерінің бар болуы (Ма.к./ұз).бұл көрсеткіш келесі формуламен анықталады:

Мак/ұз = Ма.к. + Ұз м = Мак + Пб2 ( 25 )


мұндағы Ұз м - ұзақ мерзімді міндеттемелер;

Мак - меншікті айналым капиталы;

Пб2-баланс пассивінің 2 бөлімі.


  1. Тауарлы-материалдық қорлардың негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері алдыңғы көрсеткішті қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар сомасын қосу жолымен, мына формула арқылы анықталады:

НК = Мак/ұз + Қнқ ( 26 )


мұндағы НК-негізгі көздер;

Қнқ- қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар.

Тауарлы-материалдық қордың бар болуының үш көрсеткішіне тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің 3 көрсеткішіне сәйкес келеді:


  • Меншікті айналым капиталының (Ма.к) артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-). Ол келесі формуламен анықталады:

Ма.к. = Ма.к. - ҚШ ( 27 )

мұндағы, ҚШ-тауарлы-материалдық қорлар мен шығындар.



  • Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптастыру көздерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-) келесі формуламен анықталады:

Мак/ұз = Мак/ұз - КШ ( 28 )

  • Қорлардың негізгі қалыптасу көздерінің (НК) жалпы мөлшерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-) келесі формуламен анықталады:

НК = НК - КШ ( 29 )

Тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің үш көрсеткішін есептеу кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылық дәрежесі бойынша келесі 4 типке бөлуге болады:



Қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы мына теңсіздікпен сипатталатын уақытта қалыптасады:
ҚШ < Мак немесе Мак > ҚШ ( 30 )
Бұл теңсіздік тауарлы-материалдық қорлар меншікті айналым капиталымен жабылатынын көрсетеді, яғни кәсіпорын сыртқы кредиторлардан тәуелсіз болады.

Қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығ мына теңсіздікпен сипатталады:


Мак/ұз < ҚШ <НК ( 31 )
Бұл келтірілген қатынас тиімді жұмыс істеп тұрған кәсіпорын тауарлы-материалдық қорларды жабу үшін "қалыпты"- меншікті және қатыстырылған қаражат көздерін пайдаланып жатқан жағдайға сәйкес келеді.

Тұрақсы қаржылық және қалыптасқан жағдай келесі теңсіздікпен сипатталды:

ҚШ > НК немесе НК<ҚШ ( 32 )
Бұл қатынас кәсіпорын өзінің тауарлы-материалдық қорларының бір бөлігін жабу үшін "қалыпты емес" болып, яғни негізделмеген болып саналатын қосымша жабу көздерін тартуға баруына тура келетін жағдайға сәйкес келеді.

Кәсіпорындарда қалыптасқан қаржылық жағдайды басқаша да жіктеуге болады:



  1. қаржылық жағдайы жақсы кәсіпорындар;

  2. қаржылық жағдайы орташа кәсіпорындар;

  3. қаржылық жағдайы нашар кәсіпоындар;

  4. банкротқа ұшыраған кәсіпорын.

Баланс өтімділігін талдау. Баланс өтімділігін талдау алдында жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның "өтімділігін" анықтап алу керек.

Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады.Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік - бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы.

Баланс өтімділігін талдаудың мәні - активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, - өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.

А1. Ең өтімді активтер.Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) - айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма-қол ақшаға тез айналады.

А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтері жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалуы мүмкін.

А3. Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің 2 бөлімінің "тауарлы-материалдық қорлар" бабы және баланс активінің 1 бөліміндегі "Ұзақ мерзімді инвестициялар" (жарғылық қорға басқа кәсіпорындардың салымдар мөлшеріне азайтылған ) бабы.

А4.Қиын өткізілетін актвитер- баланс активінің 1 бөлімінің алдындағы топтарға енгізілген баптарынан басқа барлық баптары. 1 бөлім жиынынан "Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар" бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.

П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер - бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктің мақсатты қарыздарын (несиелерін) өз мақсаты бойынша пайдаланбағандығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.

П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер - қысқа мерзімде несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

П3.Ұзақ мерзімді міндеттемелер - ұзақ мерзімде несиелер мен заемдар.

П4. Тұарқты міндеттемелер - пассивтің 1 бөлімінің "Меншікті капитал" баптары. Актив пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің "Алдағы кезең шығындары" бабы бойынша сомаға азайтылады.

Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:

А1> П1;

А22 ;

А33 ;

А44 ;

Егер активтің алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.

Көрсетілген схема бойынша жүргізіліп отырған талдау баланс өтімділігіне кешенді баға беруге мүмкіндік береді.


Кесте-9 - Тауарлы-материалдық қорлардың оларды қалыптастырудың қалыпты көздерімен қамтамасыз етілуі 2004-2005 жж. жағдай бойынша. «KazBestProduct» АҚ (артықшылығы (+); жетіспеушілік (-))


Көрсеткіштер

Символдары


2004 жыл


2005 жыл



жыл бойғы өзгерістер

(+;-)


1

2

3

4

5

6

1.

Меншікті капитал

Мк

196741

-422777

-619518

2.

Ұзақ мерзімді активтер

Ұза

30993900

46106773

15112873

3.

Меншікті айналым капиталының бар болуы (1жол-2жол)

Ма.к.

-2902649

-46529550

-15732391

4.

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

Ұз м

-

-

-

5.

Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздерінің бар болуы

(3 жол + 4 жол)



Мак/ұз

-2902649

-46529550

-15732391

6.

Қысқа мерзімді несеиелер мен қарыздар

Қн

-

-

-




















Кесте-9 – дың жалғасы

7.

Тауарлы - материалдық қорлардың қалыпты (негізгі) қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері (5жол+6 жол)

НК

-2902649

-46529550

-15732391

8.

Тауарлы-материалдық қорлар

Қ

715028

581391

-133637

9.

Өзіндік айналым капиталының артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-) (3жол-8жол)

Мак

-3617677

-47110941

-43493264

10

Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-) (5 жол - 8 жол)

Мак/ұз

-3617677

-47110941

-43493264

11

Тауарлы-материалдық қорлардың қалыпты негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-) (7 жол-8 жол)

НК

-3617677

-47110941

-43493264


Ескертпе – «KazBestProduct» АҚ-ның мәліметтері негізінде талданған.
Тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің үш көрсеткішін есептеу кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылық дәрежесі бойынша 4 типке бөлуге мүмкіндік береді:

  • қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы (ҚШ< Мак > ҚШ);

  • қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы (Мак < ҚШ < НК);

  • тұрақсыз қаржылық жағдайы (ҚШ >НК немесе НК<ҚШ);

  • дағдарысты (қауіпті қаржылық) жағдайы .

Өтімділіктің жалпы көрсеткіші келесі формуламен есептеледі:
Кжө = ( 33 )
мұндағы Кжө-жалпы өтімділік коэффициенті;

а12,а3 - салмақтық коэффициенттер;

А мен П- актив пен пассив бойынша сәйкес топтарының жиындары.

Өтімділіктің жалпы көрсеткішінің берілетін түрі:


Кжө = ( 34 )

Осы көрсеткіштің көмегімен кәсіпорнның төлем қабілеттілігіне және кәсіпорындағы өтімділік жағынан қарастырғандағы қаржылық жағдайының өзгерістеріне жалпы баға беріледі.

Кәсіпорындағы тауарлы-материалдық қорлардың оларды қалыптастыру көздерімен қамтамасыз етілуі келесі 3-кестеде көрсетілген.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет