Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ журналистикасының жарқын өкілдерінің бірі саналатын Еркін Қыдырдың публицистикасы өз алдына ауқымды тақырыптардың бірі. Публицист Еркін Қыдыр тәуелсіз Қазақстанның баспасөзі мен журналистикасына бір адамдай үлкен еңбек еткен кәсіби мамандардың бірі. Бүгінге дейін Еркін Қыдырдың шығармашылығы толықтай зерттеліп біткен жоқ. Себебі, ол үлкен феномен адам болып саналады. Журналист Еркін Қыдыр тәуелсіз Қазақстанның белді басылымдарында қызмет етіп, қалыптасып, шыңдалды. Әрі ол республикалық басылымдарды ұзақ жылдар басқарды. Мәселен, «Егемен Қазақстан», «Астана ақшамы» газеттері республикаға танымал газеттер болып саналады. Еркін Қыдыр ол газеттерді жаңа деңгейге көтере білді. Әрі оқырмандардың санын бірнеше рет көтерді. Қазіргі таңда публицист Еркін Қыдыр «Астана ақшамы» газетін басқарады. Қазақ журналистикасына ұзақ жылдар еңбек еткен публицист Еркін Қыдырдың шығармашылық мұрасы өз алдына зерттеуді қажет ететін үлкен ғылым саласы болып саналады деп ойлаймыз. Оның баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары ұлт, тіл, саясат, үкімет пен әлеумет тағы да басқа өткір сарындағы матерталдар болғандықтан өз алдына талдауды қажет етеді [1,15].
Көне қазақ өркениетінің ордасына айналған шежірелі Отырар өңірінде дүние есігін ашқан Еркін Қыдыр мектепте жүрген шағында-ақ осында әйгілі археолог Кемел Ақышев жүргізіп жатқан қазба жұмыстарымен достарымен бірге ұдайы танысып, ғалымдармен сұхбат құрып отыруды әдетке айналдырған еді. сол әуесқойлық танымға, білуге құштарлық Шәуілдірдегі Ш.Қалдаяқов мектебін 1979 жылы алтын медальмен бітірген бозбаланы КазГУ-дың журналистика факультетіне алып келді. Бұған дейін оның тырнақалды мақалалары жарияланып, «Қазақстан пионері» газетінің бас жүлдесін жеңіп алған болатын.
1984 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, 2007 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін экономика және басқару мамандығы бойынша бітірген.
Университеті үздік бітірген соң еңбек жолын 1984 жылы Шымкент қорғасын зауытында слесарь болып бастады. 1985-1990 жылдары Шымкент облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде қызмет атқарды. 1990-1996 жылдары республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі болды. Әйгілі Шерхан Мұртаза басқаратын елдің бас басылымы тәуелсіздік қарсаңында халқымыздың санасын сілкіндіруге, ұлттық мұраттарды ұлықтауға үлкен үлес қосты. Қалың қазақ қоныстанған өлкедегі тілші ретінде бұл іске Е.Қыдыр да қалам қарымымен атсалысты.
Е. Қыдыр 1996 жылдан «Егемен Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары, бірінші орынбасары, 2007-2008 жылдары «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ директоры, 2008 жылдан2016 жылға дейін акционерлік қоғам вице-президенті(басқарма төрағасының орынбасары) болды. Ал 2016 жылдың сәуір айында «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Еркін Қыдыр басшылық қызметте болған кезеңде бас басылым Алматыдан Астанаға қоныс аударды, ол сондай-ақ газеттің тиражы үздіксіз өсуіне үлес қосты. Атап айтқанда, 2000 жылғы 34 мыңдық таралым 2016 жылы 210 мыңнан асып түсті. Ол осы жылдарда жаңа елордаға қоныс аударғанредакция қызметкерлері үшін 2 тұрғын үй кешені, 2 жатақхана және 8 қабаттық кеңсе ғимаратының салынып, пайдалануға берілуіне тікелей атсалысты. Акционерлік қоғам әр жылды табыспен қорытындылап отырды.
2017 жылғы наурыздан бастапреспубликалық «Астана ақшамы» газетінің бас редакторы болып қызмет атқарады. «Астана ақшамы» газеті 2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатын алды, «Нұр Отан» партиясының «Нұр Сұңқар» республикалық байқауының жеңімпазы атанып, 1 миллион теңге жүлдеге ие болды[2, 14].
Еркін Сағындықұлы республика ақпарат саласында атқарған жемісті қызметі нәтижесіндеҚазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты (1999) атанып, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2010) құрметті атағына қол жеткізді. Ол сонымен қатар, «Ақпарат саласының үздігі», «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерінің иегері. 1997-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары тәртіптік кеңестің мүшесі болды. 2015 жылдан Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі комиссиясының, 2016 жылдан «Нұр Отан» партиясы партиялық бақылау комитетінің мүшесі.
«Ұсақтама, Үкімет», «Отырар», «Бас басылым», «Кәусар кез» кітаптарының авторы.1999 жылы Президент сыйлығын тапсырған сәтте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еркін Қыдыр туралы былай деген еді: «Оның экономика және саяси тақырыптарға жазған жарияланымдар дестесі өздеріңізге жақсы таныс. Газет басшыларының бірі бола тұра таза әкімгерлікпен айналысып кетпей қолынан қаламын тастамауының өзі Еркіннің жақсы қасиеті деуіміз керек. Осылай жұмыс істей бер енді, Еркін».
Ал ұстазы, қазақ журналистикасының патриархы Шерхан Мұртаза Е.Қыдырдың «Ұсақтама, Үкімет» деген кітабына жазған алғысөзінде «Қоғамымызда орын алып отырған әртүрлі оқиғаларды жан-жақты саралай келе автор қарапайым халық мүддесін қорғауды басты мақсат етіп алған. Еңбектерінің қайсысына болмасын көз жүгіртсеңіз, өз ұлтына деген құрмет пен сүйіспеншілік лебін аңғарасыз» деп баға берді[3, 25].
Адуынды ақын Серік Ақсұңқарұлы 2018 жылы 1 тамызда Фейсбук желісінде былай пікірін білдіріпті:
«Ит мініп, ирек қамшылаған көп жазарманның бірі емес, Алаш жұртына айтары бар журналистердің бірі һәм бірегейі – бұл! Соноу Ахмет Байтұрсын, берідегі Шерхан Мұртаза, Камал Смайыл, Нұрмахан Оразбек қалыпқа салған уыздай жас ұлттық журналистиканың уытты өкілі! Кір жуып, кіндік кескен жұртына жаман жазушы болғаннан жақсы журналист болғанның мәртебесі әлдеқайда биік екенін дәлелдеп берген санаулы саңлақтарымыздың бірі – осы Еркін Қыдыр!
«Газет – Бас Редактордыңавтопортреті!» дегенсөздіосындайжурналистергеқарапайтуғаболады! Ол редактор болыпбарған газет бір-ақкүндеөзгеріпкетеді. Қуқарақанбасыныңкүйкіойынамәз-мәйрамболмай, өзімшіл, төменшектегенпровинциялықдеңгейденаткекілінүзіпшығып, ұлтыныңөзіменөзісөйлесеалатындиалогынаайналады! Бұлар барда, күндердіңбіркүніқазақгазеттерітөртіншібиліктіңтізгінінқолынаұстапотырғанойыозық, тегеуріні де мықтыЕуропа-Батысжурналистикасыментізеқағыспайқоймайды!».Ал белгілі қайраткер, ғалым, журналист Бауыржан Омарұлы «Түркістан» апталығында жарияланған эссесінде «Стиль демекші, кейіпкеріміз ағысқа қарсы жүзгенді тәуір көретін секілді. Бірде ол өзгелердің сан рет шарлаған ізіне түспей, мәселеге басқаша қырынан келіп, «Қызмет – қолдың кірі емес» деп тақырып қойып, мақала жазды. Еркін Қыдыр мақалаларына тақырып қана емес, форма табу жағынан да соны соқпақ салды. Еркін мақаланы жазу барысында сәтті детальдарды көбірек іздейді. Оны молынан табады да. Қаламы қарымды, қадамы қадірлі Еркін – еркін ойдың адамы» деген еді[4, 52].
Достарыңызбен бөлісу: |