Дипломдық ЖҰмыс «5В050400 Журналистика»


ПУБЛИЦИСТИКА СӨЗ ӨНЕРІ РЕТІНДЕ



бет5/10
Дата05.07.2022
өлшемі117.41 Kb.
#459610
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Еркін Қыдыр - публицист СОҢҒЫ

ПУБЛИЦИСТИКА СӨЗ ӨНЕРІ РЕТІНДЕ

2.1 ПУБЛИЦИСТИКА – ҚОҒАМДЫҚ ИНСТИТУТ РЕТІНДЕ

Қазақ публицистикасының өзіндік даму тарихы бар. Сонау ауыз әдебиетінен нәр алып сусындаған публицистикамыз уақыт өткен сайын өзіндік жаңалықтарымен, ізденістерімен дараланып тұратын қаламгерлер шығармаларымен толығып отырды. Соның нәтижесінде әр кезеңдегі қазақ қаламгерлері қалыптасқан дәстүрлі арнаны жаңашылдық сипатта жан-жақты дамыта отырып, қазақ әдебиеті мен публицистикасына мол жаңалық әкелді. Қазақ публицистикасының төріне жаңа кейіпкерлер келді, олардың мінез-құлқы күрделенді, әр түрлі жанрда жазылған жаңа мазмұнды шығармалар қатары кеңейді. Кейіпкер бейнесін сомдауда, өмір шындығын көркем өрнектеуде соны көркем бейнелеу құралдары жасалды. Яғни публицистикадағы дәстүрлі арна жаңа сипат алды. Әдебиеттегі жаңашылдық – әрқашан асқан шеберлік пен зор таланттың нәтижесі, ол әдебиет пен өнердің өрісін кеңейте түседі. Тұрмыстың, қоғамдық тіршіліктің өзгеруіне, адамның өмір танудағы жаңа ұғым-түсініктеріне байланысты әдебиетте мазмұн мен түр жағынан жаңашыл шығармалар туады. Бұл тұрғыда кейбір дәстүрлік әдіс-тәсілдер сақталумен қатар жаңаша суреттеу, бейнелеу, сөз қолдану амалдары пайда болады. Әсіресе жаңа өзгерістер мен құбылыстарды аңғаратын соны бейнелеу құралдары жасалады. Бұл – әдебиеттегі жаңашылдықтың белгісі. Дәстүр мен жаңашылдық тек түрді, сыртқы өзгерістерді білдірумен қатар, ішкі мазмұнды бірдей қамтып, шығарманың идеялық-көркемдік немесе ұлттық сипатын жаңа сатыда елестетеді. Енген жаңалық әдебиетке сіңіп, дәстүрге айналып кетуі мүмкін. «Көркем творчество үнемі қозғалыс, даму үстіндегі күрделі әрі жанды процесс. Бұл процесте әр шынайы жаңашылдық өзінің сонылық қасиетін берік сақтай отырып, кейінгі дамуға да үлкен ықпалын тигізеді. Бұл ретте белгілі творчестволық озық жетістіктердің жаңашылдық өмірі мен дәстүрлік қызметі қатар басталады деуге болады. Нағыз дәстүрлік сипат алған көркемдік құбылыс әдеби дамуда бүтіндей жаңа серпіліс, жаңа белес дайындайды» [16,47]. ХХ ғасыр әлем әдебиеті адамның ішкі субъективтік әлеміне терең үңіле отырып, өмірді жаңа қырынан таныды. Әлем әдебиетінде туындап жатқан жаңаша көзқарастардың әсері қазақ прозасына да өз ықпалын тигізіп, қазақ көркем сөз өнері өсіп, дами түсті. «Әдебиет – өмір айнасы ғана емес, өз тарапынан жаңа әлемнің жасаушысы да» . Әдебиеттегі осындай ерекшеліктердің бірі лирикалық прозаның дамуына қатысты болды. Кез келген нәрсенің жоқтан пайда болмайтындығы сияқты бұл құбылыс та әдебиетімізгі өзіне дейінгі дәстүрді жалғастыра отырып келді.Бұл туралы Б.Майтанов: «Нағыз реалистік лиризм И.С.Тургенев, Н.Г.Кореленко, И.А.Буниндер шығармашылығында өзгеше стильдік бедер танытқаны мәлім. И.Паустовский табиғи және адам сұлулығын ерекше нәзіктікпен мөлдірлете суреттеуде романтикалық лиризм оңтайлылығын дәлелдейді»[20,36] деп жазады. Адам – қоғамдық та, рухани да құбылыс. Қоғамның дамуындағы өзгерістер адам санасына ықпал етпей қоймайды. Сол себепті адамның қоғамдық қыры мен индивид ретіндегі жеке психологиясы бір-біріне тәуелді қарастырылады. Адамның жеке басында жүріп жататын мінездік ерекшеліктер, ішкі қайшылықтар өміріндегі кейбір оқиғалар автордың концепциясынан туындайды. Автор кейіпкер арқылы өзі мұрат еткен идеяны жеткізуге тырысады. Сондықтан да кейіпкер бойындағы авторға тән кейбір мінез-құлықтар осыған байланысты. Ол көбіне кейіпкерді ішкі түйсігі арқылы сезініп, бағалап, жүйелеп, типтендіріп алып сомдайды. Адам табиғатына уақыт ағымы мен қоғамдығы ірі өзгерістердің тигізетін ықпал-әсері айрықша. Осыдан авторға айналған кейіпкер қоғам аясында жеке тіршілік ете бастайды. Әр жазушы үшін кейіпкер жанындағы нәзік те сырлы әрі лиризм, психологиялық күрделі құбылыстарды аша отырып, характер логикасына сай келетін шешімдер табу басты мақсаттың бірі болуға тиіс, кейіпкердің характері сонда ғана жан – жақты ашылады. Сонымен қатар, қазіргі әңгімелердің бір ерекшелігі кейіпкер саны екіден аса қоймайды, сондай – ақ, алдымен монологқа құрылады да диалогқа ұласатынын мысалдармен дәлелдедік. Терең психологизм дәлдігі, сенімділігі үшін монолог қандай қызмет атқарса, диалогтың да идеялық – көркемдік орны сондай үлкендігіне көз жеткіздік. Адамның мінез – қырларын белгілі бір сәттердегі сезім – күйлерін тапқыр әрі ұтымды, қысқа да мағыналы бейнелеуде диалогтың ерекше тәсіл екендігіне мән бердік [18,63]. Дегенмен қазіргі қазақ публицистикасы туралы да аз-кем айтпай кетуге болмас. Жалпы, ғалымдар публицистика мен сұлулықты қатар қойып жатады. Ш.Елеукенов сұлулықты туралы: «Сұлулыққа, әдемілікке табыну сезімі – тарихи қалыптасқан сезім. Эстетикалық ләззат сыртқы дүниенің әсерін бей-берекет қабылдаудан емес, оны белгілі бір жүйеде қабылдаудан тумақ» [6,36], – деп жазған екен. Яғни, ғалым адамның сыртқы ғана емес, ішкі сұлулығының маңыздылығын да меңзеп отыр. Әрине, сыртқы келбеттілік ішкі имандылықпен, ақылдылықпен, парасаттылық пен адамгершілікпен үйлескенде ғана шынайы сұлулыққа ұласпақ. Сондықтан жоғарыда аталған қазақ аруының образдары тек сыртқы сұлулықтарымен ғана ерекшеленеді екен деген ой туындамауы керек. Себебі олардың барлығы да ішкі және сыртқы әлемдерін бірдей үйлестіре білген қазақ қыздарының мәңгілік образдары. Сол мәңгілік қазақ әйелдерінің образын жасаушылардың бірі – Ғ.Мүсіреповтің өзі: «Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу-ақ: ой ұлылығы, сұлулық ұлылығы. Көркем айтылған ой – ұлы, ойландыра алған сұлулық – ұлы» [6,91], – деген екен. Яғни, бейнелерді дүниеге әкелуші осындай пікірде болса, оның образдарының бойында сұлулықпен қатар ұлылықтың болмауы мүмкін емес.Әдебиеттің ең басты өлшемі – көркемдік. Әдебиеттегі өмір қаламгердің ой сүзгісінен екшеліп шыққан көркемдік әлемі, әдебиеттегі адам – кейіпкер.Кез келген көркем прозада кейіпкерсіз шығарманың баянсыздығы баяғыдан белгілі жайт. Бұрын оқыған көркем прозаның атауын естігенде оның авторынан бұрын кейіпкерлер әлемі еске түсетіні сөзсіз. Ондағы кейіпкерлерді еске алғанда оны лезде жағымды кейіпкер немесе жағымсыз кейіпкер деп бөліп ала жөнелетініміз дәстүрлі жағдай. Кейіпкерлер әлемі оқырманын өзіне баулып, оны жетекке алып ертіп отыратыны анық [14,19]. Шығарма сонысымен шығарма, сонысымен құнды болмақ. Тіпті шығарманың кейде өз тілімен жатталып, кейде кейіпкер арқылы жатталып, кейіпкер арқылы есте қалатыны мәлім. Сонымен көркем прозаның оқырманға танылуы болсын, ары қарай шешімін табу жолы болсын кейіпкер арқылы жүзеге асады. Олай болса, әдебиеттегі кейіпкер ұғымына қысқаша тоқтала кеткеніміз жөн. Ақиқат өмірде адамның жан-дүниесіндегі өзгерістер, белгілі бір сәттегі көңіл ауаны, білім деңгейі, көзқарасы, қысқасы бүкіл болмысы оның сөзі, әрекеті арқылы танылатынын білеміз. Демек, сөз – адам жанының айнасы. Көркем шығармадағы кейіпкерлер сөзі де осындай маңыз иеленеді.Жалпы, қазіргі таңда, әдеби талдауда кейіпкерді қаһарман әдеби қаһарман деген терминмен қолданып жүрміз. Кейіпкер мазмұн мен идесның өзегі болып табылады. Себебі, автор бүкіл шығарманың құрылымын кейіпкер арқылы оқырманға жеткізеді. Бұл тұрғыдан алғанда кейіпкерге шығарманың тілдік әлемі де мағыналық әлемі де бағынышты болып келеді. Кейіпкер оқиғаның және сол оқиғалық құрылымның басты құралы болып табылады. Сезім, көңіл-күйге, яғни лирикалық шегіністерге құрылған туындыларда кейіпкер ролі аса байқала бермейді. Бұдан біз лирикалық шығармаларда кейіпкер мүлде жоқ деуге болмайды, әрине. Бұл жерде кейіпкердің нәзік символикалық, философиялық белгілері іске қосылады. Кейіпкер түсінігі – эпикалық және драмалық шығармаларды талдағанда байқалады. Өйткені бұл жанрдағы шығармалар негізін кейіпкерлер іс - әрекеті құрайды. Кейіпкер – көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам. Әдебиетте адамның көркем бейнесін жасағанда, жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әреекетін, мінезін сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттарымен бірге өзінің басына ғана тән ерекшеліктерді де анық байқалатындай етіп суреттейді. Көркем бейненің типтік өзгешелігі қоғамдық өмірдің ішкі сырын, мәнін ашып беру үшін қандай қажет болса, оның даралық, жекелік сипат-белгілері адам тұлғасын, іс-әрекетін, мінез-құлқын көзге айқын елестету үшін, нақтылық қалпында көріп-білу үшін сондайлық қажет. Көркем бейнеге тән типтік және даралық сипат ерекшеліктер – тұтас ұғым. Кейіпкердің іс-әрекетіндегі, мінезіндегі көптеген жекелік сипат –белгілер өзінің даралық, нақтылық қалпын сақтай отырып типтік мағынаға да ие бола алады. Кейіпкердің типтік бейнесін суреттеу үшін қоғам өмірді жан-жақты, терең зерттеп, білу шарт. Өйткені, көркем бейненің типтік қасиет-сипаты неғұрлым жоғары болғансайын, оның танымдық күші де соғұрлым арта түседі [15,37]. Үздіксіз көшкен уақыт толқыны әдебиет әлеміне өзіндік ерекшеліктер, тың жаңалықтар, заман талабына сай ойларын әкелуде. Бүгінгі таңда әдебиеттің өзегі кейіпкер ұғымының деңгейі қалай деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Қазақ әдебиетінің тарихына зер салар болсақ,әр дәуір, әр кезең өзіндік сарынымен, кейіпкерлер жүйесінің әртүрлілігімен ерекшеленеді. Заманына қарай адамы болса, шығармасына қарай кейіпкері қалыптасады. Сонау А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханов, содан соң М.Әуезов сынды замана суреткерлерінің шығармаларындағы кейіпкер бейнесі ағартушылық негізде дамыды. Ал соғыс жылдарындағы кейіпкерлер негізінен еңбек жүйесіне негізделіп сомдалды. Б.Майлин, С.Торайғыров сияқты ұлт жазушыларының сомдаған кейіпкерлері әйел теңсіздігіне қатысты болды. Ал қазіргі таңда оқырман жазушыдан мұндай кейіпкерлерді сұрамайды. Былайша айтқанда талап етпейді. Қазіргі оқырман жан дүниесіне жақын лирикалық кейіпкерді, сезімге негізделген кейіпкерлерді қалайды. Көркем шығармадан ғылыми техниканың дамығанына байланысты болды ма, жаңа талапға сай кейіпкердің кездесуі қазіргі кезде басым деуге болады. Жоғарыда айтқандай, заманына қарай адамның қазіргі кезде жан дүниесінде рухани құлдырау процесі жүріп жатыр. Сондықтан біздің дәуірдің, біздің ғасырдың адамдары ұзын шұбар, шытырман оқиғалы шығарманы, басынан проблемасы арылмаған кейіпкерді іздемейді. Қазіргі көркем шығармалар көлемінің шағындығымен, тілінің жеңілдігімен, кейіпкерінің айқын да анық суреттелуімен ерекшеленбек. Оқырманның қалауы да осы.Дәстүрлі шығармалар салмақты, сюжеті мен кейіпкерлер көптігі, күрделі құрылымы мен ұтымды тұжырымымен ерекшеленсе, бүгінгі таңда белең алған постмодернистік әдебиет бағыты автор қаламынан шағын көлемді, алайда нақты қоғам қажеттілігінен туған кейіпкерлер бейнесін жасауды талап етеді [25, 47]. Әдебиеттегі кейіпкер мәселесі, оның жасалу ерекшеліктері мен шығарманың көркемдік дәрежесі – әдебиет зерттеушілері мен сыншыларының басты назарында болып келе жатқан мөзекті мәселе. Уақыт талабына орай адамның өмірге деген көзқарасы, ой-санасы өзгеріп, өсіп, дамып отырады. Олай болса, көркем әдебиеттегі кейіпкер бейнесі үнемі даму үстінде.Кейіпкердің өмірдегі орны оның іс-әрекетімен, характерімен, өмірлік позициясымен айқындалатыны белгілі. Өмір сырлары қаншалықты күрделі болса, прозалық шығармадағы көркем характер де өзінің бар шындығымен суреттеледі. Яғни, көркем характер өмір шындығына негізделіп, адам образына байланысты туындайды. Адам ең алдымен жеке тұлға, оның өмірге деген өзіндік көзқарасы бар, ішкі рухани әлемі қалыптасқан. Кейіпкердің іс-әрекеті, жан дүние толғаныстары, сондай-ақ ойлары мен сөздері көп жайды аңғартады. Кейіпкер характерінің қалыптасуы өмір жағдайларына, уақытқа қатысты күрделі процесс үстінде көрінеді. Бұл ретте оған түрлі ситуациялар әсер етуі мүмкін. Жазушылар кейіпкерінің мінез-құлқын суреттеуде, оның тарихи әлеуметтік, рухани-мәдени жағдайларда алып көрсетеді [21,47]. Адам мен қоғам, адам мен табиғаттың ара қатынасы, соған орай түрлі қиыншылықтар мінез ашудағы елеулі факторлар болмақ.Өмір өткеліндегі қозғаушы күш, тіршілік тірегі адам, ал көркемдікпен тереңдік астасқан әдебиет әлеміндегі кемелдік иесі кейіпкер. Өмірді адамдарды кейіпкерсіз елестетуге болмайтыны секілді әдебиетті кейіпкерсіз елестету мүмкін емес. Проза мен поэзия, тіпті драма да дараланатын мәңгілік образдылықты арқалаған кейіпкер – әдебиеттің басты қазынасы.Төлен Әбдікұлының алдынғы тарауларда стильдік ерекшеліктеріне баса назар аудардық. Ендігі кезек автордың тілдік ізденістеріне келді. Қаламгер шығармасын оқырманға қызықты ету үшін айшықтау құралдарының ерекше түрлерін қолданып, жаңа ізденістерге жол ашады. Төлен Әбдікұлының қазіргі кездегі оқырманы бар жазушылардың қатарына кіруінің өзі оның тілінің, жазу стилінің ерекше екенін айқындайды. М.Горькийдің «Тіл – әдебиеттің басты мүшесі» және Фединнің «Сөз – шығарманың негізгі материалы»[14,47]деген сөздерден шығарманың тілін зерттеуден маңыздылығын байқаймыз. Өмір шындығы адамдар арасында қарапайым сөздер арқылы жүзеге асса, көркем әдебиетте көркемдік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Өйткені, оқырманның жазушыдан талап ететін қажеттіліктердің бірі. Көркем әдебиет көркемдік бейнелеу құралдары мен әдіс-тәсілдерінің нәтижесінде дүниеге келеді. Бейнелеу құралдары - шығарманы бөлек әлемге апаратын құрал. Жазушы шығарманы ерекше әлем етемін де айшықтау құралдарын сапасыз, шұбыртпалы түрде қолдана беруі де жарамас. Метафора, метонимия, теңеу, градация, синекдоха, гипербола, литота сынды көркемдік құралдарының мәтінге берер өзіндік рөлі бар. Олардың шығарма рухын арттыратын маңызы бар.Қаламгер өз шығармаларында айшықтау құралдарын өз орнымен ерекше қолданған (8-кесте). Автордың келесі бір айшықтау құралы – метафора. Метафора гректің «metaphora» «ауысу» деген сөзінен шыққан. Метафора деп сыртқы не ішкі белгілеріндегі (тұлғасындағы, атқаратын қызметіндегі т.б.) ұқсастыққа қарап бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуын айтамыз [27,58]. А.Байтұрсынов бойынша ауыстыру бір-біріне сәйкес келмейтін, үйлеспейтін ұғымдарды байланыстыру қасиетіне ие болғандықтан, оны автор өз мәтінін оқырманға әсерлі болу үшін қолданады. Себебі, метафораның шығармаға ерекше әр беретіні уақытпен дәлелденген дүние. Ғалымдардың зерттеуінше, адамның ойлау қабілетінің күннен-күнге дамуына орай метафора да күн сайын жаңарып, жанданып отырады. Метафора адам ойының жемісі десек, ал адамның ойы сан салалы идеялардың орталығы деп есептей келе, ой бір ойдың жетегіне тағы да бір ойды ертіп жүреді. Яғни, бір ой бір ойды жалғайды. М.Жұмабаевтың: «Толқыннан толқын туады, Толқынды толқын қуады, Толқын мен толқын жарысад» [28,45] деген өлең жолдары метафораға тән қасиетті ашады. Метафораны әрбір жазушы қажеттіліктен емес, онсыз шығарманың көркемдігін аша алмағандығынан болады. Публицист Еркін Қыдырдың елшілдік, мемлекетшілдік туралы жазған мақалалары көп. Ол өзінің «Ұлы дала» атты мақаласында «мемлекеттің, халықтың рухани жетілуі тарихында Ұлы Даланың нағыз даналық қағидаттарының, бабалар тағылымы мен тәмсілдерінің көркемдік, философиялық, әлеуметтік, психологиялық, мәдени-дүниетанымдық, патриоттық, көшбасшылық, жалпыадамзаттық, интеллектуалдық құндылықтары өлшеусіз. Өйткені, халықтың көркем ой қазынасы – мыңжылдықтардың озық дәстүрлерін, рухын, тілін, сырын, жырын, күйін, өсиет-тағлиматын, мақсат-мұратын, кемеңгерлік кеңестерін паш ететін көркемдік мүлік. Сондықтан да халықтың, ұлттың көкірек көзін ашады, ой-санасын, зейін-зердесін, ар-ажданын, намысын қайрап, тұлғалық қасиеттерін толықтырып, құлшындырып оятады, ықпал ету қабілеті мен мүмкіндіктерін еселендіреді. Көркем ойлауға, көркем іс жасауға, көркем мінез-құлыққа ие болуға, ұлт мүддесіне, ел тілегіне, мемлекет мәртебесіне орай жұмыс жасауға жігерлендіреді, сөзі мен әрекетінің біртұтастығын мейлінше ыждағаттайды. Елдіктің үлгісі, өнегесі, болмысы, бастамашылдығы бір-бірімен үйлесім тауып, мемлекетшілдік, елшілдік тұрғыдан ойлайтын, ізгілік қасиеттерді, құндылықтарды ардақтайтын өз ісінің, кәсібінің майталман шеберлер мектебін қалыптастырады. Ұлт ұстазы, Ахмет Байтұрсынұлының көрсетуінше, «біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халық та – оқумен түзеледі». («Қазақша оқу жайынан»). Тағы да: «Басқалардан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға – оқу керек. Бай болуға – кәсіп керек. Күшті болуға – бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» дейтіні данышпандықтың рәмізіндей [18,24]. Ұлт стратегінің осы бір ғибратнамасының тағдыранықтағыштық мәнісі терең және мемлекеттік, этикалық көшбастаушылыққа бастайды. «Бір киелі сөз мың кісінің көңілін жадыратар» дегендей, ұлт көсемінің осы бір қағидалы, нұсқалы ой-тұжырымдары – өркениет пен өрлеудің кілті, зейін мен зердені, ой мен парасат кеңістігін кемелдендіретін интеллектуалдық–пәлсапалық құндылықтар әлемі, мемлекеттің дәрежесін асқақтататын ұлы идеялар, мақсаттар, жаңалықты құбылыстар, құлшыныстар, армандар тудыратын мөлдір бастаулар деуіміз абзал. Ұлт тілі, фольклоры, би шешендер мұрасы, сөз өнері – мың жылдықтардың айнасы. Қазақтың тілі – мың сырлы, мың қырлы, мың әуезді, мың бояулы Ұлы Даланың тілі («Оғыз қаған: эпосының, Қорқыт атаның, Қожа Ахмет Яссауидың, жыраулардың тілі, классикалық қазақ әдеби тілінің негізін қалаған Абайдың тілі дәлел). Бұл орайда Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақша сөз жазушыларға» дейтін мақаласындағы көрегендік – көсемдік пікіріне жүгінелік: «Еділден бастап Ертіске дейін, Оралдан бастап Ауғанға шейін қазақта тіл де бір, еміле де бір». Расында, қазақ тілі Еуразияның апайтөс даласында кең қанат жайған. Және де «жалғыз-ақ табиғаттың законына ерген, сондықтан тілі азбаған». Жұмақтай жұмбақ жаратылыстың гармониясын, музыкасын, тылсым тұнық, тұңғиық сырларын барынша толық болмысына сіңірген. Сәкен Сейфуллин қазақ жұрты «шешендердің, билердің сөздерін тыңдамағандарды – «меңіреулер» дейді дегенін келтіреді. XXI ғасыр төрінде өркениеттер заманында меңіреу атанбайық! «Талпынған бала – талпынған құстай. Құмары қанбас аспан құшпай» дегенді бабаларымыз айтқан» деп айтқан деп қорытады [15, 63]. Көркем шығарманы оқып, талдау барысында кейіпкер бейнесін танытудың кейбір белгілері – оның сыртқы келбеті, іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктері, автордың кейіпкерге, қоршаған ортаға қатысы ашылады. Кейіпкер, оның характерінің дамуы, сюжеттік желі болмаса, тұтас құрылым – композиция болмаған болар еді, көркем туынды шықпас еді. Көркем шығарманың образдар жүйесін, кейіпкерлер характерін талдау туындының идеялық-тақырыптық мазмұнына, композициялық құрылымы мен сюжеттік желілеріне мұқият зер салуды қажет етеді. Әрбір әдеби шығарманың бойындағы көркемдік элементтердің кез келгені өзіне тиісті эстетикалық жүк көтеріп тұрады. Олардың қай-қайсысы болмасын туындының идеялық -саяси мәнінің ашылуына септігін тигізері сөзсіз. Дегенмен, қай кездегі, қандай жағдайда жазылған, нендей мәселе көтерген шығарма болмасын, ондағы тәлім-тәрбиелік ойдың жүзеге асуында көркем кейіпкерлер қатынасының орны бөлек екендігі дау туғызбаса керек. Өйткені, адамдар, олардың өзара қатынасы арқылы ғана биік адамгершілік идеяларды қабылдаймыз, басқа ешқандай заттар, табиғат құбылыстары мұны жеткізе алмаған болар еді.Бұл ежелден келе жатқан айқын тұжырым. В.Г.Белинский Салтыков-Щедрин Кольцов туралы мақаласында: «Табиғат қаншалықты әсем болғанымен көркем өнерде екінші кезектегі мәселе, ал ондағы негізгі нәрсе – адам болуға тиіс. Адам – әдебиет пен өнердің кейіпкері» [3,58], – деп жазады. Байқап отырсақ, біз көркем шығармалардағы болмысты, өмірді кейіпкерлер арқылы, олардың бір-бірімен қатынасы арқылы ғана көз алдымызға елестетіп, ондағы көңіл көкжиегінен көрінер суреттерді көзімізбен көріп, жүрегімізбен сезінеміз. Кейіпкердің қимыл-әрекетінің, ой-сезімінің жақсысына сүйініп, жаманына күцініп, автормен бірге толғанып, толқимыз. Соның нәтижесінде ішкі жан дүниеміз кеңейіп, оқыған туындымыздан рухани азық, эстетикалық ләззат аламыз.Көркем шығарманы талдау барысында бір ғана кейіпкерге әрі драмалық, әрі комедиялық, әрі сатиралық бейне ретінде қарауға болады. Шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне, мінез-құлықтарын талдау негізінде оқырманның рухани әлемін, дүниетанымын байытуға, оларды биік адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге көмек етеді. Оның тақырыптық мазмұнын, кейіпкерлер жүйесін, ой толғаныстарын, ішкі рухани дүниесін, қимыл-қозғалысын бір-бірімен тығыз бірлікте саралау үстінде шығармадағы идеялық-тәрбиелік мақсаттар кәдеге жарамақ [17, 25]. Көркемдік шарттарының ең қарапайым, әрі ең негізгісі – көркемдік шындық. Көркемдік шындық – қаламгер санасында екшеліп, әдеби туындыда көркем суретке айналған өмір шындығының бейнелі көрінісі. Көркемдік шындық көркем образ арқылы жасалады. Шынайы өмірде әрбір адам қандай маңызға ие болса, көркемдік әлемінде көркем бейне де, нақтылай айтканда, әдеби қаһарман да сондай рөл атқарады.Әдебиетті басқа өнер түрлерінен ерекшелендіріп тұратын нәрсе – оның өмір шындығын көркем жеткізуінде екенін атап өттік. Алайда, бұл – көркемдіктің сыртқы формасы ғана. Ал оның ішкі жағын түсіну үшін кез келген екі шығарманы алайық. Екеуін де көркем әдебиет талаптарына сай дегенімізбен, ішкі сапалық жағынан біреуі өте жоғары, әсерлі, енді біреуінің ішкі сапалық көрсеткіші жағынан мүлдем төмен болуы мүмкін. Оқырмандардың жиі «мына шығарманың көркемдігі аса жоғары екен» деп бағалап жатады. Сонда «туындыны ерекше көркем, тартымды етіп көрсетіп тұрған не нәрсе?» деген сұрақ туындайды. Аталмыш ерекшеліктер шығарманың образдылыққа қанық болуында. Шығармасын образдылыққа бай ету – кейбір ақын-жазушыларда жақсы дамыған, кейбірінде аса дамымаған болуы мүмкін. Демек, образдылық дегеніміз – автордың өмір шындығын, ақиқатты барынша шынайы, әрі көркемдік бояуын қанық, үйлесімді етіп жеткізуі.Мысалы, алдымызға қойылған суреттен адам, жаңбыр, қолшатыр сияқты үш түрлі нәрсе көретін болсақ, онда суретте үш түрлі образ бар дей алмаймыз. Өйткені, үшеуі бірігіп, біртұтастылықта ғана бізге қажетті образды бере алады. Яғни, образдылық дегеніміз – жекелеген кішігірім образдардың қосылып, жүйе түзуі.В.Г.Белинский: «Ақын образбен ойлайды, ол шындықты дәлелемейді, көзге елестетеді», – дейді. Ал адамзаттың дарынды тұлғаларының бірі – Антуан де Сент Экзюпери былай деген екен: «Көркемдік құдірет шығармаға ештеңе қосуға болмайтын жерде емес, керісінше, одан ештеңе алып тастауға болмайтын жерден басталады» [4, 36]. Сөз өнері жайлы барлық пайымдаулардың келіп тірелетіні, әдебиеттану ғылымының басты әрі ең өзекті мәселелерінің бірі – образдылық және оның нәтижесі – образ.Адам мәселесі сонау ерте замандардан бері баршаның қызығушылығы мен назарын өзіне аударып, түрлі ғылым салаларының зерттеу нысанына айналды. Зерттеулердің кейбірі адам көңілін толтыратындай деңгейде емес болса, енді бірі – зерттеу нысанын толық әрі жан-жақты зерттеген, мазмұны терең еңбектер. Адам – сезімі мен ақылы, тәндік және рухани әлемі әр қырынан зерттеліп келе жатқан аса маңызды жаратылыс. Адамның болмысына, қабілет-қасиеттеріне көңіл аударсақ, бойынан мүлдем бір-біріне қарама-қарсы тұстары кездесетінін көреміз. Мысалы, кей кездері балдай тәтті қасиеттері айқын көрініптұрса, енді бірде адам жеритіндей кездері болады. Кейде кішіпейілділігімен баршамен оңай тіл табысып кетсе, енді бірде бойын өркөкіректік кернеп, жалғыз қалады. Кейде оңбайтын опасыз болса, енді бір кезде бүкіл ішкі әлемі жарқырап, сәулесін төгеді. Кейде пайдақор, өзімшіл болса, енді бірде асқан жомарт болады. Кейде одан өткен жауыз болмаса, енді бірде одан асқан мейірімді болмайды. Кейде саналы, парасатты болса, ендібірде ақылсыз бір жаратылысқа айналады. Әсіресе осы сұрақтарға жауап табу үшін қаншама ғалымдар том-том кітаптар жүргізді, түрлі тұжырымдар айтты [7, 56]. Еркін Қыдыр шығармашылығында ұлттық рух, сана тақырыбы көптеп жазылғаны белгілі. Оның «Жат елінде сұлтан болған», «Екі мешіт еліне сапар», «Қос өкпеден қыспай, қос қолтықтан демесін», «Балқан тауға бардың ба», «Көне Қытайдың соны сұлбасы», «Социализмнен үрікпейтін Америка», «Өзбек өз ағамыз емес», «Күншығыстағы қуатты ел», «Жапандағы Жапонияға жақын жол», «Еуропа төріндегі киіз үй», «16 жыл және 16 күн», «Үйеңкі жапырақты елден үйренетін үрдіс көп», «Үш мұхитты ұштастырған», «Екі ел енді етене» тағы да басқа мақалар автордың рух, сана тақырыбында жазған мақалалары болып саналады [9, 25]. Рас, Еркін Қыдыр Үкімет пен әкімдер тақырыбында көп қалам тербеді. Ол әсіресе, «Егемен Қазақстан» газетінде және «Астана ақшамы» газетінде осы тақырыптың аясында көптеген материалдар жазды. Мәселен, «Үкімет: ұмытқаны мен ұтқаны», «Үкімет ұсақтап кетпесе», «Ескі үкіметтің алғашқы бомбасы», «Сөзге сараң үкімет», «Үндемейтін үкімет», «Кабинетшіл реформаторлар», «Премьер-министр демалыста, оның орынтағына көз салушылар көбейіп барады», «Төртінші билік, төрге шық» т.б. мақалалары дәлел. Мәселен автордың «Сөзге сараң үкімет» атты мақаласында: «Осы бір жыл ішінде Балғымбаев Үкіметі туралы бір түйреп сынап кетпеген ақпарат құралдары кемде-кем. Бірақ оған бола Премьер-министрдің салы суға кетіп, немесе шамданып, шат-шәлекейі шығып жатқан жоқ. «Үндемеген үйдей пәледен құтылады» дегендей, үн-түнсіз жүмысын атқарып жатыр. Әйтсе де, басын құмға тыққан түйеқұс тәрізді, айтары жоқ болған соң аузын буып алған Үкімет деген сияқты сыйықсыз теңеулер аз айтылмады. Тіпті республика Парламенті Мәжілісінің төрағасы Марат оспанов мырза бұл Үкіметті толық алмастыру керек деп жарияға дар салғанда да Үкімет айтыс-тартыс, дау-дамайға барған жоқ. Депутаттар арасында үгіт жүргізіп, қол жинауға да тырыспады» деуі арқылы сол кездегі қазақ үкіметінің болмысын ашып көрсеткені анық. «Үндемейтін үкімет» атты мақаласының да өз орны бар. Мақалада автор елдегі біраз мәселенің қордаланып қалғандығын ашып айтады. Алайда, үкіметтің ел алдында есеп бермей, елдегі экономикалық жағдайға алаңдамай, үндемей жүргендігі үшін «үндемес» деп ат қойып, жарқыратып шығарып жіберген болатын. Жалпы Еркін Қыдыр үкімет пен әлеумет, әкімдер тақырыбында көп қалам тербеген журналист [18,37].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет