Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 5В090700-Кадастр


Аудан жерінің экологиялық жағдайына сипаттама



Pdf көрінісі
бет12/23
Дата10.10.2022
өлшемі2.71 Mb.
#462364
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Асылбек Толеcін

3.5 Аудан жерінің экологиялық жағдайына сипаттама 
 
Алматы облысы, Қарасай ауданы жағдайы бойынша топырақтың 
ластануының таралуын сыйпатын анықтау өзекті міндеттердің бірі. Алайда, 
бұл жұмыс ауқымды ақшаны және көп еңбек етуді талап ететіндіктен, 
ауданның барлық жерлері бойынша бірден орындала алмайды. Стационарлық 
экологиялық алаңдарда кезеңмен салынады. Жалпы көршілес тұрған Алматы 
аудансының өзінде 2000-2002 жылдары 31 стационарлық экологиялық алаң 
салынды, 2003 жылы СЭА-ның саны 63-ке дейін өсті, 2004 жылы 100, одан 
ары дамытып 500-ге жетті. Яғни 2010 жылы стационарлық экологиялық 
алаңдар саны тағы 100-ге өсті. Алаңдардың салыну схемасы, сынаманы 
сұрыптау әдістері төмендегі есеп берулерде келтірілген
[11, 24-28 бет]
Жердің ластану сипаттамасы далалық зерттеулер және зертханалық 
сараптаудың өңделген мәліметтеріне сәйкес беріледі.
Осы мілеметтерге байланысты ауданда жер мониторингі жүйесін 
дамыту стационарлық экологиялық алаңдар санын көбейтіп, жер жағдайын 
бақылауды тереңдету және көбейтуді қарастырады.
Бақыланып келе жатқан стационарлық экологиялық алаңдарда
топырақтық қорғасын, мырыш, кобальт, кадмий, мыс, никельмен ластану 
динамикасын анықтау мақсатында жұмыс жалғастырылуда. Осы алаңдардан 
қазір тағы 6 химиялық ластағыштар- фосфордың бес тотығы, хром, сынап, 
марганец, мышьяк, молибден мөлшерін анықтауға толықтырылып үлгілер 
алынды. Олардың толық сипаттамасы төменде келтірілген. Жұмыс мынадай 
тәртіппен орындалады:
1. Жаңадан салынған алаңдардың морфологиялық суреттеуі және 
топырақтың экологиялық жағдайы және химиялық құрамы бойынша 
сипаттамасы толық берілген. Бақылайтын көрсеткіштер саны 17 химиялық 
ластағыштар (химиялық элементтердің қозғалмалы түрі: мыс, мырыш, 
кобальт, никель, хром, марганец, фосфордың бес тотығы; химиялық 
элементтердің жалпы түрі: қорғасын, кадмий, сынап, күшәла, молибден, 
мырыш, никель, мыс, күкірт, нитрат). 
2. Стационарлық экологиялық алаңдарға элементтердің химиялық 
мөлшері бойынша сипаттау келтірілген. Морфологиялық сипаттау 
келтірілмейді, өйткені 2004 жылғы есеп беру жұмысында толық сипаттау 
келтірілген. Бұл алаңдарда топырақтағы 12 химиялық элементтердің ластануы 
бойынша сараптау жүргізілген: (қозғалмалы түрі- марганец, кобальт, никель, 
мыс, мырыш, фосфордың бес тотығы; жалпы түрі- мырыш, мыс, молибден, 
кадмий, никель, қорғасын).


36 
3. Стационарлық экологиялық алаңдарда топырақтағы химиялық 
элементтермен ластану динамикасын айқындау мақсатында жұмыс 
жалғасады. Салыстырмалық талдаулар бақылау кезеңіндегі нәтижелер 
бойынша жинақталып, қорытылады.
Ластағыш заттар мөлшерінің төмендеуі және жоғарылауына байланысты 
бес ластану деңгейі анықталады: рауалы, төмен, орташа, жоғары, өте 
жоғары.[5] 
Далалық, камералдық жұмыстар және зертханалық зерттеулердің 
мәліметтерін қорытып топырақ есеп беру жұмысы және картографиялық 
материалдар жасалады. 
Топырақ есеп беру жұмысында келесі тараулар баяндалады: кіріспе, 
ластау көздерінің қысқаша сипаттамасы, табиғи жағдайы, зерттелген 
топырақтың физико-химиялық және морфологиялық қасиеттері. Химиялық 
сараптау нәтижесінің кестесі, ауыр металдардың қазіргі мөлшерімен ШРК- 
мен салыстырмалы сараптама, топырақтың ластану деңгейі бойынша 
топтастыру және осы жерлердің жағдайын жақсартатын ұсыныстар келтірілді. 
Ластағыш заттардың құрамының ШРК-дан (шектеулі рауалы 
концентрация) асуына байланысты бес ластану деңгейі бөлінген.
Стационарлық экологиялық алаңдар жүйесінің үлкеюіне байланысты 
картографиялық материалда ластану қарқындылығын бес: рауалы, төмен, 
орташа, жоғары, өте жоғары деңгейлерін сипаттайтын нақ контурлары 
суреттелген, техногендік таралу өрісін айқындау үшін үлкен ақпараттар 
беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет