Практикалық бөлім
«Ағылшын әдебиетінің даму тарихы »
5 сынып оқушыларына арналған ағылшын тілінен үйірме сабағының бағдарламасы.
Құрастырған: А.Б.Фатхоллина - Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық коллледжінің 4 – курс студенті.
Кіріспе.
Оқушылардың тілі мен ойлау қабілетін қалай дамытуға болады? Сөздің сырын түсінуге қалай үйрету керек? Әлемді тануға, елгезектік пен қайырымдылық, біреудің қайғысына ортақтаса білу мен барлық тіршілік иесін жақсы көруге қалай үйрету керек?
Эмоционалдық ұялшақтықтан, қысылып-қымтырылудан арылу мен сөзді, образды сезіне білу мен кейіпкерге ене білуді үйренудің ең дұрыс жолы - бұл ойын қиялдау мен құрастыра білу. Мұның барлығын да театрландырылған үйірме бере алады. Аталмыш бағдарламада балалар театры тек қана көркемдік нәтижеге жету құралы , яғни спектакль қою ретінде ғана қарастырылмайды. Сонымен қатар,театр өнерімен шұғылдану оқушылардың ойлау қабілеті мен таным қызығушылығын белсендіруі, қиялы мен елесін оятуы, ағылшын тіліне деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығын оятуы өте маңызды. Үйірме - оқушылардың іс- әрекетінің сабақтан гөрі басқа бір түрі. Оқушы дайын сабақты алумен шектелмейді, ол сондай-ақ, оны жасайды, өзі құрастырады. Үйірмеде балалар назары мәселені өздері қоюға, ойлану мен жетекші көрсетіп берген бағытта өздік жұмыстарын дамытуға , таным қабілеттерін дамытуға бағытталады. Олар тапсырманы орындауда жеке, ұжымдық жұмыстарды жасай отырып, қажетті құралдар мен әдіс-тәсілерді өздері таңдайды. Сенімділік, оқушылар мен жетекшінің біріккен қызметі, дидактикалық материалмен бірігіп жұмыс жасау, өнердің басқа түрлерімен байланыс, бәрі- оқушының жеке тұлғасының дамуына әсер етеді.
Ағылшын тіліндегі әр түрлі ертегілер балалардың қызығушылықтарын арттырады және олардың тілдерін дамытады. Кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне қарай берілетін ертегілердің мазмұны әсерлі көңіл-күйді білдіре отырып, сезіне білуге үйретеді.
Қызықты қойылымдар қою арқылы балалардың қиялын ұштап, ойын тереңдетіп, еркін әңгімелесе білуге үйретуге болады. Ағылшын тілін еркін меңгеру үшін - үлкен мүмкіндік. Себебі, ағылшын тіліндегі түрлі қойылымдарды қою арқылы ағылшын тілдерін жетілдіріп, ойларын еркін жеткізуге үйренеді. Әдеби шығармаларды оқи отырып рухани бай болуларына көмектеседі, оқушылар өздерінің актерлік шеберліктерін шыңдайды, рөлге еніп ойнауды, кейіпкер образын көрерменге жеткізуді үйренеді. Сахнадан кейіпкерлерді көру арқылы сенеді, армандайды және мейірімді бола түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |