Баллондарды оттегімен толтыру
1) Тыныс алу аппараттарының шағын литражды баллондарын оттегімен толтыру ГТҚҚ
базаларының ауамен толтыру пункттерінде жүргізіледі. Толтыру екі негізгі схема бойынша жүргізіледі.
2) Баллондарды толтыру үшін 5583 МемСТ бойынша медициналық оттегі (оттегінің көлемдік үлесі 99,5% кем емес) пайдаланылады.
3) Баллондардың әрбір партиясы, сондай-ақ медициналық оттегі бар әрбір балон мынадай мәліметтерді қамтитын сапасы туралы құжатпен ілесе жүруі тиіс:
кәсіпорынның атауы мен оның тауар белгісі;
бұйымның атауы мен түрі;
партияның нөмірі және балонның нөмірі;
дайындалған күні (оттекті сақтаудың кепілді мерзімі - дайындалған күннен бастап 18 ай);
газ түріндегі оттектің Мз-гі көлемі;
жүргізілген талдамалардың нәтижелері немесе бұйымның ГОСТ 383 талаптарының сәйкестігі туралы куәландыру;
тіркелген куәліктің нөмірі.
4) Шағын литражды баллондарды оттегімен толтыру нығыздайтын оттекті КДК-10 (КД-9, КД-8, КД-5, ҚД-4-250) компрессорларын пайдалана отырып екі кезеңде жүргізіледі:
оттекті көліктік баллоннан компрессор арқылы шағын литражды баллонға қайта жіберу;
оттекті баллонның жұмыстық қысымына дейін компрессормен тығыздау.
5) Жаңа баллондарды толтырған немесе толтыруға түскен баллондарда қалдық қысым болмаған кезде оларды оттегімен шаяды. Ол үшін әрбір баллон 4-5 МПа қысымға дейін оттегімен толтырылады, содан соң оттегі шығарылады.
6) Баллондар толтырылғаннан кейін оның саңылаусыздығы тексеріледі. Ол үшін балон вантилінің штуцеріне бұқтырғыш бұрап өткізіледі, вантиль ашылып, баллон суға батырылады, онда 5 минут ұсталады. Егер оттегі көпіршіктері бөлінбесе, баллон вантилімен саңылаусыз деп саналады. Судың температурасы 5-40°С шегінде болуға тиіс.
7) Оттектің қалдық қысымы көліктік баллондарда 0,5 МПа-дан кем болмауға тиіс.
8) Оттекпен толтырылған шағын литражды баллондардың есебі баллондарды медициналық оттекпен толтыру есебінің журналында жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |