Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу бөлімінің курсанты Ж. Н. Жолдасбеков



бет22/30
Дата18.04.2023
өлшемі281.58 Kb.
#472372
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
zjoldasbekov

Қорытынды

Бұл дипломдық жобада Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің «ӨСжАҚЖҚ» ММ № 11МӨСБ орналасқан қазіргі ГТҚҚ базасына сараптама жүргізе отырып бір қатар кемшіліктер анықтадық. Атап айтар болсақ:



  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы «22» желтоқсан № 446 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының газ-түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру жөніндегі тәлімдемесінің(әрі қарай - Тәлімдеме) 137 бабының талаптарына сай орындалмаған - ГТҚҚ базасының қызмет көрсету радиусы 100 км аспауы тиіс. ГТҚҚ 1 шебері 50-ден аса тыныс алу аппаратына қызмет көрсету ұсынылмайды.

  2. Тәлімдеменің 141 бабының талаптарына сай орындалмаған - ГТҚҚ базасы табельдік тиістілік нормалары бойынша Тәлімдеменің 7-қосымшасына сәйкес жабдықтаумен, құралдармен және мүліктермен қамтамасыз етіледі.

  3. Тәлімдеменің 144 бабының талаптарына сай орындалмаған - ГТҚҚ базасының кем дегенде екі есігі болуы тиіс, соның ішінде толтыратын пункттен тікелей сыртқа қарай шығатын бір есігі болуы тиіс.

  4. Тәлімдеменің 145 бабының талаптарына сай орындалмаған - Тыныс алу аппараттарына қызмет көрсету жөніндегі ГТҚҚ базасының келесі үй-жайлары болуы тиіс:

  • ГТҚҚ аға шеберіне (шеберіне) арналған қызметтік кабинеті;

  • (сақтауға және тексерістер жүргізуге арналған) аппараттық ;

  • жөндеу шеберханасы;

  • жуып-шаятын және кептіретін үй-жай;

  • ауа толтырғыш пункті;

  • баллондарды сынау пункті.

  1. Тәлімдеменің 176 бабының талаптарына сай орындалмаған - Толтыру пункттерінің үй-жайлары табиғи немесе механикалық қоздырғышы бар, тартып алатын желдеткішпен жабдықтау керек. Механикалық түрде қоздырғанда оттегі толтырғыш пунктінде сорғы каналы еден деңгейінен 50 см орналасуға тиіс.

  2. «Өртке қарсы қызмет ғимараттарын жобалау» 2.02-30-2005 ҚР ҚН көрсетілген талаптарына сай орындалмаған - Тыныс алу аппараттарына қызмет көрсету жөніндегі ГТҚҚ базасының үй-жайларының өлшемдері:

  • аппараттық – 50 м2;

  • жөндеу шеберханасы – 30 м2;

  • жуып-шаятын және кептіретін үй-жай – 18 м2;

  • ГТҚҚ аға шеберіне арналған қызметтік кабинеті – 30 м2;

  • баллондарды сынау пункті – 20 м2;

  • ауа толтырғыш пункті – 20 м2

Аталған кемшіліктерді ескере отырып жаңадан барлық талаптарға сай ГТҚҚ базасын жобалау дипломдық жобада ұсынылып отыр. Дипломдық жобаға қойылған мақсат, келесі тапсырмаларды шешу арқылы орындалды:
1. ГТҚҚ базасына және үй-жайларына қойылатын талаптар анықталды;
2. ГТҚҚ базасының жедел-тактикалық мінездемесі анықталды;
3. Талаптарға сай базаның жобасы ұсынылды;
4. Екі ГТҚҚ базасынына салыстырма жүргізілді;
5. ГТҚҚ базасында жұмыс істеу ережесін және техника қауіпсіздік талаптары анықталды.
Ұсынып отырған шаралар Қызылорда қаласының өртке қарсы қызмет гарнизонының ТОЖҚҚ-на сапалы, әрі дер кезінде керекті техникалық қызмет көрсетіп, тыныс алуға жарамсыз ортада өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстар жүргізу бойынша іс-шараларды максималды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етеді деп ойлайм.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет