Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 5В090700-Кадастр


АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ, ҚАРАСАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША



Pdf көрінісі
бет7/23
Дата10.10.2022
өлшемі2.71 Mb.
#462364
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Асылбек Толеcін

3.АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ, ҚАРАСАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША
ЖЕР МОНИТОРИНГІН ЖҮРГІЗУ 
 
 
3.1 Жер мониторингін жүргізуде стационарлық экологиялық 
алаңдар құру
 
Табиғат тазалығы, қоршаған ортаны қорғау проблемесына әрбір азамат 
өзіндік үлесін қосуы қажет. Ізгілікті істің негізгі әр азаматтың өз үйінің 
ауласынан бастау алуы тиіс. Бүгінгі дамыған әрі өркениетті қоғамның 
жанын жегідей жеп, санасын санға, ойын онға бөліп отырған негізгі проблема 
қоршаған ортамыздың экологиялық ахуалы болып отыр. Полигондарды 
экологиялық құжаттандыру басты мәселенің бірі, сондықтан 2010жылы 
"Жол картасы " есебінен экологиялық жоба жасатуға қаржы бөлуге, аудан 
әкімдері мұрындық болуы тиіс. 
Аудан жері жағдайының өзгерістерін белгілеу үшін және олардың 
бағалануы болашақтағы даму болжамына жер мониторингісінің моделі 
құрастырылады.
Аудан жер қорының сапасы жағдайы және құрлымының өзгеруіне жыл 
сайынғы бақылаулар жүргізіп қарастыру, анықталған өзгерістерді бағалау 
және болашақтағы дамуы болжанады. 
Жер қоры құрлымының сандық өзгеруін- есепке алынған жерлер 
есебінің материалдарын талдау және салыстыру арқылы бекітеді.
Топырақ сапасының өзгеруін сипаттау үшін мониторинг моделі 
аймақтық стационарлық экологиялық бақылау пункттерінің құралуын және 
негативтік үдерістердің дамуын бақылайтын жергілікті мониторингті жүргізу 
қамтамасыз етіледі.
Бақылау пункттері стационарлық (СЭА) және жартылай стационарлық 
экологиялық алаңдарға (ЖСЭА) бөлінеді. Бақылау пункттерінің ауданы 100 га 
құрайды. Әр бақылау учаскесінде топырақты зерттеу үшін 3-ке жуық 
стационарлық алаңдар алынады. Стационарлық экологиялық алаңның ауданы 
1га кем болмауы тиіс. Стационарлық экологиялық алаңдарда әр жыл сайын 
бақылау жүргізіледі. Онда жерлердің сапасына әсер етуші топырақ 
параметрлерінің өзгерісі, агроөндірістік құндылығы бақыланады. Сонымен 
бірге дефляция, су эрозиясы, топырақтың тұздануы, токсикалық заттармен 
ластану процесстерін, топырақтағы гумустың, азоттың құрамының 
динамикасын, қоректендірудің жылжымалы элементтерін, топырақтың су-
физикалық және физико-химиялық қасиетін тудыратын антропогендік және 
табиғи факторлары зерттеледі. Стационарлық экологиялық алаңдардағы 
бақылаулар: 

1 рет қана; 

ай сайын; 

декада сайын. 
ауыл шаруашылық өсімдіктердің даму фазасы бойынша бақылаулар 
жүргізіледі. [16] 


28 
Стационарлық экологиялық алаң (СЭА) тік бұрышты немесе квадратты 
түрдегі, көлемі 10х10м жер учаскесінен тұрады.
СЭА-да бақыланған химиялық ластаушы заттарды сынамалау, аудан 
жерін экологиялық зерттеу нәтижесі негізінде анықталып, есеп беруледе 
көрсетіледі.
Жалпы Қарасай ауданның экологиялық жағдайы таза аймақта 
орналасқан. Соның бірі ондағы экологияны бұзып отырған қаладан 34 
шақырым қашықтықта Алматы–Бішкек автожолының солтүстігіндегі, Қарасай
ауданның жерінде орналасқан қалалық полигон осы қалдықтарды сақтау 
мен көметін бірде- бір орын.
Бұл полигон бүгінге дейін жалға алынған жер 
телімдерінде жұмыс істеп тұр.Алматы қаласында халқының санына орай, 
медицина мекемелері де көп шоғырланған. Сол медицина мекемелерінің
пайдаланудан шығарылған қалдықтарды келісім шарт бойынша Қарасай 
ауданында орналасқан арнайы жабдықталған кәсіпорындар "Интермед" және 
"Олжас" жауапкершілігі шектеулі серіктестеріне өткізіледі.[11]
Аудандағы ауыл шаруашылық мақсатта қолданылатын жерлер мен 
орман, декоративті және жемісті көшеттері отырғызылған жерлердің 
ластануын бақылаумен қатар құнарлық мониторингін жүргізу керек және 
топырақтың химиялық ластаушы заттарға төзімділігін сипаттау (МЕСТ 17.4.3. 
06-86 Табиғат қорғау. Топырақ.) 
Бұл үшін 50-100 см тереңдіктегі топырақ қимасын алып, химиялық 
талдау жасау үшін ленталық әдіспен генетикалық горизонтынан топырақ 
үлгісін алады.
Алынған үлгілерден жалпы белгіленген әдіспен МЕСТ (5 қосымша) 
гумус мөлшерін және жалпы азотты, жылжымалы қоректену элементін, рН, 
ауыспалы катиондар құрамы, суда еритін тұзбен карбонаттар санын 
анықтайды [5, 48-51 бет] 
Ластанған жерлерді белгілеуде рекогносцировкалық зерттеулер 
нәтижесінде қиылған бақылау пункттерінің торы құрылады.
Жер мониторингі нәтижесін барынша жинақтау, жердің экологиялық 
жағдайына жеке зерттеу жүргізу.[6]
CЭА – ғы бақылаулар нәтижесінде топырақтың ластану деңгейінің 
өсуіне байланысты, ластанған жерлердің таралу шекарасын анықтауды және 
ластану деңгейінің өзгеруіне жеке зерттеулер жүргізеді.
СЭА – нан алынған бақыланған материалдар, далалық, зертханалық 
зерттеу мен ізденістер нәтижесі туралы және жыл сайын жер мониторингі 
жұмыстары нәтижесі туралы түсініктеме хат толтырылады.
Көп жылдық бақылаулар негізінде жердің экологиялық жағдайының 
өзгерістері туралы және болашақтағы даму болжамына талдау жүргізеді. 
Жүргізіліп жатқан табиғат қорғау мен оны жақсартуға ұсыныстар беретін 
шаралардың қолданылуына баға беріледі.
Жер мониторингінің мәліметтерін өңдеуді, сақтауды және жинауды 
арнайы автоматтандырылған мәліметтер банкінде өңдеу керек.[6]


29 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет