Философияның ҚЫСҚаша тарихы. Сократтан дерридаға дейін



Pdf көрінісі
Дата03.04.2024
өлшемі0.82 Mb.
#497458
filosofiyany-ysasha-tarihy-sokrattan-derridaa-deyn 3 lecture



3-дәріс
Сократ пен Платон: от пен күн. 3-бөлім
1-тарау. Антикалық философия
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
АШЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯНЫҢ ҚЫСҚАША 
ТАРИХЫ.
СОКРАТТАН ДЕРРИДАҒА ДЕЙІН


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін
1. Антикалық философия
3. Сократ пен Платон: от пен күн. 3-бөлім
2
Платон
Платон антикалық дәуірдегі өзінің философиялық жүйесін қалыптастырған алғашқы 
ойшыл. Оның философиялық жүйесінің өзегі – идея туралы ілімі. Ойшылдың болмыс туралы 
ілімі де, таным теориясы да, диалектикасы да, космологиясы да, этикасы мен эстетикасы да, 
адам, қоғам және мемлекет туралы көзқарастары да осы идеялар әлемімен тығыз байланысты. 
Платонның идеясы – материалдық және материалдық емес, сезімге тән және сезімнен тыс 
деген ажыратушылықтардың негізін қалады. Ойшылдың идеялар әлемі бұл сатылы түрде 
ұйымдастырылған жүйе. Оның ең жоғарғы биігінде Игіліктің абсолюттік идеясы орналасқан 
және идеялар туралы ілімі қазіргі заманғы түсініктегі адамзат баласының біртұтас рухани 
жады, жинақтаған білім қоры немесе ноосфера ұғымының мағынасына жақын түсінік. Оған 
сәйкес, материалдық заттар өзгермелі, тұрақты емес, уақыт өткен сайын құрдымға кетеді; 
айналадағы қоршаған орта да өзгермелі, уақытша, дербес субстанция ретінде өмір сүре 
алмайды; шын мәнінде тек таза идеялар ғана бар; таза идеялар мәңгі және тұрақты; кез келген 
зат пен құбылыс сол зат туралы алғашқы идеяның көрінісі, сұлбасы ғана. Материалды әлем 
идеялар әлемінің бейнесі болғандықтан, таным процесіннің негізгі объектісі таза идеялар бола 
алады. Оларды сезімдер арқылы тануға болмайды, тек ақылдың көмегімен тани аламыз.
Өмірі
Платон шамамен б.д.д 427 жылы Афинаның маңында, ақсүйектер отбасында дүниеге келді.
Әкесі Аристон жағынан Аттиканың соңғы патшасы Кодр тұқымынан шықса, анасы 
Периктиона жағынан ол б.з.д. VI ғасырда өмір сүрген атақты данышпан, заң шығарушы 
Солонмен туыстас. Оның шын аты Аристокл. Ал Платон деген есімді кең иықтылығының 
арқасында Сократтан алыпты-мыс деген аңыз бар. Ол заманына сай ақсүйектерге тән тәрбие 
алды. Бұл тәрбие дене еңбегі мен алыпсатарлықты айыптайтын. Дене еңбегімен шұғылданатын 
және сол үшін ақша алатындарды құлдар деп есептейтін, яғни еңбегін сататын адамды құл 
деген. Ол көп уақытын дене жаттығуыларын жасауға, күреспен шұғылдануға, ат үстінде жүруге 
арнайтын. Спортпен шұғылдану оның музыка мен бейнелеу өнері, драматургия және поэзиямен 
әуестенуіне кедергі жасамаған. Талантына сенген бозбала жастық шағында трагедия мен 
комедияға да қалам тартады. Оның жазған бір трагедиясын кезінде сахналамақ та болған.
Бірақ дәл сол кезде Сократпен кездесіп, дүниеге деген көзқарасы түбегейлі өзгереді.
Өзінің сол кезге дейін жазып-сызғандарының түкке тұрмайтын дүниелер екенін түсініп, 
өлеңдерін отқа өртейді. Платонның поэтикалық шығармаларынан бүгінгі күнге тек 25 
поэтикалық эпиграммасы жеткен.
Ол демократиялық үкіметті сынға алды, «кеме-мемлекетті» басқару үшін мықты билік керек 
деген саяси көзқарас ұстанды. Шамасы, осының бәрін Платон ақсүйек тегінен шыққандықтан 
емес, аянышты халге түскен және қираған демократиялық үкіметтің тұсында өмір сүруге тура 
келгенінен пайымдаған болар. Бізге жеткен деректер бойынша, Платон денелі азамат болған. Ол 
Пелопоннес соғысының соңғы бірнеше майданында шайқасқа түскен сияқты. Әуелі поэзияға, 
сурет өнеріне, әдебиетке құмар болды, бірақ, уақыт өте оның шығармашылыққа ұмтылысы 
басылып қалды. Платон – Сократтың шәкірті. Ол саясатпен айналысуға тиіс еді, бірақ, оның 
жас кезінде Афина олигархиясы саясатта қуғын-сүргін және зорлық-зомбылық жолын ұстанды. 
Осы жай болашақ ойшылдың ойын өзгерткен болуы да мүмкін. Сократты қайта өркендеген 
демократия билігінің өкілдері өлім жазасына кескен соң, Платонның саясаткерлерге сенімсіздігі 
бұрынғыдан да күшейе түсті. Ол Сократтың сотына қатысты және оны өлім жазасын қомақты 
айыппұлмен алмастыруға көндіруге тырысты. Платон тіпті ол үшін айыппұл төлеуге де дайын 
болды. Ауырып қалғандықтан, ол ұстазымен бақұлдаса алмады. Сократ өлімінен кейін Платон 
көп саяхаттады, басқа философтарды оқыды, ақыр соңында Афинаға қайта оралды. Есейген 
шағында ол Италия мен Сицилияға аттанды. Сиракуза қаласында Платон жергілікті тиранның 
отбасымен келіспей қалды. Олар Платонды жазалап, құлдыққа сатты. Кейінірек ақша 


3
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін
1. Антикалық философия
3. Сократ пен Платон: от пен күн. 3-бөлім
3
төлеп азаттық алып, Платон қайтадан Афинаға оралды. Осы жерде ол Еуропадағы алғашқы 
университет – Академияның негізін қалады.
Ойшылдың негізгі мақсаты – мемлекет қайраткерлері мен билеушілеріне білім беру еді. 
Оның оқу бағдарламасы бірден пайда беретіндей ғана емес, келешегі кең, көлемді болды. 
Академияда философия, математика, астрономия, физика ғылымдары және шешендік өнер 
оқытылды. Платон адамның өзі үшін білімге құныға ұмтылуын қолдап отырды. Оның ойынша, 
осындай білім алған билеуші ұсақ адам болмайды. Керісінше, ондай билеуші мәңгі және 
бұлжымас ақиқаттарға сүйену арқылы қорқынышсыз әрекет ететін, өзіне сенімді саясаткер 
болар еді. Ол Академияда дәріс оқыды, ал шәкірттері оның ойларын жазып алып отырды. 
Бұл дәрістер еш жерде жарияланған жоқ, жоғалып кетті. Оның біздің заманымызға жеткен 
сұхбаттары жарық көрді және көпшілік оқырман игілігіне айналды.
Платонның ең белгілі шәкірті – Аристотель, ол Академияға б.д.д. 367 жылы оқуға түсті. 
Ойшыл Сиракузаға одан кейін де екі рет барды. Сиракузаның жаңа билеушісіне ықпал ете 
аламын деп үміттенді. Бірақ оның «патша-философ» тәрбиелеп шығару туралы арманы жүзеге 
асқан жоқ. Платон б.д.д. 347 жылы Афинада дүниеден өтті. Ол үйленбеген деседі.
Платонның философиялық дүниетанымының қалыптасуы
Философия тарихында Платонның қалыптасуы, көбінесе оның ұстазы Сократтың есімімен 
байланыстырылады. Оның көптеген шығармаларының басты кейіпкері де Сократ болып 
келеді. Сондай-ақ Платонның шығу тегі туралы оның әкесі Аристон емес, Аполлон құдай деген 
де аңыз бар. Платонның өмірге келген күні мен дүниеден озған күні де гректердің Аполлон 
күні деп есептейтін қасиетті мерекелік күнімен сәйкес келеді екен. Сократ пен Платонның 
кездесуі де осы аңызбен байланысты, яғни Сократ онымен кездесетіннен біраз күн бұрын түс 
көреді. Түсінде оның тізесіне аққу келіп қонады. Ал аққу Аполлон құдайдың құсы саналады. 
Сондықтан алғашқы кездесуде өзі ауқатты ақсүйек отбасынан шыққан, жақсы білім алып, 
текті тәрбие көрген, спортпен шұғылданатын, поэзиямен әуестенетін ақынжанды жиырма жас 
шамасындағы Платонды көргенде ол мынау менің түсімде көрген аққуым ғой депті. Сөйтіп, 
Ол 20 жасында Сократпен танысып өзінің өмірінде үлкен бетбұрыс жасайды – өзінің өмірін 
толығынан философияға арнайды.
Жалпы Сократқа дейінгі философияның басты мәселесі дүниенің түпнегізін іздеу, әлемнің 
пайда болуы мен өмір сүруінің сырын түсіндіру сияқты табиғат философиясының мәселелері 
болатын. Олар табиғат пен ғарышты көзге көрінетін заттар және сезім мүшелері арқылы 
қабылданатын әлем ретінде түсінді. Оның пайда болуының себептерін жекелеген – су, ауа, 
от, топырақ, ыстық және суық сияқты жекелеген апаттар мен олардың қасиеттерінен бастау 
алады деп білді. Платон болса, әлемнің пайда болуы мен өмір сүруі, оны танып-білу мәселесіне 
таза ақыл-ойға негізделген рационалдылық тұрғысынан келіп, сезімдік таным аймағынан тыс 
жатқан, физикалық емес, тек таза ақыл-ойдың көмегімен танылатын кеңістік болып табылатын 
– мүлдем жаңа шынайылық әлемін ашады. Бұл болмыстың көзге көрінетін феноменалды 
және зерде арқылы ғана пайымдауға болатын метафизикалық аймақтары, басқаша айтқанда 
материалды және идеалды болмыстың болатыны туралы танымның қалыптасуына әкеледі. 
Осыдан бастап философия тарихында дүниедегі шынайы, мәңгі және ақиқат болмыс – материя, 
ол материалдық әлем, сезімдік таным арқылы танылатын заттар дүниесі деп есептейтін 
материализм мен шынайы болмыс, ақиқат дүние ешқандай материалды емес, түйсіктер 
арқылы танылмайды, оны тек таза ақыл-ой арқылы ғана біле аламыз, ол – идея, рух, сана, 
және ол бірінші, материалды әлем оның туындысы болып табылады деп есептейтін идеализм 
бағыты қалыптасты.
Зерттеушілер Платон шығармашылығын үш кезеңге бөледі. Бірінші кезеңде ол Сократтың 
шәкірті, соның идеясын насихаттаушы, шығармашылық мұратын алға апарушы ойшыл. Екінші 
кезең – оның Сократ ықпалынан бірте-бірте шығып, өз жүйесін, өз шығармашылық жолын 
негіздеуге ұмтылған кезең. Мұнда Платон болашақ идеяларын, әсіресе таным теориясын, 
диалектикалық ойлау әдісін қалыптастыруға айрықша күш салған ойшыл ретінде көрінеді. 


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін
1. Антикалық философия
3. Сократ пен Платон: от пен күн. 3-бөлім
4
Үшінші кезең – оның философиялық жүйесінің толығынан айқындалып, саяси-әлеуметтік 
көзқарасының кемеліне келген шағы.
Ойшылдың бұл кезеңдегі шығырмашылығында да Сократтың есімі кездеседі. Бірақ, ендігі 
жерде Сократтың айтқан идеяларының сыртында Платонның өзі тұр.
Платонның еңбектерінің ерекшелігі – ол оның бәрін сұхбат түрінде жазады. Екінші ерекшелігі, 
сұхбаттың негізгі кейіпкері – Сократ болып келеді. Платон өз ойларын осы Сократ кейіпі арқылы 
жеткізеді. Сонымен қатар өзін ешбір диалогтарға қатыстырмаған. Бірақ оның шеберлігі сол, ол 
бүтіндей дискурс түріндегі дүние болмысы жайлы мәңгі мәселелерді талқылаған заманының 
ұлы ойшылдары қатысатын сұхбаттарда өзі басты планға шығып та кетпей, тым тасада қалып 
та қоймай, шығарманың өн бойында бір сәтке қалмай, қапталдасып еріп отырады.
Деректерге қарағанда Платонның негізгі еңбектері ең танымал деген отыз алты диалог пен 
бірнеше хаттардан тұрады. Олар «Сократты ақтау», «Критон», «Мемлекет», «Федон», «Парменид», 
«Софист», «Заңдар», «Думан» т.с.с.
Платонға дейінгі танымал грек ойшылдарынан жекелеген фрагменттерден басқа ешқандай 
жазбаша мұра қалмағаны белгілі, яғни оған дейінгі ойшылдарың ғылым мен философияға 
қатысты ойларын замандастары немесе оларды зерттеушілер жазып қалдырған. Ал 
Платон алғашқы болып өз философиялық идеяларын диалогтар түріндегі философиялық 
шығармаларында өзі жазып қалдырған. Дегенмен олардың кейбірінің ойшылдікі екеніне 
күмәнданатындар да бар. Бірақ соған қарамастан зерттеушілер Платон шығармаларын 
жазылған уақыты мен идеясына, сондай-ақ қарастырған мәселелеріне байланысты бірнеше 
топқа бөледі. Осыған орай, оның шығармаларының бірінші тобына, яғни «сократтық» болып 
табылатын диалогтарына «Сократты ақтау», «Евтифрон», «Критон», «Хармид», «Лахес», 
«Протагор», «Менон», «Евтидем», «Горгийді» жатқызсақ, екінші тобына, сәл кейіндеу жазылған 
«Кратил», «Думан», «Федон» және де «Мемлекеттің» бірінші кітабын, ал үшінші тобына, 
«Мемлекеттің» қалған кітаптары мен «Федр», «Теэтет» және «Парменидті» айтуға болады. 
Ал соңғы, төртінші тобына, ойшылдың өмірінің соңында жазылған деп саналатын «Софист», 
«Саясаткер», «Филеб», «Тимей», «Критий» және «Заңдар» кіреді.
Бұл еңбектердің кейіпкері көбінесе Сократ болғанымен, оған қарап Платонға әсер еткен 
тек ол деп айтуға болмайды. Ойшыл өзіне дейінгі бүкіл грек философиясымен, сондай-ақ, Көне 
Мысыр пен Үндідегі мифология мен дін, ғылым мен философиядағы көптеген идеялармен таныс 
болған. Ол Сократпен кездеспей тұрып та заманының танымал ойшылдарының ілімдерімен 
танысқан. Ал Сократ өлім жазасына кесілгеннен кейін Платон б.д.д. 399 жылдан б.д.д. 387 
жылға дейін, яғни Афинаға келіп өзінің Академиясын ашқанға дейін, 12 жыл бойы саяхаттап, 
Мысыр мен Оңтүстік Италия, Сицилия жерлерін аралаған. Осы он екі жыл бойында ол көптеген 
адамдармен танысқан, ғылымның неше атасын оқып үйренген. Философиялық диалогтарының 
мазмұны ғана емес, атаулары да сол кезде көріп, танысқан Федр, Теэтет сияқты адамдардың 
есімдерімен аталған. Кейін де Платон талай рет саяхаттап, көптеген жерлерді аралаған. Сол 
білімдердің бәрін сараптау арқылы да өзінің ұлы философиялық жүйесін құрған. Атап айтқанда, 
оған кезінде Пифагор мектебі мен Элей философтарының, сондай-ақ, Гераклиттің және бірқатар 
софистердің ықпалы өте күшті болған.
Платон бірақ олардың идеяларын жай қабылдай салмаған. Ол өзінің идеялар туралы ілімін 
қалыптастыруда Гераклиттің де, Элей мектебі өкілдерінің де және Пифагордың идеяларын да 
басшылыққа алған. Атап айтқанда, көне үнділерден бастау алатын Пифагор мектебінің жан 
өлмейді, мәңгі деген идеясының оның мәңгі өмір сүретін, нағыз болмыс деп есептеген идеялар 
туралы ілімімен сәйкес келетінін көреміз. Ал Гераклит пен Элей мектебі, нақтырақ айтсақ, 
Парменидтің болмыс туралы көзқарастарының біріне-бірі қарама-қарсы екенін білеміз.
Мәселен, Гераклит дүниені үнемі дамуда, өзгерісте, ештеңе бір орында тұрмайды, бәрі де 
ағын үстінде десе, Парменид керісінше, болмыс деп қозғалмайтын, тұрақты, өзіне өзі барабар, 
мәңгі, көлемі бойынша шар тәріздес нәрсені айтады, яғни бірі дүниенің үнемі өзгерісте, дамуда 
екенін мойындап, диалектикалық көзқарасты ұстанса, екіншісі, керісінше, дүниені дамымайтын, 
өзгермейтін, қозғалмайтын, мәңгі деген метафизикалық көзқарасты ұстанады. Ол осы екі 
көзқарасты алып, өзінің мәңгі өмір сүретін идеялар туралы ілімі мен сол идеялардың көрінісі, 
бірақ идеялар сияқты мәңгі, ақиқат, абзал дүние емес, бүгін бар, ертең жоқ, тұрақсыз, үнемі 
қалыптасу үстіндегі көрнеу болмыс ретінде өмір сүретін шындық деп дүниені екіге бөледі. 


5
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін
1. Антикалық философия
3. Сократ пен Платон: от пен күн. 3-бөлім
5
Сөйтіп, Гераклит пен Парменидтің біріне-бірі қарама-қарсы дүние жайлы көзқарастарын 
біріктіріп, өз ілімін жасайды. Яғни Гераклиттің «Бәрі де ағым», «бітпейтін өзгеріс» деген 
идеясын толық қабылдайды, бірақ тек ол біз өмір сүріп жатқан дүниеге тән. Ал Элей мектебінің 
қозғалмайтын, мәңгі, бір болмыс идеясы оның ақиқат болмыс болып табылатын идеялар әлемі 
туралы көзқарасымен сәйкес келеді.
Платонға сонымен қатар, Сократтың моральдық философиясы, оның негізгі ұғымдары 
мен құндылықтары – Ақиқат, Ізгілік, Әсемдік туралы идеялары да үлкен ықпал еткен және 
де Пифагордың сандық философиясынан шығатын өлшемдік ұғымы да математиканы аса 
жоғары бағалаған ойшылдың философиялық көзқарасына өз ықпалын тигізген.
Ол философияның метафизика, эпистемология және саясат философиясы бөлімдеріне 
елеулі үлес қосты. Осы салалардың бәрінде Платонға Сократтың ілімі қатты ықпал етті. Ойшыл 
демократия ұғымына мүлде сенген жоқ.
Демократия өкілдерінің Сократты аяусыз жазалауы оған үлкен соққы болып тигені анық. 
Платон да ұстазы сияқты демагогияны сынға алды.
Платонның идеялар туралы ілімі: өзгермелілік және тұрақтылық
Платонның философия саласында жасаған төңкерісі – оның «Эйдос» әлемін ашқаны. 
Оны сезімдік таным қанағаттандырмайды, өйткені Дүние – ағым, заттар өне бойы өзгерісте, 
тұрақсыз. Ал біз өзіміздің білімімізде тұрақтылыққа, жалпыға ортақ, өзгермейтін ұғымдар 
жасауға, яғни Дүниені түсінуге тырысамыз. Ал ондай білімді біз бұл сезімдік әлемнен таба 
алмаймыз. Олай болса, оның қайнар көзі «Шынайы болмыста» – Эйдос әлемінде, «қол 
астындағы болмыстан» оны көре алмаймыз. Біз Платонның бұл жаңалығының негіздемелерін 
оның әртүрлі диалогтарындағы Әсемдік, Ізгілік, Әділеттілік, Батылдылық т.с.с. ұғымдарды 
Сократтың атынан талдағанда көреміз.
«Үлкен Гиппий» деген диалогында Сократ мынандай сұрақ қояды: «Расында да, ізгіліктен 
барлық ізгі істер, әділеттіліктен барлық әділеттік, әсемдіктен барлық әсем заттар тумай ма?, – 
Әрине, – деп жауап береді Гиппий. – Әсемдік ол әсем қыз, мысалы. Оған Сократ: «Неге әсем бие, 
иә әсем құмыра емес?» – деген сұрақ қояды. Әрбір зат бір жағынан әсем, екінші жағынан, басқа 
заттармен салыстырсақ, ұсқынсыз болуы мүмкін. Ал бізге барлық заттарға ортақ жалпы әсемдік 
керек қой. Гиппий оны алтыннан, басқа заттардан, неше түрлі моральдық құндылықтардан 
іздейді, бірақ таба алмайды. Платонның көзқарасы бойынша, заттардың әсемдігі – әсемдік 
идеясында жатыр. Оның қайнар көзі – «Эйдос әлемінде». Сонымен, сезімдік әлемнен басқа 
тұрақты, мәңгі қозғалмайтын, кемеліне келген басқа әлем – идеялар әлемі бар екен. Егер бұл 
әлемдегі заттар сезім арқылы танылса, онда ақыл-оймен танылатын ұғымдарға идея әлемі 
сәйкес келуі керек. Олай болса, идеялар – ой емес, ойдың зерттейтін пәні, ол – шынайы болмыс. 
Идея заттардың терең мәнін құрайды, оның бітімін қалыптастырады, сол себептен оны Дүниеге 
әкеледі, оның «парадигмасын» құрайды.
Платон заттардың өздігінен белгілі болып тұруына мүмкіндік беретін тұрақты, мәңгі 
тиянақты болатын әлденені құштарлана іздеді. Оның айналасындағының бәрі үнемі 
қозғалыста болып, өзгеріп отырды. Гераклит дүниенің өзгермелілігін: «Болған нәрсе сол 
қалпында қайталанбайды. Мәңгі тірі нәрсе ғана тұрақты болған», – деп көрсетті. Парменид 
сезімдер алдамшы деп тұжырымдады. Ақиқат болмыс қана – біртұтас. Ол барлық жерде бар. 
Ойлауға болатынның бәрі өмір сүруі тиіс, себебі нақты объектісіз ой жоқ. Егер қандай да бір зат 
немесе құбылыс туралы ойлауға болатын болса, онда бұл зат немесе құбылыс мәңгі өмір сүруі 
тиіс. Дүниеде қайтадан қалыптасатын, өзгеретін және мәңгілікке жоғалатын ештеңе болған 
жоқ. Менің тіземдегі тыртық кішкентай кезімде құлап қалған соң пайда болды. Содан бері 
денем өсті, бірақ тыртық қалды. Неге? Платон заттардың өзгермелілігін қабылдауды олардың 
тұрақтылығын дәлелдеумен үйлестіруге тырысты.


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін
1. Антикалық философия
3. Сократ пен Платон: от пен күн. 3-бөлім
6
Идеялар әлемі және материалдық дүние
Ал идеялар әлемі бар болса, ол қай жерде екен деген сұрақ заңды түрде пайда болады. 
Оның орнын Платон «Гиперуранияда – ол аспаннан да жоғары орналасқан», – дейді. Олай 
болса, ол материалдық әлемнен басқа, оны тек ақыл-оймен ғана түсінуге болады.
Платон идеялар әлемін белгілі бір жүйе ретінде қарайды. Олай болса, оның төменгі және 
жоғары дәрежеде орналасқан құрамдас бөліктері бар. Жүйенің ең шыңында ізгілік идеясы 
орналасқан. Ол Бірліктің көрінісі. Оған қарсы тұрған екінші бастау – ол Диада – шексіз 
көптіктің бастауы, – үлкен мен кішкентайдың, шексіз үлкен мен шексіз азды қамтиды. Осы екі 
бастаудың қосылысы идея әлемін құрайды. Әрбір идея – бір жағынан шексіз, екінші жағынан 
шектелген. Бірақ әңгіменің ең қиындығы – идея әлемі материалдық Дүниені қалай тудырады? 
Материалдық емес нәрсе – материалдық сезімдік өзгеріп жатқан әлемді қалайша дүниеге 
әкеледі?
Платонның ойынша, материя – мәңгілік өзімен-өзі өмір сүріп жатқан енжар нәрсе. Оны 
хаостық жағдайдан космосқа, тәртіпке келтірілген Дүниеге әкелген Демиург. Ол идеалды 
әлемді үлгі ретінде алып, материяға бітім беріп, бұл Дүниені тудырды.
Идея әлемі – парадигма – ол мәңгі, алғашқы, Демиург та Құдай ретінде мәңгі, бірақ сезімдік 
әлем, түп нұсқа емес, жасалған, көшірме болғаннан кейін – өтпелі, жалған, көлеңке.
Әрине, бүгінгі таңдағы білім тұрғысынан біз Платонның идея әлемін қатты сынға ала 
аламыз. Әрбір Дүниедегі жеке заттың тек өзіне ғана тән жақтары мен бірге басқа заттарға оны 
жақындататын жалпы жақтары бар. Адам таным процесінде заттардың жалпы қасиеттерін 
зерттеп, оны белгілейтін ұғымдарды туғызады. Оны адам тіл арқылы береді. Олай болса, әрбір 
сөз Дүниені жалпылайды, әсіресе, ғылыми ұғымдар. Мысалы, адам ұғымы жер бетінде өмір 
сүріп жатқан бірнеше миллиард адамзатты қамтиды. Нақтылы жеке адам Дүниеге келіп, кетуі 
мүмкін, ал адам ұғымы қала береді. Бірақ осы нақтылы тірі өмір сүріп жатқан адамдар болмаса, 
онда адам ұғымы да болмас еді.
Мәселе Платонның идеалдық әлемінде емес, әңгіме сол идеялар әлемін тудыратын 
ұғымдарда. Одан кейін ұғымдарды зерттеу, олардың табиғатын ашу, бір-бірімен байланысын 
көрсету – философияның негізгі мәселелерінің біріне айналды.
Осыған байланысты да біз Платон мен Аристотельден бері ғылыми таным мәселесі ортаға 
қойылды деп есептейміз. Ол ғылым тілі – ұғымдар әлемін ашып, интеллектуалдық әрекет 
деп ұғымдарды қолдану арқылы іске асатын ой қызметін анықтады. Аристотель де ұстазы 
секілді ғылыми таным деп – ұғымдар арқылы жүзеге асқан танымды айтты, яғни мұндағы 
ұғым дегеніміз, қазіргі тілмен айтқанда – жекелеген заттар мен құбылыстардың мәніне өтуге, 
оны терең зерттеп білуге мүмкіндік беретін, олардың жалпы, мәндi қасиеттерi мен белгiлерiн 
бейнелейтiн ойдың формасы немесе тиімді құралдар. Осы ғылым тілінің қалыптасуымен, 
ертедегілердің әлі де бөліне қоймаған, адам-әлем, табиғат, өмір – біртұтас, айнала дүние, 
болмыс жайлы түсініктері абстрактілік ойлаудың көмегімен ғылыми таным объектісі ретінде 
бөліп алынып, зерделене бастады.
Үңгір аллегориясы
Өзінің идеялар әлемі түсінікті болуы үшін Платон «Үңгір жөніндегі аңызды» пайдаланады. 
Соңында бұл аңыз метафизика, гносеология және диалектиканың символына айналды.
Көзімізге үңгірде, я болмаса зынданда, аяқ-қолы байланған адамдарды елестетейік. Үңгірдің 
аузы күншығысқа қараған, сондықтан оның сәулелері сондағы адамдар қарап отырған жаққа 
түсіп тұр. Жер бетінде керуен кетіп бара жатыр, адамдар әртүрлі заттарды көтеріп бір-бірімен 
сөйлесіп келеді.
Үңгірде қамалған адамдарға солардың қозғалып бара жатқан көлеңкелері көрінеді, 
түсініксіз күңгірт дыбыстар естіледі. Олар жер бетінде шын өмір барын білмейді, сол көлеңкенің 
өзін шын өмір екен ғой деп есептейді. Бірақ сол қамалған адамдардың біреуі ойланып-толғанып, 
ақырында өзінің көлеңке әлемінде тұрып жатқанын түсінуі мүмкін. Ал екіншісі, аяқ-қолын 


7
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін
1. Антикалық философия
3. Сократ пен Платон: от пен күн. 3-бөлім
7
қалайда шешіп, үңгірдің сыртына шығып, күн көзінің сәулесіне көздері үйренгеннен кейін 
шынайы өмірдегі адамдарды, заттарды, соңында жарқырап тұрған күннің өзін көреді.
Үңгір аңызынан қандай философиялық тұжырымдар жасауға болады? Біріншіден, 
болмыстың әртүрлі деңгейлігі жөнінде – сезімдік болмыс пен құдіретті болмыстың бар екендігі; 
үңгірдің ішіндегі көлеңкелер – сезімдік әлем, ал жер бетіндегі адамдар мен заттар – нағыз 
болмысты құдіретті әлемді көрсетеді, ал күн – ол ізгілікті көрсететін идея. Екіншіден, танымның 
деңгейлерін байқауға болады – ол сезімдік таным, ақыл-оймен тану, интуитивтік жолмен соңғы 
себептерге жету. Үшіншіден, бұл аңыздың моральдық, аксиологиялық жағын да байқауға 
болады. Өмірде тек қана сезім толқынының шеңберінде болу – ол үңгірдегі өмір. Рухани өмір 
сатысына көтерілу – ол нағыз болмыс әлеміне көтерілумен тең. Ал күннің өзін көріп тамашалау 
– ол құдіретті күшті көрумен тең.
Басқаша айтқанда, Платон бізді қоршаған заттардың мәнін солар туралы терең ойлағанда, 
соларды өзіміздің ақыл-ойымызбен игергенде ғана түсінетінімізге сенімді болды. Бұл 
біршама қиын шаруа және аз ғана уақыт ішінде жүзеге асыру мүмкін емес. Ол нақты дүние 
біздің қабылдауымыз бен түсінуімізден сыртқары жатқанын көрсеткісі келді. Платонның 
ойынша, адамдардың басым көпшілігіне қоршаған ортаны алғашқы сәтте қалай байқаса, 
сол күйінде қабылдау дағдысы тән. Ол мұны қанағат тұтпады. Қарапайым адамның әдеті 
саналатын қандай да бір объектінің сыртқы қасиеттерін бейқам да үстірт қабылдау дағдысы 
мен философтың әдісі саналатын нақты дүниенің мәні туралы терең пайымдау дағдысы 
арасындағы айырмашылықтарды көрсетуге ұмтылды. Платон хикаяны баяндады. Кейде ол 
«игі өтірік» деп көрсетіледі. Бұл – осы хикая қоспасыз шындық емес, бірақ жағдайдың қалай 
болғанын көрсетеді деген сөз. «Үңгір аллегориясы» деген осы. Платон адамдардың көбі үңгірдегі 
адамдарға ұқсайтынын айтады. Олар үңгірдің артқы қабырғасына қарайды. Адамдардың 
артында аласа қабырға бар. Заттардың бәрі соны жағалай орналасқан. Осы аласа қабырғаның 
арғы жағында от жанып тұр. Үңгір қабырғасына қарсы отырған адамдар не көреді? Олар 
үңгірдің артқы қабырғасына осы заттардан түскен көлеңкені көреді. Бірақ бұлай емес қой. 
Заттардың қандай екенін көру үшін адам күн сәулесі түсіп тұрған жерге шығуға тиіс. Алайда 
біздің жарыққа шыққымыз келе ме? Адамдардың көбі үңгірде отыра беруге үйреніп алған. 
Олар сыртқа шығуға қорқады. Өздеріне салсаңыз, олар аса жайлы жерде отыр. Оларға нақты 
дүниенің сыртқы белгілері жеткілікті. Заттарды шынайы күйінде көргісі келмейді. Көздеріне 
күн сәулесінің шағылысқанын қаламайды. Нақты дүниенің сыртқы белгілерін қабылдау мен 
олардың шынайы мәнін саналы түрде ұғыну үшін өмірін сарп етуге дайын философтар ғана 
– тіпті, өздері алғашқыда елестеткендей болмаса да, жарқыраған Күн астында әлемді өз 
бейнесінде көретін адамдар.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет