Дипломдық жұмыс Ғылыми жетекші : Студент


Зерттеудің теориялық негізі



бет4/19
Дата05.06.2022
өлшемі287.38 Kb.
#458975
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
агрессивті диплом

Зерттеудің теориялық негізі. Жасөспірімдер психологиясын қосымша алынған ғылыми нәтижелер арқылы толықтыруға болады: агрессия психологиясы, жасөспірімдер мінез-құлқының психологиясы, девианттық мінез-құлық психологиясы бойынша алынған ғылыми нәтижелер агрессиялық мінез-құлыққа бейім жасөспірімдер психологиясының теориясын кеңейтеді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: осы бағытта жүргізілген зерттеу жұмысының мәліметтерін орта білім беру мектептеріндегі тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыруда, ата-аналарға кеңес ретінде, психологиялық қызмет бағыттарын жүзеге асыруда ұсынуға болады.
Зерттеу жұмысының жаңалығы. Жасөспірім жасындағы балаларда агрессивтіліктің тұрақтануы мінез-құлықты реттеудің жеткіліксіздігімен және дәлме-дәл емес мазасыздықтың болуымен, агрессивтіліктің түрлі деңгейлерін көрсететін қылықтардың орын алуымен тікелей байланысты болатыны көрсетілді. Агрессивті мінез-құлыққа бейім жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерін эксперименттік зерттеудің әдіснамасын, яғни әдістемелері жинақталды. Агрессивті мінез-құлыққа бейім жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктеріне әсер ететін жолдар мен амалдар ұсынылды.
Диссертация жұмысының құрылымы және көлемі:
Диссертация жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, 7 бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
 1 Агрессивті мінез-құлыққа бейім жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерінің теориялық негіздері



    1. Агрессияның психологиялық теориялары

Қазіргі кезде әлемдегі барлық мәселелер түптеп келгенде экономикалық хал-жағдайға келіп тіреледі. Бұл ретте, экономикалық жақтан гүлденіп, дамыған, дамып келе жатқан және даму жолына түскен, не болмаса артта қалған мемлекеттердің қайсысында болмасын ерекше мән беруді талап ететін жеке адамдар мен қоса кейбір топтар да кездеседі.


Қоғам өмірінің бар саласындағы қарқынды динамика мен ғаламды бетбұрыстар сипаты жастардың іс-әрекетіне, қарым-қатынасына жаңаша талаптар қоя бастады. Оларға заман талабына лайық тұлға және маман болу үшін бейімделу емес, алдымен өзін-өзі өзгерту және дамыту, сол арқылы жасампаздық, түрлендірушілік әрекеттерді жүзеге асыру өзекті мәселе болып отыр [4]. Бұл аталған талаптарды жоғарыда атап өткендей қоғамның кейбір санаттағы топтары қанағаттандыра алмайды.
«Біз күйзелістік эмоционалды климатта өмір сүреміз, бұл өмір қайғы-қасіретке, қорқынышқа және қарайған күдіктер мен жалған сенімдерге толы», деп ағылшын тілшісі Джо Фоксворт [5 бойынша, 5 б.] айтып кеткендей, адамзат тарихы агрессияны тұлға мен қоғам өмірінің бөлінбес бөлігі екендігін сенімді түрде дәлелдейді. Агрессия – көп мағыналы сөз... Бұған қоса, агрессияның қуатты тұратын күші және жұғымталдық қасиеті де бар: көптеген адамдар сөз жүзінде агрессияны жоққа шығарады, ал іс жүзінде оны күнделікті өмірінде кеңінен көрсетеді және онымен күреседі.
Агрессия – «шабуыл» деген мағына береді және қазіргі уақытта «агрессия» сөзі аса кең мағынада қолданылады. Агрессия түсінігі бойынша жалпы қабылданған анықтама жоқ, бірақ әртүрлі мінез-құлық типін агрессивті деп атайды. Мысалы, қатыгездік бұл агрессивтіліктің формасы, ол агрессордың өзіне де, қоршаған ортаға да зиян келтіреді. Сонымен қатар, айтқанынан қайтпау – агрессия формасы, бірақ онсыз бір нәрсені жасауға да, мақсатқа жетуге өте қиын. Олай болса, агрессивті мінез-құлықты сипаттай келе, әртүрлі адамдар түрлі нәрселерді айтады. Сау балалар мен олардың ата-аналарының мінез-құлқын зерттей келе, агрессивтілік әртүрлі формада әр балада да және ол өте кішкентай балаларда да болатынын көрсетті. Агрессивтіліктің барлық формасында жалпы бір белгі бар: олар жағдайды бақылауға, өзін-өзі жүзеге асыруға немесе өзінің қоршаған ортасына әсер ету үшін жасалатын әрекеттер [6, 8-11 б].
К. Лоренц (1903-1989) өзінің «Агрессия (так называемое) «зло»» атты кітабында агрессивтілік барлық жоғарғы жануарлардың тұқымқуалайтын, инстинкті шартты қасиеті болып табылады және оны көптеген сенімді мысалдармен дәлелдеген. К. Лоренц: «Адамның қазіргі мәдени-тарихи және техникалық даму жағдайына кедергі болатын ішкі агрессияны айтарлықтай қауіпті қатер деп санауға негіз бар» деп қорытынды жасады [7].
Т.Г. Румянцеваның «Агрессия. Проблемы и поиски в западной философии и науке» атты кітабында батыстың әлеуметтік философиясы мен психологиясындағы қатыгездіктің мәселелерін зерттеуді қарастырған. Мұнда 70 жылдардың ортасы мен 80 жылдардың басындағы агрессияның теориялары туралы сипаттамаларға талдау жасалынған және агрессияға теледидардағы зорлық-зомбылықтың, ішімдік пен нашаның, жыныстық айырмашылықтардың әсері қарастырылған [8].
Аталмыш құбылыс жағымсыз эмоциялармен (мысалы, ашу-ызамен) және жағымсыз мотивтермен (мысалы, зиян келтіруге тырысу), сонымен қатар жағымсыз нұсқаулармен (мысалы, нәсілдік қате түсініктермен) және бүлдіруші әрекеттермен байланыстырылады. Агрессияны зерттеудің негізгі бірнеше бағыттары бар, олар:
а) психоаналитикалық;
ә) этологиялық;
б) фрустрациялық;
в) бихевиористік;
г) әлеуметтік-когнитивтік.
Психоаналитикалық және этологиялық бағыттарда агрессивтілікті қастандық инстинкті ретінде оның биологизаторлы түсінігі көрініс береді. Психологиялық кейбір зерттеулерде психоаналитиктер агрессияның ішкі негізі бар, сол себептен бақыланбаған зорлық-зомбылық болмауы үшін түрлі қатыгездік іс-әрекеттерге, жансыз заттарды талқандауға, спорттық жарыстарға қатысу арқылы агрессияны үнемі жұмсау қажет деп қарастырылады [9].
«Агрессия» терминіне мағынасы жағынан жақын сөздер келесілер болып табылады: шектен шығу, зорлық-зомбылық көрсету, адамдарға әдейі жасалған қастандық әрекеттері, қорқыту және өзінің күштілігін жүзеге асыру. Бұрынғы өткен ғасырларда агрессия феноменіне қызығушылық көріне бастады. Бұл сол кездегі басқарушы класстар үшін заңды тыңдайтын және орындайтын қоғам мүшелерін тәрбиелеуге бағытталған іс-әрекеттерінен көрініс берген. Ал қазіргі біздің уақытымызда агрессия белсенді ғылыми-тәжірибелік ізденудің пәні болып табылады. Әртүрлі әдістер арқылы агрессия сұрақтарына арналып жыл сайын бірнеше жүздеген мақалалар, ондаған монографиялар басылып шығады. Агрессивтілік әрекеттер, күш көрсету және бассалуға жақын әрекеттер бізге жануарлардан қалған тұқымқуалаушылық. Агрессивті көріністердің бағытталу және жалғасу күші психологиялық, физиологиялық және жағдайлық факторлар спектіріне тәуелді. Сонымен қатар, әрбір агрессивтіліктің негізінде саналы немесе бейсаналы, ұзаққа созылған немесе қысқа уақытты кикілжің жатыр.
Агрессия (латын тілінен аударғанда «agressio» – шабуыл, басқындық дегенді білдіреді) – бұл адамдарға немесе жануарлар тобына қасақана бағытталып жасалатын әрекет [10].
Статистика бойынша қаншама адамдар бір-бірін жарақаттап, өлтіріп, өзінің жақын адамдарына қайғы-қасірет пен ауыр жағдайлар әкеледі. Біріншіден, агрессияның анықтамасын нақты қисынға келтіріп алу керек. Екіншіден, агрессиялық әрекеттің тегі мен табиғатын анықтауға арналған бірнеше теориялық бағыттарды қарастырайық.
Агрессивтілік және агрессивті мінез-құлық мәселесі әртүрлі мамандардың – психологтардың, әлеуметтанушылардың, криминологтардың, психиатрлардың назарын аударуда. Күнделікті қарым-қатынастағы адамдар арасындағы «горизонталді зорлық-зомбылықты» ескере отырып, Ю.М. Антонян: «зорлық-зомбылық біздің заманымыздың белгісі ретінде сипатталады және өмірдің барлық саласына еніп кеткен», - деп жазады [11].
А. Басстың «Агрессия психологиясы» деген жұмысында бұл «басқа ағзаны талқандауға стимулды жіберетін реакция» деп атап кеткен [8 бойынша]. Теледидардағы қорқынышты фильмдер, қиял-ғажайып әрекеттер, компьютерлік ойындардағы жағымсыз күштеу элементтерінің ықпалы әрбір адамның, соның ішінде жасөспірімнің психологиясына кері әсерін тигізеді. Әрбір жағымсыз агрессияның түбінде адамдардың белсенді түрде қоршаған ортаның жағдайларына, өздерінің жақындары мен өздеріне деген қанағаттанбауы болып табылады. Агрессия бұл өмірдің үйлесімділігіне қарсы тұратын жағымсыз немесе деструктивті феномен ретінде түсіндірілмеуі керек. Керісінше – өмірдің дамуында агрессияның рөлі жоғары, бірақ оны қайта бағалау күрделі.
Эллиндік құдайлар агрессияны Арес соғыс пен күрестің қорғаушысы – бұзушы және жағымды, конструктивті аспект ретінде сипаттаған. Агрессия осы немесе басқа іс-әрекет түріне бағытталған психо-биологиялық энергияның белсенді қозғалысымен сипатталады. Бірақ та, бұл іс-әрекет әртүрлі болуы мүмкін. Осы немесе басқа агрессияны бағалау критерийлеріне агрессивті импульстерді жүзеге асыру үрдісі мен қозғалыс мотивтерінен көруге болады. Қазіргі уақытта өз бойындағы өзіндік агрессивті белсенділікті шынайы басқара алмау жағдайлары кездеседі. Агрессияның сыртқы көрінісі өз бойындағы қорқыныш сезімдерін толық тани алмағандықпен байланысты.
Агрессиялық мінез-құлық табиғаты жан-жақты зерттелініп, біршама ғылыми еңбектер жарыққа шықты. Сол себепті агрессияны зерттеу бағытының негізгі теорияларын көрсетуге болады. Атап айтсақ, А. Бандураның «әлеуметтік үйрену теориясы», З. Берковицтің «когнитивті теориясы», З. Фрейдтің «инстинкт теориясы» және Дж. Доллардтың «агрессияның фрустрациялық теориясы» [12 бойынша]. Агрессияның әлеуметтік үйрену теориясы әлеуметтену процесінде меңгерілген жағымсыз мінез-құлық үлгісін көрсетеді. Мысалы, кіші жасөспірім жастағы балалар басқа балалармен өзара әрекеттесу кезінде және өзара қарым-қатынас барысында мінез-құлықтың түрлі үлгілерін меңгереді. Өзінің құрбы-құрдастарымен ойын кезінде балаларда агрессиялық реакцияларды көрсетіп, үйренудің мүмкіндігі туады, бірақ барлық балалар өздерінің деструктивті тәжірибесін қақтығыстық жағдайды шешу үшін пайдаланбайды. Агрессиялық мінез-құлықты зерттеу мәселесі төңірегіндегі бұл теориялар бір-бірінен агрессиялық мінез-құлықтың дамуы мен қалыптасуын түрліше түсіндірумен ерекшеленеді. Соңғы көрсетілген теориялар реті адамның агрессиялық мінез-құлқын тоқтату мен бақылаудың барынша көп мүмкіндігін туғызады.
Агрессия бұл әлеуметтік категория. Бұл теорияны А. Бандура ұсынды, мұнда агрессия спецификалық әлеуметтік теория ретінде қарастырылады. А. Бандура бойынша, агрессиялық мінез-құлықты толық талдау үшін келесі үш жағдаятты ескеру қажет:
1) іс-әрекетті меңгеру тәсілдері;
2) олардың пайда болуын шағылыстыратын факторлар;
3) олар қорытындыланатын шарттар [13 бойынша, 67-69 б.].
Р. Бэрон және Д. Ричардсон өздерінің «Агрессия» деген жұмыстарында келесідей жалпыланған анықтамаларды ұсынады: «агрессия – бұл қандай да басқа бір тірі жанды балағаттау немесе қастандық келтіруге бағытталған мінез-құлық формасы». Агрессияны мінез-құлық ретінде анықтай келе, авторлар: «агрессия термині жиі жағымсыз эмоциялармен – ашу ретінде; мотивтермен – тырысу, балағаттау және зиян келтірумен; жағымсыз ұстанымдармен – этникалық қақтығыстармен елестетіледі» деп жазады [14].
Агрессияға берілген анықтамалардың түрлілігіне қарамастан, қазіргі таңда біз мына анықтамаға сүйенеміз. Агрессия – бұл өзінің іс-әрекеті арқылы өзгеге қиянат келтіру ниеті.
Анықтамаларға сүйенсек, агрессияны эмоция, түрткі немесе құрылым ретінде қарастырмай, мінез-құлықтың үлгісі ретінде қарастыру керек. Осыған қарамастан осы факторлар мінез-құлықтың көрінуінде үлкен рөл атқарады. Ашу басқаларға шабуыл кезінде қажетті жағдай болып табылмайтынын көреміз. Агрессия жағдайдың толық суыққандылығымен және эмоцияның төтенше қозуымен сипатталады. Көбінесе агрессияны жағымсыз ойлы мінез-құлықпен байланыстырады. Әлеуметтік ғылымдарда «махаббат» және «агрессия» ұғымдарының сәйкестігі таусылмайтын ойлар мен кеңестерді көрсетеді деп жазылған [15].
Психология ғылымында психикалық құбылыстардың ішіндегі көп зерттелінген құбылыс эмоциялық құбылыс болып табылады. Дегенмен, эмоцияның жан-жақты қырларының ерекшеліктерін әрбір жеке адам түрліше өткізетін болғандықтан, психологтар арасында бұл мәселе үнемі шексіз болып қала береді. Эмоциялық тұрақсыздықтың бір көрінісі – агрессивтілік адамның жеке тұлғалық қасиеті ретінде де, эмоциялық жан көрінісі ретінде де зерттелінеді. Сондықтан бұл мәселені зерттеу бірнеше бағыттан тұрады. Психоаналитикалық бағыт тұжырымының негізін қалаушы З. Фрейдтің теориясы қызу да қатаң тартысқа айналған. З. Фрейдтің еңбектерінің арқасында агрессия және агрессивтілік адамгершілік тақырыбының ой тартысы, ғылыми сараптаманың негізгі объектісіне айналды. Бастапқы жұмыстарының тұжырымы бойынша З. Фрейд бүкіл адамзат әрекеті бұл тікелей болмаса да, жанама «эростың» ағыны, өмір инстинкті, өмірдің сақталып, мықтылануына бағытталған энергия көзі ретінде қарастырылады. Агрессия бұл тұрақты емес, алайда қашып құтыла алмайтын өмірдің бір бөлігі.
Агрессия – бұл өзінің іс-әрекеті арқылы өзгеге қиянат келтіру ниеті. Агрессиядағы қондырылған тежелу актілері кез-келген болатын шабуылдың күшімен тікелей тепе-теңдігінде. Тежелу – бұл даму күтіп отырған жағымсыз зардаптарды шектейтін, болмаса алдын орайтын әрекет. Агрессиядағы тежелу акті қосымша фрустрация болып табылады, осы тежелудің қателесіп қабылдануы, агрессияны адамға қарсы қойып, агрессияның басқа формаларының оянуының артуына әкеліп соқтырады. Бері келе заманға сай көптеген оқулықтарда көрсетілгендей агрессияның деректемесінің тәртібін психоаналитикалық анықтамада – «Танатос» деп көрсетеді. Танатос - өлім мен талқандалуға деген инстинкті қызығушылық, ұмтылыс. З. Фрейдтің ұғымы бойынша, танатос бұл өлімге ұмтылыс, танатостың энергиясы жарық өмірдің аяқталып, талқандалуына бағытталған [16]. Өмірге кұштарлық және өлімге ұмтылуы, осы қарама-қайшылықтың түсінігі махаббат пен өшпенділіктің бірдей теңдігін көрсетеді. Өлімге ұмтылу зорлық-зомбылықты алып келсе, ал махаббат агрессивтілікті (сексуалдық) тудырады. Бұл әрекет тек туа бітіп қоймай, танатостың энергиясы іштен шықпай қалуы, индивидтің өзін-өзі талқандалуына әкеліп соқтырады. Осылай әрдайым сыртқа шығарылып отырылуы - агрессивті мінез-құлықты, қызбалылықты, кекшілдікті, сарказм мен өсекке жақындылықты бойына сіңдіруі мүмкін. Үлкен қарама-қайшылықтың бір бағыты - өмірдің сақталуы мен талқандалуы, ал басқа механизмдердің қызмет етуі - танатос энергиясының мақсаты, бағытталуы, өзімнен бой алып, өзіме бағыттау болып табылады. З. Фрейдтің тұжырымы бойынша, бүкіл адамзат әрекеті эрос пен танатостың арасындағы өзара қарым-қатынасы мен тартыс күшінің нәтижесі (1 сызбада) көрсетілген:



















Эрос


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет