Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Мәліметттер базасы»


Тарау бойынша қысқаша қорытындылар



бет2/3
Дата11.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#128271
түріДиплом
1   2   3

Тарау бойынша қысқаша қорытындылар

  • Қазақстан экономикасына инвестицияларды тарту өте өзекті мәселе. Оны жүзеге асыру Қазақстан Республикасының жалпы және ағымдағы даму стратегияларының маңызды басымдығы болып табылады. Сондықтан бұл бағытта жасалынатын жұмыс қажетті және актуалды.

  • Инвестициялар – экономикалық дамуды қамтамасыз ететін және болашаққа бағытталып белгілі бір өндіріске немесе құрылысқа салынатын құралдар.

  • Инновация – түрлі нысандағы және түрлі саладағы жаңалық: жаңа технология, жаңа модель, жаңа типті құрылыс, жаңа шешім, т.с.с

  • Инновациялар, бір жағынан, инвестицияларды қажет етеді, ал, басқа жағынан, инвестициялардың сапасын және тиімділігін қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда инновациялы инвестициялар қарапайым инвестицияларға қарағанда саланың дамуы үшін де, жалпы экономиканың дамуы үшін де басымды ықпал етеді.

  • Құрылыс – Қазақстан экономикасының маңызды саласы. Әсіресе қалыптасқан жағдайларда, жаңа құрылыстарды, ғимараттарды, үйлерді салудың қажеттілігі күннен күнге өсуде.

  • Кез келген экономикалық сала, соның ішінде құрылыс саласы, терең әрі сапалы талдауды қажет етеді. Негізінен бизнес-талдау жаңа жобаларды жүзеге асыруды сенімділікпен қамтамасыз ету үшін талап етіледі.

  • Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында жүргізілетін талдау бірнеше бөлімнен тұрады. Олардың ең маңыздылары: алдын-ала талдау, экономикалық және қаржылық талдау, техникалық және технологиялық талдау, тәуекелді талдау.

  • Экономикадағы жалпы талдау мүмкіндіктерді анықтап отыруға және болжауды құрастыруға көмектеседі.

  • Инновация, инвестиция, бизнес-талдау және болжау – осының барлығы даму механизмінің актуалды категориялары.

2. ИННОВАЦИЯЛЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ПРОГРАММАЛЫҚ ПАКЕТТЕР

2.1. Инновациялы инвестициялық жобаларды талдау

Халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрылымдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Ал егер инновацияны енгізумен байланысты болса, онда сәйкесінше инновациялы жоба деген атауға ие болады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.

Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды және т.с.с. құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу, т.с.с.) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарылатумен және қондырғыларды жаңартуымен, құрылыстың жаңа сипатта салынуымен байланысты болады.

Жобаны әзірлеудің және талдаудың алдын-ала кезеңі

Болашақ инвестициялық жобаның бизнес-идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес-идеясын іске асыра ала ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек. Талдаудың осы түрі инвестициялық жобаны әзірлеу мен оны талдаудың алдын ала кезеңінің мазмұнын құрайды. Батыстық жобаларды талдау тәжірибесінде әдетте төмендегі критерийлерді қолданады:



  • саланың пісіп-жетілуі;

  • кәсіпорынның бәсекеге жарамдылығы (оның нарықтағы жағдайы).

Саланың пісіп-жетілуін оны даму жағдайының төрт түрінің біреуіне жатқызу арқылы талдау қалыптасқан: эмбрионалдық, өспелілік, пісіп-жетілген немесе ескірген.

Екінші критерийге сәйкес, кәсіпорынның тиісті сала шеңберінде оның бәсекеге жарамдылығын орнату керек. Басқаша айтқанда, тауар мен қызмет көрсетудің мақсатты нарығында берілген кәсіпорынның басқа кәсіпорындармен салыстырмалы жағдайын анықтау. Әдетте кәсіпорынның негізгі алты жағдайын қолданады: басым, мықты, жағымды, тұрақсыз, әлсіз, өмір сүре алмайтын.

Кәсіпорынның пісіп-жетілу критерийі мен бәсекелік қабілетін салыстыру арқылы кәсіпорынның өмір сүру циклінің матрицасын құруға болады және ол матрица конструктивті сипатқа ие болады: кәсіпорынның жағдайын қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамуы бойынша қағидалық кеңестер береді.

Жобаны талдаудың алдын ала кезеңінің соңғы нәтижесі көрсетілген критерийлер бойынша нақты бір кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып табылады, яғни берілген кәсіпорынның матрицадағы қандай нақты «торға» жататындығын білдіреді. Талдаудың алдын ала кезеңі уақыт бойынша ұзақ болмауы керек және алдын ала кезеңінде жасалатын қорытындылар сапалық бағаларға негізделеді. Соған қарамастан, бұл кезең келесі екі себепке байланысты қажет:



  • стратегиялық инвестормен ары қарай қатынас жасау баырсында саланың пісіп-жетілуі мен кәсіпорынның бәсекелік жағдайы туралы мәселелер міндетті түрде қозғалады және бұған алдын ала дайындалу қажет етіледі;

  • егер кәсіпорынның басқарушылары (менеджерлері) талдауға назар аудармаса, онда стратегиялық инвестор бұл жұмысты өзі атқарып, оң нәтижелерге келмеуі мүмкін.

Жобаның көптүрлілігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек. Сызбада қолданылатын «жоба қабылданбайды» резолюциясы шарттық сипатта болатынын атап өткен жөн.

Техникалық талдау

Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады:



  • жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәкес келетін технологияларды анықтау;

  • жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде жерге, шикізатқа, энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;

  • жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру.

Техникалық талдауды, әдетте, кәсіпорынның жеке сарапшылар тобы арнайы мамандарды шақыру арқылы жүргізеді. Техникалық талдаудың стандартты процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады. Сонымен қатар келесі критерийлерді басшылыққа алу керек: 1) технология өзін алдын ала жақсы жағынан көрсетуі тиіс, яғни стандартты болу керек; 2) технология импорттық қондырғылар мен шикізаттарға бағытталмауы керек. Егер өз технологиясын қолдану мүмкін болмаса, онда төмендегі схемалардың бірі бойынша біреуімен шетелдік технология мен қондырғыларды тарту мүмкіндігіне талдау жүргізіледі:

  • шетел фирмасымен бірлескен кәсіпорын – бөлшектеп инвестицияландыру және барлық технологиялармен қамтамасыз ету;

  • технологиялық «ноу-хауды» іске асыратын жаңа қондырғыны сатып алу;

  • «Turn-key» - қондырғы сатып алу, зауыт салу, технологиялық үрдісті қалыптастыру;

  • «Product-in-hand» - «turn-key» + кәсіпорынның қажетті дайын өнім шығарғанға дейін персоналды оқыту;

  • өндіріс үшін лицензиялар сатып алу;

  • шетелдік технолог тарапынан техникалық көмек. Технология таңдау ережесі кейбір альтернативті технологияларды кешендік талдауды және қандай да бір агрегатталған критерийдің негізінде жақсы нұсқауды таңдауды қарастырады.

Альтернативті технологиялардың ішінен таңдаудың негізгі факторлары технологияны қолдануының келесі аспектілеріне негізделеді:

    1. Сәйкес масштабтарда таңдалған технологияларды бұрынғы бойынша қолдану.

    2. Шикізатқа қол жеткізушілік.

    3. Коммуникациялар мен коммуналды қызметтер.

    4. Технологияларды сатып отырған ұйымның патенті мен лицензиясы бар екендігіне көз жеткізу керек.

    5. Ең болмағанда технологияны сатушының өндіріспен серіктесе жүруі.

    6. Технологияның жергілікті жағдайларына бейімделуі (температура, ылғалдылық, т.с.с.).

    7. Жүктемелік фактор және толық өнімділікке сәйкес, тұрақты жағдайына шығу үшін уақыттың керектігі.

    8. Экология мен қауіпсіздік.

    9. Капиталдық және құрылыстық шығындары.

Қаржылық талдау

Инвестициялық жобаның бұл бөлімі көлемді және еңбек сиымдылығы жоғары. Бұл мәселені түпкілікті қарастыруға жекелеген тараулар арналады. Қаржылық талдаудың өзара байланысты мәселелер кешенін қарастырайық. Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасы қарапайым тіізбекке негізделген:



  1. Кәсіпорын қызметінің соңғы 3 (дұрысы 5 жыл) жыл ішіндегі қаржылық жағдайына талдау жасау.

  2. Инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау.

  3. Негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау.

  4. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы пайда мен ақша ағымдарын болжамдау.

  5. Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы.

Кәсіпорынның бұдан бұрынғы қызметі мен ағымдағы жағдайына қаржылық талдау жасау әдетте кәсіпорынның пайдалылығы мен оның басқару тиімділігін, несие қабілеттілігін, өтемпаздығын көрсететін негізгі қаржылық коэффициенттерінің интерпретациясы мен есептеулеріне келтіріледі. Әдетте бұл қиындық туғызбайды. Қаржылық бөлімде кәсіпорынның өткен жылдардағы негізгі қаржылық есебін беру және негізгі көрсеткіштерді салыстыру аса қажет. Егер инвестициялық жоба батыстық стратегиялық инвесторды тарту үшін дайындалса, онда қаржылық есепті инвесторды тартқан батыс мемлекеттің форматтарына келтіру керек.

Шығынсыздықты талдау негізгі өнімдерді шығару мен өткізудің өзіндік құн құрылымын талдау бойынша жүйелік жұмыстарды және барлық шығындарының айнымалылар (өндіріс көлемі мен сату көлемінің өзгеруіне орай өзгереді) мен тұрақтыға (өндіріс көлемі өзгеруіне байланысты өзгермейтін) бөлінуін қамтиды. Шығынсыздықты талдаудың негізгі мақсаты – шығынсыздық нүктесін анықтау, яғни пайданың нөлдік мәніне сәйкес келетін тауар көлемін сату. Шығынсыздықты талдаудың маңыздылығы нақты немесе жоспарланған пайданы инвестициялық жоба үрдісінде шығынсыздық нүктесі мен кәсіпорынның пайданы алып келетін іскерлігі сенімінің кейінгі бағасымен салыстыруына негізделген.

Жобаның қаржы бөлімінің неғұрлым жауапкершілігі мол бөлігі оның инвестициялық бөлігі болып табылады, ол мыналарды қамтиды:


  • жоба бойынша кәсіпорынның инвестициялық қажеттіліктерін анықтау;

  • инвестициялық қажеттіліктердің қайнар көздерін белгілеу;

  • инвестициялық жобаны іске асыру үшін тартылған капиталдың құнын бағалау;

  • жобаның есебінен түсетін пайда мен ақша ағымдарын болжау;

  • жоба көрсеткіштерінің тиімділігінің бағасы.

Жобаның өтелімділігін бағалау кезіндегі инфляцияны есепке алу мәселесі қарама-қайшылықты болып келеді. Әрине, уақытта өріс алған ақша ағымдарын ақшаның сатып алушылық қабілетінің өзгеруіне байланысты қайта санау керек. Сонымен қатар инвестициялық жобаның тиімділігі туралы соңғы қорытынды инфляциялық әсерді ескерусіз жасалынуы мүмкін.

Экономикалық талдау

Қаржылық талдаудың негізгі сұрағы: жоба кәсіпорын иелерінің (акционерлері) байлығын көбейте ала ма? Бұл сұраққа ақша ағымдарын талдау арқылы жауап беруге болады. Экономикалық талдау жобаның мемлекеттік (ұлттық) байлығын ұлғайтуға әсер етуін бағалаудан тұрады.

Экономикалық талдаудың қажеттілігі неде? Егер нарық толығымен (идеалды) еркін болса, онда экономикалық талдау жүргізудің керегі жоқ, себебі компанияның иелеріне не пайдалы болса, қалғандарға да сол пайдалы болып табылады. Еркін нарықтың негізгі белгілерін көрсетейік:


  • сатушылар мен сатып алушылар санының көп болуы;

  • барлық өндіріс пен құрылыс факторлары (еңбек, жер, капитал, материалдар) мобильді болу керек;

  • бағалар сатушылар мен сатып алушылардың қалауымен қалыптасады;

  • нарыққа жаңа компаниялардың енуіне бөгеттер қойылмауы керек.

Осындай жағдай алдыңғы қатарлы батыс елдері үшін де мінсіз екенін мойындау қажет. Шынында да, көп тауарлардың бағасын мемлекет жасанды түрде өзгертеді (көтереді немесе төмендетеді) және егер жобаның қаржылық үлесі белгілі болса да, экономикалық үлес өте сирек бағаланады. Сондықтан да ірі инвестициялық жобалар үшін олардың қаржылық тиімділігінен гөрі, экономикалық тиімділігі мен экономикалық тартымдылығын талдау қалыптасқан.

Тәуекелді талдау

Тәуекелді талдаудың мәні мынада. Жіберілген сапасына тәуелсіз болашақтың әрқашанда белгісіздік элементі бар. Мысалы, керекті мәліметтердің көп бөлігі қаржылық талдау үшін (шығындар элементтері, бағалар, өнімнің сатылу көлемі және т.с.с.) белгісіз болып табылады. Болашақта болжаудың жақсы жаққа да, жаман жаққа (пайданың төмендеуі) да өзгеруі мүмкін.

Тәуекелді талдау барлық өзгерістерді, қай жағына болса да, есепке алуды қажет етеді.

Жобаны іске асыру үрдісінде келесі элементтер өзгеріске ұшырауға бейім: шикізат пен қосалқы бөлшектердің құны, капиталдық шығындардың құны, қызмет етудің құны, сатудың құны, бағаның құны және т.с.с. Нәтижесінде шығатын параметр, мысалы, пайда кездейсоқ болады. Тәуекел ықтималдық таралу мен ықтималдықтар түсінігін қолданады. Сонымен тәуекел теріс пайда алу, яғни залал шегу ықтималдығына тең. Жоба факторларының өзгеріс диапазоны қаншалықты кең болса, жоба тәуекелділігі соншалықты жоғары.



2.2. Инновациялы инвестициялық жобалардың тиімділігін

бағалауға арналған программалық өнімдер
XX ғасырдың соңғы жылдарында программалық өнімдер нарығында инновациялы инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалайтын бірқатар программалар пайда болды. Олардың барлығы ЮНИДО қалыптастырған әдістемелік қағидаларға негізделеді. Бұл қағидалар бірқатар елдердің көмегімен әрдайым жетілдіріледі. Программалардың барлығы белгілі мақсаттар мен шарттарға арналған. Сондықтан олар әмбебап түрде қолданылмайды.

Қазіргі таңда ТМД елдерінің арасында инновациялы инвестициялық жобаларды бағалайтын екі түрлі имитациялық жүйелер қолданыс тапты.

Бірінші түрдің программалық өнімдері бұрынғы қызметтің қаржылық нәтижелерін бағалауға және кәсіпорынның келешек мүмкіндіктерін болжауға арналады. Яғни бұл программалардың көмегімен кәсіпорынның шаруашылық қызметіне экономикалық диагностика жасалынып, қажетті рекомендациялар ұсынылады. Бұл топқа келесі программалық пакеттерді жатқызуға болады:


  • «Альт» фирмасының «Альт-Финансы» пакеті;

  • «Аналитик 4.0»;

  • «Интеллект-Сервис» фирмасының «Финансовый анализ 1.0» программасы;

  • «ОЛИМП: ФинЭксперт».

Программалардың екінші түрі инновациялы инвестициялық жобалардың салыстырмалы анализін жасауға және жоспарын құруға арналған. Олардың арқасында қаржыландырудың оптималды және тиімді нысаны таңдалынады. Бұл түрге келесі программаларды жатқызады:

  • «COMFAR» (COmputer Model for Feasibility Analysis and Reporting);

  • «PROPSPIN» (PROject Profile Screening and Preappraisal INformation system);

  • «Project Expert»;

  • «Альт-Инвест»;

  • «FOCCAL»;

  • «Инвестор 4.1»;

  • «ТЭО-ИНВЕСТ»;

  • «Инвест-Проект».

Жоғарыда келтірілген барлық программалық өнімдердің негізінде ЮНИДО құрастырған әдістемелік қағидалар жатыр, және олардың барлығы келесі критерийлер бойынша салыстырылады: функционалдық мүмкіндіктер, программалық реализациялаудың сапасы, қолданушы интерфейсінің қолайлылығы және пакеттің «жабық» немесе «ашық» болуының деңгейі.

Функционалдық мүмкіндіктер келесілерді қамтиды:



  • шынайы ақша ағынына негізделетін есептеудің қазіргі әдістемесін қолдану;

  • есептеудің көкжиегіне және қадамына шектеулерді минимизациялау;

  • өнімдер көлеміне шектеулерді минимизациялау;

  • жобаны бағалауда қолданылатын қаржылық экономикалық көрсеткіштерінің көп болуы;

  • жобаны жүзеге асыру сценарийлерінің әртүрлілігі;

  • инфляцияны есептеудің тәсілдері мен мүмкіндіктері;

  • белгісіздікті және тәуекелдерді есепке алудың тәсілдері мен мүмкіндіктері;

  • ЭЕМ жадысында есептеудің жарамды нұсқауларының келешек салыстырулар мен таңдамалар үшін сақталынуы.

Программалық реализациялаудың сапасы төмендегі шарттармен анықталады:

  • ЭЕМ – ң кең таралған түрлерінде пакеттің жүзеге асу мүмкіндігімен (қажетті операциялық ортаны қолдану шартымен);

  • жұмыстағы сенімділікпен;

  • шапшаң әрекеттілікпен (қажетті көлемде және қолайлы мерзімдерде түрлі есептеу үрдістерін жүргізу, оларды салыстыру және т.б. мүмкіндіктер);

  • рұқсатсыз қолдану мен көшіруден пакеттің қорғалғандығымен.

Қолданушы интерфейсі қолайлылығының сипаттамалары:

  • ақпаратты енгізудің еңбексыйымдылығын қарапайымдау және минимизациялау;

  • енгізу кезінде жіберілетін қателіктерден қорғану мүмкіндігі;

  • нәтижелердің көрнекі түрде берілуі;

  • графикалық ақпараттың жеткілікті болуы және т.б.

«Жабық» пакет деп, формулаларын және алгоритмдерін өзгерту мүмкіндігі жоқ пакеттерді айтады. Сонымен қатар белгілі бір программалық тілде жазылған және арнайы ортасыз жұмыс істейтін пакеттер «жабық» юолып табылады, ал сәйкес ортада құрастырылған электрондық кестелердің негізінде жұмыс жасайтын пакеттер «ашық» болады. Бұндай өнімдерде формулаларды модификациялауға мүмкіндік бар.

Программалық өнімнің «жабықтығы» оның артықшылығы да, кемшілігі де болып саналады. Бұл инвестор мен реципиент алдында тұратын мақсаттарға байланысты болып келеді.

Квалификациясы жоғары қолданушылар жүйенің «ашықтығын» қолдана отырып, жобаны жүзеге асырудың күрделі және әртүрлі сценарийлерін құрады. Алайда пакеттің осындай мүмкіндіктері кейбір жағдайларда қауіпті нәтижелерге ұшыратады. Себебі бұл жағдайда, яғни пакет «ашық» болғанда, қатаң бақылау жүргізілмейді. Сонымен қатар алгоритді бақылау мүмкіндігі болмаған жағдайда да бірқатар қателіктер туындай алады.

Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда қолданылатын кейбір программалық пакеттерге тоқталайық.



COMFAR 2.1

2.1 нұсқаулы COMFAR пакеті «жабық» программалардың қатарына жатқызылады. Программаның жұмысына араласу мүмкіндігі жоқ, соның арқасында нәтижелердің сенімділігі жоғары болады. Алайда бұл жүйеде енгізу мен шығарудың арасында автоматизацияланған бақылау өтпейді.

COMFAR және PROPSPIN жүйелері халықаралық сертификацияны өткен программалық өнімдер.

Коммерциялық тиімділік шынайы ақша ағынын имитациялаудың негізінде бағаланады. Есептеу екі валютамен жүргізілуі мүмкін – ұлттық және шетелдік. Тек тұрақты (уақыт бойынша) инфляция есепке алынуы мүмкін. Шығындар мен табыстар баптарына еқандай шектеулер салынбайды.

COMFAR жүйесінің маңызды артықщылығы – берілетін графикалық ақпараттың үлкен көлемі. Бұның арқасында бірқатар бастапқы деректерді (реализацияның көлемі, өндірістік және инвестициялық шығындар, несиелік мөлшерлемелер) өзгерткенде есептеудің нәтижелерін көрнекі түрде көрсетуге болады.

Коммерциялық тиімділікті бағалау бөлімінен басқа жүйенің құрамына экономикалық тиімділікті бағалау бөлімі де кіреді.

Жалпы алғанда, пакет үш блоктан тұрады (деректерді енгізу, есептеу, деректерді шығару). Осының арқасында бұрын саналынған нұсқаулардың шығарма деректеріне тікелей рұқсат қамтамасыз етіледі.

Жүйенің кемшіліктеріне төмендегілерді жатқызуға болады:



  • программаның функционалды шарттарының өзгеруін бақылау мүмкіндігінің жоқтығы;

  • салықтық блоктың қазақстандық заңдылыққа сәйкес келмеуі; COMFAR пакетімен тек табыстан алынатын салықтарды есептеуге болады. Ал барлық басқа салықтарды есептеу үшін арнайы тәсілдерді қолдануға тура келеді, бұндай қадам жүйенің жұмысын қиындатады және нәтижелердің сенімділік деңгейі кемиді;

  • есептеудің жылдық қадамы (құрылыс кезеңінде есептеу қадамы жарты жылға қысқартылуы мүмкін) – қадамда азайту қажеттілігі туындаған кезде арнайы тәсілдерді қолдау қажеттілігі бар болады;

  • бастапқы деректердің қатаң тізімі (олардың санына кейбір шектеулер енгізілген) – егер жоба бойынша бірнеше құрал-сайман қажет етілсе, онда онда осы құралдарды сипаттайтын деректерді агрегациялауға тура келеді. Бұның өзі амортизациялық есептеулердің нақты болмауына себепкер болады. Өйткені агрегацияланған құралдар бойынша саналған амортизация жүйеден тыс есептелінеді. Сонымен бірге капиталға айналмайтын шығындарды енгізуде де бірқатар қиындықтар туындайды;

  • инфляцияны есепке алудың қиындығы – COMFAR пакетінде ұлттық және шетелдік валюта коэффициенттерінің ағымдағы өзгерісі тұрақты инфляция үшін де қарастырылмаған. Яғни инфляция деңгейіне қарамастан доллар курсының тұрақты мәні сақталады;

  • инфляцияның түрлі деңгейінде есептелінген интегралдық көрсеткіштердің салыстыруға келмейтіндігі – есептемелі бағаларға келтіру мүмкіндігі жоқ;

  • қазіргі уақытта кеңінен қолданылатын көптерезелі интерфейстің жоқтығы; енгізу кезінде кестеі толығымен көрінбейді, ал шығаруда жолдардың атаулары және нөмірлері қайталабайды, сонымен бірге бос блоктардың саны өте көп болып келеді.

Жоғарыда ұсынылған себептердің кесірінен COMFAR программасы инвестициялардың рентабелділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің (табыстың ішкі нормасы, капиталсалымдарының өтелімділік мерзімі, капитиалсалымдарының келтірілген құны) адекватты сәйкес бағалануын қамтамасыз ете алмайды. COMFAR ТМД елдерінде кең қолданыс тапқан жоқ.

PROPSPIN программалық пакеті

PROPSPIN пакеті MS DOS ортасына арналған 2.01 нұсқаулы «Lotus 1-2-3» электронды кестелер негізінде құрылған, осы себептен ол «жабық» өнімдерге жатқызылмайды. Бұл құрал инвестицияық жобаның қаржылық профилін құрастыруға, таңдалған параметрлерді өзгертудің нәтижелерін зерттеуге және жобаның түрлі болжамдарына негізделген екі немесе бірнеше сценарийді құруға арналған.

PROPSPIN пакетінің айрықша ерекшелігі – интеграциялылық, яғни тұтынушы экранда енгізілген деректерді де, қаржылық салдарларды да бір уақытта көре алады. PROPSPIN беретін есеп, барлық ұсынылған шектеулерді есепке алып отыратын, жобаның қаржылық профилінің аяқталған нұсқасын қамтиды.

Алайда бұл құрал жобаның толық қаржылық анализін өткізуге мүмкіндік бермейді, тек оның түрлі нұсқауларын тезарада алып қарастыруға жағдай жасайды. Ал осы нұсқаулардың арқасында қажетті балама таңдалынады.

Пакеттің кемшілігі – инфляция факторының есепке алынбайтындығы, сонымен бірге нарықтық факторлардың шығарылатын өнімнің бағасына, көлеміне және пайдаланылатын ресурстарға әсерінің сипатталмайтындығы.

«Альт-Инвест» пакеті

Бұл программалық өнім «Альт» атты зерттеуші–консультациялық фирмасымен құрастырылған. «Альт-Инвест» пакеті «Microsoft Excel» ортасында құрылған бір-бірімен өзара байланысты электрондық кестелердің кешені болып табылады. Реализацияың бұндай тәсілі экспертке берілген бастапқы деректерден нәтижелердің қалай қалыптасатындығын түсінуге көмектеседі. Оның арқасында әдістеменің және есептеуіш нысандардың логикасы анық болады.

«Альт-Инвест» - бұл зерттелінетін кәсіпорындағы заңдылықтар мен байланыстарды айқындауға арналған «ойлар жүйесі». Барлық программалық өнімдер сияқты, «Альт-Инвест», негізінде, нақты кәсіпорындар мен жобалары бар эксперттердің консультациялық жұмысының нәтижесі. Жүйе жобалардың іске асу үрдісі кезінде бірнеше рет тексеруден өтті.

Пакет «парасатты жеткіліктілік» деп аталынатын қағида бойынша құрылған, яғни оның құрамына алынатын нәтижелердің мазмұнды интерпретациясын бере алатын көрсеткіштер ғана кіреді. Қолданушы керек кезінде өзіндік көрсеткіштерді және нысандарды енгізе алады.

«Альт-Инвест» өнімінің қолданылу аумағы – саласы, мерзімдері, инвестициялардың көлемі және қаржыландыру схемасы бойынша әртүрлі болып келетін инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігінің және қаржылық мүмкіндіктерінің анализі.

«Альт-Инвест» программалық пакеттің көмегімен ТЭН (технико-экономикалық негіздеу) мен бизнес-жоспардың қаржылық бөлімдері құрастырылады. Сонымен қатар оның көмегімен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың баламалық нұсқаулары жасалынып, инвестициялардың қаржыландыру сызбалары (схемалары) және басқа да шарттары оңтайландырылады. Ол модернизациялаудың, техникалық қайта жабдықтаудың, өнімдердің жаңа түрлерін шығарудың, құрылыс сферасындағы инвестицияландырудың және жаңа технологияларды енгізудің жобаларын негіздеуде қолданылады.

«Альт-Инвест» пакеті орнатылған жерлердің бәрінде оның қолданушылары – жобалардың анализімен және инвестициялық шешімдерді қабылдауға қажетті ақпаратты дайындаумен айналысатын мамандар болып келеді.

Осы программада пайдаланылатын есептеу әдістемесі халықаралық ұйымдардың рекомендацияларына сәйкес етіп жасалынған. Оның арқасында қалыптастырған материалдар түрлі мекемелерде (мысалы, US AID, Eximbank және т.б.) табысты қолданылды. «Альт-Инвест» пакеті - қазіргі уақытта кеңінен пайдаланылатын программалық өнімдердің бірі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет