Дипломдық ЖҮмыс тақырыбы: Адвокаттың қылмыстық іс жүргізуге қорғаушы ретінде қатысу мәселелерін жетілдіру


Абайсыздықтың түсінігі және оның түрлері



бет10/11
Дата14.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#134362
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

5.4 Абайсыздықтың түсінігі және оның түрлері.

Сот тэжірибесі абайсыз жасаған қылмыстарға қарағанда, айтарлықтай кең тарауына байланысты, қасақана жасалған қылмыстармен көбірек үшырасады. Алайда, бүгінгі кінэ абайсыздықтан жасалатын қылмыс саны түрақты түрде өсіп келе жатқандығын атап өту керек. Оның үстіне

ғылыми-техникалық прогресс жағдайында, эсіресе техниканы пайдалану аясындағы арнайы ережелерді бүзуға байланысты қылмыстардың, сол сияқты, экологиялық қылмыстардың қауіптілігі елеулі түрде арта түседі.

Абайсыздық - бүл кінэнің ерекше түрі, яғни кінэлінің өзі жасаған эрекеттерінің не эрекетсіздігінің зиянды салдарына психикалық қатынасының ерекше түрі. Объективті жағына қылмысты заңмен қарастырылған белгілі бір қоғамдық қауіпті салдар кіретін, яғни материалдық қүрамы бар қылмыстар ғана абайсыздықтан жасалуы мүмкін. ҚР ҚК-де абайсыздықтың екі түрі қарастырылған: 1. Менмендік. 2.Немқүрайлық.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 21-бабының 2-ші бөлігіне сэйкес, егер адам өз іс-эрекетінің (эрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бүл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс меңмендікпен жасалған қылмыс деп танылады. Меңмендікпен, яғни жеңілтектікпен қылмыс жасаған түлғаның істегенінің салдарына психикалық қатынасы абайсыз жэне қасақана кэнінің басқа түрі сияқты, интеллектуалдық жэне еркіне қарай сэттерден түрады. Интеллектуалдық сэт түлғаның өз эрекетінің не эрекетсіздігінің қоғамдық қауіпті салдары орын алу мүмкіндігін алдын-ала көре білуімен сипатталады. Еркіне қарай сэт, бүл - салдардың алдын алуға негізсіз артық сенумен сипатталады. Мысалы, машинаны басқарып келе жатқан жүргізуші жылдамдықты рүқсат етілген мөлшерден асырып жібереді де, осыған орай ол белгілі бір сэтте машинаны тежеп үлгере алмайды. Ақырында, ол жаяу жүргіншілердің біреуін басып кетіп өлімге үшыратады.

Меңмендіктің заңды түжырымдамасында оның интеллектуалдық сэті тікелей жэне, эсіресе, жанама қасақаналықтық интеллектуалдық сэтімен жақын. Екі жағдайда да түлға өз іс-эрекетінің қоғамдық қауіпті салдарының орын алатындығын алдын-ала керіп біледі. Алайда, заң шығарушының қасақаналықты суреттеген кезде қолданатын алдын-ала көре білу түсініктің, шынайы мазмүнының дэл осы түсінікті кінәнің абайсыз түрінің тағы бір түрі болып келетін менмендікті суреттеуде қолдануынан түбірлі айырмашылығы бар. Бүл айырмашылық алдын-ала көре білудің сипатында. Қасақаналық кезінде (тікелей немесе жанамасында бірдей деңгейде) алдын-ала көре білу нақты сипатқа ие болса, менмендік кезінде ол - абстрактілі түрінде. Мүның мағынасын бүлайша түсіндіруге болады: қасақаналық кезінде кінэлі түлға тап осы кезде, белгілі жерде, белгілі жағдайларда жасалған езінің нақты эрекеттерінен (эрекетсіздігінен) сезсіз немесе болуы ықтимал нэтиже орын алатынын алдын-ала көре біледі. Жэбірленушінің кеудесіне пышақпен үра отыра, түлға дэл осы соққы (оның соққысы), осы пышақпен соғу - жэбірленушіні өлімге үшырататынын алдын-ала көре білген. Ал қылмыстық менмендік кезіндегі интеллектуалдық сэттің мазмүны тіпті

басқа. Түлға өзінің эрекетінің (әрекетсіздігінің) қылмысты салдарының эйтеуір бір орын алатынын жалпылама түрде алдын-ала көріп біледі, Мысалы, жүргізуші машинаны рүқсат етілген жылдамдықты асыра пайдалана отырып, бүл ісінің жаяу жүргіншініі соғуына апаратынын жалпы (негізінде) көріп біле алады жэне бүл көріп білу нақты емес, жалпы, яғни абстрактілі сипатқа ие. Түлға көрсетілген қауіпті салдарды жалпы алдын-ала көріп біле түра, оның өзінің де басында осындай жағдай болуы мүмкіндігін мүлдем есіне алмайды. Ол мүндай салдар басқа жүргізушілер тап келген жағдайларда орын алады деп ойлап, өзі үшін олардың алатындығын тіпті қаперінде де болмайтындай көреді, себебі ол өзі сияқты тэжірибелі жүргізушілер мүндай жағдайда үшырамайды, яғни ол жаяу жүргіншімен қақтығысса, оған залал келтірудің алдын-ала алады деп үміттенеді.

Алайда, менмендіктің қасақаналықтан (ең біріші жанамасынан) негізгі айырмашылығы еркіне қарай болатын сэтінде. Бүл сэт абайсыз кінэнің бір түрі болып табылатын менмендік кезінде, түлға өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті салдарының алдын алатындығына жеткіліксіз негізде сенетінімен сипатталады. Жанама қасақаналыққа қарағанда, қылмыстық менмендік кезінде, түлғаның еркі өз іс-эрекетінің (әрекетсіздігінің) қылмысты салдарының алдын алуға бағытталған. Түлға оның пікірінше, қылмысты нэтиженің орын алуына жол бермейтіндей нақты бір жағдайларға сенім артады. Мысалы, жоғарыда көрсетілген оқиғаны өзінің мамандық біліктілігіне, машинаны үзақ уақыт бойы апатсыз жүргізіп келе жатқан тэжірибесіне, оның техникалық жағдайының сенімділігіне, жол бетінің жақсы күйіне жэне т.б. көптеген жағдайларға сенім артады. Өкінішке орай, (бүл үміттерге қарамастан) нақты бір кезенде мүндай сенім ақталмай, жансақ болып шығады да, машинаны жүргізуші жаяу жүргіншіні бэрібір басып кетіп, оны қайғылы қазаға үшыратады. Сенімнің қателігі, негізсіздігі - жасалған іс-эрекеттің салдарына психикалық қатынасты қылмысты менмендікке айналдырып, істің өзін қылмысқа жеткізеді. [18,41 6]

Менмендік бойынша абайсыздан жасалған қылмыстық көрнекті мысалы ретінде Ш.-ның ісін келтіруге болады. Ол, ауданда балықтың үрлануы кезінде белгі беретін қондырғы жасайды. Бүл үшін ол өзінің үйінен өзендегі ауын бекітетін өткелге дейін сым тартып, оны 220 кернеу бар электр жүйесіне қосады да, қоңырауын үйінің ішіне орнатып қосады. О. жэне С. деген екі жасөспірім, түнде, өзенге балық аулауға келеді. Олар балықтың өзеннің ағысына қарсы жоғары қарай өтуін бөгеп түрған ауларды үзіп, бүл ауларды өзеннің ағысымен төмен қарай ағызып жібермекші болады. Жэне де олар электрлендірілген дыбыс берушіні сымнан ажыратып тастауды үйғарады. Сымдарды тістеуікпен ажырату кезінде О. электр тоғына соғылып, қаза болады. Жауап алу кезінде, Ш. ауыр салдардың орын алу мүмкін екендігін аддын-

ала біжендігін мойывдаған. Ш. дыбыс бергіш қондырғыны орнатқанын айналасындағылардан жасырмаған. Ол туралы ауылдың барлық түрғындары, соның ішінде, оқиға болган күні ау қойылған жерге балық үстауға келген жас-өспірімдер де білген. Істе көрсетілгеніндей Ш. дыбыс бергіштің сымға жалғанған жеріне балаларын жібермеуі жөнінде көршілерін алдын-ала ескертіп, ол жерін бақташыларға да көрсетіп қояды. Ш-ның дыбыс бергіштің сымын бақшасының жерімен, бүталарымен жүргізіп, үстін бүтақтармен жэне басқа да заттармен жауып тастағандығы, ал өзенге жақындай бере адамдар жүретін соқпақтың астына жерге көміп тастағандығы сот ісі бойынша анықталған. Жалғау жүмыстарына Ш. 1000 вольтқа дейінгі кернеуге шыдайтын берік сымды таңдап, пайдаланған. Қосылған жерлер мен сымдар сенімді түрде ажыратылған. Кернеудің күшін төмендету үшін Ш. қоңыраудан алдына шам орнатып қойған. Ал дыбыс бергішті тек өзі үйінде болган кездері ғана іске қосып отырған.

Ш. О.-ны жанама қасақаналықпен өлтіргендігі үшін сотталды. Алайда, КСРО Жоғарғы Сотының Пленумы бүл бағалауды өзгертіп, яғни оның эрекеттерін қылмыстық кодекстің абайсыздықтан болған кісі өлтіру бабына эділетті бағалап, "бүл жағдайда Ш. қылмыстық менмендік танытты, себебі ол 220 вольттың кернеудегі электр тоғының адамға қаншалықты қауіпті екенін біле түра, қылмыстық салдардың алдын алатындығына жеңілтектікпен сенім артты. Жэне де ол кездейсоқтыққа ғана сеніп қойған жоқ, оның пікірінше ауыр зардаптардың орын алуын болдырмайтындай объективті факторларға сенген" деп атап көрсетті.

Абайсыз кінэнің екінші түрі - қылмысты немқүрайлылық болып табылады. ҚР ҚК-нің 21-бабының 3-бөлігіне сэйкес, егер адам қажетті үқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс жэне болжап біле алатын бола түра өз іс-эрекетінің (эрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқүрайлылықпен жасалған қылмыс деп танылады.

Қылмыстық немқүрайлылықтың интеллектуалдық сэтінің қасақаналықтың (тікелей жэне жанама), сол сияқты, қылмыстық менмендіктің де, интеллектуалдың сэтінен үлкен айырмашылығы бар. Қылмысты немқүрайлылық кезінде түлға өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті салдарының орын алуының мүмкіндігін алдынала көріп білмейді. Сонымен, абайсыздықтан болған кінэнің бүл түрінің интеллектуалдық сэті өз қылығының қоғамдық қауіптілігін бақалай білу - кінэлінің санасына жетпегендігімен сипатталады. Бүл - интеллектуалдық сэттің теріс бағаға ие болатындай бір кезі. Сондықтан, бүл жағдайда кінэнің мэні - интеллектуалдық емес, еркіне қарай сәтінде, себебі тап осы психикалық қатынас, өзінің қылмыстық-қүқықтық бағасын тек еркіне қарай сэтке байланысты алады.

Қылмыстық немқүрайдылықтың еркіне қарай сэтінің заңды

анықтамасы объективті ("тиісті еді") жэне субъективті ("көре алар еді") екі шартқа (критерийге) байланысты теория мен сот тэжірибесінде объективті шарт, түлғаның өз эрекетінің немесе эрекетсіздігінің қоғамдық қауіпті салдарының орын алуын алдын-ала көре білетіндей, заңға, тулганың мамандығы бойынша мэртебесіне жэне жалпыға бірдей қоғамдық ережелерге негізделген міндеттерімен байланысты.

Алайда, тек объективті шартты анықтау ғана, тиісті психикалық қатынасты абайсыз кінэнің түрі болып келетін қылмыстық немқүрайдылыққа айналдыра алмайды. Бүл үшін элі субъективті шарт міндетті түрде анықталуы тиіс. Ол нақты түлғаның қылмысты салдардың орын алуын алдын-ала болжап білудегі жеке қабілеттілігін білдіреді ("болжап біле алатын еді"). Бүл жерде, түлға зиянды салдардың орын алуын өзінің жеке басының қасиетіне, мамандығына жэне қылмысты салдарға үшыратған қоғамдық қауіпті іс - эрекет жасалған жағдайлардың ерекшеліктеріне байланысты алдын-ала болжап білуге тиіс еді дегенді білдіреді.

3. мен К. С - ны ауырлатушы қасақана өлтіргендігі үшін сотталды (бүзақылық ниетпен). Ол күні қосалқы шаруашылықтың жүмысшылар бригадасы шөп дайындау үстінде еді. С. қалаға жүру үшін ағаш көпір арқылы өз машинасына қарай беттей бергенде, бригаданың жүмысшылары К. мен 3., ауылдың қалыптасқан дэстүрі бойынша, С.-ны өзенге шомылдырып алуды үйғарады. Осы мақсатпен олар оны суға итеріп жібереді. С. біраз уақыт өзенде жүзіп келе жатады да, сосын суға батып кетеді. РФ Жоғарғы Сотының қылмысты істер жөніндегі Сот алқасы сотталғандардың эрекеттерін абайсыздықтан кісі өлтіру қүрамы бар деп тапты. 3. мен К. алдын-ала тергеу кезінде де, сот кезінде де С-ны өлтіру туралы қасақаналықтың болғандығын мойындамай, оны өзенге қалжын үшін шомылдырғылары келгендігін жэне оның дэл осылай қайғылы түрде аяқталатынын алдын-ала ойламағандарын алға тартты. Сотталғандардың, сол сияқты куэлардың да көрсеткеніндей, С. өзін итеріп жіберген соң су бетіне қалқып шығып, бүкіл бойымен түрегеледі де, ағыстың бойымен жүзе бастайды. 3. оған "Яковлович көпірдің астына қарай жүз" деп айқайлайды, себебі дэл сол жерден жағаға шығуға болатын еді. Іс материалдарында көрсетілгеніндей, 3. К-ға көпірдің үстінде түрған Г-ны шомылдырып алуды да үсынады, бірақ ол суға өзі секіріп түседі. Біздің пікірімізше Жоғарғы Сот, 3. мен К-ның қылығы -оларды кісі өлтіру туралы қасақаналықтың болмағанын дэлелдейді деп, эділетті шешім қабылдаған. К. мен 3. С-ны суға итергенде, оның қазаға үшырайтындығын ойламаған, эрине, олар өздерінің эрекеттерінің нэтижесінде аталған салдардың орын алуы мүмкін екендігін алдын-ала болжай білуі тиіс еді жэне болжай біле алар да еді. Мүндай жағдайларда сотталғандардың эрекеті қасақаналықпен кісі өлтіру емес, абайсыздықтан болған кісі өлтіру деп бағалануы тиіс.

Қылмыстық немқүрайлықтан оқиға деп аталатын, яғни жазықсыз зиян келтіруді ажырата білу керек. ҚК-тің 23-бабының 1-бөлігіне сэйкес, егер іс-эрекет жасаған адамның іс-эрекеті (эрекетсіздігі) және одан кейін пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар оның ниетімен қамтылмаса, ал осы Кодексте абайсызда мүндай эрекет жасағаны жэне қоғамдық қауіпті зардаптар келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық көзделмесе, эрекет жазықсыз жасалған деп танылады. Мысалы, Л.-ды алдын-ала тергеу орындары С.-ны төмендегідей жағдайлардың барысында абайсыздықтан өлтірді деп айыптады. Кэмелетке толмаған Л., М., 3., Р., X. жэне С. аң аулау қыстағына келеді. Кешкі аспен бірге олар бір шөлмек шарап ішеді де, содан соң қыстақтың жанында қолдан жасалған пистолетпен босаған банкалар мен шөлмектерді кезекпен ата бастайды. Бірнеше рет атып болған соң, С, X. жэне Р. қыстаққа алып екі қабат полиэтилен пленкасымен қапталған терезесінің жанындағы стол басына отырады, ал Л., М. жэне 3. Ату жалғастыра береді.

Кешкі сағат 18-дер шамасында, ымырт үйін алған кезде Л. өзінің көзі нашар көре түра, эрі мас күйінде писистолетті оқтап, шүріппесін қайырып алып атуға жарайтын үлкенірек меже іздеп, қыстақтың маңайында жүгіре бастайды. Қыстақтың дэл қасынан өте бергенде, Л. сүрініп кетеді де, қүпап бара жатқан кезінде, еріксіз пистолеттің шүріппесін басып қалады. Бүл атылған оқ қыстақтың ішінде терезеге қарсы отырған С.-ның сол жақ кеудесін терең жаралап өкпесіне тиеді де, соның салдарынан қайтыс болады.

Аудандық халықтық сот, эрекеттерінде қылмыс қүрамы болмағандықтан Л.-ны абайсыздықтан кісі өлтіруден ақтап алады. Касациялық жэне қадағалаушылың тэртіппен де бүл үкім өзгеріссіз қалдырылады. РФ Бас прокурорының орынбасары өз қарсылығында соттың барлық шешімін өзгерту туралы жэне істі сотта қайта қарауға жіберу туралы мэселе қойып, Л. өз әрекеттерінің салдарын алдын-ала көріп білмеді, бірақ істің жағдайы бойынша, оларды көре алар еді жэне солай істеуге міндетті деп атап көрсетті. РФ Жоғарғы Сотының Сот алқасы бүл қарсылықты қанағаттандырмай тастады және төмендегіше сілтеме жасады: қаралған айғақтардың негізінде, сот дэлелді шешім қабылдаған, атап айтқанда, Л. қыстақтың терезесінің түбінен аузы төмен қаратылған, оқталған пистолетпен жүгіріп бара жатып, алдындағы шелекті байқамай қалатынын, оған сүрініп кететінің қүлап бара жатып екі қолын жоғары көтеріп қалатындығын, еріксіз шүріппені басып қалатындығын, оқ қыстақтың терезесі жаққа атылатынын, одан С. қазаға үшырайтындығын алдын-ала білмеді жэне біле алмас та еді. Сондықтан, сот Л-дың әрекеттерінде қылмыстық қүрамның болмауы дүрыс шешім қабылдаған, жэне оған қарсы ақтау үкімін орынды қалдырған23.

Оқиға - қылмысты немқүрайдылықтың шарттарының не екеуінің де (объективті және субъективті), не біреуінің болмауымен сипатталады.

Оқиғаны (казусты), кінэға қарағанда, түлғаның өз ісіне психикалық қатынасы емес, белгілі бір жағдайда эрекеттенуші (эрекеттенбеуші) тұлғаның, жасаған ісі, қоғамдық қауіптілікті қамтымайтын ерекше психикалық күйі депсанаукерек.

ҚР ҚК-нің 23-бабының 2-бөлігі жазықсыз зиян келтірудің ерекше түрін қарастырады. Егер эрекет жасаған адам өзінің іс-эрекетінің (эрекетсіздігінің) қоғамдық қауіптілігін үғынбаған жэне істің мән-жайы бойынша үғына алмаған болса, не қоғамдық қауіпті зардаптардың пайда болуы мүмкін екенін алдын-ала білмесе жэне істің мэн-жайы бойынша оларды алдын-ала білуге тиіс болмаса немесе білуі мүмкін болмаса, эрекет жазықсыз жасалған деп танылады. Егер эрекет жасаған кезде қоғамға қауіпті зардаптардың пайда болуын алдын-ала білген адам оны болғызбауға жеткілікті негізде сенген болса не өзінің психика-физиологиялық қасиеттерінің қысылтаяң жағдайлар талаптарына сэйкес келмеуіне немесе жүйке-психикалық ауыртпалықтарға байланысты осы зардаптарды болғызбауына шамасы келмесе де, эрекет жазығсыз жасалған деп танылады.

Бүл ереже субъективті арту қағидасын дамытады, оған сэйкес, өте қауіпті жэне жүйке мен психикаға шамадан тыс ауырлық түсіретін жағдайлармен байланысты іс атқарушы түлға, егер оның субъективті қасиеттері жағдайдың объективті талаптарына сай келген болса, түлға өз эрекеттерінің (эрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті сипатын түсінген болса, олардың қоғамдық қауіпті салдарын алдын-ала көре білген немесе білмеген болса, бірақ өзінің субъективті жеке басының қасиеттеріне қарай оларды алдын-ала көріп біліп, алдын алуы мүмкін болған жағдайда ғана кінэлі деп таныла апады.



5.5 Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыс.

Жеке бір жағдайларда заң шығарушы қылмыс қүрамын екі кінэнің нысанын - түлға жасаған қоғамдық қауіпті іс-эрекетке (эрекет немесе эрекетсіздікке) қатысты кінэні жэне, жеке істің нэтижесінде орын алған қоғамдық қауіпті салдарға қатысты кінэні анықтау қажет болатындай қүрастырады. Бүл жағдай негізгі қүрамы (ауырлататын мэн-жайларсыз) жасайтын қылмыс тек қана қасақана жасалуы мүмкін, ал сол қылмыстық саралаушы (ауырлататын мән-жайларымен) қүрамын жасайтын, орын алған салдарға психикалық қатынас - тек қана абайсыздық түрінде болатын жағдайлармен шектеледі. ҚР ҚК-нің 103-бабы 3-бөлігінде жэне 117-бабының 4-бөлігінде қарастырылған қылмыстар мүндай қүрамдардың мысалдары бола алады. Бірінші жағдайда, сөз абайсыздықтан жэбірленушінің өліміне экеліп соқтырған, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру туралы. Бүл жағдайда, кінэні психикалық қатынас қосарланып кететіндей, бір жағынан денсаулыққа ауыр зиян келтірілуіне қасақаналық қатынас жэне осының нэтижесінде орын алған

жэбірленушінің өліміне абайсыздық қатынас. Екінші жағдайда кінэ, заңсыз түрде іштегі баланы алып тастау жэне осының нэтижесінде, жэбірленуінің өлімге үшытару немесе оның деңсаулыгына ауыр зиян келтірудің әрқайсысына қатысты жекелей анықталады. Әрекетке (баланы алып тастау) психикалық қатынас тек тікелей қасақаналық түрінде, ал жэбірленушінің өліміне немесе денсаулығына ауыр зиян келтіруіне абайсыздық түрінде болуы мүмкін. ҚР ҚК-нің 22-бабында кінэнің екі нысанымен жасалған қылмыс үшін жауаптылықтың ерекшеліктері қарастырылады: "Егер қасақана қылмыс жасаудың салдарынан заң бойынша неғүрлым қатаң жазаға экеп соқтыратын жэне адамның ниетімен қамтылмаған ауыр зардаптар келтірілсе, мүндай зардаптар үшін қылмыстық жауаптылық, егер адам олардың пайда болатынын алдын-ала білсе, бірақ осыған жеткіліксіз негіздерсіз оларды болдырмауға меңмендікпен сенген жағдайда немесе егер адам бүл зардаптардың пайда болуы мүмкін екенін алдын-ала білмесе, бірақ болжауға тиіс жэне болжай алатын болған жағдайда ғана пайда болады. Түтас алғанда мүндай қылмыс қасақана жасалған деп аталынады.

Кей кездері қылмыстық қүқық теориясында кінэнің екі нысанымен жасалған қылмыстар аралас кінэлі қылмыстар деп аталады. Алайда бүл атау онша дэл емес. Аталған жағдайларда, қасақана жэне абайсыз кінэнің ешқандай "араласып кетуі" байқалмайды

Кінэнің екі нысанымен жасалған қылмыстарды болу - қылмыстарды бағалау үшін, эсіресе, кейбір аралас қүрамдарды ажырату үшін қажет. Мэселен, абайсыздықтан жэбірленушіні өлімге үшыратқан, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудегі кінэнің екі нысаны қылмыстық осы қүрамын бір жағынан қасақана кісі өлтіруден, екінші жағынан -абайсыздықтан өлімге үшыратудан ажыратуға мүмкіндік береді. Қасақана кісі өлтіруден бүл қүрам, жэбірленушінің өліміне психикалық қатынас арқылы ажыратылады: қасақана кісі өлтіруде - қасақаналық тек өлімге үшыратуға, ал ҚР ҚК-нің 103-бабының 3-ші бөлігінде қарастырылған қылмыс жасауда - қасақана денсаулыққа ауыр зақым келтіруге бағытталған, ал өлімге келсек, бүл жерде, абайсыздық көз алдында. Абайсыздықтан өлімге үшыратудан (ҚР ҚК 101-бабы) бүл қылмыс қасақаналыктың денсаулыққа зақым келтіруге бағытталғанымен ажыратылады, ал абайсыздықтан кісі өлтіруде бүл жоқ.

Сөйте түра, кінэнің екі нысанымен жасалған қылмыста, ақырында бір ғана мағынада бағалануы тиіс екендігін атап өту керек, яғни қылмыстың жалпы, абайсыз не қасақана екендігі анықталуы тиіс. Бүл, мысалы, қылмысты аса ауыр қылмыстар категориясына жатқызу үшін керек, ҚР ҚК-нің 10-бабының 5-ші бөлігіне сэйкес, тап сондайлардың қатарына қасақана қылмыстар, яғни заң бойынша ең ауыр жаза - 12 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қасақана жасалған эрекет аса ауыр қылмыстарға жатады. Бүл

жағдайда, жалпы алғанда қылмысты қасақана не абайсыздықтан болған деп сипаттаушы кінэнің түрін анықтау үшін, қылмыстың (ауырлататын мән-жайларсыз) негізгі қүрамын жасайтын түлғаның өзі жасаған іс-эрекетіне (эрекет немесе эрекетсіздігіне) психикалық қатынасы негізге алынады. ҚР ҚК-нің 22-бабына сэйкес кінэнің екі нысанымен жасалған қылмыстар, жалпы, қасақана деп мойындалады.

Мүның, сол сияқты, қылмысты қайталауды жэне аса қауіпті қылмысты қайталауды анықтау, қылмыстың аяқталмағандығын мойындау мэселесін шешу үшін; қатысушылықпен жасалғандығын анықтау, шартты сотталуды өзгерту мэселесін шешу үшін, шартты мерзімнен бүрын босатуды өзгерту үшін маңызы бар.



5.6 Қылмыстық себебі мен мақсаты.

Себеп - ояну, қылмысты қылықты оятушы себеп. Қылмыс - адамның жеке кэсібінің түрі (психологиялық түрғыда). Сондықтан қылмыстың себебі туралы қылмыстық-қүқықтық түсінік жалпы психологияда себепке берілетін анықтамаға сүйенуі керек. Психология ғылымы себепті жеке бастың белсенділігінің факторы, адам қылығының негізінде жатқан қозғаушы күш деп түсіндіреді. Себепті бастапқы оятушы сылтау деп бір ауыздан мақүлдай отыра, психологтардың адам еркінің қозғаушысына, демек сылтауына қандай нақты факторларды жатқызу керек екендігі туралы пікірлері бір - бірінен алшақ жатыр. Біреулері себептің жалғы заң факторы бар деп есептейді, ол - белгілі кезеңде адамның бір нэрсеге зэру болып түрған мүқтаждығын білдіретін, субъективті түрде қүштарлық пен тілеу түрінде сезілетін қажеттілік. Басқалары қажеттілікті адам қылығының негізгі факторы ретінде мойындай отыра, басқа да қозғаушы факторлардың болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Осы соңғы көзқарас қылмысты іс мазмүнының психологиялық ерекшеліктерімен жақсы үйлесімін табады. Қылмыстың субъективті жағын зерттеу -қылмыс жасаушы түлғаның кез болған жағдайлары оған эр түрлі эсер ететіндігін дэлелдеп берді. Кейбір жағдайларда олар оның бойында іске итермелеуші қажеттілікті оятса, басқа кездері қылмыстық істі басқа факторлар арқылы тудыра отырып, ішкі қажеттілікті басып тастайды. Бүл орайда қылмыстардың себептерін негізінде үш психологиялық түрге жіктеуге болады: қажеттілік, сезімдер жэне мүдде. Кажеттілік сияқты себеп жыныстық қылмыстарда айқын көрінеді (мысалы, эйел зорлау). Сезім түріндегі себеп жеке басқа қарсы жасалатын көптеген қылмыстарға тэн (мысалы, қызғаныштан немесе өшпенділіктен кісі өлтіру). Мүдде көбінесе жасөспірімдер жасайтын қылмыстың себебі болып келеді, мысалы, үрлық кезінде жасөспірімнің коллекциялауға (маркалар, күміс тиындар т.б.), техникамен айналасуға себеп болуы мүмкін.

Қылмыстың себебі бүл қылмыс жасаушы түлғаны түртуші. Алайда, ерікке түрткі болар элде бір факторларды анықтау, элі адам эрекеттерінің, атап айтқанда, қылмыс жасаушының ішкі серіппесін түгел табу деген емес. Бүл факторлардың қажеттілік сезім неге жэне қалай себепке айналғанын анықтаудың маңызы тіпті де кем емес. Себеп шын мэнінде іске асуы үшін себепке сәйкес анық мақсат қойылуы керек. Себеп пен мақсаттың арасында эрдайым ішкі байланыс бар,

Қылмыстың мақсаты себепке қарағанда - қылмыс жасаушы түлға жетуге үмтылатын нэтиже. Психиканың ішінде жасырын жатқан эуестік пен сезімді қозғап себепке айналдыратын дэл осы - мақсат. Істің түрі, оның тэсілі мен қүралы да осы мақсатқа байланысты. Сонымен, себеп пен мақсат эрқайсысы жеке түсінік болғанымен себептің - түрткі, мақсаттың -қылмысты іс барысындағы қалаулы ақтық нэтиже екенін ескере отырып, бір-бірінен ажырату керек. Мысалы, шабуыл жасап тонау кезінде кісі өлтірудің себебі - жеке бас пайдасы болса, мақсаты жэбірленушіні өмірден айыру.

Жоғарыда айтылғандай, қылмыстық жауаптылық үшін себеппен мақсаттың маңызды мағынасы бар. Біріншіден, себеп пен мақсат қылмыс қүрамының негізгі белгілері бола алады. Бүл белгілерсіз тиісті қылмыстық қүрамы да бола алмайды. Мысалы, қызмет өкілеттілігін теріс пайдаланудың қүрамы (ҚР ҚК-нің 307-бабының 1-ші бөлігі), егер лауазымды адамның өз қызметтік өкілеттігін қызмет мүдделеріне пайдалануы, егер бүл эрекет пайдакүнемдік немесе өзге де жеке басының мүддесі үшін жасалса ғана көз алдында болады. Ал егер бүл іс-эрекет басқа себептермен жасалған болса, онда бүл - қылмыс қүрамы емес тэртіптік теріс қылық болып табылады.

Екіншіден, себеп пен мақсат - қылмыстың сараланған қүрамында жасайтын белгілер (ауырлатушы мән-жайлары бар қылмыс қүрамы). Егерде қасақана кісі өлтіру өш алу немесе қызғаныштан жасалып, басқа бөтен ауырлатушы немесе жеңілдетуші мэн-жайлар орын алмаса, бүл ҚР ҚК-нің 96-бабының 1-бөлігіне сэйкес қарапайым кісі өлтіру болып табылады. Егер, кісі өлтіруге бүзақылық түрткі болса, ол ҚР ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің "И" тармағы бойынша бағаланады. Егер кісі өлтіру басқа қылмысты жасырып қалу немесе оның жасалуын жеңілдету үшін жасалса (ҚК-тің 96-бабының 2-бөлігінің "К" тармағы), ауырлатушы мэн-жайы бар кісі өлтіру қүрамына жатады.

Үшіншіден, себеп пен мақсат жаза тағайындау кезінде жауаптылықты ауырлатушы немесе жеңілдетуші жағдайлардың орнына жүре алады. Мысалы, ҚР ҚК-нің 54-бабының 1-бөлігінің "Е" тармағы бойынша, үлттық, нэсілдік жэне діни өшпенділік немесе араздық себебі бойынша басқа адамдардың занды іс- әрекеті үшін кектенушілікпен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау, жазаны ауырлатушы жағдай болып табылады.

Қылмыстық жауаптылық үшін маңыздылығымен қатар, қылмысты себебінің қылмыстық іс бойынша да маңызды дэлелдеуші мағынасы бар. Қылмыстың себебін анықтау қажеттілігі ең алдымен, іс бойынша объективті шындықты анықтау міндетінен туындайды. Егер қылмыстың себебі белгісіз болса, тергеуші мен сот өздерінің тап осы жағдайда қандай нақты қылмыспен жүмыс істеп отырғандығы туралы шешімді кесіп айта алмайды. Тонауға, мысалы, бүзақылық түрткі болса, ол бүзақылыққа айналады: сыртқы белгілері бойынша кісі өлтіру болып табылатын қылмыс - қажетті қорғану жэне т.б. болып шығады.

Осыған байланысты, себепті анықтаудың қажеттілігі қылмыстық іс жүргізу заңында да бекітілген. Тиісті қылмыс қүрамына кіретініне не, кірмейтініне қарамастан, себеп эр қылмысты іс бойынша дэлелденуге тиісті жағдайлардың қатарына жатады. Қылмыс себебі эрқашан дэлелдеу затына жатады. Ол эр қылмысты іс бойынша анықталуы тиіс, себебі онсыз қылмысты саралау мэселесін ғана емес, жазаны кінэліге бейімдеу мэселесінде дүрыс шеше білу мүмкін емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет