Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Helios» компаниясының тауарлық қорын есептеу және талдаудың аж. Ғылыми жетекшісі



бет2/2
Дата03.07.2016
өлшемі0.52 Mb.
#175004
түріДиплом
1   2

2.3 Ақпараттық база

Ақпарат базасы – бұл АЖ-ні жұмыс істеуде қолданылатын реттелген ақпараттың бірігуі. Ақпарат базасы машинадан тыс ақпарат базасы және машинада ішіндегі ақпарат базасы бөлімдерінен тұрады.Машинадан тыс ақпарат базасы – АЖ-ні жұмыс істетуде құжаттар мен белгілердің (сигналдардың), мәлімдемелердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз (ЕТ) адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпарат базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, мөлшерлік анықтама құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады. Ал мөлшерлік анықтама құжаттар (МАҚ) – шартты-тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әр түрлі тәртіптегіш мөлшерлеулерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды.

Жедел ақпарат дегеніміз – ол объектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелейтін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады. Машина ішіндегі ақпарат базасы – бұл АЖ-ні жұмыс істетуде қолданылатын, машиналық тасығыштарды мәліметтер массивінің бірігуін бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш – ДЭЕМ-ға ақпаратты автоматты түрде ендіруде пайдаланылатын материалдық объект. Оған қатты магниттік табақшалар, иілгіш магниттік табақшалар, магниттік барабандар, магниттік карталар, фотохромды тасығыштар, микрофильмдер және басқа да тасығыш түрі жатады.

Ақпарат массиві – нақты тәсілмен аталған және ұйымдастырылып өзара мәндік түрде байланысқан мәліметтердің бірігуі. Ақпарат массивін ұйымдастыру дегеніміз – бұл оның құрамын, құрылымын, яғни әрбір ақпарат массиві үшін реквизиттердің ұзындығын және олардың ақпарат массивінде орналасу тізбегін табу. Ақпарт массиві қолданылу белгісіне қарай кіретін, шығатын және ішкі болып бөлінеді. Кіретін массив, объектіні басқару есебін шешу үшін сұранысты және жедел немесе алғашқы ақпаратты қамтиды. Шығатын массивтер, баспа құрылғысы – принтерге басылып шығатын мәліметтерді құрайды. Осы ақпарат негізінде, қолданушылар керекті шешім қабылдайды, яғни осы ақпаратты қолданады.

Машина ішіндегі ақпарат массивтері тұрақты, сақтаулы, жедел және қызмет көрсететін болып келеді. Тұрақты ақпарат массиві мөлшерлік құжаттар мен анықтамалардан алынып, мәліметтерді өңдеуге дейін қалыптасады және ол АЖ есептерін шешуде пайдаланылады. Тұрақты ақпарат массивіне жіктегіштер, анықтамалар, шартты-тұрақты ақпараттар қатысты болады.

Сақтаулы массивтер өзара байланысқан басқа есептерді шешу үшін қолданылатын ақпаратты жазады. Мысалы, кварталдық есеп беруді алу үшін, осы кварталға кіретін айлардағы ақпаратты жинау қажет.

Жедел массивтер жедел құжаттар негізінде құрылады, яғни біртіндеп жиналған айнымалы ақпаратты құрайды. Сондықтан, жедел массивтер әр өңдеу аралықтарында өзгеріп отырады.

Қызмет көрсететін массивтер, массивтерді автоматты өңдеуде қажетті қызмет көрсету ақпаратын құрайды.

Машина ішіндегі ақпарат базасы жергілікті есепке, немесе есептер жиынтығына бағыталған массивтер түріндегі тәсілмен немес мәліметтер базасына массивтерді қалыптастыру жолының тәсілімен ұйымдастырылады.

Мәліметтер базасы (15-кесте), ол тікелей мәлімет алуға болатын жадыда, сақтағыш құрылғыларда сақталып, өзара байланысқан ақпарат массивтерінің бірігуін бейнелеп және АЖ-нің басқару фукциясының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Мәліметтер базасын тұрғызудың себептеріне – мәлімет өңдеу уақытын қысқарту, сақтаулы мәліметтердің артықшылығын азайту, мәліметтердің сыйыспаушылығын және қарама-қарсылығын жою, есептерді шешу үшін мәліметтерді кең көлемдегі қолданушылардың бірігіп қолдануы, есептерді шешу программасынан мәліметтердің тәуелсіздігі, мәліметтер базасындағы мәліметтерді сақтаудың сенімділегі жәнге т.б. жатады.

Мәліметтер базасын қолдану, ондағы мәліметтерді басқарудың программалық жабдығының бар болуын қажет етеді. Оны мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) деп атайды.

МББЖ – бұл АЖ-ны қолданушылардың қолданбалы есептерден мәліметтерге енуін қамтамасыз ететін, ақпарат массивтеріне кіру-шығу, оны тиеу, жөндеу үшін қажетті жалпы жүйелік программалар жиынтығы. Мәліметтер базасын МББЖ-мен біріктіріп, мәліметтер банкісі деп атайды. Мәліметтер банкісінің құрамы – мәліметтер қоймасы мен МББЖ-дан тұрады.
2.3.1. Машинадан тыс ақпараттық база
Машинадан тыс ақпараттық база – адамның есептеу техникасы құралдарын қолданбай қабылдайтын, АЖ функциялау үшін қолданатын мәліметтер жиынын ұсынатын ақпараттық базаның бөлігі. Машинадан тыс ақпараттық классификация мен кодтау жүйесінен, нормативті анықтамалық құжаттан және жедел ақпараттан тұрады [В.В. Дик. Экономикадағы ақпарттық жүйелер].

Классификация мен кодтауды анықтау жүйесі ақпараттық есептеуіш жүйесінің жадысында мәліметтерді сипаттау, тиімді іздеу және идентификациялау үшін қолданылады.

Нормативті-анықтамалық құжаттар шартты-тұрақты ақпарат категориясына жатады, олар ұзақ уақыт бойы есепте өзгерілмей қолданылатын регламенттік норматив, норма және басқа мәліметтерден тұрады. Берілген дипломдық жұмыста нормативті-анықтамалық құжат болып: нормативтік актілер, бағалы зат кодтарының каталогі валюта кодының каталогі, ҚР Ұлттық банкінің әр валюта түрі үшін ресми курсы жатады.

Жедел ақпарат нақты уақыттағы объект жағдайын, яғни алғашқы, өңделген ақпаратты сипаттайды. Оған клиент құжатынан (паспорт, жеке құжаты, әскери билет, шетелдік паспорт) алынатын мәліметтер жатады.

Кодтау мақсаты мәліметті құжатқа толтыруға, оларды машина тасығыштарына ауыстыруға, өңдеуге, жіберуге және басқа операцияларды орындау үшін қажет ақпаратты ықшам және ыңғайлы формаға келтіру.

Ақпараттың сыныпталуы ақпаратты мәлімет базасынан өңдеу және іздеуді жеңілдету үшін қажет. Сыныпталу белгілі бір ұқсас немесе әртүрлі ұқсастық белгісіне сәйкес көптеген объектілерді (пән, оқиға, үрдіс, түсінік) бөлу.

Сыныпталудан кейін таңдалған кодтау жүйесіне сәйкес ақпараттық бірлікті кодтау орындалады.

Кодтау дегенде объектіні ықшамдалған нысанда ұсыну мақсатымен объект сыныпталуына символдық мән (код түрінде) беру үрдісін түсінеміз.

Кодтау жүйесі деп объект сыныпталуына кодтық мән (кодтарды) беру ережелер жиынтығы.

Код – белгілі бір ережелер бойынша тұрғызылған шартты белгілеуді тұрғызу немесе орнатудың барлық номенклатуралар үшін жалпы жүйе. Әрбір код үшін төмендегілер анықталады:



  • код ұзындығы (код белгілеуіндегі белгілер саны);

  • код тобы (код белгілеуіндегі белгілердің орны);

  • код алфавиті (кодтық белгілеудегі болатын белгілер, олар цифрлық, әріптік және әріптік-цифрлық бола алады);

  • код құрылымы (код белгілеуіндегі белгілердің орналасу орны).

Кодтарды қолдану ақпарат өңдеуінің еңбеккөлемдігін төмендетуге, мәліметтер топтамасын жеңілдетуге; машиналық тасығыштарға ақпаратты жазуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Кодтау жүйесінің тізімдік, сериялық-тізімдік, тізбектей, комбинирленген, шахматтық және басқа жүйелері бар.

Мәселені шешу үшін кодтаудың тізімдік жүйесі қолданылады да, бағалы заттарды кодттау мен валютаны кодтаудың келесілері өңделеді. Бағалы заттарды кодтау құрылымы екі белгіден; валютаны кодтау құрылымы үш белгіден, айырбастау пунктінің номерінің тіркеу кодының құрылымы бес белгіден тұрады.
2.3.2. Ішкі машиналық ақпараттық база
Ішкі машиналық ақпараттық база – белгілі бір белгілер бойынша бапталған машиналық тасығыш жүйесінің (қатты магниттік диск, дискета, магниттік карта, т.б.) АЖ-да қолданылатын мәліметтер жиынтығын сипаттайтын ақпараттық база бөлігі [В.В. Дик Экономикадағы ақпарттық жүйелер].

АЖ ішкі машиналық ақпараттық базаның құрылымы араларында ақпарат ауыса алатын жеке мәліметтер базасы түрінде сипатталынады, ол арқылы ақпараттық базаны құру мен мәліметтер дұрыстығын жоғарылатуды оптималдауға болады.

АЖ ішкі машиналық ақпараттық базаның құрылымы өзінің функционалды бағытымен анықталады, АЖ қолданушының функционалды есеп талаптарын максималды қанағаттандырып, ұсынылған техникалық мүмкіндіктерге сай құрылуы керек.

Басқарма АЖ құрамына кіретін МБ C++ Builder – Windows 98/2000/XP ОЖ жұмыс үшін Object Pascal программалау тілін қолданатын қосымша арқылы жазылған. МБ екі негізгі бөлімнен тұрады:



  • басқаратын модуль;

  • экранды нысандағы модуль.

Ішкі машиналық ақпараттық база қатты және икемді магнитті ленталарда орналасқан ақпарат массивтерінен (файлдардан) тұрады. Жазуға тікелей ену прораммалық түрде, ол массивтерді өңдеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. МБ басқармада жүргізіледі. МБ-мен жұмыс модемді байланыстың қолдануымен, яғни ақпаратты файл сервер негізінде қоданылатын компьютердің желілік дискісінде орындалады. Модем арқылы сервер байланысты орнатқаннан кейін Басқарма қызметшісі МБ файлдың жолын көрсетуі тиіс. Өзгерту операциялары орындалғаннан кейін МБ сақталынады. Сонымен қатар әртүрлі филиалдың бірнеше қызметкерлері бір мезгілде МБ-мен жұмыс істеп енуге рұқсаты бар толықтырулар мен кестедегі өзгерістерді жүргізе алады.

МБ Windows 98/Me/XP ОЖ сәйкес келетін дисктік тасығыштар мен стандартты шығару құралдарына сай жасалынған.

МБ жұмысының жылдамдығы басқа программалық өнімдердегідей қолданылып отырған жабдықтарға тәуелді. Тәжіребие көрсеткендей компьютерлерді Pentium IY процессоры базасында қолдану нақты уақыттағы жұмыс үшін толық жеткілікті.


2.4 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар.
Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады.
2.4.1 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.
Ақпараттың қолдануысыз басқару процесі мүмкін болмағандықтан, ақпараттық жүйеде ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте маңызды.

Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.

Ақпараттық жүйені ақпараттық жабдықтау өзіне жүйеде қолданатын экономикалық ақпараттар және құжаттар сыныптама-ларын, нормативті – анықтамалы ақпараттарды (НАА) қосады.

Ақпараттық база (АБ) – бұл ақпараттық жүйенің функционерлену кезінде қолданылатын бір қалыпқа келтірілген ақпараттар жиынтығы. Машинадан тыс ақпараттық база – ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданатын құжаттар мен белгілердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпараттық базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, нормативті – анықтамалы құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады. Ал нормативті – анықтамалы құжаттар – шартты-тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әртүрлі тәртіптегі мөлшерлеу-лерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды. Жедел ақпарат дегеніміз – ол субъектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелей-тін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады.

Машина ішіндегі ақпарат базасы – бұл ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданылатын, машиналық тасығыштардағы мәліметтер массивінің бірігуін бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш – дербес электронды есептеуіш машинаға (ДЭЕМ) ақпаратты автоматты түрде ендіруде пайдаланылатын материалдық объект.

Ақпараттық жабдықтау

-кесте

Элементтер

Сипаттамалар

Ақпараттық технология

Мәліметтер базасында негізделген

Мәліметтер базасы типі

Реляциондық

Кодтау жүйесі

Фасеттік жүйе

Ақпараттық қорғау

АЖ-мен жұмыс істеу кезінде парольдер жүйесі қолданылады.



2.4.2 Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар

Автоматтандырылған ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.

Ақпараттық жүйені тұрғызу – ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де жұмысы көп кезең.

Ұйымдастырумен жабдықтау ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс істеу үшін өте қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономикалы – математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастыру мен жабдықтаудың мақсаты жүйені тұрғызу мен әрі қарай қолданудың ұйымдастыру – құқықтық негізін қалыптастыру. Оған ақпараттық жүйенің функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.

Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары ақпараттық жүйені тұрғызудың, жұмыс істеу мен модернизациялаудың барлық деңгейлерінде мемлекеттік басқару ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді. Ақпараттық жүйені өңдеу мен жұмыс істеу мақсаттары, экономикадағы нарықтық қатынастардың әсерінен және техникалық жабдықтар жиынының сапалық және сандық өсу қарқынынан уақыт өткен сайын, онымен ақпараттық жүйені қолданушыларды қамтамасыз етуге байланысты тереңдетіле түсуде. Осының барлығы ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істетудің ұйымдастыру – құқықтық актілеріндегі және ұйымдастыру - әдістемелік шешімдеріндегі ұйымдастырумен жабдық-тау есептерінің өзгеруіне әкеледі.
2.4.3 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
Техникалық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйе жұмыс істеуді қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық кезең жеке операциялардың, олардың жиынтығының орындалуы арқылы жүзеге асады.

Барлық операцияларды үш сатыға топтауға болады:



  1. Ақпаратты алу.

  2. Ақпаратты түрлендіру.

  3. Ақпаратты тұтыну.

Бірінші саты – экономикалық объектілердегі қызмет барысында туындайтын бастапқы ақпаратты жинауды және тіркеуді орындайтын операциялар тобын қамтиды. Бұл операцияның мақсаты мекемелердің, кәсіпорындардың, аймақтардың және басқалардың қызметін бейнелейтін ақпарат алу.

Екінші саты – ақпаратты түрлендіру операцияларының тобы, кеңістік және уақыт бойынша мәндердің, түрлердің, құрылымдардың өзгеруін орындайды.

Үшінші саты – операциялар тобын және олардың бас қарушылық шешімдерді қабылдау үшін, әрі басқарудың ақпараттық кезеңдерін жалғастыру үшін ақпаратты тұтынудағы маңызын біріктіреді.

Басқарудың ақпараттық кезеңінің негізгі сатысына сәйкес келесі техникалық жабдықтар қолданылады:



  1. Ақпаратты жинау және тіркеу;

  2. ақпаратты өткізу;

  3. машиналық тасығыштарды дайындау;

  4. ақпаратты өңдеу;

  5. ұйымдастыру техникасы.

Ақпаратты жинау және тіркеу жабдығы бастапқы мәліметтерді тасығыштарға тіркеуге арналған.

Ақпаратты өткізіп беретін жабдық мәліметтерді өңдеу орталықтарына және оны қолдау орнына кеңістіктегі ығысу арқылы жеткізіп беруде қолданылады.

Машиналық тасығыштарды дайындау жабдығы, мәліметтерді машиналық тасығыштарға, оның ішінде магниттік табақшаларға жазу үшін қажет. Қазіргі кезеңдегі жабдықтардың ерекшелігі сол, мәліметтерді магниттік табақшаларға жазу кезінде оны бақылауға, ашып жазуға, реттеуге болады.

Техникалық құралдар кешені

-кесте.

Техникалық құралдар атауы

Физикалық модуль

Сипаттамалары

ДЭЕМ Іntel Pentіum 4

Процессор

Зерделік сақтаушы құрылғы

МҚДЖ

Монитор


Перне тақтасы

Тышқан


Іntel, 2.6MHz

512Mb


80Gb

17 дюймдік

105 батырмалы

3 баспалы



Принтер

Принтер

HP LaserJet

Факс – модем

Факс – модем

Sony – 42S

Телефон

Телефон

Panasonіk



1.4.4. Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар.

Программалық жабдықтау деп – техникалық жабдықтау жүйесі жұмыс істеуде жабдықтайтын ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын программалардың бірігуін ұғуға болады. Ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты жұмыс істейтін пішіні болады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнаулы программалық жабдықтау.

Жалпы программалық жабдықтау – бұл жабдықтаудың кең көлемдегі қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу есебінде жиі кездесетін есептеу кезеңінің “және – немесе” шешімін ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін ақпараттық жүйенің программалық жабдықтаудың бөлмі.

Операциялық жүйе – ол есептеу кезеңін тиімді ұйымдастырып және есептеу жүйесінің қорларын (жедел жадылы процессорды, арналарды және т.б.) тиімді тиеуді орындайды. Бұл жүйеге операциялық жүйелер мен жеке программалардың (драйверлердің) мүмкіндігін кеңйтетін программалар жатады.

Есептеу кезеңін ұйымдастырудың тиімділігі ақпараттық жүйенің тәсілін, оның генерациясының параметрлерін және оған тиімді қолданбалы программалар пакетін (ҚПП) қосуды үйлесімді таңдаумен жүзеге асырады. Әдетте программалық өнімді тұрғызу жабдығы бар болып отырған операциялық жүйеде қамтылғанмен, бірақ қазіргі уақытта операциялық жүйеде қамтылмаған көптеген осы заманғы программалау жабдықтары да бар. Бұл өнімдер ақпараттық жүйелерді программалық жабдықтау өте қажет.

Сынаққа арналған программалар (тесттер) ДЭЕМ-нің жұмыс қабілетін тексеріп, егер жөндеу қажет болса, оны анықтап, машинаның немесе жүйе жұмысының ақауына ат қойып (диагноз), оны шектеп тоқтатады.

Арнаулы программалық жабдықтауға ҚПП мен бөлек функцияларды орындайтын және ақпараттық жүйенің әр түрлі функционалды ішкі жүйесінің нақты есептерін шешетін программалар кіреді. ҚПП – жалпы жүйелік және функционалдық болып екі топқа бөлінеді. Мұндағы жалпы жүйелік қолданбалы программалар пакеті кез-келген ақпараттық жүйеде қолданылуы мүмкін. Оны қолданбалы программалар пакеті арқылы:


  • Мәліметтерді басқаруда ;

  • мәліметтерді орындаудың типтік орындалу ретін;

  • деректі программалық әдістерін;

  • дискретті программалар әдістерін;

  • үздіксіз есептерді шешу әдістерін және басқаларды

орындайтын алгоритмдердің, әрі есептердің шешілу әдістерінің ерекшеліктеріне қарай бөлуге болады.

Нақты объектінің ақпараттық жүйесінің арнаулы программалық жабдықтауына функционалды ҚПП кіреді. Функционалды ҚПП деп параметрлік икемділік бар және басқару шешімін қабылдауға қажетті ақпаратты алуға бағытталған, өзара байланысқан программалардың бірігуі айтылады. Нақты басқару объектісінің әрбір ақпараттық жүйесінде осы ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын, өзінің функционалдық ҚПП –нің жиынтығы болады. Арнаулы программалық жабдықтауға нақты ақпараттық жүйені тұрғызудағы оның қызметін жүзеге асыру үшін құрастырылатын жеке есептердің шешілу программалары және функционалдық ҚПП – ң бірігуі жатады.



3 Ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және оны пайдалану саласының мүмкіндіктері.
3.1 АЖ-ны құруға кететін шығындарды бағалау

Есепке берілетін мәліметтер



-кесте




Көрсеткіштердің атауы

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

Көрсеткіштердің мағынасы

Ескертілуі

1

2

3

4

5

6

1

Өндіріс алдындағы шығындар

Кп

Мың. тг

31,5







Проектіні енгізуге және байланыстыруға кеткен шығындар

Кп1

Мың. тг

8,0







Проектіні алуға кеткен шығындар

Кп2

Мың. тг

28,7




2

ПК бағасы

Кэем

Мың. тг

60,5




3

Жылдық эксплуатациялық шығындар

Зэ

Мың. тг

24,5175




4

Бөлімдегі ұйымдастырушылықпен айналысатын жұмысшылар саны

Ч

Адам

5




5

Жұмыстың бір сағаттық тарифтік ставкасы

З

Тг

84




6

Қосымша жалақы коэффициенті

G




1,70




7

Зейнеткерлік қорға бөлінетін коэффициенті

C




1,15




8

Үстемелі шығындар коэффициенті

H




1,33




9

ПК қолдану коэффициенті

V




1,475




10

Пайыз коэффициенті

P

%

10




11

ПК жұмысы уақытының жылдық қоры

тэкм

Сағ

1848

Есептік мәліметтер

12

Есепті шешу уақыты

Тшеш

Сағ

61

Алдын ала есептеу

13

Енгізу ақпаратының көлемі

Кенг

Мың. Симв

150,4

Есептік мәліметтер

14

Өңделген ақпараттың көлемі

Кеңд

Кбайт

99,5

Есептік мәліметтер

15

Шығу ақпаратының көлемі

Кшығ

Мың. симв

531,5

Есептік мәліметтер

16

Уақыттың нақты жылдық қоры

қуақ

сағ

1821

Кесте мәліметтері




  • Сатып алуға кеткен шығындарды орындаушы есептейді және олар техникалық тапсырмаларды, техникалық және жұмыс проектерін жасауға кеткен шығындар болып есептеледі. Жобаны өндіруге кеткен шығындарды жобаны жасаушылардың еңбек ақыларының сомасы ескере отырып есептейді, бірақ ол өндіру кезінде ғана. Байланыстыруға кеткен шығындар ендіруге кеткен шығындарға ұқсас есептеледі.

  • Дербес компьютердің бағасы “Прайс лист” құжатынан алынады.

  • Жылдық эксплуатациялық шығындарды 26-кестеден қараңыз.




  1. Берілген есептеулер жүргізілетін жұмысшылар саны.

  2. Осы жұмысшылардың орташа сағаттық еңбек ақысы.




  • Кәсіпорын бухгалтериясында, қай жерде проект енгізіліп жатқаны есептеледі.

  • Жасалып жатқан есептер (есептеп кешені) үшін ДК-дің қолдану коэффициенті 1-ден аспауы керек және жұмыс уақытын жалпы қолданудың бөлігін көрсетеді.

  • ДК-ге берілетін алғашқы көлемнен жұмыс пайызын есекеретін коэффициент, қолмен шығарылатын, есептер көлеміне автоматтандырылған әдіспен шығарылатын, есептеп көлемінің пайыздық қатынасын құрайды.

  • ДК-дің жұмыс уақытының жылдық қоры 20 – кестеде есептелген.

-кесте



ДК түрі

Бір ауысыдағы жұмыс сағатының саны

Ауысым саны

Бір жылдағы жұмыс ауысымының саны

ПК жұмысының жылдық қоры

PENTIUM

8

1

216

1728




  • 12. Есепті шешу уақыты эмпирикалық жолмен есептеледі, онда өңделетін формалардың саны ескеріледі.

  • 13. Ендірілетін ақпараттың көлемі әр енгізу формасының ақпараттық көлемінің қосындысындай есептеледі. Бір енгізу формасының ақпарат көлемі былай анықталады: бір жолдағы максималды белгілер саны бір құжаттағы жолдар санына көбейтіледі, ол бір жылдағы құжаттар санына көбейтіледі.

  • 14. Белгілермен өңделетін ақпарат көлемі енгізілетін ақпарат көлемі мен есептер кешенін шешу үшін қолданылатын мәліметтер базасында сақталатын ақпарттардың қосындысын береді. Өндірілетін ақпараттар көлемі Кбайттарға аудару үшін алынған қосындыны 6-ға көбейтіп, 8-ге бөлу керек.

  • 15. Шығарылатын ақпарат көлемі әр шығу формасының ақпарат көлемінің қосындысындай есептеледі. Бір шығу формасының ақпарат көлемі былай анықталады: бір жылдағы белгілердің максималды саны бір құжаттағы жолдар санына көбейтіледі.(21-кесте)

-кесте


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Саны

Календарлық уақыт

Күн

351

Демалыс күндер

Күн

110

Мереке күндер

Күн

8

Номиналдық уақыт

Күн

256

Жұмысқа шықпаған күндер

Күн

40

Кезекті демалыс

Күн

30

Ауырған күндер

Күн

19

Мемлекеттік міндеттемелер

Күн

4

Бір жылдағы жұмыс күнінің нақты саны

Күн

241

Мереке алдындағы күндердің саны

Күн

8

Уақыттың нақты жылдық қоры

Сағ

1745

Бір жұмысшының жұмыс уақытының жылдық қорының есебі


Фвр = (бір жылдағы жұмыс күндер саны – мейрамдардың алдындағы күндер)*8+ мейрамдардың алдындағы күндер*7

Осыдан: (216-7)*8+7+7=1721 сағат

Жобаны ендіру алдындағы жұмысшылардың орындайтын жұмысын (До) былай есептейді:
До = ч*Фвр (1)

Мұндағы


ч – жұмысшылар саны, адам;

Фвр – бір жұмышының жұмыс уақытының жылдық қоры, сағат;

До = 4*1721 = 6884 сағат
Жобаны ендіруге дейінгі жұмысшылардың орындайтын жұмыстарының құны

(Со) мына формула бойынша есептеледі:


Со = До*з*((1+g)*(1+С)+Н) (2)

Мұндағы
До – жобаны өндіруге дейінгі жұмысшыларының еңбектерінің көлемі;

З – бір жұмысшының орташа сағаттық тарифтік еңбек ақысы;

G – қосымша еңбек ақыны ескеретін коэффициент;

С – зейнет ақы қорларына аударымдарды ескеретін коэффициент;

Н – шығындарды есептейтін коэффициент;

Со = 6884*80*((1+0,7)*(1+0,15)+0,33) = 1258395,2 тг =1258.395 мың. тг

Ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жағдайында (жобаны енгізгеннен кейін) еңбек көлемі қызметшілерден қалған жұмыстардан құралады, сонымен қатар ДЭЕМ-ді қолдану.

АРМ жобасын енгізгеннен кейін жұмысты ұйымдастырумен айналысатын қызметшілерде қалған жұмыстың жылдық көлемі мына формуламен анықталады:
До = До*(1 - р/100) (3)

Мұндағы


До – АРМ-ді енгізуге дейінгі қызметкерлер орындайтын жұмыстың жылдық көлемі, сағат;

Р – алғашқы көлемнен ДЭЕМ-ға берілетін жұмыт пайызын ескеретін коэффициент.

Дост = 6884*(1+9/100)=6264,44 сағат

Жобаны ендіру жағдайында қызметкерлерде қалған жұмыстар құны мына формуламен есептеледі:

Сост = Дост *3((1+g)*(1+с)+Н) (4)

Сост = 6264,44*80((1+0,7)*(1+0,15)+0,33) = 114539,6тг=1145мың.тг

ДЭЕМ (ДК) қолданудың жылдық шығындары 22-кестеде көрсетілген.
-кесте




Шығын баптарының атауы

Бағасы

(мың.тг)


1

Күнделікті және алдын ала жөндеуге кеткен шығындар (ЭЕМ бағасынан 5%)

2,842

2

ЭЕМ амотизациясы (ЭЕМ бағасынан 12%)

7,02

3

Заттарға кеткен шығындар (ЭЕМ бағасынан 2%)

1,17

4

Басқа шығындар (ЭЕМ бағасынан 0,5%)

0,2925




Барлық қолдануға кеткен шығындар

11,4075

ЭЕМ қолдануына кеткен жылдық шығындар



3.2 Есеп кешенінде ақпараттық технологияларды жаңарту кепілдемесі
Тестілеу нәтижесінде жүйе дұрыс нәтижені көрсетті деп айтуға болады. ЭЕМ құжаттары негізінде ақпаратты енгізудің басты талаптары, онымен жұмыс істеуі, керекті мәліметтер базаларының құрылымын өңдеуі, құжаттарды экранда көру, ақпаратты ЭЕМ енгізу және оны редакторлеу анықталған. Функционалды немесе қамтамасыз етуші бөлімдерде жетіспеушіліктер анықталмаған.

Бірақ тап осы деңгейде тоқтауға болмайды, себебі жүйе толық жетілдіру тиіс. Жүйені жетілдіру үшін Қазақстан басқа мемлекеттермен қарым-қатынаста болу қажет, сонымен қатар конвертация жасау қажет.


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР




  1. К.Нәрібаев,С.Жұмамбаев. Менеджмент Алматы1998ж.

  2. Вейл П. Искусство менеджмента Москва 1993г.

  3. Тоқсейітов Р.Қ. Экономикалық сөздік-анықтамалық Болашақ 1999ж.

  4. Қ.Р Азаматтық кодексі 75-бап. Алматы 2000ж

  5. Мескон М.Х. Основы менеджмента Москва 1992г.

  6. Андросов А.М. Бухгалтерскмй учет Москва 1996г.

  7. Андреев В.Д. Практический аудит Москва1994г.

  8. Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет, анализ хозяйственной деятельности

  9. и аудит Москва 1994г.
    Хорнгрен Ч.Т. Бухгалтерский учет: управленческий аспект. Москва 2000г.

  10. Подольский В.И. Аудит Москва 1997г.

  11. Абрамов С.А. Экономическое обоснование автоматизации обработки

  12. информации. Москва 1974г.

  13. Благодатских В.А. Экономика, разработка и использование

  14. программного обеспечения. Москва 1995г.

  15. Чистов Д.В. Основы компьютерной бухгалтерии / Учебный практикум по ведению бухгалтерского учета в «1С:Бухгалтерии-Проф 6.0»для Windows. М.: Компьютер пресс, 1998.

  16. Киевский С.В. «Самоучитель по работе с программой «1С:Бухгалтерия»

  17. Доля пользователей локальных и сетевых версий: 5.0 и Проф-2.0 для DOS,

  18. 6.0 и Проф-6.0 для Windows и Windows 95,-М.: Компьютер пресс, 1998.

  19. Информационные системы бухгалтерского учета: Учебник / Под ред.

  20. В.И.Подольского –М.: Аудит, ЮНИТИ, 1998.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет