Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы : «Қазақстан республикасының президенті мемлекет басшысы»


ПРЕЗИДЕНТТІ САЙЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ЛАУАЗЫМЫНАН



бет2/5
Дата25.02.2016
өлшемі400 Kb.
#22244
түріДиплом
1   2   3   4   5

1.3. ПРЕЗИДЕНТТІ САЙЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ЛАУАЗЫМЫНАН

КЕТІРУ ТӘРТІБІ
Қазақстан Республикасының Президентін сайлау Конституцияға (41-бап) және Президенттің "Сайлау туралы" Жарлығына сәйкес белгіленген.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Президент болып жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды. Прези-дент сайлауының баламалығын Конституция көрсетпейді. Бұл принцип Президенттің "Сайлау туралы" заң күші бар Жарлығында бекітіледі.

Конституция Президенттікке кандидат алдына қойылатын негізгі талаптарды белгілеп берді. Мемлекеттің басшысы және жоғары лауазымды тұлғаның қызметін тиісті деңгейде атқару үшін Президенттікке кандидат кемелденген жасқа келген, өмірлік мол тәжірибе жинақтаған болуы керек. Осыны ескере келе, Президенттікке Қазақстан Республикасының кемінде 40 жасқа толған азаматының сайлана алатындығы белгіленді. Көптеген елдерде Президенттікке кандидатқа жас шектеуі қойылмаған. Барынша кең тараған норма бойынша, Президенттікке 35 жасқа толғандар сайлана алады. Президенттікке тілек білдірген-дерге АҚШ-та, Мексикада, Австрияда, Венгрияда, Португалия-да, Ирландияда1 осындай жас шектеуі қойылған.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы бойынша рұқсат етілетін ең жоғары жас шегі белгіленген болатын. 1998 жылы бұл шектеу алынып тасталды. Жастың жоғары шегін белгілеудің бір ғана себебі бар еді: қабілетсіздігіне қара-мастан, адамдардың әбден қартайғанша билік басынан кетпейтін кеңестік кезең тәжірибесін қайталаудан сақтану. Президенттік лауазымға кірісу үшін ең аз жас деңгейі белгіленген елдерде жастың рұқсат етілетін ең жоғары деңгейі белгіленбейді. Мысалы, Индияда мемлекет басшысы орнына кәртан, беделді адам-дарды сайлау тәртібі қабылданған. Ресей Федерациясының Кон-ституциясы да Президент үшін мүмкіндігінше рұқсат етілетін жас деңгейін белгілемейді. Денсаулығы мықты сақталған адам-ның жасы үлғайған сайын саяси тәжірибесі молыға, ұйымдас-тырушылық кабілет ұштала тусетіндіктен және баска касиеттеріне орай, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мұндай бағыт өзін ақтайды да.

Қазақстан Республикасы Конституциясы Президенттікке үміткер адам, міндетті түрде тумысынан Қазақстан Республи-касының азаматы болуы керектігін белгілейді. Мұндай тәртіп бірқатар елдерде қабылданған. АҚШ-та және Францияда ту-мысынан осы елдің азаматы болып табылатындар ғана Прези-дент бола алады.

Конституцияда Қазақстанда кемінде 15 жыл тұру қажеттігі Қазақстан Республикасының Президентіне қойылатын талап-тардың бірі болып табылады. Мұндай талаптын, қойылуы дұрыс, өйткені мемлекет басшысы лауазымына үміткер адам елді, ха-лықты, оның тарихын, экономикасын, ұлттық ерекшеліктерін және басқаларын жақсы білуі тиіс. Бұл талапкд орай бір даулы сұрақ тууы мүмкін: адам Қазақстанда қатарынан 15 жыл тұруы керек пе немесе кезең-кезеңімен, бірақ жиналып келгенде 15 жылға толатын болуы керек пе? Болашақта Президенттік лауа-зымға бірнеше кандидат ұсынылған кезде осы мәселені анық-тау көкейкесті мәнге ие болуы мүмкін.

Конституция Қазақстан Республикасы Президенттігіне мемлекеттік (қазақ) тілді еркін меңгерген азаматтың сайлана алатындығын белгілейді. Мұндай талап, Қазақстан мемлекеті байырғы қазақ жерінде құрылғандықтан, қазақ ұлты сақталу-ын қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі-оны сақтау болып табылатындықтан, тілдің өмір сүруін қамтамасыз ететін барлық қызметті атқарудан туындайды. Ел Президенттігіне үміткер азамат қазақтармен еркін сөйлесуі үшін, сөз жоқ, мемлекеттік қазақ тілін еркін меңгеруі тиіс. Бұл арада атап көрсеткен жөн, Қазақстан Республикасының Конституциясы Президент лауазымына үміткерге ұлттық шек қойып отырған жоқ. Кез келген ұлттың мемлекеттік тілді еркін меңгерген аза-маты Қазакстан Республикасы Президенті бола алады.

"Сайлау туралы" заң күші бар Жарлық Президент лауазы-мына үміткерге қойылатын тағы бір талапты ұсынады1. Үміткер жеке бір табынушылыққа қызмет етпеуі тиіс. Мұндай талап Қазақстан мемлекетінің зайырлық сипатынан туындайды. Пре-зидент, кез келген азамат сияқты, кайсыбір дінді ұстауы немесе ұстамауы мүмкін. Алайда, дін кайраткері болмауы, кайсыбір конфессияға қызмет етпеуі тиіс. Ол мейлінше, әр түрлі дінді ұстайтын азаматтардың дауыс беруімен сайланады. Сондықтан Президент зайырлы мемлекеттің басшысы ретінде бүкіл халық-ты ойлауы керек. Одан әрі, үміткердің заң тәртібімен белгілен-ген соттылығын өтемеген адам болмауы керек: ол белсенді сай-лау құқығының иесі болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Конституциясы Президент сайлауының негізгі құқықтық бастауын белгілейді. Кезекті және кезектен тыс Президент сайлауы өткізілуі мүмкін. Пре-зиденттің кезекті сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі және Республика Парламентінің жаңа құрамын сай-лау мерзімімен тұспа-тұс келмеуі керек. Республика Пре-зидентінің кезектен тыс сайлауы Президент лауазымынан мерзімінен бұрын босаған немесе кетірілген жағдайда өткізіледі. Республика Президентіне кезектен тыс сайлау Президент екілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғаннан кейінгі екі ай мерзім ішінде өткізілуі тиіс.

Қазақстан Республикасы Конституциясы Президентті сайлау үшін барынша көпшілік дауыстың мажоритарлық жүйесін белгіледі. Егер дауыс беруге сайлаушылардың 50 проценттен астамы қатысса сайлау өткізілген болып есептеледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 50 процентінен аста-мын алған кандидат сайланған болып есептеледі, Егер кандидаттардың бірде-бірі көрсетілген дауыс санын ала алмаса, қайдан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екі кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауыс алған кандидат сайланды деп есептеледі.

"Қазақстан Республикасының сайлау туралы" Заңы Президент сайлауы тәртібін егжей-тегжейлі регламенттейді1. Президенттікке кандидатты өз мүшелерінің және мүше еместерінің арасынан олардың жоғары органдары атынан республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Азаматтарға өзін-өзі ұсыну кұқығы да берілген.

Қазақстан Республикасы Конституциясы бір адамның Рес-публика Президенттігіне қатарынан екі мерзімнен артық сай-лана алмайтындығын көздейді. Мұндай қағида Ресей Федера-циясы Конституциясында да көзделген. Бұл конституциялық, норма басқарушы тұлғалардың ауыстырылмайтын номенкулатурасын қалыптастыру мүмкіндігіне жол бермеуден туындайды1. Сонымен бірге Президенттік лауазымға қатарынан екі рет сайланған азамат болашак, Президент лауазымына сайлану үмітін жоғалтпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясында Президентті сайлаудың негізгі құқықтық бастамасы белгіленген. Президент тек кезекті сайлауда сайланады. Президенттің кезекті сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде жүргізіледі және ол сайлау Республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен мезгілі тура келмеуі керек. Республика Президентінің кезектен тыс сайлауы жүргізілмейді.

Конституция бүкіл халық сайлаған Президенттің лауазымы-на кірісу рәсімін де қарастырады. Қазақстан Республикасының Президенті Парламент депутаттарының, Конституциялық Ке-ңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот мүшелерінің қатысуымен сал-танатты жағдайда халыққа ант бергеннен кейін қызметіне кіріседі. Анттың мәтіні 42-бапта келтірілген: "Қазақстан хал-қына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен зандарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Респуб-ликасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін".

Президенттің басшы және жоғары лауазым иесі ретіндегі жоғары құқықтық мәртебесі жан-жакты қорғауды қажет етеді. Президент халыктың еркін білдіргенмен, оның қызметі қарама-қарсы күресуші саяси күштерден барлық уақытта бірдей қолдау тауып және мақұлданып жүрген жоқ. Сондықтан Президенттің қызметіне қатысты негізсіз пікірлер, сөздер ғана айтылып қоймайды, сондай-ақ Президенттің ар-намысына, қадір-қасиетіне тиетін сөздер де айтылады. Президентті, оның мәртебесін құқық бұзушылық сипаттағы сөздерден қорғау қажет2. Әрине, Президентке қатысты да сын ескертпелер айты-лады. Сезім құлдығындағы сыни пікірлер кейде құқыққа қарсы сипаттағы балағаттауға ұштасып кетеді. Бұдан кейбір адамдар-дың құқықтық, санасы деңгейінің төмендігі және демократиялық, құқықтары мен бостандықтарын пайдалана алмайтындығы көрінеді. Құқықтық сананы жаппай қалыптастыру және демо-кратиялық институттарды пайдалану дағдысын тиянақтау едәуір уақытты қажет етеді. Екінші жағынан, мемлекеттік органдар, барлық деңгейдегі лауазымды адамдар бір ғана жазалау шара-ларымен жаппай оң құқықтық, сананы қалыптастыруға және демократиялық тәртіпті бойға сіндіруге, мемлекеттің лауазымды адамдарына қатысты құрмет сезіміне тәрбиелеуге болмайтындығын саналы түрде сезінулері тиіс. Осыны ескере келе Президент Н.Ә.Назарбаев 1995 жылғы 21 маусымда елімізде баршаға құкықтық, білім беру жөніндегі шаралар туралы арнайы қаулы қабылдады. Қазір халықтың барлық қабаттарын, қызметкерлердің министрге дейінгі барлық санаттарын қамты-ған құқықтық білім беру жұмыстары өріс алды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабына сәйкес мемлекет басшысы ретінде Президент тиіспеушілік құқығына ие. Президентке, оның абыройы мен, қадір-қасиетіне ешкімнің тиісуіне болмайды. Республика Президентінің абы-ройына, қадір-қасиетіне нұқсан келтірушілік заң бойынша жа-уапқа тартылады. Әңгіме Президентті барлық азаматтарға қатыс-ты заңның қорғайтындығы туралы болып отырғандығын ескерген жөн.

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы Президентті лауазымынан босату және кетіру жөніндегі инсти-тутты карастырмады. Бұл институт Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында көрініс тапты. Президентті лауазымынан босату және кетірудің айтарлықтай күрделі тәртібі белгіленді. Сырқаттығына байланысты өз міндетін жүзеге асыруға жұмыс қабілетінің үнемі болмауы кезінде Президент мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Мұндай жағдайда Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан және медицинаның тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында комиссияның қорытындысы және Конституциялық Кеңестің конституциялық рәсімінің сақталғаны туралы қорытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінін көпшілік даусымен қабылданады. Конституция Президентті лауазымынан кетіруге қатысты ерекше тәртіп белгілеген. Президент өзінін, міндетін атқару кезіндегі іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді1. Осы үшін Парламент Президентті лауазымынан кетіруі мүмкін2. Кінә тағу және оны тергеу туралы шешім Мәжіліс депутаттарының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс депутаттарынын жалпы санының көпшілік даусымен кабылдануы мүмкін. Тағылған кінәні тергеуді Сенат ұйымдастырады және оның нәтижесі Сенат депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысының қарауына беріледі. Осы мәселе бойынша түпкілікті шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында әр Палатадан депутаттардың жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік даусымен қабылданады. Мұндай жағдайда Жоғарғы Соттың тағылған кінәнің негізділігі туралы қорытындысы және Конституциялық Кеңестің белгіленген конститу-циялық рәсімдердің сақталғаны туралы қорытындысы болуы тиіс. Егер кінә тағылған кезден бастап екі ай мерзім өткенше Парламент түпкілікті шешім кдбылдамаса, Президентке қарсы қойылған кінә кабылданбай тасталған деп танылады. Мемлекетке опасыздык жасағаны туралы Президентке тағылған кінә кез келген сатыда кабылданбай тасталуы мүмкін.

Мұндай жағдайда Президенттің мемлекетке опасыздық жасағаны туралы мәселе көтерген Мәжіліс депутаттарының екілеттігі мерзімінен бұрын токтатылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 63-бабында көзделген жағдайда Президент Парламентті тарата алады. Президент Парламенттің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені қараған кезенде Президентті лауазымынан кетіру туралы мәселені қозғауға болмайды. Мұндай қағида Парламент пен Президентті карама-қарсы қоюға жол бермеу мақсатын көздейді.

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы Вице-президент лауазымын қарастырған еді. Практика оның терістігін көрсеткендіктен, 1995 жылғы Конституция мұндай лауазымды қарастырмайды. Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен мерзімінен бұрын босаған немесе кетірілген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Республика Президенті-нің өкілеттігі қалған мерзімге Парламент Сенатының Төрағасына көшеді; Сенат Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Парламент Мәжілісінің Төрағасына көшеді; Мәжіліс Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Республиканың Премьер-Министріне көшеді. Оның Парламентті таратуға, Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуға, республикалық референдум тағайындауға, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс енгізуге құқығы жоқ. Мұндай шектеудің мәні түсінікті: Президент міндетін атқарушы тарапынан мемлекеттік билікке зорлық жасалмауын көздейді. Өйткені, оны халық сай-лаған жоқ және ол халық атынан сөйлей алмайды.

Конституция республика Президентінің лауазымына кірісуіне байланысты шектеушілікті белгілейді. Президенттің өкілдік органның депутаты болуға, өзге де лауазымды атқаруына және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына құқығы жоқ. Егер Президент саяси партияның мүшесі болса, онда өзінің өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде ол ондағы қызметін тоқтата тұрады. Аталған шектеудің саяси мәні бар. Егер Президент бір мезгілде Парламент депутаты болса, онда ол оның қызметіне ықпал етуге (кысым жасауға) мүмкіндік алар еді, ол билік бөлісу принципіне қайшы келер еді. Көптеген Президенттер саяси партиялардың басшылары (жетекшілері) болып табылады және партиядағы өзінің мүшелігін тоқтата тұрмайды. Қазақстан Республикасының Конституциясындағы қағида белгілі бір дәрежеде бір саяси партия үстемдігінің теріс әсерін көрсетеді және оппозициялық күштердің мүмкін қысымына қарсы бағыгталған.

2000 жылғы 20 шілдеде "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы" Конституциялық Заң қабылданды1. Бұл заң жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің, негізін қалаушылардың бірі, Қазақстан халқының көшбасшысы, Конституция га-ранты ретінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ретінде Н.Ә. Назарбаевтың саяси және құқықтық жағдайын айқындайды. Заң өзінің мақсаты ретінде Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарының, елдегі әлеуметтік-экономикалық және демократиялық қайта құрудың сабақтастығын қамтамасыз етуді көздейді.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы" Конституциялық заң Н.Ә. Назарбаевтың мемлекет алдындағы ерекше тарихи еңбегінің арқасында қабылданған айрықша акт болып табылады. Заң тұңғыш Президентке оның сіңірген еңбегі үшін ол Президенттің лауазымында болған кезеңде, сондай-ақ кейін де пайдалана алатын бірқатар құқықтарды ғұмырлық береді. Оларға төмендегі кұқықтар жатады:

1. Ол Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар міндетті түрде қарауға жататын бастамалар жасауға құқылы.

2. Ол өзінің өкілеттіктерін атқаруды тоқтатқаннан кейін де Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның Палаталарының алдында, Үкіметтің отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде, сөз сөйлеуге, Қазақстан халықтары Ассамблеясын басқаруға, Қазақстан Республикасы Кон-ституциялық Кеңесінің, Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіруге құқылы.

Қазакстан Республикасы Тұңғыш Президентінің заңды қызметіне кедергі жасауға жол берілмейді және ондай әрекет заңмен қудаланады.

Н.Ә. Назарбаевтың ерекше еңбегін атап өту кұрметіне "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев" ордені және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің жыл сайынғы Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы тағайындалды.

Заңда Президентке ешкімнің тиіспеушілігі туралы ерекше айтылған. Ол мемлекетке сатқындық жасау жағдайларын қоспағанда, өз мәртебесін жүзеге асыруға байланысты іс-әрекет үшін жауапты болмайды. Қазақстан Республикасының Түңғыш Президентіне тиіспеушілік оның тұрғын, қызмет үй-жайларына, жеке және кызмет бабындағы көлігіне, жазылатын хат-хабарларына, ол пайдаланатын байланыс кұралдарына, сондай-ақ оған тиесілі құжаттарға қолданылады. Заң Президенттің қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды көздейді. Ол шаралар байланыспен, күзетпен, медициналық кызметтермен, зейнетақымен қамтамасыз етуді көздейді. Осы конституциялық заң көздеген шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.




ІІ. ПРЕЗИДЕНТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі президенттік басқару жүйесінің мазмұнымен алдын ала айқындалады. Президентке тізілімі Конституцияда және Президенттің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген кең өкілеттіктер берілген.

Президенттің Парламентке қатысты өкілеттігі. Президент Парламенттің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Парламенттік өкілеттік мерзіміне Сенатқа жеті депутатты тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады; Парламент депутаттарының Қазақстан халқына ан-тын қабылдайды; Сенат Төрағасы лауазымына кандидат ұсынады; Парламент Палаталарының кез келген бірлескен және жеке өткізілетін отырыстарына қатысуға және сөз сейлеуге құқылы; Үкімет мүшесі заңдарды орындамаған жағдайда Парламент Сенатының немесе Мәжілісінің оларды қызметінен бо-сату жайындағы өтінішін қарайды; Конституцияда көзделген жағдайларда және тәртіппен Парламентті тарата алады.

Президенттің Үкіметке қатысты өкілеттігі. Президент Парламенттін келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық, атқару органдарын құрады, таратады және қайта құрады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; Премьер-Министрдің, оның қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндамасын тұрақты түрде тыңдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкімет немесе оның кез келген мүшесі орнынан түсуі жөнінде мәлімдегенде шешім қабылдайды; Кон-ституцияда және заңдарда көзделгеннен өзге атқарушылық қызметті жүзеге асыруды Үкіметке жүктеуге құқылы.

Президенттің Конституциялық Кеңеске қатысты өкілеттігі. Президент Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен екі мүшесін қызметке тағайындайды; Конституциялық заңға сәйкес оларды мерзімінен бұрын қызметінен босатады; Президент, Парламент депутаттары сайлауын өткізудің, республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселе бойынша; заң-дардың, халықаралық шарттардың Конституцияға сәйкестігі бойынша; Конституция нормаларын ресми түсіндіру мәселесі бойынша; қызметтен босату және кетіру мәселесі бойынша Конституциялық Кеңеске жүгінеді.

Президенттің Соттарға және судьяларға қатысты өкілеттігі. Президент Жоғарғы Сот Кеңесінің ұсынысы бойынша қызметке сайлау және қызметтен босату үшін Жоғарғы Сот Төрағасын, Жоғарғы Сот алқасы төрағалары мен судьяларды Сенатқа ұсынады; облыстың және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын, облыстық және оларға теңестірілген сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындайды; Әділет министрінің Әділет біліктілік алқасының кепілдемесіне негізделген ұсынысы бойынша Республиканың басқа да соттарының төрағалары мен судьяларын тағайындайды.

Президенттің Прокуратура органдарына қатысты өкілеттігі. Президент Парламент Сенатының келісімімен Республиканың Бас Прокурорын қызметке тағайындайды; оны қызметінен босатады; Бас Прокурордың ұсынысы бойынша оның орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; әр тоқсанда кемінде бір рет Бас Прокурордың елдегі зандылықтың жай-күйі туралы есебін тындайды.

Президенттің әкімдерге қатысты окілетгігі. Премьер-Министрдің ұсынысымен Президент облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының әкімдерін қызметке тағайындайды; өз құзыретіндегі мәселелер бойынша әкімдерге тапсырмалар береді және оның орыналуы жөнінде әкімдердің есебін тындайды; мәслихат депутаттарының басым көпшілік даусымен сенім көрсетілмеген жағдайда өз қалауымен облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметтерінен босатады.(4-1) аудандардың, қалалардың (астана мен Республикалық маңызы бар қалаларды қоспағанда), қалалардағы аудандардың, ауылдық (селолық) округтердің, ауылдардың, селолардың (поселкелердің) әкімдерін тағайындаудың немесе сайлаудың тәртібін белгілейді1.

Президенттің республикалық референдумға қатысты өкілеттігі. Президент: 1) жеке бастамасы бойынша; 2) Парламенттің бастамасы бойынша; 3) Үкіметтің бастамасы бойынша; 4) барлық облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың бәрін бірдей дәрежеде білдіретін Республикалық, сайлау құқығы бар кем дегенде екі жүз мың азаматының баста-масы бойынша республикалық референдум өткізу туралы шешім қабылдайды. Аталған субъектілердің шешімі бойынша Президент: 1) референдум өткізу туралы; 2) референдум өткізбей-ақ, оның мәні ретінде ұсынылып отырған мәселе жөнінде Республика Конституциясына, Конституциялық заңына, заңына өзгертулер мен толықтыруларды немесе өзге шешімді қабылдау қажеттігі туралы; 3) референдум өткізу туралы ұсынысты қабылдамай тастау туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

Президенттің мемлекеттің қорғаныс қабілеттін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өкілеттігі. Президент республиканың Карулы Күштерінің Бас Қолбасшысы болып табылады. Ол Қарулы Күштердің Жоғарғы командалық құрамындағы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Демократиялық институттарға, республиканың тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, республиканың саяси тұрақтылығына, оның азаматтарына елеулі және тікелей қауіп төнген жағдайда және мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты қызметі бұзылғанда Президент қажетті шаралар алады. Президент Премьер-Министрмен және Парламент Палаталары Терағаларымен алдын ала ақылдасады. Президент алынатын шаралардың бірі ретінде Қарулы Күштер қолданылатын төтенше жағдайды енгізуі мүмкін. Республикаға қарсы агрессия немесе оның қауіпсіздігіне тікелей сыртқы қауіп төнген жағдайда Президент бүкіл аумаққа немесе оның жекелеген аймақтарына әскери жағдай енгізеді. Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау және тағы басқалары бойынша халықаралық міндеттемені орындау үшін Парламент Палаталарының бірлескен отырысының қарауына Президент республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы ұсыныс енгізеді.

Президенттің сыртқы саяси өкілеттігі. Президент республиканың келіссөздерін жүргізеді және халықаралық шарттарға қол кояды, республика қол койған халықаралық шарттарды Парламентке ұсынады; бекітілген грамоталарға қол қояды; республика қол қойған халықаралық шарттардың күшін жою туралы Парламентке ұсыныс енгізеді. Президент басқа да бірқатар сыртқы саяси іс-әрекеттерді орындайды.

Президенттің идеялық-ғылыми қызметі. Конституция мен зандар Президентке идеялық-ғылыми сипаттағы құжаттар қабылдауға құқық береді. Алайда бұл қайсыбір идеологияға Президенттің, бүйрегі бұрып тұруы тиіс деген сөз емес. Президенттің идеологиялық және ғылыми көзқарасы мемлекеттің мәні мен сипатын және оның қызметінің прин-циптерін белгілейтін конституциялық қағидалармен ерекше-ленеді. Қазақстанда орнықтырылушы құқықтық, демократиялық, әлеуметтік және зайырлы мемлекеттің тамыры ғасырлар бойы қалыптасқан жасампаздық мұраттар мен көзқарастардың тереңінде жатыр. Бұл идеялар Қазақстанның жағдайына орай бағдарламаларда, тұжырымдамаларда өз орнын тауып, ресми танылуы және содан кейін тиісті мемлекеттік органдардың практикалық қызметінің идеялық-теориялық негізіне қызмет етуі тиіс.

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейтіндіктен ол идеологиялық қызметті де атқарады. Сондықтан Конституция мен заңдар оған мемлекет қызметінің идеялық-ғылыми негізін айқындайтын құжаттар қабылдауға құқық береді. Конституцияға сәйкес Президент елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын Қазақстан халқы-на жолдау арнайды. Мұндай жолдауда ішкі және сыртқы саясаттың әр түрлі саласындағы басым бағыттар белгіленеді1. Мемлекеттің тиісті салалардағы қызметінің идеялықтеориялық негізін айкындайтын әр түрлі тұжырымдамалар жан-жақты талқыланғаннан кейін Президенттің өкімімен мақұлданады. 1996 жылғы 30 сәуірде Президент "Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын" мақұлдады. Оның Конституция, республика зандары негізінде, халықаралық кон-венцияларға орай әзірленгені "Тұжырымдамада" тура атап көрсетілген. Ол Қазақстандағы саяси, құкықтық, экономикалық және әлеуметтік және басқа реформалардың ерекшеліктерін бейнелейді. Тұжырымдама экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі принциптерін, стратегиялық мақсаттарын, міндеттерін және басым бағыттарын көрсетеді.



Президент мақұлдайтын тұжырымдамалық құжаттардың маңыздылығы оның объективтілігін, ондағы идеялардың, қағидалардың ғылыми негізділігіне байланысты болады. Егер тұжырымдамалық қағидалар атүсті әзірленген, яғни негізсіз болса, онда ол мемлекеттік және қоғамдық өмірге теріс ықпал етуі мүмкін.
2.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
1990 ж. 24 сәуірінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі "Қазақ КСР президентінің қызметін құру және Қазақ КСР Конституция-сына (Негізгі заңына) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң қабылдады. Қазақ КСР Конституциясына "Қазақ КСР Президенті" деген жаңа 12-тарау енгізілді. Президент Қазақ КСР-ның басшысы болып танылды. Президентке құқық шығармашылығына тікелей қатысты бірқатар өкілеттіктер берілді. Оларды атап өтейік:

  1. Қазақ КСР зандарына қол қою құқығы. Ол құқық тұрақты болып қалды;

  2. салыстырмалы вето құқығы. Бұл құкық Жоғарғы Кеңестің шектеусіз билігінің қабырғасын бірінші болып бұзды. Ол Жоғарғы Кеңеске қатысты тежемелік құралдардың бірі және әлі де болса танылмаған мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принципінің елеулі көрінісі болды;

  3. Президенттің КСРО Конституциялық қадағалау комите-тіне Қазақ КСР, КСРО және Қазақ КСР Конституцияларынын мүдделеріне қатысты КСРО заңдарының сәйкестігі туралы ұсыныстар енгізу құқығы. Бұл құқық Қазақстанның егемендік құқықтарын олардың КСРО Жоғарғы Кеңесі қабылдайтын заңдар бұзған жағдайда қорғауға бағытталған болатын;

  4. Қазак КСР Президентінің КСРО Министрлер Кенесінің Қазақ КСР мүдцелеріне қайшы келетін қаулылары мен өкімдерінің әрекетін тоқтата тұру туралы өтінішпен КСРО Президентіне жолдану құқығы;

  5. 5)Қазақ КСР Президентінің КСРО Министрлер Кеңесіне оның ведомствосындағы басқару органдарының Қазақ, КСР мүдделеріне қайшы келетін актілеріне шағымдану және Қазақ КСР аумағында шағымдалатын актілердің әрекетін тоқтата тұру құқығы;

  6. 6)Президенттің Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің, Қазақ КСР министрліктері мен мемлекеттік комитеттерінің қаулылары мен өкімдерінін әрекетін, олардың Қазақ КСР Коституциясына және зандарына сәйкес болмауы жағдайында тоқтата тұру құқығы;

  7. Президенттің келіссөздер жүргізу және халықаралық шарттарға кол кою кұқығы. Мұнысымен Президент халықаралық кұқық нормаларының Қазақстанның қолданыстағы құқығына енуіне мүмкіндік туғызады;

  8. Президенттін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күшке ие жарлықтар шығару құқығы. 1978 жылғы Конституция бойынша бұл құқық әлі де сақталған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумына тиесілі болды. Бұдан былай Қазақстан Президентінің нормативтік жарлықтары нормативтік құқықтық актілер сатысында зандардан кейін нык, орын алды және ұлттық құқықты қалыптастыруға және дамытуға қомақты үлес қосуда;

  9. Президенттің Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіндегі заң шығармашылық бастама құқығы. Осы құкықты пайдалана отырып Президент Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне заңдар жобаларын енгізе бастады;

Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, мынандай корытындыға келеміз:

1) Президент колданыстағы құқықты, ұлттық заңнаманы қалыптастыратын субъект ретінде мемлекеттік органдар жүйесінде белгілі бір орнын алды;

2) Қазақ КСР КСРО құрамында болғанына қарамастан, Президентке Қазақ КСР Конституциясын, ел мүдделерін одақ-тық органдардың конституциялық емес құкық шығармашылық қызметінен корғау кұқығы берілді, бұл арқылы ол Қазакстан-ның мүдделерін қорғауға бағдарланған одақтық және респуб-ликалық зандарды дамытуға жәрдемдесті;

3) Республиканың халықаралық шарттарына кол қою кұқығы берілген Президент Қазақстанның шетелдік мемлекеттермен, халықаралық қауымдастықпен құқықтық қарым-қаты-настар орнатуының жаңа тарауын ашты.

1990 жылы 25 казанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі "Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы декларация" қабылдады. Оның тек 1991 жылғы 10 желтоқсанға дейін ғана солай аталға-нын айтатын кез келді. Ол күні Қазақ КСР "Қазақ КСР-ның атауын өзгерту туралы" екі тармақтан тұратын заңы қабылданды:

1. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы Қазақстан Республикасы деп қайта аталсын.

2. Қазақ, КСР Конституциясына (Негізгі заңына) және Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы декларацияға, Қазақ КСР-ның мемлекеттік органдарының заңдары мен өзге акті-леріне тиісті өзгертулер енгізілсін'. Сонымен, аталған заң тұрғы-сынан 1991 жылдың 10 желтоқсанынан бастап осы тарихи құжат-ты "Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі тура-лы декларация" деп атау керектігіне күмандануға болмайтын шығар.

"Декларация" туралы Президенттің мәртебесінің елеулі өзгеруіне байланысты мен айтып өттім. "Декларация" Респуб-ликадағы мемлекеттік билік оның заң шығармашылық, атқару-шы және сот билігі тармақтарына бөліну принципі бойынша жүзеге асырылатынын бірінші рет анық, ашық жариялады. Заң шығармашылығы билігін Жоғарғы Кеңес жүзеге асырады; Пре-зидент Республиканың басшысы болып табылады және жоғар-ғы өкімшілік-атқарушылық билікке ие.

1990 жылғы 20 қарашада "ҚазКСР-дағы мемлекеттік билік пен басқару құрылымын жетілдіру және Қазақ, КСР Конститу-циясына (Негізгі заңына) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң қабылданды2. Президенттің өкілеттігі айтарлықтай жаңа жағдаймен толықтырылды: ол құқықтық саясатты айқ-ындайтын болды. Ал ҚазКСР-ның 1991 жылғы 25 тамыздағы "Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы "республикада жүзеге асы-рылатын саяси және экономикалық өзгерістерді одан әрі да-мыту, оның мемлекеттік егемендігін және президенттік билік институтын нығайту мақсатында" қатарына Президенттің "кұқықтық саясат қалыптастыру" бойынша өкілеттіктері бар жаңа нормалар енгізіледі деп тікелей жазылды3. Бұл дегеніңіз Президентке құқықтық, реформаны жүзеге асыру жолын анық-тауға құқық беру дегенді білдірді. Президентке тек өзінің заң шығармашылығына (заң шығармашылығы қызметіне) қатысу жөніндегі құкықтарын сақтап қана қоймай, сонымен қатар құқықтық стратегияны айқындау және сонысымен Жоғарғы Кеңестің заң, шығармашылығы қызметіне концептуалды түрде ықпал ету өкілеттігі берілді.

Сонымен, қарастырылған заңдар Президенттің құқық шы-ғармашылығы рөлінің күшею тенденциясын нақты белгіледі. Өз рөлін атқару үшін Президент Қазақстанның дербес ұлттық құкыктык жүйесінің калыптасуына елеулі тарихи мәні бар үлес қоса отырып, актілер қабылдады, Республиканың Жоғарғы Кеңесінің заң шығармашылығы қызметіне қатысты.

1991 жылғы 16 желтоксандағы "Қазақстан Республикасы-ның мемлекеттік егемендігі туралы" Конституциялык, заң Президенттің бұған дейін бекітілген мәртебесін, соның ішінде оның құқық шығармашылығы өкілеттіктерін қуаттады. Соны-мен бірге осы тарихи заң оның мемлекеттік егемендік туралы декларациямен қатар Республиканың, жаңа Конституциясын әзірлеуге негіз болып табылатынын атап өтті. Осы мақсатта Конституциялық комиссия құрылып, оны Қазақстан Респуб-ликасынын, тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев басқарды.

Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Республика-сы Конституциясының жаңа жобасын әзірлеу бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Жобаны әзірлеушілердін, бірі ретінде сол уақытта Жоғарғы Кеңесте үстемдік еткен жағдайларды, ахуал-ды қысқаша айтып кетсем деп едім. Иә, ол бір айрықша кезең — социализмнен басқа сапалы күйге ету кезеңі еді, бұрынғы құн-дылықтарды тез арада қайтадан ой елегінен өткізіп, пайдалы болуы мүмкіндерін алып, жаңа құндылықтар: тек теория түрінде, баска мемлекеттердің тәжірибесі аркылы ғана белгілі жаңа мемлекеттік-құқықтық институттар құру керек болатын. Қазақ-стан Республикасының Президенті де дәл осыны максат етті. Президенттің екі палаталы Жоғарғы Кеңес туралы идеясы де-путаттардың көпшілігінін арасында қолдау таппады. Әйтсе де Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы Пре-зидент Н.Ә. Назарбаевтың тікелей басшылық, етуімен әзірленді және қабылданды, және де жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекеті-нің маңызды конституциялық негіздерін қалады.

Бірден-бір заң шығару оргны болып табылатын және шексіз өкілеттігі бар, кеңес өкіметі жағдайында сайланған Жоғарғы Кеңес жаңа, неғұрлым еркін, демократиялық және серпінді қарым-қатынасқа кірігіп кете алмады. Мұны түсіну 1993 жыл-дың желтоқсанында Жоғарғы Кеңестің өзін-өзі таратуына әкеліп соқты. Таратылар алдында ҚР Жоғарғы Кеңесі 1993 жылғы 10 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Прези-денті мен жергілікті әкімшілік басшыларына қосымша өкілеттіктерді уақытша беру туралы" заңды қабылдады. ҚР Президентіне заңнамалық өкілеттік, яғни, заң (конституциялық заң) күші бар жарлықтар қабылдау жөніндегі екілеттік те берілді. 1993 жылғы 10 желтоқсандағы заңда бұл өкілеттіктің берілген уақыты — жаңадан сайланған Жоғарғы Кеңестің бірінші сессиясының жұмысы басталғанға дейінгі мерзімге көрсетілген болатын. Бірақ жаңадан сайланған Жоғарғы Кеңес ұзақ қызмет атқара алмады, заңды емес деп танылды да 1995 жылғы наурызда Конституциялық сот қаулысының негізінде таратылды. Президентке өкілеттіктер беру туралы заң автомат-ты түрде 1995 жылғы 6 наурызда зандық күшіне енді де, өзінің әрекетін 1996 жылдың басында енді Жоғарғы Кеңес емес, ҚР Парламентінің жұмысы басталған күннен бастап тоқтатты. Бұл Президенттің құқық шығармашылығы (заң шығармашылығы) қызметінің айрықша кезеңі болды.

Сонымен, Президент 1995 жылғы 30 тамыздағы Конститу-ция қабылданғаннан кейін де толық конституциялық негізде заң шығарумен айналысты, себебі, жаңа парламенттің сайлауы тек 1996 жылдың басында өтті.

1995 жылғы Конституция Президенттің құқық шығармашы-лығы өкілеттіктеріне қандай жаңалық енгізді?

Ең алдымен, жаңа Конституцияның жобасын әзірлеудің бастамашысы, басшысы Н.Ә. Назарбаев болғанын атап өткім келеді. Нақ соның идеялары, соның, жаңа мемлекеттік құры-лысты, ұлттык құқық жүйесін болжай білуі жобаны әзірлеуге негіз болды. Бұл туралы мен Конституция жобасы жөніндегі сараптау-консультативтік кеңестің мүшелерінің бірі ретінде боямасыз, шынайы көңілмен айтып отырмын. Жалпы алғанда бұл Конституцияның сынақтан өткенін уақыт өзі көрсетіп отыр.

1995 жылғы ҚР Конституциясы Президентке:


  1. тікелей заң шығармашылығы өкілеттігін;

  2. заң шығармашылығы өкілеттігіне құқық;

  3. өзінің құқық шығармашылығы өкілеттігін;

  4. жанама заң шығармашылығы өкілеттігін берді.

Енді осылардың әрқайсысын қысқаша қарастырып өтейік:

1. Тікелей заң шығармашылығы өкілеттігіне біріншіден, кон-ституциялық бастамашылық өкілеттігі кіреді. Президенттің Парламентке немесе Республикалық референдумға Конститу-цияға өзгертулер немесе толықтырулар жобасын енгізуге ха-лық пен мемлекеттің атынан сөйлейтін мемлекеттің басшысы ретіндегі жағдайына байланысты айрықша құқығы бар. Мұндай құқықты біз ҚР Президентінің конституциялық бастамашылық құқығы деп атаймыз. Бұл мазмұнды құқық, себебі, Парламенттің қарауына енгізілетін өзгертулер мен толықтырулардың мазмұ-нын президенттің өзі айқындайды. Президент өзінің конститу-циялық, бастамашылық құқығын бір мәрте қолданғаны белгілі. Президенттің бастамасы бойынша 1998 жылғы 8 кдзанда Пар-ламент ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Парламенттен бастап мемлекеттік органдарды ұйымдастыру мен қызметінің демократиялық негіздерін кеңіткен заң кабылдады.

Екіншіден, тікелей заң шығармашылығы өкілеттігіне Президенттің заң жобаларын қарау басымдығын айқындау, сон-дай-ақ заң жобасын қарауды шұғыл деп жариялау құқығы жа-тады.

Үшіншіден, қарастырылатын топқа Президенттің салыстыр-малы вето құқығы жатады. Соның, ішінде, Президенттің жол-дануы бойынша Конституциялық Кеңес Азаматтық кодекстің ерекше бөлігінің Конституцияға, мемлекет мүдделеріне қайшы келетін бірқатар баптарын бейконституциялық деп таныды.

2.ҚР Конституциясы Парламенттің Президенттің үндеуі бойынша оған бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығармашы-лығы өкілеттігін беру құқығын кездейді.

3. Президентгің өзінің құқық шығармашылығы нормативтік және нормативтік емес жарлықтар қабылдау нысанында көрінеді. Президенттің бұл құқығы оның бірқатар нормативтік актілерінде нақтыланады.

4. ҚР Президентінің жанама құқық шығармашылығы өкілеттігі мемлекет ішілік және халықаралық аспектілерге ие. Мемлекет ішілік аспект заңнамалық бастамасы болмаса да Пре-зидентке заң шығармашылығы мәселесі бойынша Үкіметке ықпал ету құқығы берілгенінен көрінеді.

Халықаралық аспект президенттің халықаралық келіссездер жүргізу мен халықаралық шарттарға қол қою құқығы бойынша белсенді сыртқы саяси қызметінен көрінеді. Президент қол қоятын халықаралық шарттар Қазақстан Республикасында әре-кет ететін құқықтың кұрамдас бір бөлігі болып табылады. Мұны-мен халықаралық құқықтық қарым-қатынастарға қосылып отырған Қазақстанның құқық жүйесі баи түседі.

Сонымен, Президент осы мемлекеттегі ең жоғарғы лауазым-ға сайланған сәтінен бастап оның кұқық шығармашылығы қызметіне қысқаша талдау мыналардың:

1. Президенттің ерекше құқықтық өкілеттіктерінің бүгінгі күнге дейін тұрақты, табанды түрде қалыптасқанын;

2. Президент, өзінің құқық шығармашылығы өкілеттіктерін белсенді түрде пайдалана отырып Қазақстанның тарихи, геоса-яси және басқа да ерекшеліктерін ескеретін жаңа, дербес ұлттық құқық жүйесін қалыптастыруға бағасы жоқ үлес қосқандығын және де қосу үстінде екендігіне;

3. Президенттің құқық шығармашылығы Қазақстанда президенттік басқару нысаны ретінде ресімделген Президенттік биліктің маңызды элементі болып табылады. Ол құқық шығар-машылық саласында туындайтын қарама-қайшылықтарды жоюға белсенді түрде жәрдемдесе, Қазақстан Республикасы Конституциясының идеяларын, принциптері мен нормаларын қорғай отырып, бүкіл ұлттық құқык, шығармашылығы жүйе-сінің үйлесімділігін сақтауға куәлік етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет