Дипломдық ЖҮмыс тақырыбы: Адвокаттың қылмыстық іс жүргізуге қорғаушы ретінде қатысу мәселелерін жетілдіру



бет9/11
Дата14.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#134362
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

4.4 Қылмыстың арнайы субъектісі.

Қылмыстық қүқық теориясында қылмыстың жалпы субъектісінен басқа арнайы субъект деген үғым бар. Қылмыстың арнайы субъектісі деп - қылмыс субъектісінің жалпы белгілерінен (дені сау, ақыл-есі дүрыс, белгілі бір жасқа жеткен түлға) басқа ҚК-тің Ерекше бөлімінің нормаларымен қарастырылған қосымша белгілермен сипатталатын субъектіні айтамыз. Бүл белгілер мына төмендегідей болуы мүмкін:

- Субъектінің азаматтығына қарай: Мемлекеттік опасыздықтың

субъектісі болып тек қана Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады, ал шпионаждың субъектісі болып шет ел азаматы немесе азаматтығы жоқ адамдар ғана болады.

- Жынысына қарай: зорлаудың (ҚР ҚК 120 - бап) орындаушысы болып

тек қана ер адам ғана болып табылады.

- Жасына қарай: мысалы, кэмелетке толмағанды қылмыстық іске

тартудың (ҚР ҚК 131-бап) субъектісі болып тек қана кэмелетке толған адам бола алады.

- Отбасылық - туыстық қатынастарға қарай: балаларды асырауға

арналған қаражатты төлеуден қасақана бас тартудың субъектісі тек қана ата-аналар, ал еңбекке жарамсыз ата-аналар үшін - кэмелетке толған жэне еңбекке жарамды балалары болып табылады (ҚР ҚК 136-бап).

- Қызмет бабына жэне кэсіби міндетіне қарай: техникалық

қауіпсіздік немесе еңбек қорғаудың басқа да ережелерін бүзудың субъектісі осы ережелерді сақтауға міндетті түлға ғана бола алады (ҚРҚК152-бап).

- Әскери қызметке қатыстылығына қарай: бүл қылмыстардың

субъектісі эскерге шақыру бойынша не келісім-шарт бойынша Қазақстан Республикасының қарулы Күштерінде, Қазақстан Реслубликасының басқа да эскерлері мен эскери қүрамаларында эскери қызмет атқарушы немесе эскери қызметшілер, сондай-ақ эскери қызмет атқарудың белгіленген тэртібі бойынша жиындардың өту кезеңіндегі запастағы азаматтар болып табылады.

- Басқа да негіздерге қарай: мысалы, куәгерлер, аудармашы,

сарапшылар. Арнайы субъектінің белгілері - бүл қылмыс қүрамының қосымша

белгілері. Қылмыс қүрамының басқа элементтерін сипаттаушы (қылмыстың объективті жэне субъективті жағын) факультативті белгілер сияқты, олардың ерекшелігі мынада:

- Қылмыс қурамының қүрылымдық белгілері бола алады, бүларсыз қылмыс қүрамы болмайды. Мысалы, банкротқа үшырау кезіндегі заңға қарсы эрекеттердің субъектісі тек борышты үйымның иесі немесе жетекшісі, сол сияқты жеке кэсіпкер бола алады. Егер бүл эрекеттерді кэсіпорынның басқа қызметкері жасаса, қылмыс қүрамы болмайды.

Ауырлатушы жағдайлардағы қылмыс қүрамын жасайтын саралаушы белгі бола алады, егер айыптыға сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену оның қызмет бабын пайдалануымен жасалса, мүндай эрекеттер ҚР ҚК-нің 176-бабының 2-бөлігі "В" тармағы бойынша сараланады.

Жазаны жеңілдетуші немесе ауырлатушы жағдай ретінде оны жеке басқа қарай бейімдеуде маңызды болуы мүмкін. Мысалы, ҚР ҚК-нің 54-баптың 1-бөліміндегі "О" тармағындағы ауырлатушы жағдай ретінде қылмыскердің қызмет жағдайына немесе шартқа байланысты өзіне көрсетілген сенімді пайдаланып қылмыс жасауы.



У-ТАРАУ ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ

5.1 Қылмыстық субъективтік жағының түсінігі және оның маңызы.

Егер қылмыстың объективті жағы - қылмыстың сыртқы сипаты болса (қоғамдық қауіпті эрекет немесе эрекетсіздік, қоғамдық қауіпті салдар, себепті байланыс, қылмыс жасау орны, уақыты, тэсілі, жағдайы, қаруы мен қүралдары),

субъективті жағы оның ішкі (объективті жаққа қатыстылығынан) сипаты. Бүл қылмыскердің өзі жасаған қылмысқа ішкі, яғни кінэмен, ниетпен жэне мақсатпен сипатталатын адамның қылмыс жасау кезіндегі психикалық қатынасы. Қылмыстың субъективті жағын қүрайтын белгілерге, аталып өткендей, қылмыстық кінэсі, себебі мен мақсаты, сонымен қатар, қылмыс жасау кезіндегі түлғаның сезім күйі жатады. Бүл белгілердің эр түрлі мазмүнына қарамастан олар субъективті жағын қүрайтын бір топқа бірігеді, себебі олардың барлығы қылмыс жасаушы түлғаның психикасында болатын процестерді сипаттайды.

Психика адам өмірінің ішкі мазмүнын, оның ойын, сезімдерін, ниетін, еркін білдіреді. Психикалық процестер, эдетте, интеллектуалдық, сезімдік жэне еркіне қарай болып бөлінеді. Сөйте түра мүндай бөліну шартты түрде ғана екенін, мүндай процестер жекелеп (эрқайсысы өз бетімен) өмір сүрмейтіндігін ескеру керек. Тек бірлікпен, интеллект (таным), сезім мен еріктің тығыз бірлігімен ғана адамның психикасының түрі, қылмыстық, түтас алғанда, субъективті жағы сияқты, оны қүрастырушы белгілердің де мағынасы мен мазмүнын анықтау үшін, психиканы қүрастырушы элементтерге көңіл аудару пайдалы ғана емес, қажет те.

Қылмыстың субъективті жағын қүрайтын белгілердің эрқайсысы қылмыстың психикалық мазмүнын сипаттайды, бірақ эрқайсысы өзінше сипаттайды. Мысалы, кінэ - бүл түлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-эрекетіне (эрекетіне немесе эрекетсіздігіне) жэне оның қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы салдарына психикалық қатынасы. Кінэ - қылмыстың субъективті жағының, тіпті оны толық қамтымаса да, негізгі белгісі. Қасақана сияқты, абайсыз кінэні де қүрастыру кезінде заң шығарушы психиканың екі - интеллектуалдық жэне еркіне қарай элементтерін пайдаланады. Қасақаналық пен абайсыздықтық қылмыстық-қүқықтық сипаты үшін психикалық процестердің сезімдік мазмүны есепке алынбайды. Керісінше, эрекеттің қоздырушы себебі жэне субъективті жағының белгісі болғандықтан, қылмыстық сылтауында қылмыс жасаушы түлғаның психикасында болып жатқан, көбінесе, сезім процестерінің таңбасы болады. Жеке жағдайларда қылмыс жасаушы түлғаның сезімінің күйі (мысалы, аффект күйінде болуы, яғни аяқ

астынан пайда болған жан күйзелісі), дербес қылмыстық-қуқылық мағынаға ие болады (ҚР ҚК-нің 98-бабы), қылмыстың мақсаты, кінэ сияқты, интеллектуалдық жэне еркіне қарай мазмунымен шектеледі.

Кінэ - қылмыстың субъективті жағының міндетті белгісі. Кінэ болмаған күнде қылмыстық қүрамы да болмайды жэне болуы да мүмкін емес. Бүл субъективті жақтың қылмыстық істі қылмысты емес істен ажыратып, бөліп отыратын негізгі белгісі. Заң шығарушының кінэға маңызды мағына беретіндігі соншалық, тіпті кінэлі жауаптылық қылмыстық Кодекстің қағидасына дейін көтерген. ҚР ҚК-нің 19-бабының 1-бөліміне сэйкес адам соларға қатысты өз кінэсі анықталған қоғамдық қауіпті эрекеті (іс-эрекеті немесе эрекетсіздігі) жэне пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Осы баптың 2-бөлімінде объективті айыптауға, яғни кінэсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық қолданылмайтыны атап көрсетіпеді. [15,22 6]

Кінәлік жауаптылық қағидасы - заңгерлердің ойлап шығарғаны емес, бүл - адам қылығын заңды жэне элеуметтік адамгершілік түрғыдан дүрыс бағалаудың қарапайым шарты. Көрнекті Кеңес психологі С.Л. Рубинштейн атап өткеніндей, "жалған, абстрактілі "объективизмге" қарама-қарсы айтылатыны: қылықты бағалау кезінде өзінше орын алғанының түгел барлығына емес сол объективті түрде өзінше орын алғанның ішінен қайсысы алдын-ала ескерілуі мүмкін еді - тек соған сүйену керек".

Осыған байланысты, қылмыстық қүқық теориясы мен қүқықтық тэжірибе, қылмыстық жауаптылықтың түлғаның жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекетіне (эрекеті немесе эрекетсіздігіне) жэне оның салдарынан психикалық қатынасын (қасақаналық немесе абайсыздық күйінде) ескерумен ғана шектелмейтініне сүйенеді. Жасалған қылмыстың кез келген жағдайы (эсіресе ауырлататын) соттың оларға байланысты кінэлі қатынасын, яғни қасақаналық немесе абайсыздық түріндегі психикалық қатынасын, анықтауынан кейін ғана айыпқа жүктеле алады (заң шығарушының бүл жағдайларды қылмыстық қүқықтық нормаларда қүрастыру ерекшеліктеріне байланысты).

Қылмыстық мақсаты, себебі мен қылмыс жасау кезіндегі түлғаның сезім күйінің кінэдан айырмашылығы - олар қылмыс қүрамынық қажетті белгілері болып табылмайды. Заң шығарушы оларды барлық емес, тек кейбір қылмыстардың ғана қүрамының белгілерінің қатарына қосады жэне бүл жағдайларды оларда қылмыстық жауаптылықтың негізіне айналады. Қылмыс қүрамының белгілері болмаған күнде де олар жеңілдетуші не ауырлатушы жағдай ретінде, жазаның тағайындалуына айтарлықтай ықпал жасайды. Тіпті, бүл белгілердің қылмыстық жауаптылық пен жаза үшін жеке мағынасы болмаған жағдайда да, олардың қылмысты анықтаудағы, қасақана кінэ мен абайсыздықты

ажыратудағы мағынасының маңыздылығы сирек емес. Сондықтанда қылмыстық құқық кінэлі жауаптылық қағидасымен ғана шектеліп қоймайды, бірақ субъективті жүктеу көзқарасын үстайды. Оның мағынасына көшсек, қылмыс жасаған түлғаның қылмысты жауаптылығы мен оны жазалау мэселесін шешер кезде түлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-эрекеті (эрекеті мен эрекетсіздігі) мен оның салдарына кінэлі қатынасы ғана есепке алынбай, қылмыстың субъективті жағының басқа элементтері де, яғни қылмыстың себебі мен мақсаты, түлғаның қылмыс жасау кезіндегі сезімінің күйі де ескеріледі. Тергеу мен сот үшін анықтау жэне дэлелдеу жүмыстары кезінде қылмыс қүрамының барлық •элементтерінің ішіндегі ең күрделісі - дэл осы субъективті жағы болып табылады. Бүл түсінікті де, себебі қылмыс жасаушының ойына, ниетіне, тілегіне, сезіміне жол табу, қылмыстық объективті жағын анықтаудан анағүрлым қиындау. "ішінде не барын кім білсін" деген бекер емес шығар. Сондықтанда, түлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-эрекеті мен оның салдарына психикалық қатынасының қандай да болмасын түрін анықтауда, оның себебін, мақсатын, сезімдердің ("эдетте осылай болады", "көбіне осылай жасайды" деумен дэлелденетін) анықтауда барлығына ортақ қолдануға болмайды жэне олай болуы мүмкін емес. Орыстың көрнекті эдебиет сыншысы В.Г. Белинскийдің эр-түрлі адамдардың қылығын бақылау үшін бірдей тэсіл қолдануға қарсы: "Түлғалар сансыз жэне алуан түрлі, адам рухының әр-түрлі жағы сияқты, оның барлық жағының да жасап келе жатқандығы - оның қажеттілігінен... Сондықтан, біреудің түлғасын басқаның түлғасына шақтаудан асқан эділетсіздік жоқ, ол, бэрі-бір, ешқашан дэл келмейді, бэрі-бір болады". Сондықтан, қылмыстың субъективті жағын бағалауға біркелкі (жеке басқа бейімделмеген) келу, қылмыстық заңды, одан келіп қылмыстық істер бойынша эділ сот аясындағы адам қүқығын пайдалануда өте өрескел қателерге соқтыруы мүмкін.

5.2 Кінә туралы түсінік және оның нысандары.

Бүған дейін айтылғандай, кінэ - бүл түлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-эрекеті мен оның қасақаналық жэне абайсыздық түріндегі салдарына психикалық қатынасы. Қылмыстық заңға сэйкес, кінэ - бүл эрқашан не қасақаналық, не абайсыздық болып табылады. ҚР ҚК-нің 19-бабының 3-бөлімі бойынша қасақана немесе абайсызда іс-эрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінэлі деп танылады. Қасақаналықта, абайсыздықта жасалған іс-эрекет пен оның салдарына кінәлі психикалық қатынастың нысандары болып табылады. Бүл - олардың үқсастығы. Ал, айырмашылығы - қасақана жэне абайсыз кінэні қүрайтын интеллектуалдық жэне еркіне қарай сэттердің ерекше, өзіне ғана тэн

мазмүны мен ара қатынасында.

Қылмыстың жасалуына байланысты кінэ (қасақаналықта, абайсыздықта) заң қолданушының (сот, тергеуші) санасынан тыс орын алады. Ол - алдын ала тергеу жұмысын жургізу мен сотта істі қарау кезінде дэлелденетін затқа жатады. Ол - іс бойынша анықталған дэлелдерді саралау кезінде жүзеге асады. Осыған орай, кінэ тек заңдық-психологиялық қана емес, саралаушы да категория екендігін мойындау керек. 40-шы жылдары кеңестік заң эдебиетінде кінэлінің өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-эрекеті мен оның қасақаналық жэне абайсыздық түріндегі салдарына, соттың санасынан тыс орын алатын психикалық қатынасы ретіндегі кінэ түсінігін, оның (кінэнің) саралаушы деген түсінігімен теңестіруге эрекет жасалды. Б.С.Утевский "кінэні қылмыс қүрамының элементі ретінде, қасақаналық пен абайсыздық, яғни қылмыс қүрамының субъективті жағы ретінде бір жақты таяз түсінумен қатар, қылмыстық қүқықта кінэнің қылмыстық жауаптылықтың негізі ретіндегі ауқымдырақ түсінігі де бар" деп санаған. Б.С. Утевский кінэні қылмыстық жауаптылықтың негізі ретінде былайша түсіндіреді, яғни ол "соттың көзқарасы бойынша мемлекет атынан теріс қоғамдық (моральдық-саяси) бағаға лайық жэне сотталушының қылмыстық жауаптылығын талап етуші жағдайлар жиынтығы".

Оның кінэні түсіну туралы мүндай көзқарасы кеңестік заң басылымдарында өткір, тіпті күйретуші сынға үшырады. Оның себептері негізінен идеологиялық сипатта болды. Авторды кінэні саралау туралы буржуазиялық ғалым-заңгерлердің үсынған теорияларын пайдаланғаны үшін айыптады. Алайда, соңғы кездері кеңестік қылмыстық қүқықта кінэні - саралаушы ретінде түсінуді қатаң шетке шығару басылып, кінэлі жауаптылық қағидасы (яғни, кінэні қылмыстық жауаптылықтың негізі ретінде мойындау) Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде заңды түжырымын тапты. Мүны дүрыс деп мойындауға тиіссіз, себебі, қылмыстық заң, қылмыстық жауаптылықты түлғаның өзі жасаған іс-эрекеті мен оның салдарына психикалық қатынасының кез келген түрімен емес тек қана қасақаналық пен абайсыздық сияқты белгілі түрімен ғана байланыстыруы бекер емес. Психикалық қатынастың дэл осы түрдегі, кінэлінің қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге, яғни жеке бастың, қогам мен мемлекеттің мүдделеріне деген қоғамға қарсы (қасақана жасалған қылмыстарда) немесе немқүрайлы (абайсыздан жасалған қылмыстарда) қатынасын білдіреді. Сондықтан, кінэ - түлғаның қылмыстық қастандылықтан заңмен қорғалатын мүдделерге теріс қатынасын көрсететін өзінің жасаған қылмысты эрекеті немесе эрекетсіздігінен туындаған зиянды салдарға психикалық қатынасы.

Жоғарыда айтылғандай қылмыстық заң, іс-эрекетпен оның салдарына кінэлі психикалық қатынасқа еркіне карай жэне интеллектуалдық сэттерді қосады. Дэл осы сэттердің жиынтығы кінэнің мазмүнын қүрайды.

Аталған сэттердің нақты мазмүны мен ара - қатысы бойынша қасақана жэне абайсызда жасалған қылмыстардың бір-бірінен айырмашылығы қандай болса, олардың қылмыстық заңда анықталатын түрлері де тап солай ажыратылады. Интеллектуалдық жэне еркіне қарай сэттердің мазмүны мен арақатынасының бүл ерекшеліктері кінэнің түрлерін қүрайды. Қылмыстық кодекс кінәнің қасақаналық жэне абайсыздық сияқты екі нысандарын қарастырады (ҚР ҚК-нің 19-бабы 3-ші бөлімі). Қасақаналық, өз кезегінде, тікелей жэне жанама, ал, абайсыздық -меңмендік және немқүрайлылық болып бөлінеді.

Кейбір қылмыстарға байланысты, заң шығарушы оларды тек қасақана жасалады деп анық атап көрсетеді. Мысалы, ҚР ҚК-нің 104-бабы -денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін жауаптылық қарастырылады. Қасақана жасалатын қылмыстардың басқа қүрамдарын жасағанда, заң шығарушы оларға қасақана деген анықтама бермейді, Мысалы, ҚР ҚК -тің 106, 107-баптарында үрып-соғу, азаптау кездерінде кінэнің түрін атап көрсетпейді. Мүндай жағдайларда кінэнің түрін анықтау үшін ҚР ҚК -тің 19-бабының 3-ші бөлігін басшылыққа алу керек. Абайсызда жасалған іс-эрекет ҚР ҚК Ерекше бөлімінің тиісті бабы арқылы арнайы қарастырылған жағдайда ғана қылмыс деп саналады. Сонымен, Ерекше бөлім бабының диспозициясы кінэнің түрін нақты көрсетпесе, осы бапта қарастырылған қылмыс тек қасақана болады.

Кінэнің қылмыстық-қүқықтық мағынасын асыра бағаламасқа болмайды. Біріншіден, кінэлі жауаптылық қағидасына сүйене отырып, кінэ - қылмыстық іс-эрекетті қылмыстық емесінен ажыратушы ретінде маңызды. ҚР ҚК-нің 19-бабының 2-бөлігіне сэйкес объективті түрде, яғни кінэсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Екіншіден, егер заң шығарушы жауаптылықты кінэнің түріне қарай ажыратса, кінэ қылмысты саралауға эсер етеді деген сөз. Мысалы, кісі өлтіру ҚР ҚК-нің 96-бабымен бағаланса, абайсыздықтан өлімге соқтыру - ҚР ҚК -нің 101-бабымен бағаланады. Кінэнің түрі сонымен қатар денсаулыққа келтірілген зиянның қасақана элде абайсыздан болуын (ҚР ҚК -тің 103, 111-баптары), ажырататын белгі болып табылады. Үшіншіден, кінэнің түрлері қылмыстарды заңды негізде саралау кезінде ескеріледі. Онша ауыр емес ауырлығы орташа дэрежедегі қылмыстарға қасақана жасалғаны да, абайсыз жасалғаны да жатқызылса, ауыр, аса ауыр қылмыстар қатарына тек қасақана жасалғаны ғана жатады (ҚР ҚК -тің 10-6.). Жаза мен қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырар басқа көптеген жағдайларда, қасақана жэне абайсыздық жағдайдағы кінэнің айырмашылығы ескеріліп отырады.

5.3 Қасақаналық және оның түрлері.

ҚР ҚК-нің 20-бабының 1-бөлігіне сәйкес қасақаналық - тікелей жэне жанама болып келеді. Осы баптың 2-бөлігіне сәйкес, егер адам өз іс-

эрекетінің (эрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін үғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын-ала білсе жэне осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалған деп танылады.

Кінэнің басқа да түрлерімен (қасақаналық жэне абайсыздық) қатар, тікелей қасақаналықта түлғаның жасаған қоғамдық қауіпті іс-эрекеті (әрекетсіздігі) мен оның салдарына психикалық қатынас ретінде анықтау үшін, заң шығарушы психиканың интеллектуалдық жэне еркіне қарай элементтерінің мазмүнын пайдаланады. Қылмысты тікелей қасақаналықпен жасаған кездегі интеллектуалдық сэт - түлғаның іс-эрекетінің (эрекетсіздігінің) қоғамдық қауіптілігін саналы түрде түсініп, оның зиянды салдары болуы мүмкін екенін немесе олардың бэрібір болатындығын алдын-ала көріп білуінде. Жасалатын іс-эрекеттің қоғамдық қауіпті сипатын сезе білу - оның эрі шынайы, эрі элеуметтік сипаттарын түсінгендікті білдіреді, Мысалы, үрлық кезінде түлға, бөтен мүлікті жасырын иеленбекші екендігін жете түсініп отырады, сонымен қатар, ол өзінің осы қылығы арқылы жэбірленушінің меншіктік қүқығын бүзып отырғандығын да жете түсіне алады. Жасайтын эрекеттің (эрекетсіздіктің) мағынасын жете түсініп сезу - бүл кінэлінің оның қоғамдық қауіпті сипатын да түсінуі. [17,24 6]

Заң шығарушы интеллектуалдық элементі жасалған істің тек қоғамдық қауіптілігін түсінгендігімен шектеп, кінэлінің өз ісінің заңға қарсы екендігін түсінуін талап етпейді. Расында, көп тараған қасақана қылмыстар (кісі өлтіру, денеге жарақат салу, жыныстық қылмыстар, талан-таражға салу және т.б.) эрине, олардың заңға қарсы екендігі түсініле түра жасалады. Алайда, заңға қарсылықты түсіну, жалпы ереже бойынша, қылмыстық іске байланысты дэлелденуге жатпайды. Дегенмен, кейбір жағдайларда, заң шығарушы Ерекше бөлімнің арнайы қүрамын жасау арқылы, кінэлінің өз ісінің қоғамдық қауіптілігін түсінуін оның заңға қарсы екендігін түсінумен байланыстырады. Бүл жағдай көбінесе, эр саладағы арнайы ережелерді қылмысты түрде бүзғанда қолданылады. Мәселен, ҚР ҚК-нің 265-бабының 1-бөлігінде қылмыстық жауаптылық есірткі заттарды, жүйкеге эсер ететін немесе улы заттарды өндіру, жасау, қүсату, сатып алу, сақтау, есепке алу, босату, тасымалдау, экелу, экету, жөнелту не жою ережелерін бүзу, егер бүл эрекетті аталған ережелерді сақтау міндетіне кіретін адам жасаса, тағайындалады. Субъектінің бүл эрекеттердің қоғамдық қауіптілігін түсіне білгендігі, оның айтылған заттарды пайдаланудың (мысалы, сақтау жэне есепке алу) тиісті ережелерін міндетті түрде білгендігін көрсететіні анық. Ал егерде түлға бүл ережелермен таныспаған болса, қасақаналықтың интеллектуалдық сэті жойылады, демек, кінә - қасақана емес, бүл түлға - қылмысқа жауапты емес. Зиянды салдардың орын алатындығын алдын-ала көре білу -түлғаның

жасаған қоғамдық қауіпті эрекетінің (эрекетсіздігінің) нэтижесінде орын алатын қоғамдық қауіпті салдарды, кінэлінің өзі алдын-ала көре білгендігін көрсетеді. Заңды түжырымдамаға сәйкес, тікелей қасақаналық кезінде, алдын-ала көре білудің сипаты екі жақты болуы мүмкін. Кінэлі түлға тиісті қылмыстық салдардың орын алуы мүмкін екендігін де, сонымен қатар, орын алмауының мүмкін еместігін де көріп біледі.

Қылмыстық салдардың орын алуы мүмкін екендігін көре білу - бүл салдардың белгілі бір себептер арқылы болмай қалуы да мүмкін екендігін білдіреді. Олардың болатындығы сөзсіз екендігін көре білу - өзінің тілеген салдарының болмай қалуы мүмкін элде бір жағдайлардың кінэлі • санасынан мүлдем шығарылып тасталғандығын білдіреді. Мысалы, дене күші элдеқайда басым И. өзінің таныстарымен арақ ішіп отырып, араларындағы Г. - мен жанжалдасу кезінде оны 14 қабаттағы бөлменің ашық түрған терезесінен далаға лақтырып жібереді. Бүл жерде жэбірленушінің сөзсіз елетіндігін кінэлінің алдын-ала жобалағандығын -кесіп айтуға болатын анық нэрсе. Егер бүл эрекет екінші қабаттың белмесінде жасалса, кінэлі адам қылмысты салдардың болуы мүмкін деп болжар еді.

Заң шығарушы қасақаналықты оның кез келген түрінде (кінэнің абайсыз түрі сияқты) материалдың қүрамы бар, яғни объективті жағына кылмыстық салдар жататын қылмыстарға бейімдей отыра түжырымдайды. Осыған орай, кінэні түлғаға кез келген зиянды салдары алдын-ала көре білгендігі үшін емес, қылмыстың тиісті қүрамының объективті жағының белгілері болып табылатындарын кере білгендігі үшін артады.

Тікелей қасақаналықтық еркіне қарай сэті қылмыстық салдардың орын алуын тілеуімен сипатталады. Бүл тілек кінэлінің ісінің бір мақсатқа бағытталғандығын білдіреді. Ол үшін тиісті қылмыстық салдар - оның қоғамдық қауіпті эрекетінің (эрекетсіздігінің) саналы, эрі мақсатты түрде көздеген нэтижесі.

Қорыта келе, тікелей қасақаналықтық мазмүнын қылмыстық қүқықтық бағалау түрғысынан қарапайым мысалмен көрсетейік. Э. мен О. - нің мылтықпен шекесінен атқанынан жэбірленуші сол жерде қаза болады. Э. кісі өлтіруді тікелей қасақаналықпен жасады. Бүл қасақаналықтық интеллектуалдық сэті - кінэлінің өз эрекеттерінің қоғамдық қауіптілігін, яғни ол эрекеті жэбірленушіні өлімге экеліп соқтыратынын алдын-ала түсінгендігінде жэне оның елуі мүмкін немесе сезсіз екендігін алдын-ала кере білгендігінде. Э.-нің мылтықпен О.-ны шекесінен атқандығы, -қасақаналықтық еркіне қарай сэті, жәбірленушінің елімін тілегендігін дәлелдейді.

Түлғаның өз эрекеттерінің (эрекетсіздігінің) қоғамдық қауіптілігін түсіне біліп, қоғамдық қауіпті салдардың орын ала-тындығын алдын-ала кере түрып, езі тілемей, бірақ сол қауіпті салдарға саналы түрде жол

берген немесе оларға немқүрайды қараған кезіндегі қасақаналықтық түрі - жанама деп аталады.

Өзінің интеллектуалдық сэті бойынша жанама қасақаналық тікелей қасақанадықпен көп жағдайларда бір жерден шығады. Бүл мэселеде олардың айырмашылығы - тек қылмысты салдарды алдын-ала көре білудің сипатында ғана. Жоғарыда айтылғандай тікелей қасақаналық кезінде түлға қылмысты салдардың мүмкін болуымен қатар, олардың сөзсіз болатындығын да алдын-ала болжап біле алады. Ал жанама қасақаналық кезінде кінэлінің алдын-ала болжай білгендігі қылмыстық салдардың мүмкін болуымен қана байланыстырылады. Жанама қасақаналықтың бүл ерекшелігі - оның қасақаналық түрлерін бір-бірінен жалпы ажырату үшін негізделетін еркіне қарай сэтімен тығыз байланысты. Жанама қасақаналық кезінде, тікелей қасақаналықпен салыстырғанда, түлға қылмыстық салдардың болу мүмкіндігін алдын-ала көре білгенімен (интеллектуалдық сэті), ол салдардың болуын тілемейді. Қылмыстық заң мүндай тілемеушіліктің екі түрін ажыратады: қылмысты салдарға саналы түрде жол беру жэне оларға немқүрайды қарау. Алайда, түлғаның өзі жасаған эрекеттердің (эрекетсіздіктің) салдарына психиалық қатысты, көп жағдайда, салдардың болуына немқүрайды қараушылықпен оларға саналы түрде жол берушіліктің бірігіп кетуін болжайды.

Сонымен, жанама қасақаналық кезінде қылмысты салдардың болуын тілемеу - түлға өз ісінің қауіпті салдарына немқүрайды қарағандығынан, олардың орын алуына саналы түрде жол бере түра, өз ісінің қоғамдық қауіпті салдарының орын алуын көздемегенін білдіреді.

Жанама қасақаналық кезінде, кей уақытта қылмыстық салдардың орын алуына саналы түрде жол беру (немесе оларға немқүрайды қарау) бүл салдардың орын алуын тілемеумен бірлесіп келеді. Мысалы, түлға жэбірленушінің үйінде болмаған кезін пайдаланып, одан өшін алу мақсатымен, түнде үйіне өрт қояды жэне ол үйде жэбірленушінің қартайған эке-шешесінің бар екенін алдын-ала біліп отырады. Бүл жерде кінэлі қарттардың өртке шалынбай, одан аман-есен қашып шыға алатындығына сенуі мүмкін. Ал егер бүл сенім қылмыстық салдардың орын алуының алдын алатындай нақты бір жағдайлардың болуын көздемеген болса, бүл - жанама қасақаналықтың жэбірленушілердің өліміне саналы түрде жол беру түріндегі еркіне қарай сэтінің айқын көрінісі. Бүл жағдайда түлға аяқ астынан болып қалуы мүмкін элде бір кездейсоқтыққа сенеді (соның арқасында жэбірленушілердің өлмеуі мүмкін болатындай). Алайда, А.А. Пионтковскийдің өте орынды айтқанындай "бэлкімге сену" - бүл түкке де сенбеу деген сөз. Осыдан шығатын түйін - жәбірленушілер қаза болған жағдайда, мүлікті өртеу арқылы қасақана жоюдан басқасы, жанама қасақаналықпен ауырлататын мән-жайлар арқылы кісі өлтіру деп бағалануы тиіс.

Қасақаналықты тікелей және жанама деп бөлудің - қылмыстарды бағалау, қылмыстық жауаптылықты және жазаны жеке басқа қарай бейімдеу үшін маңызы үлкен. Мэселен, формальды қүрамдас, яғни қүрамына белгілі бір қылмыстық салдар кірмейтін қылмыстар, тек тікелей қасақаналықпен ғана жасалуы мүмкін. Мысалы, қауіпті жағдайда қалдыру, яғни жасының кішілігіне, кэрілігіне, аурулығына, өзінің шарасыздығына байланысты өмір мен денсаулық үшін қауіпті жағдайда қалып, эрі өзін-өзі қорғай алу мүмкіндіктерінен айырылғандарды түлғаның көпе-көрнеу көмексіз қалдыруы, егер кінэлінің ол түлғаға көмек көрсете алу мүмкіндігі, ол туралы қамқорлық жасау - міндетті болса немесе өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті жағдайға өзі экелген болса, осының нэтижесінде жэбірленуші ауыр салдарға үшырай ма, жоқ па, оған қарамастан, қылмыс аяқталған деп мойындалады. Бүл жағдайда кінэлінің психикалық қатынасы оның қоғамдық қауіпті эрекетсіздігіне (қауіпті жағдайда қалдыру) ғана қатысты анықталады жэне бүл эрекетсіздіктің қоғамдық қауіптілігін түсінуімен, өз міндетін атқарудан бас тартқысы келгендігінен білінеді. Қасақаналықтың тікелей жэне жанама болып бөлінуінің ең маңызды іс жүзіндегі мағынасы - бүлай бөлудің қасақана кінэні абайсыздықтан болған кінэдан ажыратып алу үшін маңыздылығында, себебі дэл осы жанама қасақаналық абайсыз кінэнің бір түрі болып табылатын қылмыстық жеңілтектікпен үласушы психикалық қатынас болып табылады. Жэне де, дэл осы жанама қасақаналық пен қылмысты жеңілтектіктің ортасында, қасақаналық пен абайсыздықтың "қақ айырылатын" жігі жатыр.

Қасақаналықты тікелей жэне жанамаға бөлудің қылмысқа оқталуды аяқталған қылмыстан ажырату үшін де үлкен маңызы бар. Себебі, қылмыстық қүқық теориясы мен сот тэжірибесі қылмысқа оқталу мүмкіндігін тікелей қасақаналықпен жасалған қылмыстар төңірегінде ғана шектейді. Мысалы, М.Ч-ны өлтіруге эрекеттенгені үшін

сотталады. Кінэлі, өшін алу үшін, жэбірленушінің мойнына пышақпен үрады. Ол екінші соққысын беруге ыңғайланғанда, жэбірленуші қарсылық көрсетіп бүл соңғысы элсіз ғана тиеді. Ол бүдан кейін де соққы беруге үмтылғанымен Ч-ның көмек сүрап айқайлаған дауысына жүгіріп келген адамдар оған жол бермейді. РФ Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жоніндегі Сот алқасы М. жэбірленушінің мойнына пышақ сала отырып жэне екінші рет пышақ жүмсауға үмтылып өз эрекеттерінің қоғамдық қауіпті сипатын түсіне білді, жэбіірленушінің оліп кететінін алдын-ала біле түра, оған саналы түрде жол берген, яғни жанама қасақаналықпен эрекеттенген дегенге сүйене отырып, М.-ның эрекетін денеге касақана түрде ауыр зақым келтіру деп қайта бағалаған. Алайда РФ Жоғарғы Сотының Төралқасы бүл шешіммен келіспей, кассациялық анықтаманы бүза отыра, кінэлінің қасақаналығының мазмүны туралы мэселені шешер кезде, соттың «жасалған қылмыстың барлық жағдайларының

жиынтығына сүйенуі керек екендігін, атап айтқанда, қылмыстың тэсілі мен қаруын, жаралар мен басқа да дене зақымдауының санын, сипатын, орнын (мысалы, адамның өмірлік маңызы бар мөшелері болуы мүмкін), қылмыстық эрекеттердің тоқтау себептерін жэне т.б. ескеруі керектігін» атап өтті. Бүл қылмыстың жасалу жолдарын мүқият зерттеу ісі осы шешімнің дүрыстығын растай түсті. Өмірлік маңызы бар саналатын мүше - мойынға пышақ жүмсау, екінші рет тек бөтен адамдардың араласуынан ғана беті қайтарылған қатты соққыға үмтылыс жэне қазіргі заманғы дэрігерлік көмектің арқасында ғана денеге тиіп өлгерген пышақ ізінің ауыр салдарының бетін қайтару жағдайларының барлығы жиыла келіп, М., жэбірленушінің өліп кету мүмкіндігін алдын-ала көре білгендігін жэне де дэл осындай салдардың орын алуын қалағандығын, яғни тікелей қасақаналықпен эрекеттенгендігін дәлелдейді. Олай болса, кінэлінің эрекетін Жоғарғы Сот Төралқасы кісі өлтіруге оқталғандық деп орынды бағалаған.

Сонымен қатар, қасақаналықты тікелей жэне жанама деп бөлудің -жазаны жеке басқа қарай бейімдеу үшін де маңызы бар. Жалпы ереже бойынша, тікелей қасақаналықпен жасалған қылмыстардың қауіптілігі жанама қасақаналықпен жасалғандарға қарағанда жоғары деп есептеледі. Бүл, бірінші аталған жағдайда кінэлінің санасы мен еркі қоғамдық қауіпті іс-эрекет жасап, қылмыстық салдар келтіруге тікелей бағытталғандығымен байланыстырылады.

Заң шығарушы қасақаналықтың тікелей жэне жанама сияқты екі түрін айтумен шектеледі. Алайда, қылмыстық қүқық теориясы мен сот жүмысына, қасақаналықтың басқа да түрлері белгілі, Мэселен, пайда болу уақыты бойынша қасақаналық - алдын-ала ойластырылған жэне аяқ астынан пайда болған сияқты түрлерге бөлінеді. Алдын-ала ойластырылған қасақаналық - қылмыс жасау туралы қабылданған ниет пен сол қылмыстың өзі бір-бірімен, белгілі бір уақыт аралығымен бөлініп түратындығымен сипатталады. Осы уақыт аралығында субъект қылмыс жасау жоспары мен тэсілін (орны, уақыты, қүралы мен тэсілі жэне т.б.) ойластырып, қүрастырумен болады.

Аяқ астынан пайда болған қасақаналық - (аяқ астынан) кенеттен пайда болып бірден жүзеге асырылумен сипатталады. Теория жүзінде, жалпы ережелер бойынша, алдын-ала ойластырылған қасақаналықпен жасалған қылмыс, аяқ астынан пайда болған қасақаналықпен жасалғаннан қауіптірек деп саналады.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі аяқ астынан пайда боған қасақаналықпен жасалған қылмысты екі-ақ жағдайда азырақ қауіпті деп санайды. Бүл - мүндай қасақаналық аффекттің эсерінен пайда болғанда орын алады. Мэселен, заң шығарушы аффект күйінде кісі өлтіру немесе денсаулыққа ауыр не орташа дэрежеде зиян келтіруді жеңілдетуші жағдайы бар қылмыстардың дербес қүрамына бөлген (ҚР ҚК -нің 98,

108-аптары). Аталған жағдай, жаза тағайындау кезінде жэбірленушінің қылмысқа себепші болған, заңға қарсы не адамгершілікке қарсы эрекеттері сияқты жеңілдетуші жағдайлар аясында ескерілуі мүмкін.

Кінэлінің өзі жасайтын іс-эрекеттің қоғамдық қауіпті салдары туралы түсінігінің айқындылығы мен дэрежесіне қарай қасақаналық анықталған жэне анықталмаған болып бөлінеді.

Анықталған қасақаналық түлғаның өзі жасайтын қоғамдық қауіпті эрекетінің немесе эрекетсіздігінің сипатын жэне салдарының мөлшерін анық түсінуімен сипатталады. Сонымен қатар, анықталған қасақаналық кінэлінің жалғыз ғана қылмыстық салдардың орын алуын көре білуі, яғни қарапайым жэне кінэлі екі немесе одан да көп қылмысты салдардың орын алуын мүмкін екендігін көре білетін - екі үшты болып келеді. Мысалы, пышағын жүрекке жүмсайтын кісі өлтіруші, өлімнің орын алатынын алдын-ала біліп, қарапайым анықталған қасақаналықпен эрекеттенеді. Ал пышақты жэбірленушінің ішіне салатындар екі үшты қасақаналықпен эрекет жасайды, себебі осының салдарынан жэбірленушінің не өлетіндігін, не оның денсаулығына ауыр зақым келетіндігін біле түра, бүл салдардың кез келгенінің орын алуына саналы түрде жол береді.

Анықталмаған қасақаналық кезінде кінэлі түлға қылмысты салдарды көре білгенімен - нақтыламаған. Бүл - қолданылуы эр түрлі салдарға экеліп соқтыратын қарулар мен қүралдарды пайдалана отыра, жэбірленушінің өмірі мен денсаулығына қол сүғушылық кезінде болуы мүмкін. Мысалы, жэбірленушінің басынан таяқпен үру, оның басын таспен үру, аяқпен бастан, кеудеден, іштен үру. Мүндай жағдайларда эр түрлі салдардың, өлімнен - денсаулыққа жеңіл зақым алуға дейін орын алуы мүмкін. Қылмыстық қүқық теориясы мен сот тэжірибесі мүндай жағдайларда жауаптылықтың шын мэнінде келтірілген салдарға байланысты анықталатынына сенеді, себебі, кінэлі бүл салдардың кез келгенінің орын алатынын көре білді жэне олардың орын алуына саналы түрде жол берді. Алайда, мүндай бағалау тек анықталмаған қасақаналық анықталған жағдайда ғана негізгі болып табылады. Егер нақты бір жағдайда, жэбірленушінің басынан таяқпен үру кезіңде оны өмірден айыруға бағытталған тікелей қасақаналық анықталса, жэбірленушіге шын мэнінде келтірілген онша ауыр емес зиянның өзінде (айталық, денсаулыққа орташа ауыр зақым келтіру) қасақана кісі өлтіруге оқталғандық деп бағалау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет