Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Мамандығы 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» Диплом жазушы: А. И.Қуандық Көкшетау-2015



бет2/3
Дата13.06.2016
өлшемі9.3 Mb.
#131197
түріДиплом
1   2   3

Жылыту жүйесі

Ғимараттың жылыту жүйесі орталықтан сулы автоматты түрде реттеледі. Жылыту жүйесі серіктес ағымдағы жылу тасымалдағыш өтетін қос түтікше.


Жылумен қамтамасыз ету көзі жылу тасымалдағышының көрсеткіші 120-70 0С болатын орталықтан келеді.Жылыту жүйесі, вентилляция және ыстық сумен қамтамасыз етуге кететін жылудың жалпы шығыны 597270 ккал/сағ / 696,7 кВт тең.


Жылу жүйесінің төсемелері өтпейтін каналдарда сериясы 3.006.1-2/87 құрама темір бетон элементтерден жасалған. Жер асты суларының жоғары деңгейіне байланысты желімденетін битумдық оқшаулағыш қарастырылған.

Жылу компенсациясын ұзарту компенсаторлық қуыста орналасқан П-пішінді компенсатордың есебінен жасалады. Құбырлардың жылу оқшаулағышы қазіргі уақыттағы ҚНжЕ-нің сериясы негізінде жасалған. Жылу жүйесінен судың ағуы жақын жердегі канализация құдығынан жылжымалы сорғышы бар құбырлар арқылы қарастырылған. Қалдық судың температурасы 40 0С артық болмау керек.

Жылыту жүйесі қондырғысында қыздырғыш қондырғылар алынған «Мс-90» радиаторлары. Жылу тасымалдағыш жылыту жүйесінде - су, көрсеткіші 105–70 0С.

Ғимараттың жылыту жүйесі жылу жүйесіне тікелей қосылған.

Тік құбырлар, магистралды және транзитті құбырлар МЕСТ 10704-91* бойынша электросваркалы болат жұқа қабырғалы құбырдан жасалған.

Еден асты каналдар шегінің құбырлары Ст45. маркалы 150 типті синтетикалық байланыстары бар ТУ 6-11-145.80 бойынша шыныпластика орамасымен қалыңдығы 40 мм минерал мақталы цилиндрлермен оқшауланған.


Желдету


Бөлме желдетілуі табиғи және механикалық қосумен болатын айналмалы-сорғыш болып қабылданған.

Табиғи қосумен болатын желдету қосымша бөлмелердегі желдету каналдары арқылы жүзеге асады. Механикалық қосумен болатын айналмалы вентиляция сауда залдарының бөлмелерінде калориферде ауаны қыздыру арқылы жүзеге асады Кірер есіктер ауа жылу топсаларымен жарақтандырылған.

Электрмен қамтамасыз ету

Электрмен қамтамасыз ету көзі болып ВЛ-10 кв. «Астра» - ТП №359 табылады, негізгі қосу нүктесі ВЛ-10 кв. №1. Трансформаторлық станцияны қоректендіру радиальді сызба бойынша АН-50 сымы арқылы 10 кВт кернеуде өтеді. Қондырғыға ГКТП – 250/10-У1 типтегі трансформаторлық станция алынған. Төменгі вольтты тораптың сызбасы радиальды түрде алынған. Торап 3х95+1х35 кв. мм. қабылданған ААШпУ-1 кв. кабелімен жасалған.

Сыртқы жарықтандыру ДРЛ-125 бар РК006-125-001-У1 шам орналасқан, шарбақ кронштейндерінде орнатылған. Сыртқы жарықтандыру торабы диаметрі 25 мм түтікшеге салынған АПВ-3(1х4) сымы және кабелден жасалған.

Жарықтандыруды басқару көшедегі жарықтандыру панелі арқылы автоматты түрде басқарылады.

Кірер жердегі орнатылған қуаттылылық:

- жарықтандыру – 65,8 кВт;



  • күші – 53.11 кВт.

Кірер таратқыш құрылымның типі ВРУ 1-11-10УХЛЧ; ВРУ 1-47-00УХЛЧ. Қуаты мықты қондырғы мен жарықтандырудың таратқыш қалқаншасы ПР-11.

Ғимаратта төмендегідей жарықтандыру түрлері қарастырылған: жұмыстық, авариялық, эвакуациялық және жөндеу.

Жарықтың көздері – люминесцентті лампалар және қыздырылған лампалар.
3.2 «Бурный ірімшік зауытына» қатысты заттар мен материалдардың физико-химиялық және өрт қаупі қасиеттеріне сипаттама
Бурный ірімшік зауытына қатысты негізгі материалдарына әртүрлі химиялық қоспалар, ал ең негізгісі болып аммиак жатады. Анықтама көрсеткіші бойынша оның физико-химиялық көрсеткіштері:

Аммиак – мүсәтірге тән өткір иісті, түссіз газ. Суда жақсы ериді. Судың бір сыйымдылығында 700 аммиактың сыйымдылығы ериді,ауадан жеңіл,15-20 сыйымдылық пайызының ауамен араласуы жарылысқа қауіпті.

Аммиактың ауада шектеулі қанықпасы: бір тәулікте орташа және жоғарғы мөлшері- 0,2 мг/м. куб, жұмыс үй-жайында- 20 мг/м. куб

Қабылдау шегі- 0,037 мг/л(тұншықтыру-тейтронды әсер)

Жұмыс аумағындағы ПДК- 0,02 мг/л

2 сағат экспозиция ішіндегі ПК- 0,21 мг/л



Өлімге душар ететін қанықпа - 50-100 мг/л.

Тыныс органдарын зақымдайды, түшкіріп, жөтеледі, дем алу ауырлайды, тұншығады, жүрек ағысы өзгеріп, тамыр соғу жиілігі бұзылады. Буы көз бен теріні тітіркендіреді. Тиіп кеткен жағдайда теріні үсітіп жібереді.

Таза ауаға алып шығып, жылумен, тыныштықпен қамтамасыз ету керек, дымқыл оттегін беріп, 2 %-ды бор қышқылымен кем дегенде 15 минут теріні, шырышты, қабатты, көзді шаю керек. Көзге 30 % альбуцид ерітіндісін 2-3 тамшы, мұрынға жылы зәйтүн немесе шабдал майын тамызу керек.

Қорғану: КД маркалы-торабы сұр түсті өңеркәсіптік сүзбе газқағар. Көшіру аймағы – 5 шақырымға дейін.

КӘУЗ авариясының салдарын жою жұмысын жүргізетін адамдар толығымен қорғаныс- киімінде болуы және «Drager» аппаратын қолдануы керек.

Бейтараптандыру: Аммиак- қышқыл заттар мен 1:20 еселігіндегі су қолданылады.

Хлор- қатты тітіркендіргіш жасыл-сары газ. Суда еруі: бір су сыйымдылығында оның шамамен екі сыйымдылығы ериді. Ауадан 2,5 есе ауыр. Аласа жерлерде, жертөлелерде, өқдықтарда, тоннельдерде жинақталады.

Қабылдау шегі- 0,003 мг/л (тұншықтыру әсер)

Жұмыс аумағындағы ПДК- 0,001 мг/л. 1 сағат экспозиция ішіндегі ПК- 0,01 мг/л. Өлімге душар ететін қанықпа- 1 сағат экспозицияда – 0,1- 0,2 мг/л.

Тез арада өмірден әкететін қанықпа- 5-10 мг/л. Хлордың ауаға тарайтын қанықпасы ПӘК бір тәулікте орташа 0,003 мг/м. куб бір рет жоғарғы мөлшерде- 0,1 мг/м. куб, кәсіпорындарының үй-жайларында – 1 мг/м. куб

Өкпені зақымдайды, көзді және теріні тітіркендіреді. Құрғақ жөтел, көзден жас ағады, құсқысы келеді, координация бұзылып, ентігеді. Хлор буы тиген жағдайда, күйік алады.

Таза ауаға алып шығу керек. Жылумен қамтамасыз ету керек. Оттегін, спирт буы ас содасының 0,5 пайызды аэрозолін беру керек. Тері мен көзді кемінде 15 минут бойы ас содасы ерітіндісімен шаю керек. Қажеттілігіне қарай «ауызға ауыз» әдісімен қолдан дем алдыру керек.

Қорғану құралдары: сүзгіш газқағар,қорабы сары түсті(30 минуттан-100 минутқа дейін) – В маркалы өңеркәсіп газқағары, ас сода ерітіндісіне, суға матырылған мата. Кқшіру аймағы 10 метрге дейін.

Бейтараптандыру: Хлор-сілті сипатындағы заттарды қолдану керек(сөндірілген әк, сода, сілті, каустик, су)

Ғимараттар мен құрылыстарда орналастырылатын дүңгіршектер мен дүкеншелер (егер нормативтік құжаттарға қайшы келмесе) жанбайтын материалдардан салынуы қажет.




Жұмыс уақытында тауарларды түсіру мен арту тұтынушылардың эвакуациялық шығу жолдарымен байланысы жоқ жолдар бойынша жүзеге асырылады.

Шыны ыдыстарға бөлініп құйылған әрқайсысы 1 литр сыйымдылықтан астам тұрмыстық химиялық тауарлармен, сырлармен, лактармен және ТТС, ЖС сауда жасауға, сондай-ақ "От қаупі бар", "Отқа жақын шашыратпа" деген ескерту жазулары жоқ зат таңбасынсыз өрт қауіпті тауарларды сатуға жол берілмейді.

Өрт қаупі бар тауарларды бөлшектеп орау осы мақсатқа арналған арнайы лайықталған орындарда жүзеге асырылады.

Керосин (ТТС, тұтану температурасы < 610С), пешке жағатын отын және басқа да ТТС мен ЖС сақтау және сату жанбайтын материалдардан орнатылған жеке тұрған ғимараттарда ғана рұқсат етіледі. Бұл ғимараттардағы еден деңгейі жанасқан жоспарлы деңгейден төмен, яғни апат кезінде сұйықтық ақпайтындай есепте болуы тиіс. Мұндай ғимараттарды пешпен жылытуға рұқсат берілмейді.



4. Өрт сөндірудің автоматты қондырғысын жобалау
4.1. Автоматты өрттен қорғау техникалық құралдарының жағдайы
Өрт автоматикасы құралдарын кең көлемде игеру өрттің қауіпті факторларынан адамдар өмірін қорғап қалуға кепілдік береді, табысты өртті сөндірудің сенімділігін арттырады, ірі өртке айналып кетпеу мүмкіндігін туғызады, мемлекеттік материалды және жан дүниелік байлықтарын сақтауды қамтамасыз етеді. Өрт автоматикасының әлеуметтік-экономикалық мәні мына түрде сипатталады. Өрт автоматикасы республикада өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарасында әлеуметтік тыныштықты сақтау кезінде, ұлттық байлықты сақтауда қалыпты экономиканы ұйымдастыруда, Қазақстан Республикасында локалдық тепе-теңдіктің пайда болу және даму мүмкіндігін тоқтатуда маңызды буын болып табылады. Өндірістің кең көлемде автоматизациялануы «адамсыз технологияның» пайызын кең көлемде арттырады. Егер де бұған объективті себепті қосатын болсақ, атап айтқанда, көшедегі транспорттың көп болуы салдарынан өрт автомобилінің қозғалыс жылдамдығы біраз кемитін болса, онда автоматикалық өртке қарсы қорғау құралдарын кең көлемде игеруді қажет етеді.

Сонымен қоса айта кету керек, өрт автоматикасы құралдарын пайдалану мемлекеттік өртке қарсы қызмет пен техника мөлшерінің санының эквивалентті азаю мүмкіндігін туғызбайды. Автоматиканы игеру – бұл тек қана МӨҚҚ штаттық және техникалық мүмкіншіліктері арасындағы бөлінбейтін компенсация және эксплутациялық нысандардағы еңгізілу санының үздіксіз өсуі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет