39
3.6
Табиғи ресурстардың және қоршаған орта мониторингінің
бірыңғай мемлекеттік жүйесі
Антропогендік
өзгерістерді
көрсету
үшін
адамзат
әсерінен
биосферадағы өзгерістерді арнайы бақылауды ұйымдастыру қажеттілігі
туындады. Кеңістіктегі қоршаған орта элементтерін
бақылау және белгілі
мақсаттарына сәйкес бұрынырақ дайындалған бағдарламаларды жинақтап
«Табиғи ресурстардың және қоршаған орта мониторингінің бірыңғай
мемлекеттік жүйесі (ТР және ҚОМБМЖ)» деген атау берілді.
Қоршаған орта жағдайын жақсарту,
экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету бойынша шараларды тиімділігін арттыруына байланысты
Қазақстан Республикасы Үкіметінің №885 27 маусым 2001ж «Табиғи
ресурстардың және қоршаған орта мониторингінің мемлекеттік бірыңғай
жүйесін жүргізу және ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қаулысы
қабылданған. Оның мақсаты ұйымдастырушылық
және шаруашылықтық
шешімдерді қабылдау үшін ақпаратпен қамтамсыз ету және табиғи
ресурстарды пайдалануды бақылау, халықты қоршаған орта жағдайы туралы
және қоршаған ортаның адамзат денсаулығына тигізетін кері әсерлері туралы
ақпараттандыру.
1974 жылы қоршаған орта мониторингінің глобальды жүйесінің
негізгі
жағдайлары және мақсаттары ашып көрсетілді. Ол табиғи ортаның
жағдайында өзгерістерді ескерту, ластанумен байланысты, адам денсаулығына
келетін қауіптерді ескерту, стихиялық апаттар
туралы қауіптерді ескертуге
бағытталған. Кеңес дәуірі кезінде мониторингтің екі концепциясы
шығарылды.
I-ші концепция Ю.А.Израэльдің көмегімен дайындалып шығарылды. Ол
мониторингті «табиғи ортаны бақылау, бағалау және болжау» ретінде
қарастырды. Қоршаған табиғи ортаның сапасын
дұрыс басқару мониторинг
жүйесін басқарудың негізгі шарты деп санады. Концепцияның мынадай
жағдайларын атап өтті
[20, 21-23 бет]
- мониторингті іс жүзіндегі бақылау қызметінің құрамдас бөлігі ретінде
қарастыру мониторинг арқылы шешілетін мәселелердің жинағын шектеу.
Мониторингтің II-ші концепциясы академик И.П.Герасимовтың
көмегімен шығарылды. Бұл концепция қоршаған ортадағы табиғи өзгерістерді
бақылау қызметін дамыту, қоршаған ортаның мониторинг жүйесін жан-
жақты бақылау, болжамдық функцияларды орындау үшін ғылыми негізделген
нормативтермен экожүйелік моделдерді өңдеп шығаруды қарастырады. Атап
көрсетілген концепцияларды талдап табиғи ресурстардың және қоршаған орта
мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне толық анықтама берілді.
Концепция мониторинг жүйесін алты блокқа бөледі:
- геосфералық мониторинг;
-
биосфералық мониторинг;
- геоэкологиялық мониторинг;
- биоэкологиялық мониторинг;
40
- санитарлы-гигиеналық мониторинг;
- табиғи шаруашылықтық мониторинг.
Достарыңызбен бөлісу: