Дипломдық ЖҰмыс 5В070100 «Биотехнология» мамандығы


 Цианобактериялардың жинақы дақылдарын алу



Pdf көрінісі
бет27/40
Дата02.01.2022
өлшемі0.95 Mb.
#453198
түріДиплом
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40
2021 БАК Ағыбаева Айдана Сәндібекқызы

2.3 Цианобактериялардың жинақы дақылдарын алу 

Әр  түрлі  экожүйелерден  бөлінген  сынамалардан  жинақы  дақыл  алу 

мақсатында  алынған  үлгілер  залалсыздандырылған  сұйық  қоректік  ортасы  бар 

түтіктерге  ауыстырылды.  Пробирканың  ішіндегі  қоректік  орта  ½  мөлшерде 

құйылды. 

Қоректік 

ортаға 


салынған 

үлгілердің 

жарықтандырылуы 

люминесцентті  лампалар  арқылы  50-200  мкмоль  фотон/м

2

/сек  қарқындылықта 



жүргізілді. 

Цианобактериялардың жинақы дақылдарын алу үшін BG-11, Громов, Прата 

және  Z1  қоректік  орталары  қолданылды.  Сонымен  қатар,  BG

0

-11  және  Заррука 



модификацияланған  қоректік  орталары    пайдаланылды.  Заррука  қоректік 

ортасында  тек  тұзды  аймақтан  алынған  цианобактерия  түрлерін  өсірілді. 

Зерттелетін  штамдардың  белсенді  өсу  көрсеткіштерін  анықтау  үшін 

альгологиялық-бактериялогиялық  таза  штамдармен  зерттеу  жүргізілді.  Содан 

кейін, әр түрлі мөлшердегі (1 мл, 2 мл, 4 мл, 8 мл) коллекциялық штамм үлгілері 

жаңадан  залалсыздандырылған  қоректік  орталарға  көшірілді.  Сұйық  қоректік 

орталарға  қайта  дақылдау  жұмыстары  1-2  ай  көлемінде  жалғасты. 

Морфологиялық  ерекшеліктерін  сипаттау  жұмыстары  жарық  микроскобының 

астында  (100х)  жүргізілді.  Кейін  монодақыл  анықталған  жағдайда,  әр  түрлі 

ортадағы қатты агарға егілді. Сынамалар петри табақшаларының бетінде колония 

түзілгенге  дейін  жарықтың  астында  дақылданды.  Өскен  колониялардан 

дақылдардың  бір  бөлігі  ілмек  арқылы  сұйық  және  қатты  ортаға  қайтадан 

көшірілді [82]. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет