Дипломдық ЖҰмыс " Үлгерімі төмен кіші мектеп жасындағы балалардың ерікті мінез құлығын зерттеу"


Ерікті мінез-құлықтың қалыптасы және дамуы



бет5/9
Дата02.01.2022
өлшемі216 Kb.
#452685
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Үлгерімі төмен кіші мектеп жасындағы балалардың ерікті мінез құлығын зерттеу диплом жұмысы

Ерікті мінез-құлықтың қалыптасы және дамуы

Адамның іс-әрекетінің бағыттаушы әрі оны нақты жағдайларға икемдестіруіш тәуелсіз турақты мотивтер жиынтығы жеке адамның бағыт-бағдары деп аталады. Бағыт-бағдар әрдайым әлеуметтік негізге ие болып, ол тәрбие нәтежеде қалыптасады. Бағыт-бағдар адамның қасиеттеріне айналған көрсетпе-талаптар. Бағыт-бағдар құрамына өзара байланысты, деңгейі жағынан бірінен бірі жоғары бірнеше формалар кіреді: құмарлық, ниет, ұмтылыс, қызығу, бейімділік, мұрат, көзқарас наным. Адамның бағыт-бағдарының барша формалары оның іс-әрекетінің, түркілері деп есептеледі.

Аталған формалардың қысқаша мәні:

Құмарлық- бағыт-бағдары ең қарапайым биологиялық формасы;

Ниет- саналы қажетсіну, толық белгілі затқа құмарлық;

Ұмтылыс- ниетке ершеш күш, осылай пайда болады;

Қызығу- бағыт-бағдарын қандай да бір затқа ауысудағы танымдық форма; Қызығуға еріксіз күш қосылса, бейімдік пайда болады;

Көзқарас- қоршаған дүние болмысын философиялық эстстикалық, этикалық, жаратылыстану және басқа ғалымдар жүйесінде тану;

Наным- адамны өз танымы, принципі, көзқарасына орай әрекетке ықпалдаушы мотивтер жүйесі, бағыт-бағдарының ең жоғарғы формасы.

Мотивтер жоғарғы не төменгі деңгейде, саналы немесе санаға типті де байланыссыз болуы мүмкін. Адам бағыт-бағдарының басым болуынан саналы мотивтер туындайды. Кету, керек, қажетсінулермен мотивтер адам бағыт-бағдарының бір бөлігін ғана сипаттап, оның бастау түйіні, іргетасы ғана іс бітпес. Осы іргетас негізінде адамның өмірлік мақсат, мұраты қаланады. Мақсат нақты іс-әрекеттік және өмірлік болып ажыратылады. Дегенмен әрбір барысында көптеген, сан-қилы іс-әрекеттің орындалуына тура келеді, ал олардың әрбірі өзінің нақты мақсатына ие. Дегенмен, әрбір дара істің мақсаты жеке адамның бағыт-бағдарының осы әрекетте көрінетінін қайсы бір қырына ғана сәйкес болуы ықтимал. өмірлік мақсатқа келетін болсақ, ол дара іс-әрекеттермен байланысқан барша жетелеген мақсаттың біріктіруші фактор. Жеке мақсаттардың әрқайсысы өз орнына орындалып баруы жеке адамның жалпы өмірлік мақсатының біршама іске асыруын қамтамасыз етеді. Адамның жетістік деңгейі өмірлік мақсаттарға байланысты. Осыған орай адам өз келешек санадағы болмысын жобалайды. Мақсатты айқын түсіну мен сол мақсаттың, іске асыру жолдарын сезінуден қоғамдық тұлғаның болашағы айқандалады.

Өз болашағын керегендікпен тани білу қажет адам, қасиеттеріне кедергі болатын жан күйзелістердің түңілуі психологияда-фрустрация делінеді. Мұндай психикалық адамда оны мақсатқа жету жолында бой бермес кезіккеннен туындайды. Фрустрациялық жағдайдың балгілері мақсатқа ереусізден қажеттілік себебі анық сонымен бірге оған жетудің жолында күшті кедергі бары да көрініп тұр. Адам мұндайда фрустрацияға түспей, үлкен қиыншылықтарды да және алуы мүмкін. Ал кейбір сындарлы кезеңдерде қиыншылық басымдау келіп, фрустрация өрістеп, ол адамның мақсат жолындағы әрекеттің берекетсіздікке ұшырауына себебі болады. Мақсаты әрекет бұзылысының келесі түрлері (Ф.Е.Василюк) белгілі а) қозғалысты қозу- мәнсіз қимыл-әрекеттер; б) түңіліс; в) ашуға беріліп, әрекетте қалу; г) стереотипия үйшікті әрекеттерді ойсыз қайталай беру; д) регрессия-өмірдің алғашқы кезеңде игерген, ойсыз қимылдау (қазақта «баталығына түсіп») /9,96/.

Көп жағдайда адамның көздеген тұрмыстық қажеттіліктері қандайда себептермен орындала бермейді оларды қанағаттандырудың мүмкіндігіне болмай қалады. Мұндайда әрекет-қылық психология қорғаныс тетіктерімен реттеліп барады. Психологиялық қорғаныс адамның қалыпты, табиғи болмысына тән нәрсе, ол арқылы адам қымыл-әрекетіне кезігетін ауытқуларды күні бұрын сезіп,олардың алдын алып отырады. Мұндай психикалық қасиеттер адамға көңіл-күй береді.қоршаған ортада кезіктірген адамда оларға деген қандайда бір бағалау қатынасымен сезімдер пайда болады. Олардың бірі ұнап- қуанса, екіншісі-қапаландырып, жек көрушілік туады. Сезім түоі сан алуан, төңірегіндегі нысандардың жеке қасиеттерімен сапаларының өзі де адамның белгілі сезіміне себепші болады, мысалы, түсі ұнамайды, даусы жағымсыз, дәмі татымсыз т.с. өмір жағдайлары мен тұрмыс оқиғалары күрделірек сезімдерге себепші болады. Сезім ауқымы өте кең: өкінішпен қанағаттандыру, қуаныш пен қуаныш, таңдану мен жиіркену мұндай сезім түрлерін шексіз келтіруге болады. Сезім- бұл адамның қоршаған болмыс заттары және құбылыстар мен қатынас жасауынан туындаған әр қилы формада көрініс беретін қорғаныс күйзелістері. Адам сезіну түрлері үшін керекті де пайдалы қасиет. Толғаныссыз өмір- кешкен өмір, ұлы ғұлама Э.Науаи «Сезімсіз адам-кесек, махаббатсыз адам-есек»,-деген екен. Көп сезімдерге адамдардың өзі құштар. Егер сол сезімдер кандай да себептер мен болмай қалса, адам «эмоциялық ашырқауға»келіп, орның орнын толтыру үшін ән-күй тыңдайды, әсерлі фильмдер көріп не қым қиғаш оқиғалы кітаптар оқиды.

Психологтар көп заманнан бері осы сезім мәселесінің төркінін ашумен айналысуда. ХVIII-XIX ғасырларда бұл сұрақ төңірегінде ортақ көзқарас пайымдалмады, дегенмен интеллектуалист теория бағыты кең өріс алады. Бұл бағыт мәні-адамдағы барша органикалық көріністерінің негізі психикалық құбылыстардан деген тұжырымнан шығарылады. Неміс психологі Гербарттың ұйғарымы бойыншы барша сезімдік дүниенің ірге тасы елестер деп саналады. Бұл теорияға орай сезім-елестер арасындағы байланыстар сай қарама-қайшылықтарға жауап ретінде жүзеге асады. Мысалы, дүниеден өзкен адамның бейнесін тірілермен салыстырудан қайғы пайда болады. Өзі негізінде бұл кейіп ырықсыз көз жасын төгуге не жалпы қасіретті күй білдіруші әрекет қылыққа себепші болады.

Неміс ғалымы В.Вундт та осы бағытта колдады, бірақ оның тұжырымдары эклектикті әр түрлі психологиялық қарама қатынасы көзқарастардың қалай болса, солай қоса салуға негізделген еді. Оның пікірінше эмоция- бұл алдымен сезіммен елес жүрісіне тікелей ықпал етумен сипатталған ішкі өзгерістері, ал кей жағдайларда, ішеі өзгерістердің сезімге әсері, ал органикалық процестер-эмоцияның салалары ғана.

Эмоция қазіргі заман тарихы У.Джемстің 1884ж. Жариалаған «Эмоция деген не»атты мақаласы басталды. У.Джемс және бұған байланыссыз Г.Ланге пайымдаған теория бойынша: сезімнің туындау себебі- сыртқы ырықты қозғалыстар, сонымен бірге, ішкі ырықсыз жүрек толғаныстарынан болатынын адамның кейіп өзгерістерінен. Осы өзгерістерден туындайтын адам әсерлерінен бері-эмоциялық күйді танытады. «Біздің қайғыруымыз-жылағанымыздан, қорқуымыз-қалтырауымыздан, қуанғанымыз-күлгенімізден» (У.Джемс). Сонымен, эмоцмя салдарынан болған дене шетіндегі (перифериялық) органикалық өзгерістер, ғалымдар ойынша, сезімдер сезімін ауысады. Осыдан эмоциядан ырықты реттелуінің қара дүрсін түсініктемесі беріледі: мысалы, ұнамды эмоцияға тән әрекеттерінің әдейі жасаумен қажет болмаған қасірет сезімін басуға болады.

Джемс-Ланге тұжырымы бірқанша қарсы кездескен, арастар пайда тетті. Негізгі сын айтқан У.Кеннон: әртүрлі сезімдерге байланысты жауап әрекеттер бір-біріне өте ұқсас, сондықтан олар адамның сан-алуан эмрциялық, қасиеттеріне сай келе бермейді. Мысалы, қазақ келісу, сезімге орай басын изейді ал болған-шайқайды; африканың бір тайпасы сүйген адамның бетінше түкіретін көреді, ал қазақ бүйтіп көр... Сонымен бірге, адамның әдепті істеген жасанды әрекеттері қажетті көңіл-күйді бере алмайды. Кейде, мысалы, жағдайға орай «молдамыз»шығып, сіресе басып, соңына шыдай алмай, күліп жүретініміз осыдан.

Психологтың үлкен тобы сезімді жай-күйлік аймағынан, әсер еткен жағдайға, болған жауап әрекеті деп танығанды жөн көреді. Мұндай түсінік Ч.Дарвин еңбектеріндеде берілген. Эмоциялық әрекеттерінен көбі өздерінің пайдалы болуы мен мысалы, жануар қаһары жауын қорқыту үшін керек, олардың кейбір өткен эволюциялық дамудың бір кезінде қажет болған әрекеттердің нәсілден нәсілге аусып, келе жатқан қалдығы. Мысалы, алақанның қорқыныштан дымқылдануы бір уақытта біздің маймыл тектес бабаларымызға қатер-қауіп төнгенде ағаш бұтақтарын берік ұстауға жәрдемін тигізеді. Кейін бұл теорияны Э.Клапаред жалғастырды. Ол «қандай да бір сезімнің туындауы-адамның кезіккен жағдайға икемделе алмауынан. Егер адам қашып, құтыла алатын болса, ешқандай қорқыныш сезіміне түспейді»,-деп жазады.

Ендігі бір оқшауланған теориялар тобы сезімін табиғаттан адамның ақыл-ой (когнитив) мүмкіндіктерімен байланыстырады. Олардың ішінде Л.Фестингердещ сана үйлесімдігі теориясы өз алдында. Бұл көзқарастың мәні: адам бір нысан жөнінді біріне-бірі психологиялық қарсы екі пайым ортасында таңдап ете алмай, күйзеліс эмоцияға түседі, яғни санадағы «білімдер» үйлесімсіздігінен жағымсыз сезім пайда болады. Ал іс-әрекеттің нақты нәтижесі мен көзделген ниет өзара сәйкес келсе, адамда жағымды сезім туады. Ақыл ой үйлесімдісіздігінен құтылудың екі жолы бар: 1) өз ниетіңді шындыққа сәйкес өзгерту; 2) ниетке сай болатындай әрекеттің жаңа жолдарын іздестіру. Сонымен, когнитивтік теория адамның сезімдік кейпін оның әрекет, қылықтардың негізгі себепші ретінде қарастырады /15,с.111/.

Адамның сезімі дара тұлғалық қасиет. Осыған орай әр адам нақты жағдайда бір зат не құбылысқа өзінше баға беріп, белгілі бір, екінші адамдағы ұқсамайтын көңіл кейпіне беріледі. Аш адам мен тоқ адамның бір тағамға болған әр түрлі қатынасы осыдан. Еске түскен заттар не оқиғалардыңда бағамының бірдей болмауы да осы себептен түсіндіріледі әдетте, қуанышты жағдайларда араласқан объектілер (адам, зат, оқиға) жылы сезіммен еске алынады. Әрқашан сезім жеке тұлғаның мәнді сипатын білдіреді.

Сезімдер адамның қоршаған дүниеге қатынасын ғана білдіріп қоймастан, ол жөніндегі ақпарат көзі де болып табылады. Бұл тұрғыдан нысан бейнесі эмоцияның танымдық тарапы болады да, ал сол мезеттегі адам кейпі сезімнің субъектив элементін танытады.

Сезімдер адамның қасиеттерімен тығыз байланысты. Субъект қажеттігі және сол қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған ерекше қызметіне орай сезімдер екі ірі топқа бөлінеді. Біріншісі-қажет заттардың объектив мазмұнына жаңа, айрықша мән қосып, оларды қанағаттандыру әрекетінің сеп-түркісіне айналдырушы сезімдер. Мұндай толғаныстардың пайда болуы үшін аса қажетсіну және оған сай заттар қолда болуы керек. Көңіл-күй серпінісі қажеттілікпен үйлесе келе, іс-әрекеттің басталуын береді, оған ынталандырады және бағыт-бағдарлы жетекшісіне айналады. Осылайша, мұндай іс-әрекетпен сәйкестікке түседі. Бұл эмоциялар психологияда жетеші ниеттер аталған (В.К.Вилюнас).

Екінші эмоциялық құбылыстар тобына- жетекші ниет, яғни басталған ішкі не сыртқы іс-әрекет ізімен туындайтын сезімдер кіреді. Бұлар сол әрекеттердің орындалуына тиімді не кедергі болған жағдайларға (үміт, ыза), жетіскен нәтежелерге (қуаныш, өкініш) немесе қалыптасқан не мүмкін болар ситуацияларға (қатерлену, сенімді болу) субъектінің қатынасын сипаттайды. Мұндай сезімдік толғаныстар жетекші ниеттерге негізделген әдейі немесе ырықты деп аталады. Осыдан, көзделген мақсатқа жетуде алда шыққан кедергі бір түрлі сезім туындаса, енді сол кедергі жаудан құтылуға пайдалы болумен екінші бір сезіп пайда етеді, яғни ырықты сезімдер нақты жағдайға, сол сәттегі өмірлік маңыздылыққа орай мән алады.

Сонымен, сезім екі себеппен пайда болады, біріншісі-адамның объекте қатынасын айқындайтын қажеттіліктер; екіншісі-адамның осы пысаннан тиісті қасиеттерін түсініп, оны санада бейнелеу қабілеті. Объектив және субъектив жағдайларының өзара байланысынан адамның қоршаған дүниеге саналы баға берумен қатар жеке эмоционал көзқарасының себептері ашылады.

Сезімдердің өзіндік ерекшелігі олардың қарама-қарсылықты сипатынан көрінеді. Мұндай сипат қарапайым әсерлеуге де (рахаттану-қысылу), сондай-ақ күрделі толғаныстарға да (ұнату-жек көру, қуаныш-мұң, көңілді-қайғылы т.б.) тән.

Сезімдерге ғана тән аса маңызды сипат- олардың бірігімді (интегалды) келу. Барша дене қызметтерінің басын бір сәт біріктірумен сезім өздігінен организмге пайдалы не зиян әсерден хабаршы қызметін атқарады. Сезімдік сигнал әсер орын мен дененің жауап әрекеті айқындалмай жатып та санаға жему мүмкін.

Сезімдердің және бір маңызды ерекшелігі-олардың денедегі тіршілік әрекеттерімен тікелей байланыста болуы. Сезім ықпалынан адамның ішкі тән қызметі өзгеріске түседі: қан айналымы, демалыс, ас қорыту, ішкі және сыртқы секреция бездер шектен тыс ұзақ, уақыт және көңіл-күй толғаныстары организмді сырқатқа шалдықтырады: қорқыныш-жүрек ауруларына соқтырып, ашу-бауырды, жабырқау мен мұң-асқазанды бұзады (М.И.Аствацатуров) /3,с.98/.

Сезімдер тарихи-әлеуметтік негізге ие. Олар әр түрлі халықтарда, әртүрлі кезеңдерде мән-мағынасы мен көріну форманы айыстырып отырған. Қоғам дамуы мен сезімдер де өзгеріп барады. Түрлі дәуірде өмір сүрген адамдардың ұқсас, түрлі бір текті заттың өзіне жасаған қатынасы бірін бірі қайталамайды. Сезім ұдайы қозғалыста болып, тұрақты және ауыспалы элеметтердің тұтастай бірлігінен құралады. Бұл сезім желісінде, бір жағынан-бір ізді қысқа, мерзімді толғаныстар құрылымын: пайда болу, өрбу, шыңына жету, сену, екінші жағынан-әртүрлі толғаныстар түйдігінен түзінген ұзақ мерзімді сезімдер құрылымын айтуға болады. Барша сезімдер жүйесінің өлшемі бір-біріне қайшы келген екі бағытта береді (В.Вундт): сүйешу-жеркену, қозу-тыншу, көңілдену мұңаю,т.б.

Егер сүйсіну не жек көру сезімі көп жағдайда заттың өзіндік ерекшеліктеріне, олардың адам өміріне маңызына немесе нақты бір ситуация мәнәне орай туындаса, одан болатын қозудың дәрежесі сол сезімнің өзімен шарттас келеді. Мысалы, қаһар-дүлей кызбалық формасында көрініс берсе, керсінше, қанағаттану-адамның сабырлы, байсалды күйінеді.

Көп түрлілігімен күрделі болуынан сезімдерді жете танып, қалтқысыз басқару мүмкін емес. Бұл жағдайда өз сезімін суреттеп, айтып беру үшін сөз жеткізе алмауы байқалады: қолданған сезімдердің мәні бұрыңғыр, көңіл-күй қалпына сәйкес болмай шығады.

Адам сезімдері ұзаққа созылған филогинетикалық. Даму тарихында байланысты көптеген ерекше сипаттағы қызметтерді атқаратын болды.

Сезімнің бейнелеу қызметі оқиғалар жалпыланған баға беруде көрінеді. Көңіл-күйдің бүкіл ағзаны бейлеуінен, сезім арқылы біз қандай да әсердің пайдалы не зиянды екенін оның салдары денеге белгілі бір таңба түсірмей-ақ қойып, жауап не қорғаныс әрекетке келеміз. Мысалы: жолды кесіп өтіп бара жатқанда жолаушы көшедегі көлік қозғалысын барластыру мен әр түрлі деңгейдегі қорқыныш сезімінде болуы мүмкін. Оқиғалардың эмоционалдық бағымы адамның дара толғаныс қабілетінің негізінде берілуі ықтимал, бірақ, мұндай сезімділік нәтиже көбіне өнер туындылары мен көпшілік ақпарат құралы, т.б. арқылы басқа адамдармен қатынас жасау барысындағы көңіл-күй ортақтастығынан қалыптасады. Сезімнің бейнелеу қызметіне орай адам қоршаған орта да бағыт-бағдар топшылайды, заттар мен құбылыстарға қажеттеріне қарай баға береді. Бұл тұрғыдан сезім ақпарат алды немесе хабар жеткізу қызметін атқарады. Денеде пайда болған күйзеліс не көңіл-күй жөнінде субъектіге ақпарат жеткізеді.

Сезімнің ақпараттық не бейнелеу мүмкіндік ниеттеу немесе ынталандыру қызметімен тікелей байланысты. Мысалы, жолаушы алдында жақындап қалған тронспротты көре, қауіпті төнгенімен, қадамын жеделдете түседі. Затқа не одан көрі бағытталған құмарлық, тентек, ұмтылысэмоцияның өзіне тән, одан ажырамас, бірлікті құрылыстар (С.Л.Рубинштейн). Алда тұрған мәселенің шешуші жолына бағыт беретін де осы сезімдер. Эмоционалды толғаныс мазмұнында қажеттіліктің қанағаттандыруы үшін керек заттың бейнесі көрініс, содан заттың өзіне деген әуезқойлық пайда болып, ол өз кезегінде адамды әрекетті орындауға ниеттейді, ынталандырады /20,с.54/.

Оқу процесіне тікелей қатысына байланысты сезім қуаттау, қолдау қызметін де атқарады. Күшті эмоцианалды көңіл-күйге себепші болған оқиғалар оқушы санасында жеңіл қабылданып, ұзақ уақыт есте сақталады. Табыс не сәтсіздік сезімдері баланың оқуға болған ынтасына күш, қуат беріп не оны тіпті өшіріп жіберуі мүмкін.

Белгілі сәтте маңыздылау қажеттілікті таңдау барысында сол қажеттіліке негіз болар көп таласы туындайды. Осы жағдайда сезімнің ауысуы, қызметі іске қосылып, эмоция адамды қандайда талғамға бағыттайды. Мысалы, адам өзінің тума жан сақтау ниеті мен қоғамда қабылданған әлеуметтік талаптар арасындағы қарсылықты жеңе алмай, күйзеліске түсетіні белгілі, қандайда әрекетті істейтін десе-өз тіршілігіне зиян, істемесе- ұят, көпшіліктің сынына ұшырайды. Осындай және борыш, қорқыныш және ұят тайталасында сезім мәнін оның өз талғам-талабына сай келу, келмеуін барластырумен адам көздеген іс-әрекетті сол кездегі қажетті арнаға ауыстырылады.

Жоғарыда аталған сезім қызметімен сыбайлас эмоцияның икемдесу қызметін де атап кеткен жөн. Ч.Дарвиннің пікірінше, сезімдер тіршілік иелерінің, өз қажеттігіне орай келген жағдайларда анықтау құралы ретінде пайда болған. Дер кедінде организмде пайда болған эмоциядан жануар қоршаған ортаға икемделу мүмкіндігіне келген.

Сезімнің комуникативтік (ақпарат алмасу) қызметі де адам өмірінде үлкен маңызға ие. Ым-ишара, дене қозғалыстары сезімдік белгі ретінде адамның өз толғаныстарын, қоршаған орта заттары мен құбылыстары жөніндегі өз қатынас- талғамын басқаларға жеткізуге жәрдемін тигізетіні белгілі. Ым-ишара, қас-қабақ қимылдары, дене қалпы, үн ырғағы- бәрі де сезім «тілі» болуымен, адам ойынан гөрі, оның көңіл-күй кейпін айқындау танытады. Зерттеулер дәлелденгендей, сезімдердің бәрі бірдей анық таныла бермейді. Мысалы, өте айқын білінетін-үрей (сыналғандардың-57%), одан кейін-жеркініш (48%), содан кейін-таңдану (34%).

Коммуникативтік қызмет аймағында сезім арқылы адамөзін қоршаған сыртқы ортаға не ішкі жан дүниесінің ықпал жасау қабілетіне ие. Мысалы, әлі есейе қоймаған сәби шатқаяқтап жылауымен ата-анасын өз дегеніне көндіретін сезе қояды да, бұдан былай осы әдісті жиі қолданып, мүдесіне жетуді әдетке айналдырды.

Сезімдер организімде жүріп жататын ерекше процестермен байланысқан. Бұл процестердің кезі негізінен сыртқы дүние өзгерістерінде, дегенмен, олар бүкіл дене әрекет-қимылында әсер етеді. Осыдан, мысалы, көңіл-күй қандай да күйзеліске келсе,қан айналымы өзгереді, жүрек соғуы шапшаңдайды не бәсеңдейді, қан қысымы ауысады, қан тамырларының күш-қуаты артады не кемиді т.б. нәтижесінде, бір жан толғанысымен адам қызарады, екінші-бозарады. Сезімдік өмірдің барша өзгерістеріне өте нәзік-адамның жүрек ағзасы. Халық ауызында көп жағдайға байланысты «жүрегім қатты соғып тұр», «жүрек шыдамайды», «жүрегім орнына түсті» т.б. сөз тіркестерінің жиі қолданылатыны осыдан. Дене мүшелерінің қай-қайсындағы болмашы өзгеріске жүрекке әсерін тигізбей өтпейді (ас ұорыту, мыныс алу, бездер жүйесіндегі т.б.)

Алайда, адам организмнің құрылымы симпатикалық жүйке жүйесін қызметіне тәуелді. Осы жүйенің қозуынан бұйректен адреналин сұйықтығы бөлінеді. Адранилин дене ағзалары әрекетіне өзгерісендіріп, олардың шектен тыс тон қуатын жұмсауға дайындайды: қауіп-қатер төнгенде бұлшық еттерге қан жеткізу күшейеді, ас қорыту ағзалар жұмысы бәсеңдейді, ішкі оргондардан қан сыртқа тебеді. Бұлшық еттерге қарқынды әрекетке келуі үшін көп мөлшерде қант жеткізіледі, себебі қант-бұлшық ет қуатының негізі.

Сезімдердің пайда болуымен қалыптасуына үлкен ми жарымшарлар қабығы маңызды қызмет атқарады. Ми қабағы эмоцмя желісі мен көрінісі реттеп, денедегі барлық құбылыстарды өз бақылауынша алады, қабақ асты орталықтарын тежеумен, оларға басшылық етеді.

Егер ми қабығында шектен тыс қозу туса (шаршаған да, ішкіліктент.б.) қабықтан төмен жайғасқан ми бөліктері ырықсыз әрекетке келіп, адам өзінің әдеттегі ұстамдылығынан айрылады. Үлкен ми жарымшарлары алынған жануар болмасы себептен күшті әрі тұрақты эмоцианалдық қүйзелісте болады. Ал кең жайылған тежелуге тағы келсе, мұндай жануар сыбдыр халге түседі, оның әрекет-қылығы әлсірейді, жүрек, қан тамыр жұмыстары мен тыныс алуы бәсеңдейді.

Сезімнің негіз болған физиологиялық процесс бастауын ми қабығын да ала отырып, төмендеп қабық асты орталықтарында тарайды. Эксперименттер кезінде мидің кейбір аймақтарын қоздырса, жағымды эмоция туып, жануар сол әсердің қайталанғанын қалау танытқан. Бұл ми белгілі рахаттану орталығы аталған. Ал екінші бір ми аймағына әсер түскенде, жануар тынышсызданып, қиналған күй көрсеткен, осыдан мұндай жүйке қиалу орталығы аталған. Осы күйді мидің сол жарым шарында жағымды эмоциялар туындап, ал оң жарым шарында жайсыз сезімдер өріс алатыныны дәлелденіп отыр.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет