3.4. Тілдесім арқылы оқытудың психологиялық ерекшеліктері
Қазақ тілі - әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі,тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алған тілдердіңбірі. Тарихын тым тереңнен бастау алатын тіліміздің сонау есте жоқ ескізамандардан - ақ саясат, шаруашылық, тұрмыс, рухани құндылықтар тіліболғанын дәлелдер деректер де жеткілікті.
Тіл – халық тарихының, әдет – дәстүрінің, әдебиетінің, мәдениетінің,таным - түсінігінің көрсеткіші десек, ұлттық сипатты анықтар салт пенәдетті, халықтық тағлым-танымды, рухани қазынаны сақтаушы да – ана тіліміз.
Аса көрнекті орыс педагогы К.Д. Ушинский балаларды 11-12 жасқа дейін анатілінде оқыту керек деген концепциясы адамның физиологиялық,интеллектуалдық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеуден туған ғылыми қағидаекенін біз қазір ұмытып кетіп жүрміз. К.Д. Ушинский бұл арада басқатілдерді еркін меңгеру үшін балалардың әуелі өзінің ана тілінің барбайлығын жеткілікті дәрежеде игеріп алуы қажеттілігін айтады.
Сонда өз ана тілінің фонетикалық әуезі мен лексикалық , грамматикалық,синтаксистік конструкциясын жақсы меңгерген шәкірт екінші тілде де тезүйренеді. өйткені ол бір тілді жан - жақты сіңірген соң, сол тілдіңтәжірибесі оған енді екінші тілді үйренуге үлкен база болады. Жалпы, әуелібір тілді меңгеріп алмаған сәбиге екінші тілді тықпалау, оның бойындатілдік қана емес, рухани күйзеліс туғызатынын жасырып қалу адалдық болмаседі. Сондықтан тіл үйренуді бала организмінің рухани жетілу үрдісіменыңғайластырып жүргізбесек, жалғандыққа, ұрынуымыз оп-оңай.
Біздің мақсатымыз – ата - баба аманат еткен тілді қадірлей білу,көркемдігі мен байлығын сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу. Тіл - әр халықтыңұлт ретінде сақталуының кепілі. Кез келген ұлт, халық ең бірінші руханиөресімен, жан байлығымен өлшенеді. Ал халықтың өнері, мәдениеті – тілінде.
Тілдік қатынастың психологиялық негізі тіл арқылы ойды айту, жеткізу,қабылдау,сезіну құбылыстарымен тікелей байланысты. Сыртқы факторлардыңәсерінен адамның есту, көру сезімдері жетіліп, адамның ойлау қабілетіартады. Ойлау тіл арқылы сыртқа шығып, тіл адамның ойын жеткізуші құралға айналады.
Белгілі бір тілде сөйлеу үшін шәкірт сол тілдің тілдік құралдарын саналыдұрыс қолдана білуі керек. Оны дұрыс қолданудың басты ережесі көзбен көру,құлақпен есту, мимен ойлау арқылы іске асады. Ойлау дегеніміз – сыртқыдүние заттары мен құбылыстардың байланыс қатынастарының миымызда жалпылайжәне жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі Тілдік қатынастың психологиялықнегізі күрделі, себебі ол адамның ойлау жүйесімен байланысты. Көптегензерттеуші ғалымдар ойлау – сананың жоғарғы көрінісі деп, ойлау үрдісінарнайы қарастырып, бір жүйеге келтірген. Ойлау дүниені әр қырынан тануға,мәселені тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін танымның екінші басқышы, оныңең жоғарғы сатысы. Ойлаудың таным сатысы ретіндегі ерекшеліктерінің бірі –сөзге қатысы. Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Адамдар бір-біріне пікірін білдіргенде, тілдескенде дауыстап сөйлейді. Ойлау өтекүрделі психологиялық әрекет. Ойлаусыз ешқандай да тілдік қатынас жүзегеаспайды. Ойлау жүйесінің нәтижесінде тілдік және қатысымдық тұлғалар дұрысқолданылып, тілдегі сөйлесім әрекеті маңызды рөл атқарады. Сондықтан тілдіүйрету барысында әрбір шәкірттің жеке қабілетін, саналылығы еске алынып,жан - дүниесі ескеріледі, оның ойлау дағдысын бекітуге күш салынуы қажет.
Оқушылардың материалды меңгере алуының психологиялық негізі сабақтың әріәсерлі, әрі қызықты өткізілуіне байланысты. Сабақ психологиялық жағынаннеғұрлым әсерлі болса, оқу материалын олар соғұрлым терең түсінеді. Сабақтыпсихологиялық жағынан тартымды етіп құру үшін, негізгі үш жағдайдың болуышарт: бірінші жағдай – сабақтың педагогикалық тұрғыдан ойдағыдай болуы.
Оған қатысты мәселелер шартты түрде: мұғалім мен оқушының сабақ кезіндегіқарым - қатынасы, мұғалімнің өзін - өзі ұстау мәнері, оның өнегелі өнегесі,сыртқы келбет - пішіні, сөйлеу мәдениеті, оқушыларға қатаң талап қоюменбірге, оларды сыйлай да білу, саналы адамгершілік пен парасаттылыққа баулут.б. Екінші жағдай – сабақтың теориялық жағы негізгі фактілермендәлелденіп, оның ғылыми мәні көңілге қонымды болса, ол оқушылардыңлогикалық ойлау ынтасын арттырады. Үшінші жағдай – сабақтың әдістемелікжағынан тиімді болуы. Бұл мұғалімнің материалды баяндау әдісін шеберлікпенигере алуында, дидактикалық заңды принциптерді орынды қолдануына, қажеттікөрнекі құралдар мен тәжірибе жұмыстарын тиісті кезінде көрсете білуінебайланысты. Мектептердегі сабақтарда ұстаз әрқашанда сабаққа кіргенкезде, міндетті түрде ең алдымен шәкірттерімен амандасады. Оқушылар да өзұстаздарымен амандасып, сабақ сұрақ - жауап арқылы жалғасады.
Мысалы:
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- Сәлеметсіз бе?
- Бүгін сыныпта кім кезекші?
- Балалар қазір қай сабақ?
- Балалар бүгін қандай күн?
- Қазір қазақ тілі сабағы.
- Бүгін сәуір айының жиырма бесі, бейсенбі.
Бұл тек қана қазақ тілі сабағында ғана емес, сонымен қатар барлықпәндер бойынша сұрақ-жауап әдісі арқылы жүргізіледі. Қандай пән болмасынұстаз бен шәкірттің тілдесуі арқылы жүзеге асады. Ұстаз шәкірттеріне сұраққою арқылы оларды өзіне тартады. Олармен тілдеседі, пікір алмасады, олардыңжеке көзқарастарын тыңдап, өз ойын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |