Физика курсындағы қолданбалы материалдарды оқытудың
теориялық мәселелері
Физиканың қолданбалы оқытудағы маңызы мен міндетін ескере отырып, бүгінгі күні оқу пәні ретінде физиканы оқытудың жаңа әдістемесін құрды:
- Оқушыларды қазіргі заманғы өндіріс пен технологияның физикалық принципі жайындағы білімдерін кеңейту;
- Оқушыларды физикадан алған білімдерін физика – техникалық есептерді шешуге қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
- Оқушыларды энергия көздермен, негізгі өлшеуіш приборлармен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру.
- Оқушыларды неғұрлым кең таралған еңбек құралдарының түрлерімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
- Оқушылардың қазіргі заманғы техниканың жалпы ғылыми негіздерімен таныстыру және физикалық білімдерін өндірістік – техникалық есептерді шешуге қолдана білу дағдысын дамыту оларды қолданбалы даярлау болып табылады.
Ал қолданбалы оқыту дегеніміз оқушылардың алған білімдерін құрылыста және интеллектуалдық есептерді шығаруға қолдана білу дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдіс – тәсілдер жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |