Дипломдық ЖҰмыс 5В010800- мамандығы Дене шынықтыру және спорт мазмұны кіріспе 7



бет2/22
Дата29.04.2023
өлшемі2.01 Mb.
#473008
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
dip -zhas-futbolshylardyn-tozimdilikke-tarbieleu-dayyndygynyn-adistemesi-2015-53

Зерттеудің мақсаты.Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы жалпы төзімділікті тәрбиелеу мақсатында 12-13 жасар жас футболшыларда алғаш рет ұзаққа созылған (6 ай) кешенді педагогикалық эксперимент жүзеге асырылғандығында болып отыр. Жалпы төзімділікті арттыру мүмкіндіктерін және оның артуының жас футболшылардың техникалық даярлығына және дене қабілеттерінің дамуына әсерін зерттеу жұмыстары жүргізілген.
Қорғауға шығарылып отырған ережелер:
1) Аэробты-анаэробты сипаттағы қарқынды жүгіру жаттығуларын 12-13 жасар жас футболшыларда төзімділікті тиімді тәрбиелеу үшін пайдаланудың мақсатқа лайықтылығын, көкейге қонымдылығын эксперимент түрінде негіздеу;
2) 12-13 жасар жас футболшылардың организмінің төзімділігі мен жұмысқа қабілеттілігінің әртүрлі көрсеткіштері арасындағы байланыстарды экспериментті зерттеуге педагогикалық талдау жасау.


1 ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ТӨЗІМДІЛІГІН ТӘРБИЕЛЕУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ


1.1 Футбол ойынының сипаттамасы

Футбол адамның жан-жақты дамуына ең көп дәрежеде ықпал ететін және сонымен қатар оның организміне ерекше жоғары талаптар қоятын спорт түрлеріне жатады. Физиологиялық сипаты бойынша футбол ойыны қуаттылығы үнемі (максималдыдан қалыптыға дейін) өзгеріп отыратын ациклді, көбінесе динамикалы жұмыс болып табылады. Ойын кезінде қарқындылығы мен ұзақтығы бойынша әртүрлі жаттығулар әртүрлі реттілікпен және қатынаспен, әртүрлі уақыт аралықтарымен кезектесіп отырады /58,62/.


Футболшының қозғалыс белсенділігі өте алуан түрлі және күрделі болып келеді. Ойыншылар ойын барысында доппен 45-тен 110 ретке дейін кездесіп, оған 40 с-тан 200 с дейін иелік етеді. Бұл кезде ойынның 90 минутында футболшы мыналарды орындайды: оқыс алға ұмтылыстар - 48-ден 78-ге дейін (2,03-2,30 мин); жылдамдатулар - 40-тан 62 дейін (2,25-2,50 мин); жүгіріп өтулер - 224-тен 310 дейін (30,05-32 мин); секірулер - 1-ден 15 дейін (0,03 с); доп үшін тартыс - 210-нан 262 дейін (50,1-53,5 с); тұру - 7-ден 20 дейін (0,53-1 мин). Ойыншылар максималды жылдамдықпен өтетін ең жиі қашықтық 7-ден 15 м дейінгі үзіктер болып табылады /65/.
Соңғы жылдардағы футболдың даму тенденциясы ең мықты футболшылардағы жұмысқа қабілеттіліктің жоғары деңгейімен сипатталады, ол жүгіру жұмысының үлкен көлемін орындаудан көрінісін табады: 90 мин ішінде (жүгірудің әртүрлі жылдамдығымен) 5200 м-ден 7800 м дейінгі қашықтықты өтеді екен, оның 1330-2715 м субмаксималды және максималды жылдамдықпен /64/.
Қазіргі спортқа тән ерекшелік үлкен спорт аренасына балғын спортшылардың шығуы болып табылады. Қазіргі кезде спорттың көпшілік түрінде, оның ішінде футболда да, жаттығу сабақтары біліктілігі жоғары да, балғын спортшылармен де жыл бойы, күніне екі, үш реттен жүргізіледі. Жаттығудың ұзақтығы 3 және одан да көп сағат құрауы мүмкін. Осындай жаттығу сабақтарының, әдетте, мектептегі қарқынды ой жұмысының аясында жүргізілетіндігін атай кеткен жөн. Осының бәрі организмге айтарлықтай шамадан тыс күш түсіріп, денсаулыққа әсерін тигізіп, балғын спортшыларға үлкен спортқа барар жолды жауып тастауы ықтимал.
Ойын барысындағы жас футболшылардың орын ауыстырулары мыналардан құралады: әрқайсысының ұзақтығы 2-4 с болатын, максималды қарқындылықпен 16-20 қысқа, оқыс алға ұмтылыс, бұл жалпы алғанда ойын ішінде 0,50-1,1 мин құрайды; әрқайсысының ұзақтығы 3-6 с болатын, орташа қарқындылықпен 25-30 қысқа, оқыс алға ұмтылыс, бұл жалпы алғанда 2,0-2,30 мин құрайды; жалпы ұзақтығы 30-36 мин болатын баяу жүгіріс; жалпы ұзақтығы 32-35 мин болатын жүру және бір орында тұру. Ойын ішінде жұмыс картасы мыналарды орындайды: соққылар (аяқпен және баспен) - 28-36 рет, допты тоқтатулар - 8-12 рет, допты лақтыру (жартылай қорғаушылар) -4-6 рет, допты алып жүру - 4-5 рет, алдап өту - 5-6 рет, доп үшін тартыс - 8-10 рет, ойын ішінде доппен жалпы алғанда 1,20-1,40 мин өзара әрекеттеседі /119/. Футболшылардағы максималды немесе максималдының маңындағы қарқындылықпен жылдамдатулардың қосынды көлемі спринтер-жеңіл атлеттердің жаттығудағы күш салуларымен пара-пар болып келеді /6,59,74,104,108,109/.
Ойын әрекетінің қарқындылығын зерттеулер ойынның 75-80% уақытында жарыста күш салудың аэробты өнімділік аймағында болатындығын көрсетті. Дәл осы жағдай жас футболшылардағы жалпы (аэробты) төзімділікті зерттеу нәтижелерінің өзектілігін анықтап отыр /55/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет