Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Электродинамика курсындағы қолданбалы материалдар



бет2/13
Дата02.01.2022
өлшемі0.67 Mb.
#454190
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
elektrodinamika-kursyndaғy-қoldanbaly-materialdar

Зерттеу жұмысының мақсаты: физика курсындағы қолданбалы материалдарды іріктеу және оның әдіс – тәсілдерін қарастыру.

Зерттеу жұмысының міндеттері:
  • Физика курсындағы қолданбалы материалды іріктеу және оның әдіс-тәсілдерін қарастыру.
  • Қолданбалы материалдарды оқытудың педагогикалық негіздері.
  • Электродинамика курсындағы қолданбалы материалдарды оқыту.
  • Эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін анықтау.

Зерттеу жұмысының нысаны: орта мектепте физиканы оқыту және қолданбалы материалды жүзеге асыру.

Зерттеу жұмысының пәні: физика курсындағы қолданбалы материалдарды жетілдіру.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: егер физика курсының қолданбалы материалды индустриялды – инновациялық бағыттар негізінде қарастырсақ, онда оқушылардың білім сапасы артып, практикалық деңгейде оқушылырдың ойлау қабілеті дамып, қолдану тәсілдері жүзеге асады.

Кіріспе


1 Физика курсындағы қолданбалы материалдарды оқытудың

теориялық мәселелері

1.1 Қолданбалы материалдарды оқытудың педагогикалық негіздері

1.2 Физиканың индустриалды инновациялық дамудағы ролі

1.3 Физиканы оқытудағы дидактикалық ұстанымдар

1.4 Физиканы оқытудағы инновациялық технология

2 Электродинамика курсындағы қолданбалы материалдары оқыту

2.1 Физика курсындағы қолданбалы білім берудің маңызы

2.2 Электродинамика курсындағы қолданбалы материалдар жүйесі

2.3 Электростатика бөліміндегі қолданбалы материалдарды дамыту

2.4 Тұрақты ток тарауындағы техника – технологиялық білім

2.5 Әр түрлі ортадағы электр тогының тақырыбындағы

политехникалық білім

3 Педагогикалық экспериментті ұйымдастыру, өткізу және

оның қорытындылары

3.1 Педагогикалық экспериментті ұйымдастыру және оның мақсаты

мен міндеттері

3.2 Эксперименттік оқытудың қорытындылары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер 

 

Мазмұны

Зерттеу жұмысының тарауларында

Білім беру заңындағы қолданбалы материалдарды оқытудың педагогикалық негіздері, қолданбалы материалдардың энергетика саласындағы орны, қолданбалы материалдарды жаңа ақпараттық технологияға қолдану қарастырылады.

Физиканың электродинамика тарауы бойынша қолданбалы білім берудің маңызы және сабақтың түрлерін пайдалану арқылы оқушылардың электродинамика тарауы бойынша қолданбалы білімдерін жетілдіру жолдары және зертханалық жұмыстар көрсетілген.

Педагогикалық эксперимент ұйымдастыру және оны қорытындылау көрсетіледі. Оқытудың міндеттерін ұйымдастыру және педагогикалық эксперименттің сандық және сапалық қорытындылары қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет