Əлемдік дамудың ең маңызды мəселелерін шешуге мүмкіндік туғызатын экономикалық қатынастың басты құралы – ол жер қатынастары мен жылжымайты мүліктікті басқару жүйесін қалыптастыру. Бұл мәселені жүзеге асыру мемлекеттік жер кадастры мен оның автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жасау жəне жүргізу саналады. Автоматтандыру тиімділігі – жер ресурстарын игерудің оңтайлы жолдарын табу арқылы мəліметтерді өңдеу, жылдамдығын арттыру жəне кездейсоқ қатенің пайда болу ықтималдылығын азайту арқылы жоғарылатылады. Сонымен қатар, автоматтандыру барысында жұмыс сапасы, өнімділігі артады, қызмет көрсету шығындары азаяды. ҚОРЫТЫНДЫ Осы мақсатта жасалған «Жер кадастрлық жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыруды ақпараттық қамтамасыздандыру» тақырыбындағы дипломдық жұмысымның мақсаты – геоақпараттық жүйе көмегімен жер кадастры жұмыстарының автоматтандырылған бірыңғай жүйесін құра отырып, жерге орналастыру мен кадастр саласында цифрлық қызмет көрсетуді дамыту. ҰСЫНЫСТАР - Онлайн түрде жер алуға өтініш беруді ұйымдастыру;
- Жер кадастрының ақпараттық жүйесін, қызмет түрлерін электронды форматта беруді қамтамасыз ету, атап айтқанда: техникалық шарттарды беру, жер телімдерін беру кезінде келісім беру рәсімдерін жүргізу жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында коммуналдық кәсіпорындар үшін арнайы бағдарлама әзірлеу;
- Жер кадастрының ақпараттық жүйесін елді мекендер аумағында құрылыс салу үшін жер телімдерін беру рәсімдерін оңтайландыруға пайдалану, көп уақытты үнемдеуге, құжаттар санын азайтуға және ең негізгісі тұрғындар тарапынан арыз – шағымдардың санын қысқартуға мүмкіндік беру.
- Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жер кадастрының ақпараттық жүйесі арқылы жылжымайтын мүлік нысандарын түгендеу және нақтылау бойынша кешенді жұмыстарды атқаруға мүмкіндік беру.
НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |