Дипломдық жұмысты орындау барысында келесідей стандарттарға сілтемелер қолданылды:
P.618-13 ХЭО ұсынысы. Радиотолқындардың таралуы туралы деректер және Жер-Ғарыш байланыс жүйелерін жобалау үшін қажетті болжау әдістері. Р сериясы. Радиотолқындардың таралуы.
P.840-7 ХЭО ұсынысы. Бұлттылық пен тұманға байланысты әлсіреу. Р сериясы. Радиотолқындардың таралуы.
P.676-11 ХЭО ұсынысы. Атмосфералық газдардағы өшуліктер. Р сериясы. Радиотолқындардың таралуы.
Анықтамалар
Дипломдық жұмыста келесі терминдер анықтамаларымен беріледі:
Аддитивті ақ гаусстық шу - ақпарат тарату арнасындағы кедергі келтіретін әсер түрі.
MPLS (MultiProtocol Label Switching — таңба бойынша мультихаттамалық коммутация) — бұл таңбалар қолдануға негізделген көпхаттамалық желілерде пакеттердің жылдам коммутациялар технологиясы.
Прокси-сервер - желідегі қолданушылардың қызығушылықтарын негіздейді.
Сервер - сервистік бағдарламалық қамтуды іске асыру үшін ерекшеленген және/немесе мамандандырылған (оның ішінде осы немесе басқа міндеттердің серверлері) аппараттық қамту.
Брандмауэр - неміс тілінен енген термин, оның қызметі ағылшындық firewall-ға ұқсас (көршілес ғимараттардың араларын бөліктеп өрттен қорғап тұратын қабырға).