- есептеуіш техника – бұл процестерді автоматтандыруға және жылдамдатуға арналған машиналар, құрал-жабдықтар (компьютерлер және т.б. есептеуіш құралдар).
- басқа да машиналар және құрал-жабдықтар – машиналар, аппараттар және басқа да құрал-жабдықтар (телефон станцияларының, радиобуындарының құралдары).
6. Көлік құралдары – адамдарды және жүктерді тасуға арналған жүру құралдары (автомобиль, теміржол, су транспорттарының қозғалу құрамы). Инвентарлы объектісі болып барлық оған қатысты құрал және жабдықтармен бірге бөлек объектілер табылады.
7. Аспаптар (құралдар) – бұл механикаландырылған және механикаландырылмаған қол еңбек құралдары немесе металдарды, ағаштарды және т.б. өңдеуге арналған машинаға бекітілген жабдықтар (кесетін, соғатын, езетін, жұқартатын еңбек құралдары – электро дрельдер, электро вибраторлар және т.б.). Инвентарлы объектісі болып тек қана басқа инвентарлық объектінің құрамына кірмейтін құралдар жатады.
8. Өндірістік жабдықтар және құралдар - өндірістік операцияларды жасауға немесе жеңілдетуге арналған құралдар – жұмыс столы, шкафтар, және т.б.
9. Шаруашылық инвентарь – конторлық және шаруашылық инвентарь (үстелдер, шкафтар және клемдер).
10. Көпжылдық отырғызулар – жасанды, көпжылдық оптырғызулар (жеміс-жидектер, жүзім ағаштары, көпжылдық гүл отырғызулары, роза егіндері, тірі шарбақтар және т.б.).
11. Жерді жақсарту үшін капитал шығындары (құрылыссыз) – шаруашылыққа пайдалану үшін жерді жақсарту шараларына инвентарлы сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, алаңды тастардан тазарту және т.б.).
12. Басқа да негізгі қорлар – библиотекалық қорлар, музей құндылықтары және т.б 4.
Нарықтық экономикаға өту жағдайында бухгалтерлік есептің мақсаты негізгі қорлардың қозғалысын, шығуын, түсімін дұрыс және уақытылы қадағалау; пайдалану жерлерінде олардың бар болуын және сақталуын бақылау; негізгі қорлардың тозуын уақытылы және дәл есептеу, сонымен қатар оның есепте дұрыс айқындалуы; жөндеуге кеткен шығындарды анықтау және осы мақсатқа бөлінген қаржыларды тиімді пайдалануды басқару; тиімді пайдалануды басқару, машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының және басқа да объектілердің жұмысының тиімділігін көтеру үшін қорларды табу, сонымен қатар өнім шығаруын көтеру үшін өндірістік алаңдарды қолдану; негізгі қорлардың пайдаланбайтын, артық объектілерін шығару; кәіспорын басшысын есептеу техника құралдары базасында есептеп шығару жұмыстарын автоматтандыру жолымен негізгі қорлардың жағдайы туралы қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз ету 6.
Негізгі қорлар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаурашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.
Нарықтық экономикаға өту шарттары еңбек коллективін өндірістің барлық материалды-құндық факторларын соның ішінде негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру қорларын тұрақты іздеуге ниеттейді. Бұл қорларды мұқият экономикалық талдау жүргізудің арқасында тауып және іс жүзінде қолдануға болады.
Негізгі қорлардың жағдайы және оларды пайдалану – талдамалық жұмыстың негізгі бір аспектісі болып табылады, себебі дәл осылар әр бір өндірісті тиімді пайдаланудың негізгі факторы – ғылыми-техникалық прогрестің материалды айналуы болып табылады.
Кәсіпорынның негізгі қорларын және өндірістік қуаттылықтарын толық және тиімді пайдалану оның баруына әсерін тигізеді: оның еңбек өнімділігінің өсуіне, қорқайтарымның, өнім шығарудың көбеюіне, оның өзіндік құнының төмендеуіне, капитал салымдарын үнемдеуге.
Өнеркәсіпті-өндірістік негізгі қорларды тиімді пайдалануды және жағдайын талдау мақсаты болып: кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшілерінің негізгі қорлармен қамтамасыз етілуін анықтау, оларға деген қажеттілігін анықтау, олардың өсу жоспарының орындалуын, жаңаруын және шығуын анықтау, негізгі қорлардың техникалық жағдайын әсіресе активті бөлігін зерттеу, негізгі қорлардың пайдалану дәрежесін және оған әсер еткен факторларды анықтау, құрал-жабдықтар паркінің толықтай қолданылуын және комплекттігін анықтау, қорқайтарым өсімінің резервтерін шығару, негізгі қорларды тиімді пайдалану есебінен өнім көлемін және пайданы көтеру.
Негізгі қорлар пайдалануына байланысты қозғалыстағы, запастағы және тоқтатылғандар болып, тиістілігі бойынша – жеке меншіктегі және арендаға берілгендер болып бөлінеді.
Қозғалыстағы – пайдаланудағы негізгі қорлар (жұмыстағы, жөндеудегі немесе тоқтаудағылар).
Запастағы негізгі қорларға запаста тұрған құрал-жабдықтар және көлік құралдары (складтағы резервте тұрғандар), қолданудан шыққан негізгі қорларды ауыстыруға арналған.
Тоқтатылған негізгі қорлар кәсіпорынның немесе бөлек цехтардың уақытша қолданысынсын тоқтатуын белгіленген тәртіппен құжатты хатталғандар.
Жеке меншіктегі сол кәсіпорынға тиесілі негізгі қорлар. Арендаға алынған басқа бір кәсіпорыннан (ұйымдардан) уақытша пайдалануға салынған негізгі қорлар.
Негізгі қорлар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаурашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.
2 сурет - Негізгі қорлардың әр саладағы үлесі
Негізгі өндірістік қорлардың түрлі құрылымы әр саладағы өнеркәсіп кәсіпорындарында бірдей емес. Мысалға, ғимараттардың негізгі қорлардың толық құны жеңіл тамақ өнеркәсібіндегі үлесі көбірек (44%), құрылыстар – жанар-жағармай өнеркәсібінде (17%), таратқыш құрылғылар – электроэнергетикада (32%), машина және құрал-жабдықтар – машина құрастыратын кешенді кәсіпорындарында (45%) 6.
Негізгі қор бұл нақты өзгертілмеген үлгіде өзінің материалды заттай бағалау құнында, ағымдық ұзақ кезеңін жиі жоғалтады. Олар кәсіпорындарда ұзақ мерзімде пайдаланып өздерінің бағасын өндірген өнімге аударады. Негізгі қорлар қозғалыстық ұлттық байлықтың негізгі бөлімі болып келеді және қай елдің экономикасында болмасын анықтаушы ролінде ойнайды. Негізгі қорды тиімді немесе дұрыс пайдалану елдің экономикасын көтерілуіне негізгі жағдайда болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |