Дипломдық жұмыс Рухани жаңғыру аясында табу, эвфемизм, дисфемизм сөздерін оқытудың әдістемелік жүйесі



бет3/21
Дата31.03.2023
өлшемі178.88 Kb.
#471513
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
дипломдық жұмыс эвфемизм проверяется

ҚОРЫТЫНДЫ

24.03.2019-18.04.2019

Орындалды

4

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

19.04.2019-24.04.2019

Орындалды


Тапсырманы беру уақыты: 16.09.2018
Аяқталған жұмысты тапсыру уақыты: 18.04.2019
Тапсырманы орындауға алған студент: «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша күндізгі бөлім, Фил – 41-топ студенті Әйгерім Мұхитқызы Кенешова


Жұмыстың жетекшісі:
п.ғ.д., профессор, академик А.С. Қыдыршаев
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Табу, эвфемизм, дисфемизмдер өзге халықтар сияқты түркі халықтарының этномәдениеті мен тілдерінен де тең орын тепкен ауқымы кең категориялар. Оларды этнография мен лингвистиканың шендес немесе еншілес мәселелерін зерттейтін этнолингвистика ғылымының тұрғысынан зерделеудің ғылыми-танымдық әрі практикалық мәні ерекше. Бұлай топшылаудың басты қисыны мен дәлелі, біріншіден, этнолингвистика ғылымының тіл мен оның сөздік қорын сол тілде сөйлейтін халықтың рухани мәдениетімен байланыстыра, ұштастыра зерттейтіндігінде жатса, екіншіден, табу, эвфемизм, дисфемизмдердің тек этнолингвистика ғылымына ғана лайық зерттеу нысаны екендігінде жатыр. Өйткені, табу, эвфемизм, дисфемизмдер – халықтың рухани мәдениетінен туындап, тілден көрініс тапқан құбылыстар. Үшіншіден, нысанаға алып отырған тақырыптың өзі ғана емес, оның субъектісі – этнолингвистика ғылымы да тіл біліміндегі ең жас әрі соны салаларының бірі. Өйткені ең алғашқы этнолингвистикалық ой-пікірлер И. Г. Гердер (XVIII г.) мен В. Гумбольдтан (XIX ғасырдың басы) тарағанымен, жеке ғылым ретінде ол XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ғана қалыптаса бастады. Оның негізін кезінде Американың байырғы халықтарының жазба нұсқалары қаланбаған тілдерін сол этностардың мәдениеттерімен байланыстыра, ұштастыра зерттеген және соның нәтижесінде тұңғыш рет «Ethnolingustics» («Этнолингвистика») атты салиқалы еңбекті жарыққа шығарған американдық Ф. Боас, Э. Сэпир, Б. Уорф сынды этнолингвистер болатын.
Этнолингвистика – кешегі кеңес тіл білімінің тұрғысынан қарағанда да кенжелеу қалыптасқан ғылым. Мысалы, «Национальный язык и национальная культура» («Ұлттық тіл мен ұлттық мәдениет») атты монографияның, сол сияқты белгілі лингвист Н. И. Толстойдың славян этнолингвистикасы мен жалпы этнолингвистика туралы немесе тіл мен этнос жөнінде жазған этнолингвистикалық еңбектерінің 1978-1983 жылдар арасында ғана басылып шығуы соның айқын дәлелі.
Этнолингвистика термин ретінде грек тілінің этнос (халық, тайпа) және лингвистика деген ұғымдарынан туындайды, ал жалпы тіл білімінің бір саласы ретінде ол тілді халықтың рухани мәдениеті тұрғысынан зерттейтін ерекше арна. Ал бұдан да кеңірек әрі дәлірек айтқанда, ғылымның бұл саласы лингвистикалық, этномәдени, этнопсихологиялық және этномифологиялық факторлардың қабыса келіп, тілдің кызметі мен дамуына тигізетін ықпалы мен лингвистикалық әдістердің көмегімен зерттейді және сөздерді ғылыми тұрғыдан жете саралауға ауадай қажет толыққанды деректер іздеуге ғалымдарды бағыттап отырады.
Этнолингвистика – жалпы түркітану, оның ішінде қазақ тіл білімінде де енді-енді ғана қалыптаса бастаған жаңа бағыт. Мәселен, белгілі лингвист, академик Ә. Т. Қайдаровтың «Этнолингвистика» деп аталатын мақаласында: «Қазақ тіл білімінде ғылымның бұл саласы бұрын-соңды сөз болған емес. Сондықтан бұл біздер үшін әрі жаңа, әрі тың проблема болып саналады», - дей келіп, оның мақсаты мен нысаны жөнінде: «Ана тіліміздің ұшан-теңіз байлығын, ғасырлар бойы толассыз толығып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып, мұра болып келе жатқан асыл қазынасын мүмкіндігінше толық меңгеріп, ел игілігіне айналдыруды мақсат ететін ғылым салаларының бірі – осы этнолингвистика... Этнолингвистика, егер оның түп-тамырына терең үңілсек, этнография мен лингвистиканың жай қосындысы емес... Бұл ғылым саласының бір кереметтігі де, бүгінгі таңдағы ғылыми-практикалық маңызы да – оның монолиттік тұтастығында, бір-біріне етене жақын, тіпті бірінсіз бірін толық түсінуге болмайтын объект екендігінде. Ол объект – этнос және оның тілі», - деген пікірі этнолингвистиканың өте жас ғылым екеніне көз жеткізумен қатар оның жалпы түркі тіл білімі үшін де аса қажетті сала екенін анық байқатады. Ал осы саладан өрбіте айтар болсақ, табу, эвфемизм және дисфемизм сөздерді оқыту мәселесін кең тұрғыда қолға алуды қажет етеді.
Осы айтылған анықтамалар мен түйінді тұжырымдар тұрғысынан келсек, түркі тілдеріндегі табу, эвфемизм, дисфемизмдерді этнолингвистика ғылымның тұрғысынан зерттеудің өзектілігі ешбір дау туғызбайды. Себебі кез келген этнографиялық лексиканың сыртында белгілі бір этнографиялық ұғымдардың тұратыны сияқты түркі тілдеріндегі табу, эвфемизм, дисфемизмдердің сыртында да олармен ұштасып, астарласып жататын этнографиялық ұғымдар, атап айтқанда, дəстүрлі наным-сенімдер, мифтер, əдет-ғұрыптар, салт-дəстүрлер жəне қоғамда қалыптасқан моральдық жəне басқа қағидалармен қатар тіл мəдениетінен туындайтын этикалық нормалар тұрады. Мәселен, бұл күнде түркі тілдерінің көпшілігінде табуға айналған қасқыр, бөрі, құрт деген сөздер мен олардың орнына қолданылып жүрген қазақ тіліндегі: ит-құс, қаран-құлақ, серек құлақ, теріс азу, қара ауыз, ұлыма; өзбек тіліндегі: итұуш (ит құс), қаршықул (қарсы қол); тува тіліндегі: ыт (ит), чер ылды(жер иті), қызыл карак (қызыл көз), узун кудуруук (ұзын құйрық); түрікмен тіліндегі: месдан ит (дала иті), ады жітен (аты жоқ), хырыдар(аңшы), жанавар (жануар); әзербайжан тіліндегі: жанавар немесе ағзыгара (қара ауыз) деген сөздер мен сөз тіркестерінің бәрі де этнографиялық мәнге ие болған лексика. Өйткені олардың лексикалық мағыналарының сыртында да ескіден қалған тотемдік наныммен қатар кейінірек қалыптасқан дəстүрлі наным-сенімдерден туындайтын «атын атаса қасқыр малға шабады немесе адамға қастандық істейді» деген сияқты этнографиялық ұғымдар жатыр əрі ондай табу, эвфемизм, дисфемизмдер түркі тілдерінің бəріне де ортақ. Олар - сөздік қордың ерекше қабатын құрайтын, бір жүйеге жататын этнолингвистикалық лексика.
Осы факторлардың бəрі де табу мен эвфемизмдердің айрықша категориялар екеніне көз жеткізумен қатар олардың түркі тілдеріндегі алатын орнын анықтауға жете мəн беріп, тереңірек зерттеудің қажеттігін баса көрсетеді.
Түркі тілдеріндегі табу, эвфемизм, дисфемизмдердің этнолингвистикалық сипатын салыстыра зерттеу арқылы олардың əлеуметтік себептерін, жүйесін, мəні мен қыр-сырын ашу, атап айтқанда, олардың жалпы тіл біліміндегі зерттелу деңгейін, шығу тегін, этномəдени, этнопсихологиялық, этномифологиялық негіздерін, жасалу жолдарын, тілдің сөздік қорын лексика семантикалық жағынан байытудағы үлесін жəне тіл мəдениетінің қалыптасуына тигізетін əсерін анықтау. Сəйкесінше, табу, эвфемизм, дисфемизм сөздерін оқыту мəселесіне бойлау.
Бұл нысандарды белгілеуде біз ең алдымен орыс тілінде жарық көрген лингвистикалық энциклопедиялық сөздіктегі табу, эвфемизм, дисфемизмдерге берілген ғылыми анықтамаларды негізге алып, соларға сүйендік, олар төмендегідей: «Табу (полинезийское) — запрет на употребление тех или иных слов, выражений или собственных имен. Явление табу связано с магической функцией языка (речи). Т. е. о верой в возможность непосредственного воздействия на окружающий мир при помощи языка. Табу характерны для языков народов с архаичной культурой (Африка, Австралия, Океания, народы Севера и др.), однако в большей или меньшей степени встречаются во всех языках.
Табу — не специфически языковое явление (бывают табу на те или иные акты поведения, контакты с определенными людьми, употребление какой-либо пищи, питья, употребление некоторых предметов н материалов).... В современных языках к табу можно отнести тенденцию не говорить прямо о смерти, тяжелой болезни, избегать упоминаний о «неприличных» предметах и т. п. Понятие табу тесно связано с понятием эвфемизма.
Демек, «табу» деген терминнің мағыналық ауқымы тек тыйым салынған сөздермен ғана шектелмейді. Табу, сонымен қатар, кісі тарапынан жасалмауға тиісті кейбір іс-әрекеттерге, белгілі бір адамдарға, ішіп-жеуге болмайтын ас-суға, пайдалануға болмайтын заттар мен бұйымдарға т.с.с салынатын тыйымдарды да түгел қамтиды. Олай болатын болса, лингвистикалық табуды жалпы этнографиялық табудың белгілі бір бөлшегі ғана десек, шындықтан алыс кетпейміз.
Ал табудың эвфемизмдерге қандай қатысы бар деген мәселеге келетін болсақ, оған берілетін нақты жауапты да жоғарыда көрсетілген лингвистикалық сөздіктен табамыз. Онда былай делінген: «Эвфемизм (греч. – хорошо и говорю) – эмоционально нейтральные слова или выражений, представляющихсяговорящему неприличными, грубыми или нетактичными. Например: рус. «пожилой» вместо «старый», «уклониться от истины» вместо «соврать»; франц. Executer «казнить» (букв. «исполнить») вместо mettre a mort «предать смерти»; польск. pomoc domova (букв. – домашняя помощь») вместо sluzaca «служанка». Эвфемизмы характеризуются высокой степенью подвижности. Ими заменяются также табуированные названия, архаичные (рус. «хозяин» вместо «медведь», «шут с ним» вместо «черт с ним», франц. parbleu вместо par dieu) и новые («летальный исход» вместо «смерть», «новообразование» вместо «опухоль»)
Тағы бір мәселе – этнолингвистикалық табу ұғымға салынатын тыйым емес, тек сол ұғымның тілдегі атауына, яғни сөзге салынатын тыйым екендігі. Өйткені кез келген мәдениет пен тілде өзінің тиісті орны бар белгілі бір ұғымға ешкім де тыйым сала алмайды. Бірақ кейбір себептермен әлгі ұғымның тура атауы ашық қолдануға қолайсыз болса, ол сөз қолданыстан шығып, табуға айналады. Бірақ оны өзгертіп, басқаша атауға, дәлірек айтқанда, эвфемизммен ауыстыруға адамның да, тілдің де мүмкіндігі толық жетеді. Ендеше, бұл тұрғыдан алып қарағанда, эвфемизмді өңін айналдырған табу немесе тура атауына тыйым салынған ұғымның бет пердесі, бүркеніші немесе табудың өзі тудыратын жасанды синонимі деу лазым.
Табу, эвфемизм, дисфемизмдерге байланысты есте болатын бір мәселе: бірде-бір тіл еш уақытта ешбір сөзді шеттетпейді, ешбір сөзге өздігінен тыйым салмайды. Тіл үшін барлық сөз бірдей, тілге ешбір сөздің өгейлігі немесе бөтендігі жоқ. Ендеше, табу сөздерді тудыратын себептер тілдің өзінде емес, сол тілдік қатынас құралы ретінде пайдаланатын қоғамда, әр түрлі әлеуметтік ортада, яғни адамдарда жатыр. Демек, бұл тұрғыдан алып қарағанда, табу, эвфемизм, дисфемизмдер тек этнолингвистикалық құбылыс қана емес, сонымен қатар тіл мен қоғамның өзара байланысын сипаттайтын социолингвистикаға да қатысы бар құбылыс. Өйткені, табу, эвфемизм, дисфемизмдер – адамдардың қоғамдағы әлеуметтік, мәдени және экологиялық ортаға байланысты қалыптасқан наным-сенімдерінің, салт-дәстүрлерінің қағидаттары мен нормаларының тілдегі орныққан көріністері. Бұл пікір де негізсіз емес. Мәселен, басқа тілдердегі сияқты түркі тілдерінде де қазақ тілінде де табу сөздер (кейбір анатомиялық атаулар, қатерлі ауру аттары, былапыт сөздер, физиологиялық табиғи процестер мен жыныстық қарым-қатынастарға байланысты қалыптасқан ұғымдардың тура атаулары т.с.с) ауызекі тілде де, ақпарат құралдарында да, көркем әдебиетте де ашық қолданылмайды, тіпті олар сөздіктерге де кіргізілмейді. Алайда солай екен деп, табу сөздер тілден, тілдік қордан біржолата шығып қалды немесе аластатылды деуге ешбір негіз жоқ. Өйткені оларды сөздікке кіргізбеген тілдің өзі емес, тілшілер, яғни сөздікті құрастырушылар немесе авторлар. Ал соңғыларды солай істеуге итермелеп немесе мəжбүр етіп отырған - қоғамда қалыптасқан ресми цензура немесе этикалық нормалар. Демек, табу сөздер - əр түрлі əлеуметтік себептермен байланысты қолдануға шартты түрде қоғам шек қойған немесе тыйым салған лексика. Өйткені олар сөздіктерден табылмағанымен, тілдің сөздік қорында, халықтың жадында, ана тілі сүтпен бірге дамыған əр адамның көкейінде баз қалпында тұрады.
Этнолингвистикалық табу, эвфемизм, дисфемизмдердің табиғатына тəн тағы бір ерекшелік тіл айналымынан шыққан табу сөздерді алмастырып отыратын эвфемизмдер əлеуметтік ортада неғұрлым жиі қолданылса, солғұрлым тез табуға айналып, ендігі жерде олардың орнын жаңа эвфемизмдер басып отырады. Бұл үрдіс еш уақытта толастамайды. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, табу - кез келген тілдің сөздік қорын үнемі неологизмдермен, дəлірек айтқандв, синонимдермен, омонимдермен байытуға тікелей ықпалын тигізіп отыратын ерекше этнолингвистикалық категория. Мəселен, дəл бүгінгі таңда ағылшын тілінде ресми түрде арнайы сөздіктерге тіркелген «мас» («drunk») деген ұғымды білдіретін эвфемистік неологизмдердің ұзын саны екі мыңның үстіне шығып кетті. Мұндай эвфемистік неологизмдер түркі тілдерінде де жеткілікті. Бірақ қазақ немесе онымен туыстас басқа түркі тілдерінде табу, эвфемизм, дисфемизмдердің арнайы сөздіктерді əлі күнге дейін жасалмаған. Бұл – өз кезегін күтіп тұрған мәселелердің бірі. Ал басқа тілдерде, мәселен, ағылшын, орыс тілдерінде ондай сөздіктер әлдеқашан жарық көрген. Бұған Америка Құрама Штаттарында, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия және Ресейде басылған арнайы сөздіктер дәлел.
Эвфемизмдерге жоғарыда берілген лингвистикалық анықтамадан олардың тек діни нанымдардың негізінде тыйым салынған (табу) сөздер ғана емес, сонымен қатар дөрекі, ұят, ыңғайсыз немесе белгілі бір себептермен әдепсіз саналатын сөздерді де алмастырып отыратынына көз жеткіземіз. Керісінше, табудың анықтамасына жете зер салсақ, бұл терминнің де мағыналық аясы тек діни нанымдардың негізінде тыйым салынған сөздермен ғана шектелмей, әлеуметтік ортада ашық қолдануға этикалық тұрғыдан тыйым салынған, дөрекі немесе әдепсіз саналатын сөздерді де қоса қамтитынын анық аңғарамыз. Ал дисфемизм сөздер алдыңғы айтылғандарға керісінше. Сөздікте былайша берілген. Дисфемизм (лат. dis, гр. dus - қарама-қарсылық не болымсыздық мағына тудыратын қосымша, гр. рһemi - айтамын), какофемизм — ауыс мағынаның бір түрі. Қалыпты қолданылатын зат, құбылыс атауларын неғұрлым дөрекі, тұрпайы сөздермен ауыстырып айту. Мысалы, бала деудің орнына жүгірмек, сөйлеме деудің орнына былжырама деу, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет