Дипломдық ЖҰмыс 5В010800- мамандығы Дене шынықтыру және спорт мазмұны кіріспе 7



бет12/22
Дата29.04.2023
өлшемі2.01 Mb.
#473008
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
dip -zhas-futbolshylardyn-tozimdilikke-tarbieleu-dayyndygynyn-adistemesi-2015-53

1.5 Зерттеу нәтижелерін талқылау

Осы диплом жұмысы футболмен айналысатын 12-13 жасар балалардың жалпы төзімділігін тәрбиелеу әдістемесін зерттеуге және жетілдіруге арналған. Әдебиетті шолу куәландырып отырғанындай, бұл мәселе жас футболшыларда толығымен шешіле қоймаған. Сондықтан диплом жұмысын осы мәселені зерттеуге арнауды мақсатқа лайықты деп ұйғардым.


Жас футболшылардың жұмысқа қабілеттілігін зерттеу көрсеткеніндей, 13 жасар футболшылардың төзімділігі 12 жасар балалардың төзімділігінен артып түсті. Мысалы, 1000 метрге және 6 минутқа жүгірудің нәтижелері орташа алғанда 5-6%-ға ерекшеленеді. Осы сандық айырмашылықтар осы топтар арасындағы оттегін максималды тұтынудағы айырмашылықпен (5%) сәйкес келеді. Осындай сәйкестікке 1000 м қашықтық та, 6 минуттық жүгіру де (осы уақыт ішінде 1400-1500 м жүгіріліп өтті) негізінен алғанда жұмыс істеп тұрған бұлшық еттердегі АФТ ресинтезінің аэробты көзімен қамтамасыз етілетіндігі себепші болады (4-6 минут шекті ұзақтықпен болатын бұлшық ет жұмысы шамамен алғанда 70-85%-ға энергия өндірудің аэробтық көздерінің есебінен қамтамасыз етіледі) /116,135/. PWC170 көрсеткіші мәліметтері бойынша (жүгіру варианты) дененің жұмысқа қабілеттілік көрсеткіштері де орташа алғанда 5%-ға ерекшеленді.
Дәл сол уақытта абсолютті оттегін максималды тұтыну және абсолютті PWC170 көрсеткіші (велоэргометрлік вариант) айтарлықтай көбірек – шамамен 15-20%-ға ерекшеленді. Істің мәнісі 13 жасар ұл балалардың дененің үлкен салмағымен және, сірә, көбірек бұлшық ет салмағымен сипатталатындығында болып отыр. Бұлшық еттердің салмағы спортшылардағы абсолютті ОМТ көрсеткішіне тікелей тәуелділікте болады /42,135/. Сондықтан балалардағы төзімділікті физиологиялық критерийлер бойынша (мысалға, ОМТ бойынша) салыстырғанда бағалау үшін салыстырмалы көрсеткіштерді, яғни дене салмағын ескере отырып іріктеп алған маңызды болып келеді. Сонымен қатар жасты да ескерген өте маңызды, өйткені бір қарағанда балалар арасындағы өте шамалы ғана жас айырмашылығында (1 жыл) төзімділік көрсеткіштеріндегі елеулі айырмашылықтар табылады.
Жүргізілген зерттеуде жас футболшылардағы оттегін салыстырмалы максималды тұтынудың айтарлықтай жоғары шамалары байқалды. 12 және 13 жасар балаларда орташа топтық ОМТ көрсеткіші, дербес ауытқулар 55-70 мл/кг мин бола отырып, тиісінше 61 және 64 мл/кг болды. I.Astrand-тың жіктемесі бойынша /133/, споршылар еместер үшін зерттелген адамдар аэробтық қабілеттердің дамуының жоғары деңгейіне ие болатындар қатарына жатқызыла алады, өйткені 57 мл/кг-нан көбірек ОМТ-ға ие болып отыр. Егер ОМТ-ның анықталған шамаларын 1970 жылғы КСРО құрамасындағы футболшылардағы көрсеткіштермен салыстырып көрсек те, дәл осындай қорытындыға келуімізге болады. А.А.Гуминскийдің мәліметтері бойынша, КСРО құрамасындағы әртүрлі амплуадағы алаңда ойнаушылардағы оттегін максималды тұтыну орташа алғанда 58,1 мл/кг құраған. Дербес ерекшеліктер, яғни әртүрлі ойыншылардағы ОМТ 50-ден 66 мл/кг мин шегінде болған /115/. Осылайша, біздер зерттеген жас футболшылар аэробтық қабілеттіліктің дамуының айтарлықтай деңгейіне ие болып отыр. Жаттықтырушының жалпы төзімділікті тәрбиелеуге қатысты педагогикалық міндеті, өзгелерден басқа, салыстырмалы ОМТ-ны қазірде бар жоғары деңгейде ұстап тұрудан тұрады.
Бірқатар жұмыстарда физиологиялық күш салуды жүрек қысқаруының жиілігі бойынша бағалаған кезде оның дербес максималды мәнін, яғни ЖҚЖмакс ескерген маңызды болып келеді. Сондықтан әртүрлі балаларда дербес максималды жүрек қысқару жиілігіндегі сандық ерекшеліктердің қандай екенін анықтау маңызды болды. Тікелей өлшеулер көрсеткеніндей, 12 жасар балалардағы ЖҚЖмакс, 185-тен 210 соққы/мин шегіндегі дербес айырмашылықтар кезінде орташа алғанда 199 соққы/мин құрады. 13 жасар жас футболшыларда ЖҚЖмакс орташа алғанда 204 соққы/мин, ал дербес ауытқулар 195-тен 212 соққы/мин дейін болды. Осылайша, 12-13 жасар футблшыларда максималды ЖҚЖ-дегі дербес айырмашылықтар шамамен алғанда 20-30 соққы/мин құрай алады. Бұл ересек спортшыларды зерттеген басқа да авторлардың /53,135/ мәліметтерімен сәйкес келеді, үйлеседі. Сондықтан, төзімділікке жаттығуларды орындаған кезде балалардағы физиологиялық күш түсірулерді бағалаған кезде (сонымен қатар басқа жаттығулардағы күш түсулерді пульстік бағалаған кезде де) жүрек қысқаруының салыстырмалы жиілігі көрсеткіштерін пайдаланған мақсатқа лайықты болады. Бұл үшін келесі формуланы қолданады: % ЖҚЖмакс = ЖҚЖжұмыс/ ЖҚЖмакс x 100%,
Мұндағы ЖҚЖжұмыс – денеге күш салған кезде өлшенген пульс жиілігі, ЖҚЖмакс – шегіне жеткенше, сатылы-үдей түсетін күш салумен жұмыс істеген кезде (тредбанда немесе велоэргометрде) анықталған пульс жиілігі.
Балалардың төзімділігін PWC170 көрсеткіштері бойынша бағалаған кезде практикада ЖҚЖ-ін құралдық өлшеудің алуан түрлері, сонымен қатар тікелей PWC170 көрсеткішінің өзін анықтаудың әртүрлі варианттары қолданылуы мүмкін. Осы жұмыста ЖҚЖ-ін аускультаторлық және сейсмографиялық өлшеген кездегі PWC170 көрсеткіштері арасындағы өзара байланысты зерттеу әрекеттері жасалды. ЖҚЖ-ін аускультаторлық және сейсмографиялық өлшеген кезде алынған PWC170 көрсеткіштері арасындағы сызықтық корреляция коэффициенттерін есептеулер көрсеткеніндей, рас, оң байланыс бар: τ = 0б54 (орташа статистикалық өзара байланыс). Бұл ретте сонымен қатар аускультаторлық тәсілмен, жүгіргеннен кейін бірден анықталған PWC170 көрсеткіштері сейсмографиялық тәсілмен анықталған PWC170 көрсеткіштеріне қарағанда, PWC170 көрсеткіштерінің велоэргометрлік вариантымен анық емес ерекшеленетін, сәл ғана көбірек тығыз байланыспен байланысқан. Бұл PWC170 көрсеткіштерін есептеу үшін ЖҚЖ анықтаудың аускултаторлық және сейсмографиялық әдістерінің іс жүзінде бірдей диагностикалық мүмкіндіктерімен сипатталады деп есептеуге мүмкіндік береді. Алайда осы құралдық әдістемелерді ЖҚЖ өлшеу үшін қолдану даусыз емес. Сандық талдау велоэргометрде жұмыс істеген кезде анықталған және жүгіргеннен кейін аускультаторлық және сейсмографиялық тәсілдермен өлшенген PWC170 көрсеткіштері арасындағы корреляция коэффициентінің тиісінше 0,47 мен 0,45-ке тең екендігін көрсетті. Бұл әлсіз статистикалық өзара байланыс. Сондықтан осы әдістемелерді қолдану соншама даусыз емес және соншама идеалды емес. PWC170 көрсеткіштерін өлшеудің велоэргометрлік тәсілі сенімдірек болып табылады, оның үстіне, осылайша өлшенген PWC170 көрсеткіштері төзімділікті тікелей өлшеген кездегі қимылдайтын жүгіру тапсырмаларының (6 мин жүгіру және қалғандары – төменгі жақты қараңыз) нәтижелерімен жоғары сенімділікпен корреляцияланады. PWC170 көрсеткіштерін анықтаудың велоэргометрлік вариантының әдеттегі спорт практикасында кеңінен қолданыла алмайтындығын арнайы тоқтап, айта кету керек (көптеген балалар мен жасөспірімдердің спорт мекте-інде, спорт интернаттарында және басқа да спорт бөлімшелерінде велоэргометрлер, электрокардиографтар жоқ). Сондықтан практикалық тұрғыдан алғанда PWC170 көрсеткіштерін анықтаудың жүгіру вариантының өлшеу әдістемелерін жетілдіру ең қолайлы болып келеді. Бұл ретте балалардың өздері жаттықтырушының командасы бойынша 10-15 секунд ішінде орындайтын, жүгіргеннен кейін бірден ЖҚЖ-н пальпаторлық өлшеуден бас тартыла қоймас деп күтуімізге болады. Онымен қоймай, мұндай вариант фронтальдық әдіс кезінде қолданыла алады. Бұл оқушылар мен жаттықтырушылар үшін уақыт пен күш-жігерді айтарлықтай шығындауларын талап етпейді.
Жас футболшылардың төзімділігін тәрбиелеу қазіргі футболдың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Барлық басқа жағдайлар бірдей болған кезде төзімдірек жас футболшы аталған сәттегі жоғары жұмысқа қабілеттілікке ғана ие болып қоймайды, ол жаттығу барысында жаттығу тапсырмаларының көбірек көлемін орындай алады деп ойлауымыз қисынға келетіндіктен, шеберліктегі өсімнің үлкен қарқындылығына да ие болады. Сондықтан да төзімділікті жетілдіру өте өзекті мәселе болып табылады.
Эксперимент көрсеткеніндей, ФШМ жас футболшылары 6 минутқа жүгірудегі нәтиже бойынша бағаланатын өз төзімділіктерін айтарлықтай және сенімді арттырған: өсім 11,4% құрады. Бұл бақылау тобындағы спортшылардағыға қарағанда (3,5%) айтарлықтай көбірек.
6 минутқа жүгірудегі сандық салыстырмалы өсімдердің PWC170 көрсеткіштеріндегі салыстырмалы өсімдермен тығыз үйлесетіндігін атай кеткен маңызды: эксперименттік топта жаттығудың 6 айлық кезеңінен кейін PWC170 көрсеткіштерінің өсімі 13% құрады және бақылау тобында 4,5%-ға тең болды. Бұл факт 6 минуттық жүгіру нәтижелері бойынша бағаланатын төзімділіктің артуы негізінен алғанда жас футболшылардың аэробтық көрсеткіштерінің артуы есебінен жүруі мүмкін болғандығын көрсетіп отыр. Тиісті жаттығу бағдарламаларын орындау нәтижесінде аэробтық қабілеттіліктің, яғни ОМТ-ның артуы әдетте жүрек көлемінің артуы және, тиісінше, максималды систолалық көлемнің артуы есебінен жүреді, өйткені жүрек қысқаруларының максималды жиілігі мен О2 бойынша максималды артериялық-веналық айырмашылық жаттығудың әсеріне кемірек ұшырап отырады /135/.
Субмаксималды қуаттылықтағы стандартты бұлшық етке күш түсірулер кезінде ұлғая түскен систолалық көлем, жаттықпаған адамдармен салыстырғанда, жаттыққан адамдарда жүрек қысқаруларының жиілігінің төмендеуімен ілесе жүреді. Ал енді субмаксималды күш түсірулер кезінде жүрек қысқаруы жиілігінің төмендеуі болса PWC170 көрсеткішінің артқанын білдіреді. Осылайша, 6 минутқа жүгіру мәліметтері бойынша бағаланатын төзімділіктің артуы ең алдымен жас футболшылардың аэробтық қабілетінің артуымен байланысты болды. Екінші жағынан алсақ, 6 минуттық жүгірудегі төзімділіктің біршама артуы анаэробтық (ең алдымен гликолиздік) қабілеттердің артуы есебінен де жүруі мүмкін болды. Мысалға, оның жаттығу алдындағы мәні 60 мл/кг мин болған кезде (біздің зерттеген жас футболшыларда дәл осындай мән болды) ОМТ-ның айтарлықтай (тіптен 10%-ға да) артуына қол жеткізу өте-мөте қиынға соғады /135/. Шындығын айтқанда, бұл балалар үшін емес, тек ересек спортшылар үшін көрсетілген.
Басқа тесттің (1000 м-ге жүгіру) нәтижелері жас футболшылардағы төзімділіктің артуының, сірә, негізінен алғанда аэробтық қабілеттің өсуі есебінен жүргендігін айтып тұр. Істің мәнісі 1000 м жүгірудегі нәтиженің (бұл 6 минутқа жүгіруге қарағанда көбірек анаэробты қашықтық) эксперименттік топтың спортшыларында 5,1%-ға, ал бақылау тобында - 2,3%-ға артқандығында болып отыр. Егер төзімділікті 1500 м үнемі жүгіру арқылы жаттықтыру айтарлықтай шамада анаэробтық гликолиздік қабілеттіліктің өсуімен қамтамасыз етілген болса, онда бұл 1000 м секілді қашықтықтағы нәтижелердің өсіміне айтарлықтай әсер етуге тиіс болатын еді.
Солай бола тұрса да, 6 минут уақыт жүгіру мен 1000 м жүгіру нәтижелері арасында айтарлықтай тығыз корреляциялық байланыс бар. Эксперименттік топтың спортшыларында 6 минут ішінде жүгіріп өтетін қашықтық пен 1000 м жүгіру уақыты (1000 м жүгірудің орташа жылдамдығына кері шама) арасындағы корреляция коэффициенті -0,59-дан -0,82-ге дейін тең болды (жаттығудың 6 айлық кезеңіне дейін және одан кейін). Бақылау тобының жас спортшыларында дәл осы көрсеткіш -0,36 және -0,40 құрады. Ал жалпы алар болсақ, әртүрлі топтарда және зерттеудің әртүрлі жағдайлары үшін осыған ұқсас көрсеткіштер арасындағы корреляциялық байланыс -0,36-дан -0,82-ге дейін болды. Мұндай нәтижелер жас футболшылардың төзімділігін бағалау үшін осы тесттердің белгілі бір эквиваленттіоігін көрсетеді. Басқаша айтар болсақ, 12-13 жасар балалардағы төзімділікті 6 минутқа жүгірудің көмегімен де, 1000 м жүгірудің көмегімен де бағалауға болады. 6 минутқа және 1000 метрге жүгіру нәтижелерінің белгілі бір эквиваленттілігінің негізінде, бәлкім, көбінесе жұмыс істеп тұрған бұлшық еттердегі АТФ ресинтезделуінің дәл бір энергетикалық көзі – тотықтандырғыш фосфорлау жатқан секілді, өйткені жүгірудің шекті уақыты 3,5-6 минут болатын жүгіру қашықтықтары негізінен алғанда энергия өнімінің аэробты көздерінің есебінен қамтамасыз етіледі.
Осы жас футболшыларды зерттеуде 1500 метрге үнемі жүгіріп тұру арқылы төзімділікті жаттықтырудың 1000 м жүгіруге қарағанда, 6 минутқа жүгіру нәтижелерінің өсіміне көбірек шамада әсер ететіндігі анықталған. Бұл қарастырылып отырған жаттығулардың белгілі бір спецификалылығының көрінісі болып табылады. 6 минутқа және 1000 метрге жүгірудің спецификалылығының негізінде осы екі жаттығудың орындалуын қамтамасыз ететін анаэробтық энергетикалық процестердің әртүрлі үлесі жатыр деп ойлауымызға болады (12-13 жасар балаларда 1000 м-ге жүгіру шамамен алғанда 3,5-4 минутқа созылады).
Осы зерттеуде PWC170 көрсеткіштері мен 6 минутқа жүгіру нәтижелері арасында жас футболшыларда тікелей байланыс бар екендігі анықталған: әртүрлі топтардағы және әртүрлі жағдайлар үшін корреляция коэффициенттері 0,56-дан 0,95-ке дейін құрады. Бұл 12-13 жасар футболшылардағы төзімділік көрсеткіші ретіндегі PWC170 көрсеткішінің жоғары сенімділігі туралы қорытынды жасауымызға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге PWC170 көрсеткіші мен 6 минутқа жүгіру нәтижесі арасындағы байланыс төзімділікті жаттықтырудың әсерімен біршама өзгерді. Осы көрсеткіштердің байланысының өзгеруі дәл бір PWC170 көрсеткіші кезінде 6 минутқа жүгірудегі нәтиженің біршама өскенінен тұрды. Бұл күтпеген жағдай емес, өйткені 6 минут ішінде жүгіріп өтетін қашықтықтың артуы, сірә, тек қана аэробтық қана емес, ішінара анаэробтық та (гликолиздік) энергия өндірудің есебінен жүретін болар. 6 минуттық жүгіруде нәтиженің анаэробтық (гликолиздік) энергия өндіру есебінен өсімі болса PWC170 көрсеткішіне әсер етпейді. Осылайша, егер жаттықтырушыға жас спортшының төзімділігін өте дәл бағалау қажет емес болса, ол PWC170 көрсеткішін өлшеуді қолдана алады. Егер де мәселе іріктеп алу, ойын амплуасын таңдап алу және т.с. жөнінде болса, онда 6 минутқа жүгіруде тестілеу арқылы, төзімділікті тікелей өлшеуге басымдылық берген жөн.
Оттегін тасымалдау мүмкіндіктері, егер шешуші немесе тіптен толық шамада болмаса да, айтарлықтай шамада ересек адамдардың төзімділігін анықтайды /53,73/. Осы жұмыста мұның 12-13 жасар балаларға да қатысы бар екендігі көрсетілген. Оттегін максималды тұтыну мен 6 минутқа жүгіру нәтижесі арасындағы корреляция коэффициенті әртүрлі топтардағы сыналушыларда 0,6-0,7-ге тең болды. Алайда, ОМТ мен төзімділік арасындағы тығыз байланысқа қарамастан, тіптен максималды аэробты қуаттылықты тікелей өлшеудің өзі жас футболшыларда 6 минутқа жүгіруге немесе 1500 м және одан да көбірек қашықтыққа жүгіруге ұқсас педагогикалық тесттерді алмастыра алмас. Істің мәнісі осындай тесттер арқылы ішінара анаэробтық (гликолиздік) қабілеттер мен психологиялық қабілеттер (мәселен, шаршап-шалдығуды немесе тіптен жұмыс істеп тұрған бұлшық еттердегі ауыру сезімін жеңіп шығу, оларға шыдау секілді) анықталатындығында болып отыр, мұның өзі спорттық практика үшін жалпы
алғанда маңызды болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет