Дипломдық ЖҰмыс 5В011100 «Информатика»



бет14/15
Дата04.10.2022
өлшемі1.75 Mb.
#461928
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Битас Серикболат 1

Қорытынды


Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті ел ретінде даму стратегиясы Елбасының Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында атап өтілгендей, қоғамымыздың басым міндеттерінің бірінің жүзеге асырылуы – халықтың компьютерлік сауаттылығын қалыптастырумен байланысты. Мемлекет барлық деңгейдегі техникалық және технологиялық білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шараларды қолдауда. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына осы жолдауы тың ойларға жетелейді. Елбасы өз Жолдауында XXI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау мәселесіне аса көңіл бөлуі еліміздің әлеуметтік экономикалық даму жолындағы тағы бір белестен асып, көздеген межеге жақындап келе жатқанымызды білдіреді .


Қазіргі кезде қоғам әрекеттерінің барлық саласында компьютер көмегімен ақпараттық ресурстар жасалынып жатыр. Олар тауар-ақша қатынасына кіреді және материалдық, инновациялық, энергиялық және еңбек ресурстарымен қатар индустриялық үрдістерге де белсенді қатысады. Яғни ХХІ ғасыр бүкіл дүние жүзін ақпаратты қоғамға көшірумен басталды. Оған қоғамдағы барлық білім, ғылым, экономика, басқару салаларды ақпараттандыру арқылы қол жеткізуге болатындығы белгілі.
Біздің елде осы мәселелердің маңызды екендігі және оларды шешу керектігі тұралы жалпы түсінік бар. Мұның барлығы тек техникалық құралдарды көбейтуге емес, жоғары білікті мамандарды дайындауға да байланысты. Сондықтан да қазіргі кезде әр бір маманның іс-әрекеті осы ақпараттандыруды талдай және жаңа информациялық технологияларды дұрыс пайдалана білуге көп тәуелді.
Интернеттің WWW қызметінен кеңінен пайдалану арқасында IT-технологияларды меңгеру қажеттілігімен қатар мультимедиялық электрондық оқулықтарды құру мәселесі туындады. Мұның барлығы, электрондық оқулық құрушылардың html-форматта контент дайындауды өңдеуге арналған қосымша топ тартуын талап етеді. Бұл жобаның мақсаты электронды оқыту құралын құруда бағдарламашының жұмысын автоматтандыру және оның аталған үрдісте қатысуын азайту болып табылады.
Мұндай құрылған бағдарлама әсіресе Интернетте электронды оқыту бағдарламасын құру технологиясын жетiлдiруге және көптеген пайдаланушыға білімін көтеруге көмектеседі.
Диплом жұмысын қорытындыласақ, визуалды бағдарламалау ортасының компьютерлiк оқыту құралын оқу процесiнде пайдалану, оны басқару мен бақылауды жеңiлдетуге, студенттiң курсты игерудегi ебдейлiгi мен дағдысының жылдам қалыптасуына және студенттiң компьютермен үздіксіз байланыста болуын қамтамасыз етедi. Компьютерлiк оқыту құралының құрамындағы теориялық материалдар, тапсырмалар, олардың арасындағы интерактивтiлiк пен тақырыптық-логикалық байла­ныстар, қайталанбайтын көпнұсқалы тапсырмалар жоғарыда аталған мақсаттарға жетудiң тиiмдi де қысқа жолы деп санаймыз.
Сонымен визуалды бағдарламалау ортасының компьютерлiк оқыту құралдары:

  • курсты оқудың мақсатымен таныстыру, оның мазмұны мен құрылымын түсiну;

  • курсты игеру мақсатында берiлетiн түрлі деңгейдегi лаборато­рия­лық жұмыстарды орындау;

  • студенттiң түрлі есептердi шешудегi дағды мен ебдейлiгiн қадлыптастыру;

  • эксперименттiк жұмыстар жасау даярлығын қалыптас­тыру;

  • шығармашылық деңгейдегi есептердi шешу қабiлетiн қалып­тас­тыру;

  • iскерлiктi, дағды мен ебдейлiктi бекiту, орнықтыру;

  • курсты игерудегi студенттiң бiлiм деңгейiн объективтi бағалау,

т.с.с. педагогикалық мәселелердi шеше алады.
Сонымен қатар компьютерлiк оқыту құралдары дәстүрлі оқыту жүйелерiне қарағанда келесi артықшылықтарға ие: студентке өзiне ыңғайлы уақытта оқу жылдамдығын өз қалауынша таңдауға және оқу материалын өз бетiнше игеруге мүмкіндiк бередi; курс мазмұнындағы зерттелетiн объектiлер мен процестердi көр­некi мульти­медиялық формада бейнелеуге мүмкіндiк бередi; тапсырмалар мен оқу материалдарын оқушының бiлiм деңгейiне сай беру оқыту процесiндегi дараландыру әдiсiн жоғары деңгейде жұзеге асырады; бiлiктiлiк пен дағдыны автоматы түрде бақылау жүйесi оқушының бiлiмiн объективтi түрде бағалауға мүмкіндiк бередi; қайталанбайтын көпнұсқалы және ерекше жағдайларға арналған тапсырмалар жүйесi оқушының шығармашылық қабiлетiн арттырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет