Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 5В090700-Кадастр



Pdf көрінісі
бет4/23
Дата10.10.2022
өлшемі2.71 Mb.
#462364
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Асылбек Толеcін

Дипломдық жұмыс міндеті: Алматы облысы, Қарасай ауданындағы 
жердің жай-күйіне қарай бақылау жүргізу, ауданындағы экологиялық
жағдайларын бақылап, қарастыру болып табылады.

 


15 
1 МОНИТОРИНГ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 
 
1.1 Мониторингтің жүргізілу реті 
Жер мониторингі бойынша мемлекетаралық және халықаралық 
бағдарламаларды 
іске 
асыру 
Қазақстан 
Республикасының 
басқа 
мемлекеттермен жасасқан келісімдері мен шарттарында айқындалатын 
тәртіппен және бекітілген жағдайларда жүзеге асырылады. [1, 5-6 бет] 
Жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану тәртібін 
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 
Жер мониторингі мына жұмыстарды құрайды. 
1. Жүйелі бақылауларды, іздестіруді, суретке түсіруді орындау; 
2. Жердің жай – күйін талдау мен бағалауды жүргізу; 
3. Жердің құнарлығына антропогенді әсер етуді реттеу жөніндегі 
ұсыныстарды әзірлеу; 
4. Белгілі бір уақыт кезеңінде жердің сапалық жай – күйін болжау; 
5. Жер туралы деректер жинағын ұйымдастыру. 
Жер мониторингінің құрылымы жердің негізгі нысаналы мақсаты мен 
аумақтық ауқымы бойынша айқындалады. Жер санатына сәйкес келе отырып 
жер мониторингі мына жүйелерге бөлінеді: 
1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жердің мониторингі; 
2. Өнеркәсіп, 
көлік 
байланыс, 
қорғаныс 
және өзгеде 
ауыл 
шаруашылығына жатпайтын жердің мониторингі
3. Елді – мекен жерлерінің мониторингі; 
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жерлердің сауықтыру 
мақсатында және тарихи, мәдени мақсатындағы жердің мониторингі; 
5. Орман қоры жерлерінің мониторингі; 
6. Су қоры жерлерінің мониторингі; 
7. Босалқы жерлердің мониторингі [2, 10-11 бет].
Орындалатын жұмыстар түрлері, әдістері, орындау технологиялары 
зерттеліп, анықталған кемшіліктерді жою жолдары қарастырылған.
Жер мониторингінің құрылымы Қазақстан Республикасының аумақ 
бірлігімен анықталады. Жеке аумақтық бірлік бойынша жер мониторингінің 
құрылымы мына деңгейлерден тұрады: 

Қазақстан Республикасының жер мониторингі; 

Облыстық жер мониторингі; 

Аудан және аудан жерлерінің мониторингі (1 суретке сәйкес) 
Мониторингтің кешенді ақпараттық жүйесі 3 негізгі бағыт бойынша 
жүргізіледі: 

Шаруашылық субьектілерінің және елді мекен шаруашылығының 
мониторингі 

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мониторингі 

Ауылдың әлеуметтік сферасының мониторингі 


16 
Ауыл шаруашылығын реттеу - ауыл шаруашылық мекемелерін, шаруа 
фермер қожалығын үздіксіз бақылауды және талдауды қажет етеді.Ауыл 
шаруашылығында өндірістің негізі жер болғандықтан, оның пайдалану 
тиімділігін бақылау және топырақ құнарлығын сақтау, жоғарылату қажеттілігі 
туады. Республикадағы елді мекендердің 44% ауылда тұрғандықтан және 
ауыл шаруашылығы өндірісіне байланысты ауылдың дамуы, ауылдың 
әлеуметтік сферасы мониторингін құруды көздейді.Оның обьектісі ауылдың 
елді мекен пункті және әлеуметтік инфрақұрылымы болып табылады. 
1 Сурет - Қазақстан Республикасының жер мониторингінің құрылымы 

Шаруашылық субьектілерінің және елді мекен шаруашылығының 
мониторингі-ол ауыл шаруащылығы өндірісінің өнімі (өсімдік жүргізу және 
мал шаруашылығын жүргізу) материалды техникалық базасы, елді мекендегі 
шаруашылық өндірісі, өнімнің қаражатты-экономикалық көрсеткіштері, 
ресурстар және ауыл шаруашылығы өнімінің негізгі түрлерін пайдалану 

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің мониторингі-ауыл 
шаруашылық мақсатындағы жерлердің ауданы, ауыл шаруашылық 
мақсатындағы жерлердің жағдайы, ауыл шаруашылығы мақсатындағы 
жерлердің иелену формалары және пайдалану. 

Ауылдың әлеуметтік сферасының мониторингі-ауылдық елді мекен, 
ауылдық елді мекендегі еңбек нарығы, өмір сүру деңгейі, ауылдағы білім және 
мәдениет, денсаулықты сақтау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет